Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ginekologia.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
687.86 Кб
Скачать
  1. Жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері жіктелуі

Жүктілікті көтере алмау. Әртүрлі авторлар бойынша жүктілікті көтере алмаушылық жиілігі әр елде 10%  — 30% түзеді. Қазақстан Республикасында уақытынан бұрын босанудың жиілігі  7-10% құрайды. Түсіктердің жалпы жиілігі 40 жастан жоғары әйелдерде шамамен  75% түзеді. 80% жағдайда өздігінен түсік 12 аптаға дейін болады, мұның 70% хромосома ақауының нәтижесі болып табылады. Жүктілікті көтере алмаушылық — ұрықтанудан бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі. Түсік –22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі, ұрық салмағы 500гр Жасанды—дәрілік заттармен немесе инструментальді жолмен шақырылған түсік. Өздігінен түсік —табиғи себептерден туындаған түсік Криминальді (ауруханадан тыс, заңсыз) аборт —заңды құқығы жоқ адаммен, медициналық мекемеден тыс жерде жүргізілген  түсік Медициналық түсік —12 аптаға дейін медициналық мекемеде әйел қалауы бойынша жүктінің ауруларына байланысты жүргізілген түсік. Ерте түсік —Жүктіліктің 16 аптасына дейінгі түсік. Дамымаған түсік Эмбрион өліп, бірақ жатырдан шықпаған түсік. Үйреншікті түсік —3 және одан көп  болған өздігінен түсік Кеш түсік —Жүктіліктің 16-22 апта мерзіміндегі түсік.

Жүктіліктің І үштігіндегі себептер: Гормональді қызметтің жетіспеушілігі Гиперандрогения Гипотиреоз, гипертиреоз Жатыр даму ақаулары Иммунологиялық бұзылыстар

ІІ үштіктегі себептер: Плацентарлы жетіспеушілік Истмико-цервикальді жетіспеушілік Антифосфолипидті синдром Урогенитальді инфекция

ІІІ үштіктегі себептер Жүктілік асқынулары Экстрагенитальді аурулар Урогенитальді инфекция

  1. Жүктіліктің кезіндегі гипертензивті жағдай көп классификациясы анықтамасы.

Жүкті әйелдердің гипертензивті жағдайы

Жүкті әйелдерде артериалды гипертензия (АГ)  4-8% кездеседі. Жүкті әйелдер арасында 30% созылмалы АГ, гестационды гипертензия және преэклампсия, эклампсия 70% анықталады. Созылмалы гипертензиямен әйелдердің арасында 75% де преэклампсия дамиды (ПЭ). БДҰ мәліметтері бойынша гипертензивті синдром дегеніміз – эмболиядан кейінгі ана өлімінің себебі болып табылады, құрылымында 20% құрайды. Созылмалы АГ перинаталды өлім  және мерзімінен ерте босану себебі болуы мүмкін. АГ өалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөліну қаупін жоғарылатады, қанайналым бұзылысының себебптері, торлы қабаттың сылынуы, эклампсияның, плацентаның сылынуынан кейін болатын массивті коагулопатиялық  қан кетулердің себебі болып табылады 

Қазіргі кезде преэклампсияның дамуында жетекші рөл эндотелийдің дисфунксиясы болады. Жетекші зақымдаушы фактор – гиповолемиямен қанның реологиялық және коагуляциялыққызметініңөзгерісімен байқалатын, өмірге маңызды мүшелердің және плацентаның перфузиясын төмендеуіне алып келетін жайылған қан тамырларының тарылуы. Өз кезегінде жатыр-плаценталық кешеннің тіндерінде дамитын гипоксия эндотелийдің тромборезистенттік және вазоактивті қасиеттерін, медиаторлар бөлінуін бұзып эндотелийдің зақымдануына алып келеді. Простоциклин мен простогландин Е жеткіліксіз өндірілуі немесе простагландин F және тромбоксанның шамадан тыс өндірілуі жайылған қан тамырлардың тарылуына, жалпы қантамырларының перифериялыққарсыласуына, жүректіңқан айдау қызметінің азаюына, бүйректіңқанайналымы мен шумақтық сүзілімінің төмендеуіне, плацентадағы микроциркуляцияның нашарлауына алып келеді.

Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстардың клиникалық жіктелуі.

  • Созылмалы АГ (жүктілікке дейін болған).

vГипертониялық ауру.

vЕкіншілік (симптоматикалық) АГ.

  • Гестациялық (жүктілікпен индуцирленген) АГ.

  • Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия және эклампсия.

  • Преэклампсия (ПЭ) және эклампсия.

Созылмалы артериялық гипертензия — жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.

Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет.

Жіктелуі:

  1. Жеңіл преэклампсия;

  2. Ауыр преэклампсия;

  3. Эклампсия.

Аталған түрлерді бір үдерістің сатылары деп қарастыру қажет. Преэклампсия – әдетте АҚ жоғарылауымен және протеинуриямен байқалатын жүйелі синдром.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]