12 Билет
1 Сұрақ жоқ базада
2)Ядроның негізгі компоненттері: ядро қабықшасы, ядро шырыны, хроматин, ядрошық және ядролық ақуыз матриксі.
Отв: Ядро - хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады.
Ядроның негізгі бөлігі- ядро шырыны немесе кариоплазма - ядроның қаңқасы қызметін атқаратын түпнегізден: сұйық бөліктен және басқа қоспалардан тұрады. Шырынның сұйық бөлігін,цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған бейорганикалық заттар құрайды. Ядроның түпнегізі шырын мен ядрошықты түгел қамтитын қышқылды ақуыздан тұрады. Ядро шырынында цитоплазмадан әр түрлі заттар өтеді және ядродан цитоплазмаға өтетін заттардың бәрі соған жиналады.
ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады. Хроматин дегеніміз - ДНҚ және нәруыздары бар ядроның жіп тәрізді құрылымы. Ол хромосомалардың шиыршықтана ширатылған және тығыз үлескісі болып есептеледі.
Ядрошық — домалақ келген тығыз денешік, оның мөлшері 1—2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін және одан да көбірек шамаға өзгеруі мүмкін. Ядрошықтың кұрамына РНҚ және белок енеді, РНҚ-синтезі жүреді. Клетка бөлінген кезде ол жойылып кетеді. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ және 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын тірі қалпында зерттегенде немесе бекітіп, бояп барып тексергенде олардың ядросының құрамында үсақ түйіршікті, тығыз орналаскан заттарды — хроматинді байкауға болады. Ядроның матриксі хромосомдардың ядрода орналасуын және олардың қызметтерінің іске асуына әсер етеді.
3)Макроэволюция әдістері: дивергенция, конвергенция, параллелизм
Дивергенция, конвергеция, параллелизм - тірі организмдер топтарының эволюциялық формалары. Дивергенция(лат. divergo - кері шегінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс. Бір аймақта қорек қорын біркелкі қабылдайтын ұқсас жануарлар болса, қорек таусылғанда олар қорегі мол басқа орындарға ауысады. Бір аймақта сыртқы ортаға талабы әртүрлі организмдер тіршілік етсе арасында бәсеке аз болады. Себебі әрқайсысы бір-біріне тәуелді емес, өзінің қажетіне лайықты қорегін тауып жейді. Ч.Дарвин табиғатта 1м2 жерде өсімдіктердің 8 тұқымдасқа. 18 туысқа жататын 20 түрін анықтаған. Бастапқы бір популяциядан дивергенция процесіне бірнеше ормалар таралады. Оған мысал ретінде бұғылардың 7 түрін алуға болады. Дивергенция мен жойылу процестері тығыз байланысты болғандықтан аталған түрлердің біразы өсіп-өсіп, артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастырады. Қалғандары тіршілігін сақтай алмай, жойылып кетеді. Дегенмен әртүрлі формалардың арасында бәсекке азырақ болса, басым көпшілігі тіршілігін сақтап қалады. Табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болған түр тармағы жаңа түрге айналады. Мұнда тұқым қуалау белілерінің айырмашылығының әсері күшті болады. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын Ч.Дарвин белгілерінің ажырауы немесе дивергенция деп атады Конвергенция( лат. conergo - ұқсас болу ) деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ( тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Мысалы, дельфиндер сүтқоректілердің класына жатады, соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды. Дене пішіні сүйір, артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа айналған. Жүзбе қанаттары судың тереңдігіне оң мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу және тежеу қызметін атқарады. Арқа жүзбе қанаты жылдам жүзгенде ауыр денесі жан-жағына ауып кетпес үшін қажет болса, құйрық жүзбе қанаты балықтікі сияқты тік емес көлбе орналасқан. Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушілігін көрсетеді. Бұл құбылыс ковергенттік ұқсастыққа жатады. Жануарлар дүниесінен мұндай жағдайларды көптеп кездестіруге болады.
Параллелизм( грек. Parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағына өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуына айтады. Мысалы, сүтқоректілер класына жататын есекаяқтылар отрядының сулы ортаға бейімдеушілігі 3 салада дамыды. Мысалы, морждар, құлақты және кәдімгі түлендер сулы ортаға бір бірінен тәуелсіз көшкендіктен суға бейімделу мүшесі - ескегі пайда болды. Жәндіктердің ішінде қоңыздардың алдыңғы жұп қанаттары өзегріп, қатты қанатқа айналғандықтан қанатүсті деп атайды. Қоңыздардың барлығы қатқыл қанаттылар отрядна топтастырылды. Қосмекенділердің белгілері саусақанатты балықтарда дамиды. Сүтқоректілердің көп белгілері аңтісті кесірткелердің топтарында пайда болды және т.б. Осы ұқсастық шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.
