- •1.Синоним- мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер
- •2. «Қоғам және жастар»
- •4. Бос уақытты қалай өткізесін?Неге қызығасыз? Ауызша ангіме
- •5 .«Ақша айналымы»тіркесін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз
- •6 .Фразеологизм
- •16. «Қаржы.Қаржы жүйесі» тақырыбы бойынша шағын мәтін құрастырыңыз.
- •17. «Сұраныс» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •18.Сөз тіркесі.
- •19. «Менеджмент» тақырыбы бойынша шағын мәтін құрастырыңыз. Менеджмент.
- •20. «Ұсыныс» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •21. Сөйлем түрлері.
- •31 Бағалы қағаздар мәтін мазмүны
- •32 Акция терминің түсіндіріп 3 сөйлем кұрастыру
- •33 Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Мысал келтірініз
- •40. Бағалы қағаздар нарығы. Ауызша әңгімелеңіз.
- •41. «Ақша» терминін түсіндіріңіз және 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •43. Маркетинг туралы не білеміз? Шағын мәтін құрастырыңыз.
- •44. «Сервис» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •45. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •79. Несие туралы не білеміз?Ауызша әңгіме.
- •80. «Кепілдік» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
- •81. Тәуелдік жалғаулары.
- •83. Дебитор-қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;
- •88.Есімді және етістікті тіркестер.
- •89.Қаржы саясаты.Мәтінді мазмұндаңыз.
- •90.«Кәсіпкерлік» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.
31 Бағалы қағаздар мәтін мазмүны
Бағалы қағаздар- акциялар,вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал.Ол жеке шоттағы жазу түрінде болады.Бағалы қағаздар біріншіден, табыс көзі –тауар өндірісі. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар үлкен екі топқа бөлінеді ; Негізгі және туынды.
Негізгі бағалы қағаздар- бұл негізінде қандай да бір ақтивке (тауар,мүлік,әртурлі ресурстар және т.б) мүлік құның беретін бағалы қағаздар.
Туынды бағалы қағаздар- қандай бір базисте активтерге негізделген бағалы қағазда( базистік активтердін бағасына, пайыздарына активтердің индекстеріне)
Бағалы қағаздарды екі негізгі категорияға бөліп қарастыруға болады: үлестік (акциялар) жне қарыздық (облигациялар).
Үлестік бағалы қағаз – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда өзінің иесінің мүліктен белгілі бір үлесін растайтын құнды қағаз.
Қарыздық құнды қағаздар — эмитенттің (қарыздардың) осы құнды қағаздарды шығару талаптарымен негізгі қарыз сомасын төлеу туралы міндетін растайтын құнды қағаздар
32 Акция терминің түсіндіріп 3 сөйлем кұрастыру
Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады.
1Акцияда көрсетілген сома акцияның нақты болып табылады.
2Акция сатылатын және сатып алатын құнды қағаз
3Жай акциялар акционерлік коғамды басқаруға қатысу құқық береді
33 Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Мысал келтірініз
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем.
Салалас құрмалас сөйлем— құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі
1. Сабақ бізге ұнағаны соншалық, уақыт өткенін білмей қалыппыз.
2. Атырауда күннің ыстығы соншалық, тіпті шығындылар да өртеніп жатыр.
3. Бұл бейнеклипті көрген адам, соншалық қызық екенін біледі.
4. Оның сағынғаны соншалық, көз алдынан кетпейді.
5. Күннің жанып тұрғаны соншалық, жұмыртқа қуыруға болады
Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.
Мысалы
1Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды .
2Қыс келсе де , қар жаумады .
3Екі қолы дірілдеп , Оспан ішке кірді .
4Күн жылы болғандықтан , біз серуенге шықтық .
5Далада жаурағанша , үйде отырайық
Аралас құрмалас сөйлем – Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласада, сабактасада байланысады
Аралас құрмаластың ең кемі үш сөйлем болып, біреуі бағыңқылы болады. Аралас құрмалас төрт құрамды, бес құрамды тіпті одан да көп құрамды болып береді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді.
Мысалы: 1)әрқайсысы ашылған кітаптың, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді.
2)жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды.
3)күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
4)бізше,адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату тұруға негізгісі-ақ жүрек,адал еңбек,арлы ақыл болуы керек.
5)ауылда түрлі шаралар,ұйымдар болып жатқан еді,-Айжан әлі жоқ.
34. Валюта– елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолдану- дың ерекше формасы. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі – экономикалық қатынастар жиынтығы. Валюта жүйесі үш түрде қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік жəне мемлекетаралық. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Қазіргі таңдағы көп өзгерістердің бірі – тəуелсіз елдер өз ұлттық валюталарын айналымға енгізді. Теңге – Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір заңды төлем құралы. Теңге – тəуелсіз елдің тұтқасы даму көзі, теңелудің алғашқы факторларының бірі.
35. Мемлекеттік басқару – экономиканы, əлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, əскери істі ұйымдастыру т.б. мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктерін басшылыққа алу.
1)Мемлекеттік басқару өте қиын жұмыс.
2)Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада мемлекеттің істерін басқарады.
3) Мемлекеттік басқару белгілі бір әдістердің көмегімен іске асырылады.
3.Салалас құрмалас сөйлем-Құрамындағы сыңарларының бір-бірімен мағыналық қаты- настарына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді.
36. Ыңғайлас салалас- Мезгілі, мағынасы жағынан іргелес, ыңғайлас болып ұйымдасатын салаласты ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дейміз. жəне, да, де, та, те Кей металдар табиғатта өте аз жəне кездесуі сирек. Абай үлкен үйге түсті де, шешелерімен амандасып болған соң жөнін айтты.
2. Қарсылықты салалас: бірақ, алайда, əйтсе де, дегенмен, сонда
3. Талғаулықты салалас: не, немесе, я, яки, əлде, не
4. Кезектес салалас: біресе, бірде, кейде
5. Себеп-салдар салалас: себебі, өйткені, неге десең, сондықтан, сол себепті, сол үшін
6. Түсіндірмелі салалас. Салаластың бұл түрі – жалғаулықсыз
