Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBSchIJ_6_-7KURS.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

01_01_04_Қаз.Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.

$$$001

32 жастағы науқас әйел рецидивті түйінді эритемаға, еріндерінің және беттерінің шырышты қабаттарындағы афтозды жараларға шағымданады. Тексергенде:қынаптың шырышты қабатында увеиттің белгілері және жаралар анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Туберкулез

B) Рейтерсиндромы

C) Бехчетсиндромы

D) Шарпсиндромы

E) Шегренсиндромы

{Дұрыс жауап}= С

$$$002

52 жастағы науқас әйел қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсынуға және қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындарда өлшемдері 0,5 см дейін, пальпацияда аздап ауырсынатын тығыз түйіндер. Буындары аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында: буын қуыстары тарылған, остеопороз. Неғұрлым тиімді тактика:

A) СеҚҚП + метотрексат

B) СеҚҚП + антибиотики

C) СеҚҚП + хондропротекторы

D) СеҚҚП + аллопуринол

E) СеҚҚП + преднизолон

{Дұрыс жауап}= С

$$$003

Науқас 16 жаста,білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсынуға, дене қызуының 39 С дейін көтерілуіне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Қарағанда: сақина тәрізді эритема анықталады. Буындары дефигурацияланған, ұстағанда ыстық, қозғалғанда қатты ауырсынады. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық. ЖСЖ-52/мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., Нв-140 г/л, лейкоциттер - 15 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. Неғұрлым тиімді емдеу:

A) Амоксициллин + диклофенак + преднизолон

B) Амоксициллин + диклофенак + дигоксин

C) Диклофенак + преднизолон + конкор

D) Диклофенак + преднизолон + эналаприл

E) Амоксициллин + диклофенак + гипотиазид

{Дұрыс жауап}= А

$$$004

Науқастың беті амимикалы, ауыз қуысы тарылған, аузының айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дистальды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

A) Ревматоидты факторды анықтау

B) LE-жасушаларын анықтау

C) Тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау

D) Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау

E) Антинуклеарлы антиденелерді анықтау

{Дұрыс жауап}= С

$$$005

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Преднизолонның мөлшерін тәулігіне 40-50 мг дейін көтеру

B) Метил-преднизолонменпульс-терапия

C) Азатиоприн

D) Циклофосфамид

E) Кризанол

{Дұрыс жауап}= В

$$$006

23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) индометацин + стугерон

B) преднизолон + диклофенак

C) триамцинолон + продектин

D) метотрексат + преднизолон

E) метилпреднизолон + плазмаферез

{Дұрыс жауап}= А

$$$007

36 жастағы науқас буындардың және бүйректің (нефротикалық синдром) зақымдануымен жүретін жүйелі қызыл жегі ауруының өршуіне байланысты үш аптадан бері 60 мг тәулігіне преднизолон қабылдайды. Төмендегі аталғандардың қайсысы емдеудін асқынуы болып табылады:

A) Гипергликемия

B) Рейно синдромы

C) Мұрын мен ұрттағы эритема

D) Қандағы ақуыз мөлшері 55г/л (5,5г %)

E) Тромбоцитопения

{Дұрыс жауабы}=A

$$$008

38 жастағы әйел адамда 10 жылдан бері салқынға қол саусақтарының ауырсынуы, бозаруы болады. Соңғы жылда осы өзгерістер айқындала түскен, қол басы ұсақ саусақтарының және білезік буындарындарының артритінің белгілері, қою тамақты жұтынуының қиындауы пайда болған. Қан сараптамасында:ЭТЖ 40мм/сағ, бірен- саран жегілік жасушалар. Жүргізілген зерттеулерге байланысты қандай болжам диагнозын негіздеуге болады:

A) Ревматоидты артрит

B) Өңеш ісігі

C) Дерматомиозит

D) Жүйелі склеродермия

E) Жүйелі қызыл жегі

{Дұрыс жауабы}=D

$$$009

28 жастағы жүйелі қызыл жегімен ауратын науқас, ұзақ уақыт бойы тәулігіне

15 мг преднизалон қабылдайды. Қызба, бет эритемасы, бас ауру, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, парестезия шағымдарымен стационарға жақызылды. Тексеру кезінде нефротикалық синдром, қандағы комплементтердің құрамының төмендеуі, нативті ДНҚ антиденелерінің жоғары титрі, лейкопения анықталды. Жағдайының нашарлауына эндометритпен асқынған медициналық түсік себеп болған. Қандай дәрілік ем тағайындаған дұрыс?

A)Д – пеницилламин

B) Метотрексат

С) Метилпреднизалонмен пульс-терапия

D) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

E) Инфлексимаб

{Дұрыс жауабы}=C

$$$010

22 жастағы әйел оң жақ шынтақ білезік, оң жақ тізе және балтыр табан буындарының қатты ауырсынуына шағым айтады.Аяқ және қол терілерінде петихиальдық және везикулапустулездік бөртпелер бар. Қарау кезінде буын айналасы тканінің ісінуіне байланысты ауырсыну және ісік анықталады, бірақ буын көлемі ұлғаймаған. Алғашқыда қандай зерттеулерді жүргізген дұрыс?

A)Буындардың рентгенографиясы

B) Синовий сұйықтықтығын зерттеу

C) АНФ (антинуклеорлы факторды ) анықтау

D) РФ (ревматоидтық факторды) анықтау

E) Жамбас мүшелерін зерттеу және жатырдың цервикальдік каналынан бөліністі микроскопиялық зерттеу

{Дұрыс жауабы}=E

$$$011

62 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, қабақтардың үстіндегі ,екі қол саусақтардағы эритематозды бөртпелерге шағым айтады. Осы көріністердің пайда болуын 3 ай болған, соңғы екі аптада проксимальды бұлшықет тобының әлсіздігінің күшейюіне, миалгия мен артралгияның пайда болуына көңіл бөлген. Қан анализінде: АСТ,АЛТ және КФК аздап жоғарылаған.Науқасқа алғашқы диагноз дерматомиозит қойылды: диагнозды нақтылау үшін негізгі тексеру әдісін жүргізу керек:

A)Бұлшық еттік биопсия

B) Магнитті-резонанысты томография

C) Электоромиография

D) МРТ және 31Р -спектроскопия

E) Капилляроскопия

{Дұрыс жауабы}=A

$$$012

40 жастағы әйел , білезіктегі ісінуге және ауырсынуға, қол саусақтарының және аяқ басының таңертеңгілік мезгілде екі сағаттан көп құрысуы, жалпы әлсіздікке, шаршаудың күшеюі 8 аптадан бері мазалайды. Ибупрофен 800 – 1200 мг /тәулігіне мөлшерде қабылдайды, тұрақты әсері болмайды. Қарағанда: Білезік аймағының жәнеекі қол саусақтарының ісінуі және ауырсынуы,жүрісінің өзгеруі. Қан талдауы:анемия, ЭТЖ - 56 мм/сағатқа дейін жоғарлауы.АНФ 1:40,РФ теріс, анти-ЦПП антидене оң мәнді.Рентгенограммада саусақтардың периартикулярлы остеопениясы анықталады.Мүмкін болатын базистік терапия

A)Преднизалон (монотерапия)

B) Сульфасалазин(монотерапия)

C) Метотрексат(монотерапия)

D) Гидроксихлорохин(монотерапия)

E) Метотрексат және инфликсимаб (антагонист ФНО)

{Дұрыс жауабы}=C

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]