- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы.
- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің ұйымдастырудың 5 сатысы.
- •Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы.
- •Етеккір цикилының нейроэндокринді реттелуі
- •Етеккір циклынің бұсылысы және оның тіс жақ сүйек жүйесінің патологиялық байланысы.
- •Жүкті әйелдердің диспансеризациясы.
- •Жүкті әйелдердегі гиннивит және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жүкті әйелдердегі пародоктопатия және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жамбас сүйегінің анотомиясы және акушерлік көзқараспен
- •Қалыпты босану клиникасы. Босанудың 3 ші кезеңі.
- •Босанудың тіс жақ сүйек жүйке жағдайын стоматологиялықпен бақылу
- •Акушерлік қан кету кезіндегі алдын ала көмек.
- •Әйелдерде қабыну аурулары дамуы және ағымында одантогенді. Індеттің ролі.
- •Контрацепция және әртүрлі жас кезеңдерінде оларды қолдану ерекшеліктері.
- •Стоматологияның операциясын жүргізу кезінде жүктіліктің әртүрлі мерзімінде дәрілік заттарды және норкозды қолдану ерекшеліктері.
- •Әйел жыныс мүшесінің төменгі бөлігінің қабыну аурылары. Вагинит. Диагностика емі.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •Омырумен қоректендіру. Қағидалары.
- •Жүктілік кезінде қан кетудің себептері.
- •Жүктілік кезіндегі қан кетулердің диагностикасы.
- •Бала жолдасының төмен орналасқан кезінде қан кетудің ерекшеліктері
- •Сыртқы акушерлік тексеру.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету себептері.
- •Әйел жыныс мүшелерінің фондық аурулары.
- •Әйел жыныс мүшелерінің рак алды аурылары дистациялары.
- •Босанғаннан кейіңгі іріңді. Септикалық аурулар жіктемесі.
- •Жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері жіктелуі
- •Бедеу неке . Тексеру алгоритмі.
- •Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы тексеру әдістері.
- •Аналық безінің апоплесиясы. Диогностикасы.Емі.
- •Комбинирленген оральді контрацепция
- •Жедел контрацепция. (жк)
- •Барьерлік контрацепция әдістері
- •Жатыр ішілік спираль (жіс)
Етеккір циклынің бұсылысы және оның тіс жақ сүйек жүйесінің патологиялық байланысы.
Себептері: Психикалық қатты сілкіністер. Психикалық және жүйкелік аурулар Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы – аштыққа шалдығу, авитаминоз Тұқымқуалаушылық және климаттық фактор Профессионалды зияндылық (химиялық, радиоактивті сәулелендіру әсері), жыныстық жетілу кезіндегі қатты физикалық жұмыс Індетті аурулар нейроинфекциялар (тұмау, паротит, тонзиллогенді індет, созылмалы індеттер — туберкулез, септикалық аурулар, ревматизм Соматикалық аурулар (жүрек қан тамырлар ауруы, қан түзілу жүйесінің аурулары, бауыр аурулары) Қалқанша безі мен бүйрек безі қызметінің бұзылысы. Жыныстық жетілу мен менопауза кезінде жасқа байланысты гипотоламо — гипофизарлы жүйенің қайта дамуының бұзылыстары. Диагностикасы Шағымдар, науқастың анамнезі бастың ауруы, көрудің өзгеруі, құйылулар, тұрмыс жағдайы, ақылының кемтарлығы, түсіктен және босанудан кейін. Жалпы және арнайы зерттеулер (дене бітімі, соматикалық бұзылыстар, семіздіктің түрі, стриялар, екіншілік жыныстық белгілердің айқындылығы, гинекологиялық зерттеулер). Қосымша зерттеу әдістері жатыр мойнын зондылау, жатыр денесін диагностикалық қыру және қырындыны гистологиялық зерттеуге жіберу, функционалды диагностика тестілері, кіші жамбас қуысын УДЗ түсіру, МСГ, ЭЭГ, көздердің түбі мен әр түрлі түстерге зерттеу, ТТГ, қантқа зерттеу, гормоналды зерттеу, функционалды гормоналды сынамалар, генетикалық, эндоскопиялық зерттеу, аналық бездердің биопсиясын жасау. Етеккір функциясының бұзылысының жіктелуі: Зақымдалу деңгейіне байланысты: орталық (қыртыстық- гипоталамикалық, гипоталомо- гипофизарлық, гипофизарлы) және шеткі (аналық без, жатырлық, тиреоидты, бүйрек үсті бездік)+ Клиникалық көріністеріне байланысты: аменорея (циклды, ациклды жатырдан қан кету) және гипоменструальды синдром (аз, сирек және қысқа келетін етеккір)- дисменорея+ Аменорея — етеккірдің 6 ай және одан да көп уақыт болмауы.+ Түрлері: Физиологиялық: жыныстық жетілуге дейін, жүктілік кезінде, лактация кезінде, менопауза кезінде Патологиялық: пайда болу уақытына байланысты: біріншілік, екіншілік, нағыз пайда болу себебіне байланысты: жалған Фертильды жастағы әйелдерде еттеккір циклы бұзылысының клинико- патогенетикалық формасы:+ Орталық (58,9%) Аналық бездік(25,8%) гипогонадотропты гипогонадизм және нормогонадотропты гипогонадизм Тиреоидты (15,3%) субклиникалық гипотиреоз Циклды бұзылысар (реттелмеген етеккір циклының болуы): Етеккір кезінде қан шығынының өзгеруі (етеккір кезінде қан шығыны 50 мл жуық) Етеккір ұзақтығының өзгеруі (қалыпты етекір ұзақтығы 3-6 күн) Етеккір циклы ұзақтығының өзгеруі (қалыпты етеккір циклының ұзақтығы 21-35 күн, орташа 28 күн.
Жүкті әйелдердің диспансеризациясы.
Жүктілік факті анықталғанда біздің әйелдерге кеңес беру орнымыз жүктілік барысын бақылау бойынша бірнеше бағдарламаны ұсынады:босанғанға дейін акушер-гинекологтың жүктілікті бақылауы + басқа мамандардың кеңесі + барлық қажетті зертханалық және құрал-саймандық тексерулер (УДЗ, іштегі баланың жүрек қағысына мониторинг) + ілеспелі медициналық құжаттардан қажетті көшірмелер (ауыстыру картасы, сырқат парағы); жоғарыдағыға + біздің клиникамыздағы күндізгі стационар қызметі. Біздің дәрігерлеріміздің дайындығының жоғарғы деңгейі және мол тәжірибесі жүкті әйелдерді жоғары қауіпті жүктілікті қадағалауға мүмкіндік береді. Жүкті әйелдердің осы санатына күрделі асқынулармен қосаланған немесе қосарлануы мүмкін (қайталап түсік тастау, мерзімнен бұрын босанып қалу, іштегі баланың дамуы кідіру, іштегі баланың генетикасының бұзылуы, ананың артериялық қан қысымы көтерілу) жатқызылады. Жүктілікке дейін және жүктіліктің ең басында мұқият тексерілу, медициналық көрсеткіштері бойынша дәрілік адекватты терапия таңдау, іштегі баланың өсуіне мониторинг – асқынған немесе асқынбаған жүктіліктің барысын бақылау үшін қажетті компоненттерді біздің әйелдерге кеңес беру орнынан таба аласыз. Медициналық қызметтердің Сізге мынадай көлемі ұсынылады:
терапевттің кеңесі;
гинекологтың кеңесі;
қанның клиникалық талдауы;
қанның қантқа биохимиялық талдауы;
несептіңт жалпы талдауы;
гемостазиограмма;
перинаталды маңыздыинфекциялардың диагностикасы;
флораға жағынды алу;
RW, ВИЧ, HBS-ag, қан тобы, резус-фактор;
қызылша, токсоплазмоз;
ЭКГ
жатырдың анатомиялық патологияларын анықтау үшін УДЗ;
цитологиялық зерттеулер.
Емделушінің шағымдары жан-жақты зерттеліп, бұрын ауырған ауруларының анамнезінің мәліметтері тексеріледі. Алдыңғы жүктіліктер мен босануларының барысы туралы мәліметтер жиналады. Осы ақпараттар осы жүктіліктің барысына түрлі жағымсыз факторлардың ықпалы мүмкіншілігі тұрғысынан қаралады. Содан кейін осы жүктіліктің ең басынан бастап барысы зерттеледі. Бұл ретте жасалған диагностикалық зертханалық және құрал-саймандармен зерттеулердің нәтижелерінің клиникалық интерпретациясы ескеріледі. Жасалған емшаралардың тиімділігі анықталады. Клиникалық объективті зерттеу өткізгенде жүкті әйел мен ішіндегі баланың жай-күйі анықталады. Бұл ретте емделушінің өзіне де, оның ішіндегі баласына да бірдей көңіл бөлінеді. Оның жүрек қағысының сипаты, қозғалу белсенділігі мұқият қадағаланады. Алынған мәліметтердің жиынтығы негізінде жүктіліктің әрі қарай барысы мен босану бойынша болжам қалыптастырылады. Дәрілік препараттарды, іштегі балаға әсерін ескере отырып, тағайындау немесе бұрын тағайындалған дәрі-дәрмектердің әрі қарау қабылдауы туралы сұрақтар шешіледі. Қажетті жағдайда, жүктіліктің барысын және тағайындалған емнің тиімділігін бақылау үшін, қосымша диагностикалық зертеулер тағайындалады. Жүктілік мерзімдері мен босандыру амалдары бойынша нұсқаулар жасалады.Босанғаннан кейінгі кезеңнің барысына, емшек сүтімен емізуге және т.б. ерекше көңіл аударылады.Жүктілікке дайындау және оның қадағалау бағдарламалары, сондай-ақ босану мен босанғаннан кейінгі кезеңге дайындау курстары ұсынылады.
Стоматологиялық аурулардың актенаталды, алдын алу. Стоматологиялық кеселдердің алдын алу – бұл денсаулық сақтау ісінің маңызды міндеттерінің бірі. Ол тұрғындарды сауықтыру кешенді бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Тістен айрылуды азайту проблемасын жеке көмек беру тәсілімен шешу ықпалды емес. Адамның өмір бойында тісті сақтауға, оны тіс ауруынан жапа шегуден арылтуға, тіс қызметін жоғалтудан сақтандыруға бағытталған тұрғындарды санитарлық ағарту бойынша батыл шараларды қолдану қажет. Профилактикалық стоматологияның мақсаты – ауыз қуысы ауруларынан сақтандыру ғана емес, сондай-ақ оларды бақылау, алайда профилактика алдыңғы дәрежедегі мән иеленеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДСҰ) нұсқауларына сәйкес профилактикалық шараларды бірінші реттік, екінші реттік және үшінші реттік деп бөлу келісілген. Кеселдің толығымен алдын алатын тәсілдер мен бағдарламалар басымдық иеленеді, оңалту (реабилитация) үшінші реттік профилактика ретінде сақтандыру тұрғысында онша бағалы емес. Кесел дамуын тежейтін шаралар (екінші реттік профилактика) аралық орын иеленеді. Бірінші реттік профилактика – бұл стоматологиялық кеселдердің пайда болуынан сақтандыруға бағытталған мемлекеттік, әлеуметтік және медициналық шаралар кешені. Ол төмендегілердің нәтижесінде ауыз қуысын сауықтыруды көздейді:
1) тұрғындарды ауыз қуысы гигиенасы бойынша санитарлық ағарту;
2) тағамдану жағдайы мен рационын жақсартуға бағытталған тағамдану бағдарламаларын құрастыру;
3) дерттің алдын алып, сақтану үшін ауыз қуысын дәрігерде кезең сайын тексертіп тұру.
Бұл деңгейде стоматологиялық қызметкердің негізгі рөлі санитарлық ағарту, медицина қызметкерлері мен тұрғындарды алдын алу тәсілдеріне үйрету болып табылады. Екінші реттік профилактика кеселдің дамуын болдырмас үшін оның ерте белгілері мен симптомдарында терапевтік араласуды көздейді. Екінші реттік профилактика міндеттеріне – тіс қалташығын алып тастауға, тістердің алғашқы кариоздық зақымдануында фтор препараттары мен кері минералдаушы заттарды аппликациялауға, сондай-ақ тістегі тастың себебін жоюға қатысты ауыз қуысы гигиенасы бойынша санитарлық ағарту жатады. Үшінші реттік профилактикада дамыған кеселді емдеу, оның үдеуінің алдын алу, асқынулар мен зардаптарды болдырмау, протез және басқа бұйымдар көмегімен тіс-жақ жүйесінің жоғалтқан функциясын қайта қалпына келтіру жүзеге асырылады
Перзентхананың құрылымы және жұмысының ұйымдастыруы. - Перзентхана бөлімі жұмысының басты мақсаты әйелдердің жүкті кезінде, босану және босанғаннаң кейінгі уақытта гинекологиялық, акушерлік көмек көрсету және жаңадан экстагениталдық паталогияларымен туылған нәрестелер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету. - Перзентхана бөлімі өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Ережеге сәйкес атқарады. - Перзентханада бөлімінде көмек көрсету аумақтық принцип бойынша көрсетіледі, алайда жүкті немесе ауырған әйел өздерінің қалауы бойынша босанатын, емделетін мекемені таңдай алады. -Перзентханаға бөліміне аудандық аурухананың басшысы тағайындаған перзентхананың меңгерушісі басшылық жасайды. Меңгерушіні жұмыстан босату тек аурухана басшысының құқығында.
Перзентхана бөлімінің қызметкерлері:
1-дәрігер акушер-гинеколог ,1 категориясы бар.
5-акушеркалар, 1-аға акушер, 4- кезекші акушерлер;
4-жоғары категориялы,1-екінші категориялы.
6-мед.бикелер, 4-балалар медбикелері, 2 күндізгі ақылы.
2-мед.бикелердің категориялары жоқ,4-жоғары категориялы.
Перзентхана бөлімі келесі міндеттерді атқарады:
1) аумақтық медициналық көмек көрсетудің прициптерін ұстай отырып, шұғыл және жоспарлы стационарлық акушерлік, неонатологиялық көмек көрсетуді жүзеге асырады;
2) Ұрпақтық сабақтастығы мәселесінде аумақтық прициптерге сәйкес перинатарлық орталықтармен, алғашқы көмек көрсету дәрігерлік-санитарлық қызметімен ынтымақтастықта болу;
3) белгіленген аумақта тууға көмек қызметіне сараптау мен бақылау жасау;
4)ана өлімі, бала өлімі, перинатарлық өлім, жүктілік және босану, босанудан кейінгі шиеленісуіне және аурулардың ауыр түрімен ауырған нәрестелерге бақылау мен сараптау жүргізу;
5) медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізу;
6) гинекология-акушерлік, неонатогиялық қызметінің статистикалық мәліметтерін талдау;
Перзентхана бөлімінің ұсынылған құрылымы:
-қабылдау бөлмесі.
- акушерлер блогі(жеке босану палатасы 4)
- нәрестелер мен аналардың бірге болатын палаталары ( 14 коек)
- ауыр, жағдайы нашар нәрестелерге қарқынды терапия жүргізу палатасы
- патологиясы бар жүкті әйелдер палатасы( 6 коек).
Ұсынылған жұмыс реті:
Стационарлық госпитализациялауды жүзеге асыру , жүкті, босанған әйелдерді және жаңадан туылған балаларды тәулік бойы қабылдау;
2. Перзентхана бөлімінің функциялары мен құрылымы
Перзентхана бөлімінің функциялары:
- жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босанатын кезде, босанғаннаң кейін, экстрагендық паталогиясы бар жүкті әйелдерге және нәрестелерге стационарлық, акушер-гинекологиялық медициналық көмек көрсету;
- ЭГА.диагностикасы,емдеу және алдын алу;
- Санитарлық-гигиеналық нормаларды, отбасын құруды жоспарлау, ана сүтімен көріктендіру, репродуктивтік жүйесі ауыруының алдын алу, түсік жасату мен жыныс қатынасы арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша әйелдерді оқыту;
-жүкті, босанған, босанатын медициналық ауытқулары бар әйелдерді анықтап, арнайы жоғары медициналық көмек көрсету үшін басқа да емдеу мекемелеріне жіберу;
- Бала көтеретін жастағы әйелдер, жаңадан туылған балалар және медицина қызметкерлері арасында ауруханалық ішкі инфекциялардың алдын-алу мақсатында санитарлық, гигиеналық эпидемиологиялық режимді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Әйелдердің, нәрестелердің экстрагениталды ауыруларының асқынған түрлері мен акушерлік шиеленісуін сараптау;
- Ана өлімі мен перинаталдық өлімдердің себептерін сараптау мен бақылау;
- нәрестелердің вакцинопрофилактикасын қамтамасыз ету;
- әйелдер мен нәрестелер перзентханада болған күндері тамақпен қамтамасыз ету;
-Туберкулезге қарсы, тері-венереология, онкологиялық диспансерлермен, СПИД-пен қарсы күрес орталығымен және инфекциялық стационарлармен, басқа да алғашқы санитарлық-дәрігерлік көмек көрсету мекемелерімен тығыз қатынаста болу;
- құжаттарды жүргізу;
Перзентхана бөлімінің құрылымы басшылық ұйымымен бекітіледі.
Перзентхана бөлімінің құрылымы:
1) қабылдау бөлімі;
2) босанатын бөлім:
- босанатын палаталар;
Материалдық бөлме;
- хирургиялық бөлімдегі операциялық құрылым;
Ана мен бала бірге жататын палата;
Процедуралық кабинет;
Шығаруға дайындайтын бөлме;
4) паталогиясы бар жүктілердің бөлмесі;
Жүкті әйелдер палатасы;
Тексеру жүргізу палатасы;;
Процедуралық кабинет;
5) нәрестелер бөлімі;
Қарқынды терапия палатасы;;
Процедуралық кабинет;
вакцинопрофилактика кабинеті;;
Бағдарлама негізінде партнерлық және и альтернативті босанулар жүргізіледі.
ЭГА диагнозы қойылған жүкті әйелдер, босанған , босанатын әйелдерді тексеруде барлық диагностикалық зерттеулерді қолдану;
Зертханалық зерттеулер және диагностиканың инструменталдық әдістері;
Барлық мамандардың кеңестері;
Rh-факторы, қан тобы, , RW, ВИЧ-инфекцияларына, гепатит В және С маркер иленушілердің қандарына зерттеулер;
Қанның биохимикалық сараптауы;
Қанның клиникалық зерттеулері;,
Коагулограмма,
Зәрді үнемі тексеру;
УЗИ-арқылы зерттеулер;
Іштегі нәрестеге кардиомониторлық бақылау;
ЭКГ,
Іштегі нәрестенің жүктілік кезінде және босануы барысында анықталған перинаталдық қауіп-қатердің дәрежесін анықтап, жоғары және орташа қауіп-қатерге жататындарын ІІ,ІІІ деңгейдегі емделу-профилактикалық мекемелеріне емделуге және босануға жіберу; Қызметтері
Перзентхана бөлімінің қызметтері:
Қызметтердің атауы
Босандыру, партнерлық босану
2.Жүктілік кезінде УЗИ-зерттеулері;
3ЭКГ
4.Іштегі нәрестеге кардиомониторлық бақылау жүргізу
Клинникалық зерттеулер
6.Қанға биохимикалық зерттеу
7 Қанға клинникалық зерттеу
8.Коагулограмма
9.Зәрді тұрақты зерттеу
10.Қанды Rh-факторға, қан тобына тексеру
11.RW, ВИЧ-инфекциясына, маркёр иеленуші В и С гепатиттері зерттеу
12.ВИЧ-қа тест
Жүктілердің паталогиясы палатасы
1.Жүктіліктен арылу шиеленісуін емдеу
2.Жүктіліктің барлық шиеленісуі түрлерін емдеу
3.Жүктіліктің 30 одан жоғары жетісінде ЭГА шиеленісуін емдеу
Операциялық араласу
1.Кесарево сечение
2.Жатыр ампутациясы
3. Жатыр мен жатыр мойнын сылу
Жүкті әйелдердегі карнес және алдын алу, диагностикасы, емі. Бақылауға алынған жүкті әйелдердің 89,1%-ының тіс проблемасы жүктілікке байланысты пайда болмаса да, жүктілік кезінде асқынып кеткен. 21 әйелде тісжегі, 12 әйелде асқынған тісжегі анықталды. 13 әйелдің (35%) тіс қатарында ақау байқалды. Екі науқастан катаралдық гингивит табылды. 15 әйелден гипертрофты және атрофты гингивит, ал 8 әйелден – катаралдық пародонтит анықталды. Пародонт тінінде проблемасы бар әйелдердің қызыл иегі қатты тамақты тістегенде және тісін тазалағанда қанайтын болған. Әйелдердің аз ғана бөлігі (10,9%) денсаулығына жүктілікке дейін алдын ала қаралған. Олар стоматолог-дәрігердің толық тексеруінен өткен. Ең қызығы, олар бірінші рет жүкті болған әйелдер. Олар жүктілігіне барынша мұқият қараған әйелдер болып шықты. Тісіңізді жүктілікке дейін емдеңіз! Бақылауға алынған әйелдердің тісіндегі ақауды олардың босану нәтижесімен және балаларының денсаулығымен салыстырды. Нәтижесінде алматылық ғалымдар мынадай қорытындыға келді: ауыз қуысының қабынуы болашақ сәбиге қауіп туғызады. Әрбір үшінші жағдай сәбидің індет жұқтыруына алып келеді. Мұндай жағдайда балалардың иммунитеті әлсірейді. Ішек-қарын жолының қызметі бұзылады. Басқа да ауруларға ұшырайды. Сонымен қатар, анасында тісжегі болған жағдайда, оның балада да болатыны байқалды. Ана мен баланың арасындағы еріксіз жақындық сәбидің ауыс қуысында инфекцияның жылдам таралуына алып келеді. Алғаш тіс жарған кезден бастап-ақ тісжегі пайда болады. Ендеше не істеу керек? Айрықша ережелерді сақтай отырып, жүктілік кезінде тісті емдеу керек. ЕМІ -Науқастың тісі ауырса, тіс дәрігерінің басы ауырары сөзсіз. Анестезия жасау арқылы қарапайым адамға да, жүкті әйелге де көмектесуге болады. Қазіргі таңда арнайы жүкті әйелдерге арналған анестезия бар. Мұндай дәрі-дәрмектер бала жолдасының тосқауылы арқылы өтпейді. Сондықтан анасына да, болашақ сәбиге де ешқандай зиянын тигізбейді. Тек толық анестезиядан аулақ болған жөн. Оны жүктіліктің қай кезеңінде болмасын пайдалануға болмайды. Жүктілік кезінде тісті емдеуге және жұлуға қатысты қарсы көрсетілімдер бар. Алайда олар үзілді-кесілді емес. Бұл мәселені әрбір жекелеген жағдайға байланысты тіс дәрігерімен және терапевтпен кеңесіп шешу қажет. Рентгенге айрықша назар аудару қажет.Болашақ аналар тіс рентгенін жүктіліктің бірінші және соңғы үш айында жасауға болмайтынын білуі керек. Кейде білікті көмек көрсету үшін дәрігерге тіс ренгені қажет болады. Жүкті әйел үшін рентгеннен шығатын сәуле нәрестеге қауіп туғызуы мүмкін. Алайда қазіргі таңда шығарылатын сәулені секундқа дейін азайтатын аппарат пен микросәулеленуді тіркеуге қабілетті радиовизиограф қолданылады. Дегенмен, әрбір ана алдын алу шараларын сақтауы тиіс. Сәбиді қорғау үшін омырауын, ішін және жамбасын арнайы жапқышпен жауып жүру керек. Егер жүктілік кезінде жасалған тіс рентгені жағдайдың қауіпті еместігін көрсетсе, тісті емдеу шарасының бірқатарын баланы босанғаннан кейінге қалдырған жөн. Алдын алу- Алматылық ғалымдар сауатты жасалған стоматологиялық шаралар жүкті әйел мен нәрестеге зиянын тигізбейтініне, керісінше оң нәтиже беретініне сенімді. Жүкті әйелдің ауыз қуысындағы созылмалы инфекция ошағын уақтылы емдеу жүктіліктің патологиясыз өтуіне көмектеседі. Дегенмен, жүкті әйел тіс дәрігерінің алдына бармауға барынша тырысуы тиіс. Ол үшін:
— тісті тұрақты және дұрыс тазалап тұру керек (тісті тазалауды әрдайым бір тіс қатарынан бастап, біреуін қалдырмай тазалау керек).
— қосымша алдын алу құралдарын пайдалану керек. Тіс қағын және тамақ қалдығын тазалау үшін тіс жібін – флоссты; тістің беткі қабатын жақсы тазартатын, тіс қағы пайда болуының алдын алатын, ауыз қуысын залалсыздандыратын тіс эликсирін пайдалану; құрамында қант алмастырғышы, әсіресе ксилиті бар сағыз шайнау. Ксилит ауыз қуысында ұзақ уақыт тұрады да флораға оң әсерін тигізеді. Сағызды тамақтан кейін 15-20 минут қана шайнау керек. Дұрыс тамақтану Диета сіздің ерекшелігіңізді ескере отырып жасалуы тиіс. Ол қажетті ақуыздан, көмірсутектен және майдан, сонымен қатар қажетті дәрумен мен минералды заттардан тұруы тиіс. Әрине, газдалған тәтті сусындардан бас тартып, тісіміздің басты жауы – тәттіні шектеу қажет.
