- •1.Синоним- мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер
- •2. «Қоғам және жастар»
- •4. Бос уақытты қалай өткізесін?Неге қызығасыз? Ауызша ангіме
- •5 .«Ақша айналымы»тіркесін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз
- •6 .Фразеологизм
- •16. «Қаржы.Қаржы жүйесі» тақырыбы бойынша шағын мәтін құрастырыңыз.
- •17. «Сұраныс» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •18.Сөз тіркесі.
- •19. «Менеджмент» тақырыбы бойынша шағын мәтін құрастырыңыз. Менеджмент.
- •20. «Ұсыныс» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •21. Сөйлем түрлері.
- •31 Бағалы қағаздар мәтін мазмүны
- •32 Акция терминің түсіндіріп 3 сөйлем кұрастыру
- •33 Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Мысал келтірініз
- •40. Бағалы қағаздар нарығы. Ауызша әңгімелеңіз.
- •41. «Ақша» терминін түсіндіріңіз және 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •43. Маркетинг туралы не білеміз? Шағын мәтін құрастырыңыз.
- •44. «Сервис» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •45. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •79. Несие туралы не білеміз?Ауызша әңгіме.
- •80. «Кепілдік» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •81. Тәуелдік жалғаулары.
- •83. Дебитор-қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;
- •88.Есімді және етістікті тіркестер.
- •89.Қаржы саясаты.Мәтінді мазмұндаңыз.
- •90.«Кәсіпкерлік» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
79. Несие туралы не білеміз?Ауызша әңгіме.
Несие – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады. Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
80. «Кепілдік» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл дегеніміз міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Гарант басқа тұлғаның (қарызгер) қарыз берушінің алдында бұл тұлғаның міндеттемелерін толық орындалуына жауап беруге міндеттенеді. Кепілдікті бірге берген тұлғалар қарыз берушінің алдында бірге жауап береді, яғни несиенің сомасы бойынша толық мөлшерде.Кепілдікті пайдаланушы клиенттерге егер кепіл беруші мүлкі несие желісін ашу туралы келісім бойынша кепіл заты болса, несиелеу бойынша ашылған лимит шеңберінде берілуі мүмкін.
Сөйлем: 1) Мен өзіме ұялы телефон аларда, маған 2 жылға кепілдік берді. 2) Мен кеше аларда, менен үйді кепілдікке қалдыруды сұрады. 3) Мен құрбыммен мұз айдынына барғанда, бізден кепілге ұялы телефон немесе жеке куәлік тастауды сұрады.
81. Тәуелдік жалғаулары.
Тәуелдік жалғаулар (Притяжательные окончания)
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
82. Биржаның екі түрлі шығу тарихы бар. Біріншіден, латынның «бир-жа» сөзі əмиян деген ұғымды білдірсе, французша да, грекше де əмиян жəне студенттік шəкіртақы деген ұғымды білдіреді. Екіншіден, қазіргі Белгияның Брюгте қаласындағы Вандер Бурзе атты дворяниннің үйіндеүш əмиян салынған белгі ілінген. Биржа – нарықтың ұйымдасқан формасы. Мұнда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен (тауар биржасы) бағалы қағаздармен (қор биржасы), валютамен (валюталық биржа) сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен (еңбек биржасы) айналысады. Қор биржасы – жеке кəсіпкерлік принципінде жұмыс істейді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс əсеріне, дивиденд көлеміне жəне пайыз мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Қор биржасы акциялар, облигациялар сияқты құнды қағаздармен айналысады. Еңбек биржасы – кəсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекеттік мекеме. Еңбек биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық жағдайын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жəрдемақы төлеу жəне т.б
