Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Тарихы Билеттер Жауабымен.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.3 Mб
Скачать

1. Неолит төңкерісі.

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнедеболды. Осы кезеңде бұрын болмаған экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды: адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, кетпенмен жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың осындай жаңа түрлерінің шығуы адамзат қоғамының дамуында аса маңызды рөл атқарды және адамның кәсіби қабілетін кеңейтіп, мінез-құлқының сапасын жақсартты. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы. Осының нәтижесінде адамдар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген мықты қыш ыдыс– керамикажасауды үйренді.Сондықтан бұл дәуірді кейде «қыш құмыралар заманы» деп айтады. Бірақ, бұл ыдыстар қолмен жасалғандықтан өте қарапайым болды. Осындай қарапайым үй заттарының өзінен-ақ олардың сұлулыққа талпынысын байқаймыз. Ыдыстарға күйдірмей тұрып, жұмсақ кезінде, арнайы дайындалған сүйек және ағаш таяқшамен немесе қарапайым қалыппен онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған.Неолиттік егіншілер өздерінен бұрынғы аңшы бабаларына қарағанда, айналадағы табиғатқа мүлдем басқаша қарады. Бұрынғыдай тек жеуге жарамды шөптер мен даяр жемістерді жинау орнына нағыз шаруашылық еңбек қалыптасып, өнімді өздері өсіре бастады. Адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етті. Ғылымда бұл құбылыс "неолит төңкерісі" деп аталады. Мұнымен адамзаттың үздіксіз дамуының алғышарттары жасалды. Жаңа тас дәуірінде жер өңдеудің қалыптасуы әйелдер еңбегінің ауқымын кеңейте түсті. Олар тамақ жасап, бала тәрбиелеумен қатар жер жырту, егін егу, астық жинап, қамбаға тасу жұмыстарын атқарған. Әйелдер еңбегінің артуынан олар жетекші орынға шығып, қоғамда – аналық ру (матриархат) қалыптасты. Ендігі жерде туысқандық ана жағынан таралды. Аналық ру кезінде өндірістік еңбек құралдарына қауымдық меншік сақталды. Ру мүшелері бірге өмір сүріп, барлық мәселені ру кеңесі шешкен.

2.Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары мен Дың ескерткіштерін салыстырыңыз.

VI –IX ғ.Қазақстанда дами бастаған архитектуралық құрылыстың бір сипаты діни сенімге байланысты.Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрлысының бір түрі – құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас Дың ескерткіштері.Дың ескерткіші қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Оның қабырғасы берік тастан қаланады.

Қазақстан керуен жолдарының бойында және көші- қон бағыттарында жолаушылар мен малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер сақталған.

«Сардоба»- парсыша құдықтың үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді.

1.Бір күмбезді және көп күмбезді Мырзарабат сардобасы. 2.Сардоба ғимараты. Якка сардоба ғимаратының күмбездері бір – біріне жалғастырылып жасалған.

3. Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.

Көшпелі мал шаруашылығы

себептері

Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті

Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді

Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады

19-билет 1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

Түркістан қаласындағы Ахмет Йасауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Йасауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.   

Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Йасауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.

 «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Йасауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет ЙасауИкесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Ахмет Йасауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м., ұзындығы – 65,5 м.

Әйгілі қола қазан – Тай қазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935- жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989- жылы қыркүйек айына дейін сақталған.  Тай-қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің үлкен залының ортасында орналасқан. Оны жеті металдың құймасынан Тавризден шыққан шебер жасаған. Қазанға 3000 литр су сияды, Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м. Қазан мұсылмандарға мінажат жасап болған соң таратылатын әулие суға арналған. Бұл күнде мұнда осы қазанды көріп, тиын салу мақсатымен дүние жүзінен мыңдаған саяхатшылар келеді.