Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по казахскому.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать

17. «Сұраныс» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.

Сұраныс – бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну түрі. Басқаша айтқанда, сұраныс – төлем қабілеті бар қажеттілік.

3 сөйлем: Сұраныс бір қалыпта тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл өзгеріп отырады. Сұраныс заңы бойынша егер баға төмендесе,əдетте, тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Ал тауарларға баға өссе, онда оларға сұраныс азаяды.

18.Сөз тіркесі.

Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің тұлғалық жəне мағыналық жағынан байланысуы сөз тіркесі деп аталады.Мысалы: біз оқушымыз, мен сөйлеймін, менің орным, ағаш қасық, тез оқу, көк шөп, төрт тоқсан және т.б.

Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің түрлері:

Еркін сөз тіркесі.

Тұрақты сөз тіркесі.

Еркін сөз тіркесін тұрақты сөз тіркесінен ажырата білу керек.

Еркін сөз тіркесі басыңқы сыңарының қай сөз табынан болғанына қарай есімді сөз тіркесі жəне етістікті сөз тіркесі болып бөлінеді.

Есімді тіркес: мемлекеттік тіл, əсем қала, сұлу қыз, ашық пікір.

Етістікті сөз тіркесі: құрмет көрсету, алғыс айту, жақсылық жасау, уақытты ұзарту. Тұрақты сөз тіркесі екі немесе бірнеше сөздерден құралып,бір ғана мағына білдіреді. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағысөздердің орнын ауыстыруға болмайды.

Мысалы: Қас пен көздің арасында – жылдам. Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу, келбетті. Көңілі қалу – ренжу.

19. «Менеджмент» тақырыбы бойынша шағын мәтін құрастырыңыз. Менеджмент.

Менеджмент - өндірісті басқару принциптерінің, әдістәсілдерінің және құралдарының жиынтығы. Ол өндірістің тиімділігін арттырып. Түрақты табыс алу мақсатымен құралатын экономикалық саясат.

Менеджментті қызметкерлер үшін заңды күші бар нұсқаулықтар, ережелер негізінде жоғары лауазымды басшылық әзірлейді. Менеджер – өндіріс және тауарлар айналымы процестерін басқару жөніндегі маман. Менеджерлер – фирманың штаттық қызметкері. Олар орташа және жоғары басшылық құрамының лауазымды тұлғасы.

20. «Ұсыныс» терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз.

Ұсыныс дегеніміз тауардың бағасын тауардың сатылымдарымен байланыстыратын тәуелділік. Ұсыныс мөлшері дегеніміз тауардын бағасы белгілі мәнге ие болғандағы сатушылар сатуға дайын тауарлардың жалпы мөлшері.

Сөйлем: 1) Егер нарықта сұраныс азайса, онда тауар бағасы төмендейді.2) Ұсынысқа байланысты әр түрлі факторлар туындайды. 3) Ұсыныс байланысты оған факторлар әсер ететін.

21. Сөйлем түрлері.

1) ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ -  сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Мысалы: Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.

2) СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ - Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Мысалы: «Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?

3) ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ - Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Мысалы: Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!

4) БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ - Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем. Мысалы: Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

22.Салық туралы әңгімелеңіз

Салық дегеніміз – бұл мемлекет тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Салықты ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл – қазыналық.

Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды.

23.Нарықтық экономика терминін түсіндіріңіз ,және 3 сөйлем құрастырыңыз

Нарықтық экономика-өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.

1.Нарықтық экономиканың негізгі буыны кәсіпорындар болып саналады.

2.Нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу.

3.Қазіргі уакытта Қазақстан Нарықтық экономика бағытын ұстану арқылы көркеюде.

24.Интонация дегеніміз не?

Интонация-сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені.

25.Банк туралы не білесіз?Ауызша әңгіме

“Банк”атауы“банка” атауымен байланысты. Адамдар банк жоқ кезде ақшаларын банкаға салып жинаған. Банктің шығуы сауда-саттықты өркендетті. Банкир мен клиент арасында алғашқы сөз “Ақшаны үстелдің үстіне қой” деп басталған.Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейіннен Германия мен Нидер-ландының сауда орталықтарында пайда болды.Банк ісінің ілгері дамуына , 1712-1720 жылдары Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған банкноттары (қағаз ақша) айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды.ХХғ. басында Англия мен Германияда ірі банктер жұмыс жасай бастады. Банк жұмысы дамыған сайын өркендеп, экономиканың дамуына үлестерін қосты.Кеңес Үкіметі кезеңінде Қазақстанның өзінің банк жүйесі болған жоқ.Ол кездері елде Кеңес Үкіметінің орталықтандырылған банктері қызмет етті.Қазақстанның банк жүйесі 1995жылдан бастап құрылды.

26."Банк жүйесі" терминін түсіндіріңіз және онымен 3 сөйлем құрастырыңыз

Кез келген мемлекетте банктер жұмыс жасау үшін белгілі бір жүйе болады.Сол арқылы мемлекеттегі ақша айналымын жалпы экономиканы қадағалайды.

1. Банктер Қазақстанда екі негізгі топқа бөлінеді - Ұлттық Банк және екінші деңгейдегі банктер.

2.Ақшаны банкке депозитке салу арқылы ақша айналымын жүргіземіз.

3.Банкте ақша сақтаған өте тиімді және қауіпсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]