14 Билет
1 Сұрақ базада жоқ
2) Мейоз, оның биологиялық мәні. Мейоздың митоздан айырмашылығы. І және ІІ мейоздық бөліну. Мейоз фазалары, олардың сипаттамалары. Мейоз түрлері: зиготалық, гаметалық және аралық.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі болып табылады.. Митоз - жаңа ұрпақ жасушалары арасындагенетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі. Митоз нәтежесінде екі жаңа ұрпақ жасушаларында диплоидты* хромосомалар жиынтығы болады..Мейоз бен митоз айырмашылығы 1-ші және 2-ші бөлінудің арасында S‑ фаза болмайды. Мейоз - хроиосомалар жиынтығының екі есе азаюымен аяқталатын жасушаның бөліну процесі. Мейоз нәтежесінде гаплоидты* хромосомалар жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Бірінші мейоздық бөліну редукциялық деп аталып, диплоидті жасушалардан (2n4c) гаплоидті жасушалар түзіледі (n2c). Бұл бөліну екінші бөлінуге қарағанда ұзақ уақыт жүреді. Мейоздың I профаза кезеңі митоз кезеңіне ұқсас болғанымен, ұзаққа созылады. Мұнда генетикалық материалдың тұтас жинақталуы хромосомалардың ширатылуы байқалады. Сонымен қатар митозда жүрмейтін мындай құбылыстар байқалады: гомологиялық хромосомалар бір - бірімен конъюгацияланып, белгілі бір бөлітерімен өзара айқасу жүреді. Екінші мейоздық бөлінудің II профаза кезеңінде хромосомалар ширатылады, ядроның мембранасы жоғалады, әр жасушада ұршық жіпшелері түзіледі. . Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады. Профаза (prophasis, pro, protos — бірінші, phasis — фаза) — митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан мигоз ұршығы қалыптасадыМетафаза (грек. meta – аралық, кейін және фаза) – жасуша және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы.Митоз процесінде көптеген организмдердің жасушалары ядросының бөлінуі кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған хромосомалар цитоплазмада қалады. Анафаза (anaphasis; гр. апа — кері, тең; гр.phasis - фаза, кезең) [1] — жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұпхромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңіТелофаза (грекше telos – соңы, соңғы және phases – фаза, кезең) [1]–аналық жасушадан екі жас жасуша түзілетін митоздың соңғы фазасы. Телофазада жасушаның қарамауылықарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады. Хромосомалардың айналасындағы мембраналы көпіршіктерден ядро қабықшасы (кариолемма) түзіледі.
3) Антропогенездің негізгі кезеңдері. Адамдар нәсілдері.Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:Ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;Эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;Ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
