- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы.
- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің ұйымдастырудың 5 сатысы.
- •Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы.
- •Етеккір цикилының нейроэндокринді реттелуі
- •Етеккір циклынің бұсылысы және оның тіс жақ сүйек жүйесінің патологиялық байланысы.
- •Жүкті әйелдердің диспансеризациясы.
- •Жүкті әйелдердегі гиннивит және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жүкті әйелдердегі пародоктопатия және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жамбас сүйегінің анотомиясы және акушерлік көзқараспен
- •Қалыпты босану клиникасы. Босанудың 3 ші кезеңі.
- •Босанудың тіс жақ сүйек жүйке жағдайын стоматологиялықпен бақылу
- •Акушерлік қан кету кезіндегі алдын ала көмек.
- •Әйелдерде қабыну аурулары дамуы және ағымында одантогенді. Індеттің ролі.
- •Контрацепция және әртүрлі жас кезеңдерінде оларды қолдану ерекшеліктері.
- •Стоматологияның операциясын жүргізу кезінде жүктіліктің әртүрлі мерзімінде дәрілік заттарды және норкозды қолдану ерекшеліктері.
- •Әйел жыныс мүшесінің төменгі бөлігінің қабыну аурылары. Вагинит. Диагностика емі.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •Омырумен қоректендіру. Қағидалары.
- •Жүктілік кезінде қан кетудің себептері.
- •Жүктілік кезіндегі қан кетулердің диагностикасы.
- •Бала жолдасының төмен орналасқан кезінде қан кетудің ерекшеліктері
- •Сыртқы акушерлік тексеру.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету себептері.
- •Әйел жыныс мүшелерінің фондық аурулары.
- •Әйел жыныс мүшелерінің рак алды аурылары дистациялары.
- •Босанғаннан кейіңгі іріңді. Септикалық аурулар жіктемесі.
- •Жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері жіктелуі
- •Бедеу неке . Тексеру алгоритмі.
- •Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы тексеру әдістері.
- •Аналық безінің апоплесиясы. Диогностикасы.Емі.
- •Комбинирленген оральді контрацепция
- •Жедел контрацепция. (жк)
- •Барьерлік контрацепция әдістері
- •Жатыр ішілік спираль (жіс)
Босанудың тіс жақ сүйек жүйке жағдайын стоматологиялықпен бақылу
Босану және босанғаннан кейіңде қан кету себептері, диагностикасы, емі. Босанғаннан кейінгі қан кету деп, соңғы анықтамалар бойынша, табиғи босанудан кейінгі 500мл, оперативті босанудан кейінгі 1000мл-ден артық болған әйел ақзасына клиникалық маңызы бар қан кетуді атайды.Жіктелуі: -босанудан кейінгі ерте мерзімде қан кету – босанудан кейін алғашқы 24 сағат ішінде; -босанудан кейінгі кеш мерзімде қан кету – босанудан кейінгі 24 сағат пен 6 апта ішінде болған.
Қауіп факторлары:
шұғыл түрдегі кесар тілігі
жоспарлы кесар тілігі
плацента мен оның бөліктерінің жатырда қалып қоюы
эпизиотомия
ұзаққа созылған босану (12 сағаттан аса)
ірі ұрық (салмағы 4000,0 г жоғары)
босану кезіндегі гипертермия
ҚАН КЕТУЛЕР ДИАГНОСТИКАСЫ
Қан кетулер кезіндегі емдік тактика мен өмір болжамы маңызды мәселе және осы жағдайларда кеткен қан көлеміне байланысты. Кеткен қан көлемін анықтаудың үш әдісі бар: клиникалық, эмпирикалық, лабораторлы (тікелей және тікелей емес). Клиникалық анықтау әдістері:Артериалды қан қысымы мен тамыр соғуының көрсеткіштері АҚК жеткіліксіздігін көрсетеді. Аталған көрсеткіштер арқылы Альговер шоктық индексі арқылы кеткен қан көлемін егжей-тегжейлі анықтауға болады.
Акушерлік қан кету кезіндегі алдын ала көмек.
Акушерлік қан кету деп жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын, 500мл артық (дене салмағының 0,5%) мөлшердегі жыныстық жолдардан кеткен қанды бөліністерді айтады. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылығы қандағы гемоглобинніАкушерлік қан кету емі: Қан кетуді тоқтату, ауырсынуды басу — инфекцияны ерте алдын алу Газ алмасуды қамтамасыз ету Айналымдағы қан көлемін толықтыру Полиорганды жеткіліксіздікті алдын алу мен емі: жүрек жеткіліксіздігін емдеу бүйрек жеткіліксіздігін емдеу метаболиттік ацидозды түзеу клеткаішілік процесстерді тұрақтандыру ҚШҰ синдромы және коагулопатиялардың алдын алуы мен емі АҚ, тамыр соғуы, ОВҚ жалпы қан сарабы: Нв, эритроциттер, тромбоциттер, Нt, фибриноген қан ұю жылдамдығы диурез
Босанудан кейінгі септикалық аурулар, жүргізу тактикасы.
Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар акушериядағы жиі кездесетін асқыну. Ол ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін, күрделі мәселердің бірі.
Инфекция қоздырғыштары жарақаттанған жұмсақ туу жолдары немесе жатыр мойны каналы арқылы әйелдің ағзасына еніп таралған жағдайда, босанудан кейінгі септикалық аурулардың дамуы мүмкін.
Қоздырғыштары: алтын стафилококк, гемолитикалық стрептококк, сирек жағдайда ішек таяқшалары, көк іріңді таяқшалар, гонококтар, спорасыз анаэробтар және де басқа микробтар немесе микроб ассоциациясы.
Эгзогендік инфекция сыртқы қоршаған ортадан кіру қақпасы арқылы ағзаға жайылады. Жатырдың шырышты қабаты босанғаннан кейін бір үлкен жара сияқты болады, әсіресе бала жолдасы жабысқан жері және туу жолдарының жұмсақ ұлпаларының сырылған, жыртылған жерлері - осылардың бәрі инфекцияның кіру қақпасы. Эндогендік инфекция әйелдің өзінің созылмалы инфекция ошақтарынан (тонзиллит, отит, холецистит, пиелонефрит, аднексит, кольпит), метастатикалық түрде лимфа, қан тамыр арқылы немесе жатыр мойны каналы арқылы (каналикулярды) көтеріліп таралады. Әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, оның ағзасының иммунологиялық қасиеті төмендейді, әртүрлі инфекцияға сезімтал келеді. Сырқаттың ауырлығы қоздырғыштың вируленттігіне, әйел ағзасының қорғаныш күштеріне тәуелді. Бұл асқынуға әсер ететін тағы да көптеген факторлар бар, олар: әйелдің әлеуметтік жағдайының нашарлығы, ЭГА (қаназдық, жүрек-қан тамыр аурулары, пиелонефрит, жүктілік кезіндегі жедел инфекциялық аурулар), ауруханада көп жатуы, мерзімінен ерте босануы, қағанақ суының ерте кетуі, босанудың ұзаққа созылуы, көп мөлшерде қан жоғалту, жатыр қуысына қол сүғу, оталау арқылы әдіспен босандырғанда туу жолдарының жарақаттануы.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың А.В.Бартельс және С.Б.Сазонов бойынша жіктелуі:
I кезең - инфекциялық үдеріс босанғаннан кейінгі жарамен (кіру қақпасымен) шектелген, оларға босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит жатады.
II кезең - инфекциялық үдеріс бірінші ошақтан шыққан, бірақ әлі жергілікті, кіші жамбас қуысымен шектелген: метрит, метротромбофлебит, параметрит, тромбофлебит (жамбас көктамырлары немесе санның көктамырлары), сальпингоофорит, пельвиоперитонит.
III кезең - жайылған (диффузды) перитонит, асқындап кеткен тромбофлебит, септикалық шок.
IV кезең - жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар): септицемия, септикопиемия.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың клиникалык ағымы, ауырлығы, аурудың болжамы әртүрлі болады. Бірақ клиникалық ерекшеліктеріне қарамастан босанудан кейінгі аурулардың барлық түрлерінде байқалатын бірнеше жалпы белгілері бар. Олар:
1. Дене температурасының жоғарылауы. Жеңіл түрде (эндометрит) шамалы жоғарылайды, ауыр түрлерінде (сепсис) өте жоғары болады.
2. Қалтырау. Көбінесе септицемияда және септикопиемияда болады. Қалтыраудың қайталауы ағзада жаңа инфекция ошағынының пайда болғанын көрсетеді.
3. Тамыр соғысының жиілеуі. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың жеңіл түрлерінде дене температурасының жоғарылауына сәйкес болады, тамыр соғысының дене температурасына сәйкес болмай өте жиілеуі ауыр түрлеріне тән.
4. Орталык жүйке жүйесіндегі өзгерістер. Босанудан кейінгі ойық жарада, эндометритте дімкәстік, әлсіздену, бастың шамалы ауыруы, ауыр түрлерінде жалпы жағдайдың нашарлауы, бастың қатты ауыруы, ұйқының қашуы, сандыраққа дейін жетеді.
5. Босанудан кейінгі септикалык аурулардың ауыр түрлерінде жүрек-қан тамыр, ас қорыту және зәр шығару жүйелері тарапынан патологиялық өзгерістер байқалады, зат алмасу бұзылыстарымен өтуі.
6. Септикалық аурулардың ауыр түрлерінде салмақтың азаюы, тері бозғылт, сүр, сарғыш түсті болады және қызғылт бөртпелер пайда болуы мүмкін.
7. Қанда болатын өзгерістер: эритроциттердің және гемоглобиннің мөлшері төмендейді, ЭТЖ, лейкоцитоз жоғарылайды, өте ауыр жағдайда лейкопения байқалады
Жалпы септикалық ауруларда қоздырғыштар қанда болады, оны анықтау үшін қаннан бактерияға өсінді алу керек.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың I кезеңі: БОсанудан кейінгі ойық жара – іріңді қабыну үдерісі босанудан кейін 3-4 күнде, жатыр мойнының, қынаптың, аралықтың, сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттанған жерінде пайда болады. Дене қызуы көтеріледі, жалпы әлсіздік, сыртқы жыныс мүшелердің жаракаттанған жерінде, аралықта ауырсыну, қызару, ісіну пайда болады, жара іріңді өңезбен қапталады. 4-5 күннен соң жара тазаланады, тыртықпен жазылады.
Емі: Төсек тәртібін сақтау, әйелді обсервация бөліміне ауыстыру. Жалпы ем: сульфаниламидтер, керекті жағдайда антибиотиктер, жергілікті күтім, тігіс болса, оны түсіру, гипертониялық ерітіндімен дренаж, жара тазаланғаннан кейін емдік майлармен таңғыш пайдалану.
Емі. Төсек тәртібін сақтау, жеңіл қорытылатын диета. Жағын алу, әйелді обсервация бөліміне ауыстыру. Жатырда бала жолдасының қалдықтарын УДЗ арқылы анықтау, егер олар болса, жатыр қуысын тазалау, іштің төмен жағына уақытымен өлшемді түрде мұзды сұйық қою. Кең спектрлі антибиотиктерді қолдану, интоксикацияға қарсы инфузиялық (физиологиялық ерітінді, полиглюкин, реополиглюкин, инфузол, стабизол, рефонтан,) терапияны, жалпы жағдайын жақсартуға (ақуздар, қан алмастырушы заттарды, витаминдерді) қолдану. Себебі гонореялық болғанда емі спецификалық.
Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың II кезеңіне: метрит – жатырдың миометрийінің қабынуы, сальпингоофорит – жатыр қосалқыларының кабынуы, параметрит - жатыр аймағы клетчаткасының қабынуы, пельвиоперитонит - кіші жамбас қуысының іш пердесінің қабынуы, тромбофлебит – көктамыр кабырғаларының қабынуы және сол жерде тромбтардың байлануы. Метротромбофлебит (жатыр тромбофлебиті метро-эндометриттен кейін пайда болады) санның тромбофлебиті жатады.
Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі: жайылған (диффузды) перитонит – жайылмалы септикалык инфекция, асқынып кеткен тромбофлебит - көктамыр қабырғаларының қабынуымен тоқтамай тамыр жолдарымен таралуы, септикалық (бактериялық) шок - септикалық инфекцияның өте ауыр көрінісі.
Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың IV кезеңі: жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар) екі түрінде болады: септицемия және септикопиемия. Септицемия - жалпы септикалык ауыр сырқат, қанға түскен микробтар қанның ішінде көбейіп бүкіл ағзаға таралады, микроб уыттары жүрек, қантамыр, бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды; септикопиемия – метостазды сепсис, бұл да ауыр жалпы септикалық ауру, микробтар қан арқылы бүкіл ағзаға таралып, мүшелер мен ұлпаларда жаңа іріңді ошақтарды құрайды (абсцесс).
Акушерия стационарда іріңді септикалық ауруларды алдын алуда ауыз куысының сенациясы.
Әйелдерге кеңес беру мекемесінде босануға дейін сүт бездеріне лайықты күтім жүргізуді үйрету, ана сүтімен емізуге кеңес беру, сүт бездері ұшының тілінуінің алдын алу. Созылмалы инфекция ошақтарын тазалау. Асептика, антисептика тәртібін сақтау, инфекция белгілері бар әйелдерді обсервация бөліміне оқшаулау, асқынуға жол бермеу үшін уақытында нақтама қойып, емдеу БОСАНУДАН КЕЙІНгі Мастит - сүт безінің қабынуы. Түрлері: серозды, инфильтративті, іріңді (абсцесс), флегмонозды, гангренозды. Қоздыргыштары. алтын стафилококк, гемолитикалық стрептококк және басқа микробтар. Кіру қақпасы – жарылған емшек ұшы. Ауру кенеттен басталады, дене қызуы 39-40 көтеріледі, сүт безі ауыра бастайды, көлемі ұлғаяды, ісінеді, терісі қызарады, ішінде тереңде инфильтрат пайда болады, қолтықасты лимфа бездері үлкейеді, ауырады. Инфильтрат іріңдесе, ортасында былқылдау пайда болады. Әйелдің жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы одан да жоғары көтеріледі, қалтырау пайда болады. Емі: жалпы септикалық инфекцияның еміне сәйкес: бактерияға қарсы ем. Сүт безін таңу, сүтті сауып тастау, жергілікті физиотерапия қолдану. Іріңдеген жағдайда ота жасалады.
Әйел жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің қабыну аурулары. Вулвовамнит клиникасы. Вульвит — сыртқы жыныс ағзаларының (вульваның) қабынуы. Репродуктивті жастағы әйелдерде вульвит негізінен екіншілік болып, кольпит, эндоцервицит, аднекситпен бірге көрінеді. Біріншілік вульвит ересектерде гигенаны сақтамағанда, диабет, термиялық, механикалық, химиялық әсерлерден пайда болады.
Клиникалық көрінісі: Жедел вульвит кезінде, науқастардың негізгі шағымы сыртқы жыныс ағзасы маңындағы қышу, ашу (жжение). Кей жағдайларда жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру вульваның қызаруымен (гиперемия), іріңді немесе іріңді-серозды бөліністермен, шап лимфа түйіндерінің үлкеюімен көрінеді.
Созылмалы түрінде жоғарыдағы клиникалық көріністері азайып, негізінен қышу мен ашыту сезімі ғана мазалайды.
Диагностикасы: Вульвитті анықтауда қосымша әдістерге сыртқы жыныс ағзасынан бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу жасалады.
Емі: Негізгі қабынуды шақырып тұран патологияны жою.
1.Қынапты өсімдіктер жиынтығымен (түймедақ, календула, шалфей, зверобой) , антисептиктер ертінісімен (диоксидин, мирамистин, хлоргексидин, калий пермаганаты) шаю.
2.Комплексті әсер көрсететін антибиотктерді пайдалану. Олар көптеген патогенді микроорганизімдерге, саңырауқұлақтарған, трихомонадаларға эффективті болып келеді. Оларға: полижинакс, тержинан, нео-пенотран, макмирор жатады. Бұларды жергілікті түрде тағайындайды.
3.Қабыну көріністері азайғанда, репаративті процесстерді жылдамдату үшін А, Е витмамині бар майлар (мазь) тағайындалады. Олар: солкосерил, актовегин, итмұрын майы және т.б.
4.Сыртқы жыныс мүшелері аумағында айқын қышу белгілері мазаласа, антигистаминді препараттарды тағайындайды. Олар: димедрол, супрастин, тавегил және т.б)
