Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_5_n_1201_s_1179_a.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495.67 Кб
Скачать

2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)1969жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан.

Қазақстанның иқұ шеңберіндегі ынтымақтастығы

Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.

ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.

Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.

Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.

ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.

29-билет

1. ХVІ – ХVІІ ғғ. қазақ хандығының мемлекеттік–әкімшілік құрылымы.

2.Қазақстанда 1920- 1940жж. жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.

3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.

Кезең

Оқиға

Орны

Тарихи маңызы

1

1465-1466жж

Керей мен Жәнібек сұлтандардың көшуі

Батыс Жетісу,Шу, Қозыбасы

Қазақ хандығы құрылды,Керей жан болды,Жәнібек ақылдасар тірегі

2

1925ж

Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды

Қызылорда

1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды

3

1728 жылы

Бұланты шайқасы

Ұлытау етегінде, Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы Қарасиыр жазығында

Шайқас қазақ жауынгерлерінің рухының мықтылығын көрсетіп, бірлікте кез келген жауды жеңе алатынына көз жеткізді.

Тарихта Бұланты-Білеуті шайқасының маңызы ерекше. Өйткені бұдан кейін қазақтар үстемдікке ие болып, жоңғарлар басып алған жерлерді азат ете бастады.

4

1986ж

Желтоқсан оқиғасы

Алматы

Бұл оқиға ұлт азаттық тарихында ерекше орын алды. Ұлттық рұхтың жаңғыру , қайта түлеу кезіңіні басы болды. Бұл қозғалыс Одақ көлемінде жалғасын тапты,.КСРО-ны құрушы республикалардың бөлініп шығып, мемлекеттік егемендігін жарялауына жеткізді.

1. ХVІ – ХVІІ ғғ. қазақ хандығының мемлекеттік–әкімшілік құрылымы.

Сатылары

Басқарудың ұлттық жүйесі

Бірігудің түрлері

Бас-шысы

Басшының міндеттері

Басшы-ның негізгі қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас, қандас

Ауыл

басы

Ауылдастарының шаруашылығын басқару,маусымдық көші-қон уақытын белгілеу,адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында дұрыс төленуін қадағалау

Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты.

2

Ата аймақ

Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан

Ақсақал

Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай екі орындап отыруы

Жоғары мәртебеге ие , жасы келген

3

Ру

10 немесе 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек

Әділ,шешен, ақыл-кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты.Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқаруына байланысты

Ақсүйектер әулетінен

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі, әскер,ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды.

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған /ұлы хан/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]