- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы.
- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің ұйымдастырудың 5 сатысы.
- •Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы.
- •Етеккір цикилының нейроэндокринді реттелуі
- •Етеккір циклынің бұсылысы және оның тіс жақ сүйек жүйесінің патологиялық байланысы.
- •Жүкті әйелдердің диспансеризациясы.
- •Жүкті әйелдердегі гиннивит және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жүкті әйелдердегі пародоктопатия және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жамбас сүйегінің анотомиясы және акушерлік көзқараспен
- •Қалыпты босану клиникасы. Босанудың 3 ші кезеңі.
- •Босанудың тіс жақ сүйек жүйке жағдайын стоматологиялықпен бақылу
- •Акушерлік қан кету кезіндегі алдын ала көмек.
- •Әйелдерде қабыну аурулары дамуы және ағымында одантогенді. Індеттің ролі.
- •Контрацепция және әртүрлі жас кезеңдерінде оларды қолдану ерекшеліктері.
- •Стоматологияның операциясын жүргізу кезінде жүктіліктің әртүрлі мерзімінде дәрілік заттарды және норкозды қолдану ерекшеліктері.
- •Әйел жыныс мүшесінің төменгі бөлігінің қабыну аурылары. Вагинит. Диагностика емі.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •Омырумен қоректендіру. Қағидалары.
- •Жүктілік кезінде қан кетудің себептері.
- •Жүктілік кезіндегі қан кетулердің диагностикасы.
- •Бала жолдасының төмен орналасқан кезінде қан кетудің ерекшеліктері
- •Сыртқы акушерлік тексеру.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету себептері.
- •Әйел жыныс мүшелерінің фондық аурулары.
- •Әйел жыныс мүшелерінің рак алды аурылары дистациялары.
- •Босанғаннан кейіңгі іріңді. Септикалық аурулар жіктемесі.
- •Жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері жіктелуі
- •Бедеу неке . Тексеру алгоритмі.
- •Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы тексеру әдістері.
- •Аналық безінің апоплесиясы. Диогностикасы.Емі.
- •Комбинирленген оральді контрацепция
- •Жедел контрацепция. (жк)
- •Барьерлік контрацепция әдістері
- •Жатыр ішілік спираль (жіс)
Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы.
Аналық без (ovarium, oophoron) — әйел репродуктивті жүйесінің жұп мүшесі және ішкі секреция безі . Қалыпты жағдайда аналық бездің массасы шамамен 5–8 г, ұзындығы 2,5–5,5 см, ені1,5–3,0 см және қалыңдығы 2 см. Аналық без екі қабаттан тұрады: ақ қабықпен қапталған қыртысты және милы қабат. Қыртысты зат түрлі даму кезеңіндегі фолликулалардан тұрады. Аналық безден бөлінетін басты стероидты гормондарға эстрогендер, прогестерон және андрогендер жатады. Эстрогендерге эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Эстрадиол(Е2) гранулеза жасушаларымен секрецияланады. Эстрон (E1) эстродиолдың шеткері ароматизация жолы арқылы түзіледі; эстриол (Е3) аналық бездерде қалдықты мөлшерде синтезделеді; эстроиолдың басты көзі бауырда эстрадиол мен эстронның гидроксильденуі болып табылады. Басты прогестагенді гормонға (прогестин) сары денемен синтезделетін прогестерон жатады. Негізгі аналық без андрогені, тека жасушаларымен синтезделетін андростендион болып табылады. Қалыпты жағдайда әйел ағзасындағы андрогендердің басым көпшілігі бүйрек үсті безінде синтезделеді.
Эстрогендер мен прогестерон синтезіне қажетті қосылыс холестерин болып табылады. Жыныс гормондарының биосинтезі кортикостероидтар секілді өтеді. Аналық бездің стероидты гормондары бүйрек үсті безінің гормондары секілді жасушаларда жиналмайды, яғни синтез үрдісі барысында секрецияланады. Қан арнасында стероидты гормондардың басым бөлігі транспортты ақуыздармен байланысады: эстрогендер — жыныс гормондарын байланыстырушы глобулинмен (ЖГБГ), прогестерон — кортизол байланыстырушы глобулинмен (транскортин). Эстроген, прогестин және андрогендердің әсер ету механизмі басқа стероидты гормондардың әсер ету механизміне ұқсас. Эстрогендердің басты метаболиттеріне әлсіз эстрогенді белсенділікке ие катехолэстрогендер (2-оксиэстрон, 2-метоксиэстрон, 17-эпистриол) жатады; ал прогестеронның негізгі метаболиті- прегнандиол.
Пебуртатты кезеңнің басталуына дейін аналық бездерде гонадотропиндерге тәуелсіз біріншілік фолликулалардың баяу өсіп дамуы жүреді. Жетілген фолликулалардың бұдан әрі қарай дамуы тек гипофиздің гормондары арқылы ғана іске асады: фолликулстимулдеуші (ФСГ), лютеиндеуші (ЛГ) гормондар; аталған гормондардың өндірілуі гипоталамустың гонадолибериндері арқылы реттеледі. Овариальды циклде екі фазаны ажыратады— фолликулярлы және лютеинді, бұл өз кезегінде екі жағдаймен сипатталады — овуляция және етеккір. Фолликулярлы фазада гипофизбен ФСГ секрециясы біріншілік фолликулалардың өсуі мен дамуын ынталандырады, сонымен қатар фолликулярлы эпителий жасушаларымен эстрогендер өндірілуін үстемелейді. Гонадотропиндердің овуляция алдындағы бөлінуі овуляция үрдісін анықтайды. ЛГ овуляторлы кезеңде бөлінуі мен аз мөлшерде ФСГ бөлінуі гипофиздің гонадолибериндер әсеріне сенсибилизациядлануына және 24 сағат барысында эстроиол деңгейінің кенет түсуіне байланысты, сонымен қатар мұны эстрогендер мен ЛГ тым жоғары концентрациясына орай дамитын оң кері байланыс механизмімен де байланыстыруға болады
