Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBSchIJ_6_-7KURS.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

01_01_08_Қаз. Ішкі ауруларн. Нефрология, қа.

01_01_08_қаз.

$$$001

Науқас 24 жаста, бас ауыруы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы мазалайды. Ауырғанына 10 жыл болған. Объективті: бозғылт, терісінде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЖСЖ - 100/мин. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

A) Бүйректің жіті жетіспеущілігі

B) Бүйрекің созылмалы жетіспеушілігі

C) ТДҚҰ-синдром

D) Бауыр жетіспеушілігі

E) Гипертониялық криз

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология. Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_08_қаз.

$$$002

Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуге, бетінің, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Астыңғы жақ сүйектің остеомиелитімен көп жылдан бері ауырады. Объективті: терісі бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанда: диспротеинемия гипоальбуминемиямен. Осы патологиядағы зәр синдромына неғұрлым тән:

A) Цилиндрурия никтуриямен

B) Бактериурия лейкоцитуриямен

C) Протеинурия лейкоцитуриямен

D) Микрогематурия цилиндруриямен

E) Протеинурияның "бос тұнбамен" үйлесуі

{Дұрыс жауап}= Е

{Күржелілік}= 2

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология. Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_08_қаз.

$$$003

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсынулы жиі зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигіннен кейін ауырған. Объективті: АҚҚ-160/80 мм с.б.б. Пульс-минутына 90 рет. Оң жақ бел аймағында ұрғылау симптомы оң мәнді. Қанда: лейк-10,2 мың, ЭТЖ-32 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал. тығ.-1018, белок-0,036 г/л, лейкоциттер – бүкіл көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау::

A) Аминохинолин қосындылары

B) Антибиотиктер

C) Преднизолон

D) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

E) Сульфанидамидтер

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология. Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_08_қаз.

$$$004

Гломерулонефритпен ауыратын науқасқа қрамында төмен молекулалы гепарині бар терапия жүргізілуде (фраксипарин). Емнің екінші күні гематурия пайда болды. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Фраксипаринің орнына гепарин-сульфат

B) Фраксипаринмен емді жалғастыру

C) Фраксипариннің орнына индометацин

D) Фраксипариннің орнына гемостатикалық терапия

E) Фраксипариннің орнына дезагреганттар

{Дұрыс жэауап}= В

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология. Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_Қаз. Ішкі аурулар, Клиникалық зертханалық диагностика, қаз.

01_02_қаз.

$$$001

Теміртапшылықты анемияға неғұрлым тән ЕМЕС зерт ханалық белгі:

A) Анизоцитоз

B) Мегалобластоз

C) Гипохромия

D) Пойкилоцитоз

E) Микроцитоз

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 1

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$002

Пневмониямен ауыратын науқаста антибактериялық емнің 2 апталық курсынан кейін клиникалық зертханалық көрсеткіштері жақсармаған. Пневмонияның спецификалық сипатын дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс:

A) Жағындының микроскопиясы

B) Қақырықты егу әдісі

C) Флюорография

D) Компьютерлі томография

E) ПЦР – диагностика

{Дұрыс жауапт}= А

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$003

Науқас К., 44 жаста, созылмалы пиелонефрит, СБЖ IIдәрежесі диагнозымен емделуде. Осы науқаста гемодиализ жүргізу неғұрлым тиімді:

A) Калий 5 ммоль/л көп болғанда

B) Натрий 150 ммоль/л көп болғанда

C) Мочевина 10 ммоль/л көп болғанда

D) Қалдық азот 30 ммоль/л көп болғанда

E) Креатинин 1,2 ммоль/л көп болғанда

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$004

Науқас 35 жаста,кеуде клеткасының оң жағында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) Өңешті рентгендңк зерттеу

B) ЭКГ

C) Қанның жалпы анализі

D) ЭФГДС

E) Кеуде клеткасы органдырының рентгеноскопиясы

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$005

Науқас 16 жаста, дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, саусақтардың ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұшында және мұрын үстінде эритема, балтыртерісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 к/а. Қос тізбекті ДНК-ға антиденелдер – оң. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Қанды бактериологиялық зерттеу

B) Ревматоидты факторды анықтау

C) Стрептококктарға қарсы антиденелер титрін анықтау

D) Иммуноферментный анализ на урогенитальную инфекцию

E) Кардиолипинге антиденелер анықтау

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$006

Ер адам 45 жаста, оң жақ табанында қатты ауырсынуға шағымданады. Қонақта болып, көп мөлшерде ет жеп, ішімдік ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 кезінде кенеттен басталған, негізінен оң аяқтың I-II плюснефалангалық буындары ауырған. Объективті: осы буындар үстіндегі терісі қошқыл түсті, ұстағанда ыстық, қасындағы жұмсақ тіндерге жайылған, пальпацияда қатты ауырсынады, қозғалу және жүру мүлдем мүмкін емес, дене қызуы – 37,4оС. Жалпы тәжірибелік дәрігердің жүргізетін неғұрлым тиімді тактикасы:

A) Ревматоидты факторда анықтау

B) Зәр қышқылын анықтау

C) СРБ анықтау

D) Сілтілі фосфатазаны анықтау

E) LE-жасушаларын анықтау

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$007

Дене қызуының жоғарылауы бір айдан көп уақыт бойы мазалап жүрген науқасты зерттегенде: қанның үлкен тамшысының микроскопиясы – теріс; Райта реакциясы – теріс; нәжісті бактериологиялық зерттеу – теріс, токсоплазмалық антигендермен РСК 1:160. Неғұрлым тиімді тактика:

А) Бюрне сынамасы

B) гриппозды антигендермен РСК

C) Бас сүйектің рентгенографиясы

D) ВИЧ-ке ИФА

E) вирусты гепатиттер маркерлеріне ИФА

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$008

Науқас М., 35 жаста,күйзелістен кейін пайда болған тершеңдікке, ашушаңдыққа, арықтауға шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолды алдыға созғанда саусақтардың треморы байқалады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Негізгі зат алмасуы 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Қандағы электролиттер деңгейі

B) Қандағы кортизол деңгейі

C) Липидтік спектр

D) Т3, Т4, тиреотропты гормон

E) Гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$009

Науқас әйел 40 жаста,Бір жыл бойы АҚҚ 220/120 мм с.б.б дейін тұрақты жоғарылауы, басының ауыруы, аяқтарының кезеңді әлсізденуі, тырысулар, полиурия, жүрек аймағында ауырсыну ұстамалары мазалайды. АПФ ингибиторлары және гипотиазид нәтижесіз. Компьютерлі томография – оң жақ бүйрек үсті безі үлкейген. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Қандағы кортизол деңгейі

B) Қандағы тестостерон деңгейі

C) Қандағы электролиттер деңгейі

D) Липидтік спектр

E) Қандағы паратгормон деңгейі

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$010

Науқас 19 жаста, қызыл иектің қанағаыштығына, тамағындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39˚. Терісі бозғылт, көптеген петехиялар және экхимоздар. Бадамша бездерінде - некроздық жабында. Жақ асты лимфотүйіндері үлкейген. Бауыры және көк бауыры қабырға доғасына 2 см шығып тұр. Қанда: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейк-29 мың, бласттар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі көрсеткіш:

A) Анемия

B) Бластемия

C) Лейкоцитоз

D) Тромбоцитопения

E) ЭТЖ жылдамдауы

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$011

Науқас 45 жастаоң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздікке және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ-қолдарының треморы, сөйлеуінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болған. Объективті: терісі сарғыш; бауыры үлкейген және тығызданған; офтальмоскопияда радужка айналасында жасыл түсті сақина. Зертханалық зерттеуде алмасудың неғұрлым мүмкін бұзылуы:

A) Темір

B) Мыс

C) Цинк

D) Фосфор

E) Өт қышқылдары

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$012

Науқас 32 жаста, іштің оң жақ бөлігінде сыздап ауырсынуға, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жіті аппендицитке күдіктенуімен бірнеше рет хирургия бөлімшесіне жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбемен. Тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопия: илеоцекальды аймақта афтылар. Тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясында неғұрлым анықталуы мүмкін:

A) Нейтрофильді инфильтрация

B) Лимфоплазмоцитті гранулемалыр ірімшікті некрозбен

C) Лимфоплазмоцитті гранулемалар ірімшікті некрозсыз

D) Эозинофильді инфильтрация

E) Плазматикалық инфильтрация

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]