- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы.
- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің ұйымдастырудың 5 сатысы.
- •Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы.
- •Етеккір цикилының нейроэндокринді реттелуі
- •Етеккір циклынің бұсылысы және оның тіс жақ сүйек жүйесінің патологиялық байланысы.
- •Жүкті әйелдердің диспансеризациясы.
- •Жүкті әйелдердегі гиннивит және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жүкті әйелдердегі пародоктопатия және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жамбас сүйегінің анотомиясы және акушерлік көзқараспен
- •Қалыпты босану клиникасы. Босанудың 3 ші кезеңі.
- •Босанудың тіс жақ сүйек жүйке жағдайын стоматологиялықпен бақылу
- •Акушерлік қан кету кезіндегі алдын ала көмек.
- •Әйелдерде қабыну аурулары дамуы және ағымында одантогенді. Індеттің ролі.
- •Контрацепция және әртүрлі жас кезеңдерінде оларды қолдану ерекшеліктері.
- •Стоматологияның операциясын жүргізу кезінде жүктіліктің әртүрлі мерзімінде дәрілік заттарды және норкозды қолдану ерекшеліктері.
- •Әйел жыныс мүшесінің төменгі бөлігінің қабыну аурылары. Вагинит. Диагностика емі.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •Омырумен қоректендіру. Қағидалары.
- •Жүктілік кезінде қан кетудің себептері.
- •Жүктілік кезіндегі қан кетулердің диагностикасы.
- •Бала жолдасының төмен орналасқан кезінде қан кетудің ерекшеліктері
- •Сыртқы акушерлік тексеру.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету себептері.
- •Әйел жыныс мүшелерінің фондық аурулары.
- •Әйел жыныс мүшелерінің рак алды аурылары дистациялары.
- •Босанғаннан кейіңгі іріңді. Септикалық аурулар жіктемесі.
- •Жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері жіктелуі
- •Бедеу неке . Тексеру алгоритмі.
- •Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы тексеру әдістері.
- •Аналық безінің апоплесиясы. Диогностикасы.Емі.
- •Комбинирленген оральді контрацепция
- •Жедел контрацепция. (жк)
- •Барьерлік контрацепция әдістері
- •Жатыр ішілік спираль (жіс)
Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы тексеру әдістері.
Соңғы 20 жылда жатырдан тыс жүктілік жиі кездесуі анықталады. Ол түсіктер санының жоғарылауымен, жыныс мүшелерініңқабыну ауруларымен, ЖІС қолдану, нейроэндокринді бұзылыстар, қосымша репродуктивті технологияны қолдану, психоэмоционалды бұзылыстарға байланысты. ЖТЖ құрылымында қабыну аурулары 42 ден 80% құрайды [1,6].
ЖТЖ индустриалды дамыған елдерде ана өлімініңқұрылымында 3-4 орын, ал Ресейде 5-ші орын алады. Қазіргі заманға дейін шұғыл гинекологиялық аурулар арасында 2-ші орын алады, құрсақ ішіне қан құйылулармен кездесетін аурулар ішінде бірінші орын алады [7,8].
ЖТЖ репродуктивті 23 және 40 жас аралығында оң жақтық жиі кездеседі. Ол қалыпты алғаш және қайта босанатындар арасында және жатырдан тыс жүктіліктен кейін де кездесуі мүмкін. Қайталамалы эктопиялық жүктілік 7,5-22% әйелдер арасында кездеседі. 36-80% әйелдерде ол екіншілік бедеуліктің себебі болып табылады
Клиникалық көрінісі:
Жатырдан тыс жүктілікпен ауыратын науқастардың негізгі шағымдары:
Етеккір циклының кешігуі;
Жыныс жолдарынан қанды бөліністер ағу;
Әр түрлі сипатты ауру сезімі;
Жүрек айну.
Жатыр түтігінің жарылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік.
Ұрық жатыр түтікшесіне еніп, өскенде, белгілі бір мезетте оның жарылуы болады, содан соң іш қуысына массивті қан кетіп шокқа алып келеді. Бұл кезде жедел клиникалық көрінісі болады: науқаста физикалық күш түскенде немесе дефекация акті кезінде кенеттен іштіңөменгі жағының жедел ұстама ауырсынуы, ауру сезімінің тік ішекке берілуі болады. Салқын тер, бозару, аз уақыт естен тану, АҚ төмендеуі байқалады. Пульс әлсіз, жиі болады. Френикус симптомы оң мәнді, егер іш қуысында 500 мл қан болса іш қуысының тітіркені белгілері байқалады. Іштің бүйір жағын перкуссиялағанда дыбыстың тұйықталуы байқалады. Іштің бұлшықеттерінің керілуі және іштің төменгі жағының ауырсынуы болады. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойныныңқозғалуы бірден ауырсынады, жатыр мойнынан қою қанды бөліністер бөлінеді. Ауырсыну ұстамасының бірнеше сағатынан кейін жатырдан децидуальды тін босай бастайды. Науқастың жағдайы белгілі бір уақытта тұрақтануы тіпті жақсаруы да мүмкін. Науқас күйінің ауырлығы қан жоғалту көлеміне және оған бейімделуіне байланысты болады. Клиникалық зертханалық зерттеулер нәтижелері науқастың жалпы жағдайымен сәйкес келмеуі мүмкін, гемоглобинніңқұрамы төмендеген және эритроциттердің саны азайғанмен науқас өзін қанағаттарлық сезінуі мүмкін
Аналық безінің апоплесиясы. Диогностикасы.Емі.
Апоплексия 90-94% жағдайда овуляторлы ауырсыну немесе менструальді циклдің 2 фазасында пайда болады. Бұл осы кезде қантамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы және овуляция кезінде қанға толуының күшеюімен байланысты. Оң жақ аналық безі апоплексясы сол жақтікіне қарағанда 2-4 есе жиі кездеседі. Себебі оң жақ аналық безіне қан көп мөлшерде аортаның өзінен, ал сол жаққа бүйрек артериясынан келуімен байланысты. Кіші жамбас астауындағы ағзалар қабыну аурулары аналық без тінінде склеротикалық өзгерістерге, овариальді веналардың варикозды кеңеюіне алып келеді. Гормональді статустың өзгеруі де аналық без апоплексиясына себеп болады. Гипофиздің гонадотропты гормондары (ФСГ, ЛГ) арақатынасының өзгеруі, пролактин деңгейінің өзгеруі де аналық безінде ретениионндық кисталар түзілуіне және овариальді тін гиперемиясына әкеледі.
Аналық без апоплексиясының клиникалық көрінісі. Аурудың барлық формасына тән көрініс –іштің төменгі бөлігіндегі кенеттен ауырсыну сезімі. Басқа симптомдар (әлсіздік, бас айналу, лоқсу, жүрек айну) құрсақ қуысына кеткен қанға байланысты. Ауырсынатын және геморрагиялық формасының клиникалық көріністері ұқсас болып келеді. Аналық без апоплексиясының ауырсынатын формасы кезінде құрсақтың төменгі бөлігінде ұстамалы ауырсыну мен жүрек айну, лоқсумен көрінеді. Құрсақ қуысына қан кету көріністері болмайды.
Аналық без апоплексиясының емі. Аурысыну формасында және аз мөлшерде 150 мл төмен) қан кету болса, науқасқа тыныштық беріп, ішіне суық мұз басып, гемостатикалық әсері бар препараттар (этамзилат, викасол және т.б) беруге болады. Лапароскопияға көрсеткіш: Құрсақ қуысында 150 мл көп қан болса; 1-3 күн бойы консервативті ем нәтижесіз болса, құрсақ қуысына тоқтамайтын қан кету болып жатса; Диференциальді диагностика үшін;
Экстагенитальды аурылар және жүктілік.
Стоматологиялық аурулардың антеналальды алдын алу.
Басымен және жамбасымен келіп туған нәрестелердің тіс-жақ сүйек жүйесіндегі өзгерістер
Босанғаннан кейінгі тиімді контрацепция әдістері.
Контрацепция әдістері
Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады. Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.
Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:
Ішілетін құрама контрацептивтер.
Инъекцияльқ контрацептивтер.
Имплантанттар (норпланта).
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).
Презервативтер (мүшеқаптар).
Жатырішілік заттар.
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).
Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).
Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).
