Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBSchIJ_6_-7KURS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.63 Mб
Скачать

01_01_08_Қаз. Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.

01_01_08_қаз.

$$$001

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бүйректің қатерлі ісігі

B) Пиелонефрит

C) Бүйрек амилоидозы

D) Бүйрек поликистозы

E) Гломерулонефрит

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология. Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_08_қаз.

$$$002

36 жастағы науқастыбетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) Хромоцистография

B) Экскреторлы урография

C) Бүйректің компьютерлі томографиясы

D) Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу

E) Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=(Рябов С.И. Нефрология. Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_08_қаз.

$$$003

М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Цитостатиктер

B) Антибиотиктер

C) Дезагреганттар

D) Антикоагулянттар

E) Глюкокортикоидтар

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология Руководство для врачей. С.-Птб, 2008.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_01_08_қаз.

$$$004

В. атты, 42 жастағы науқаста бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 ммс.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Антибактериялық терапия

B) Преднизолонмен пульс-терапия

C) Цитостатиктер

D) Гемодиализ

E) Бүйрек трансплантациясы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Рябов С.И. Нефрология Руководство для врачей. С.-Птб, 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_Қаз. Клиникалық зертханалық диагностика

01_02_қаз.

$$$001

В12-тапшылықты анемиямен ауыратыннауқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс:

A) Сүйек кемігінің босауы

B) Сүйек кемігінің өзгермеуі

C) Қан түзудің барлық өсіндісінің гиперплазиясы

D) Қан түзудің мегалобластты типі

E) Қан түзудің нормобластты типі эритроидты өсіндінің тітіркенуімен

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 1

{Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$002

Науқас 35 жаста,оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш:

A) HBcorAg болуы

B) Жалпы билирубин деңгейі

C) Тікелей билирубин деңгейі

D) Трансаминазалар деңгейі

E) IgM болуы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$003

Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) d-ксилозамен сынама

B) Глюкозотолерантты тест

C) Ацидотест

D) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

E) Helicobacter pylori – ге зерттеу

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$004

30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейінбұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсізжүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпациядаиық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б..Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Креатинфосфокиназаны анықтау

B) Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау

C) Ревматоидты факторды анықтау

D) Кардиолипинге антиденелерді анықтау

E) Жегілік антикоагулянтты анықтау

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$005

Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе»феномені,көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш:

A) Хламидиялар

B) Клебсиелла

C) Микоплазма

D) Ішек таяқшасы

E) Пневмококк

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

01_02_қаз.

$$$006

Науқас 32 жаста,әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:

A) Сілтілі фосфатаза деңгейі

B) Трансаминазалар деңгейі

C) Зәр қышқылы деңгейі

D) НBsAg

E) Полимеразалық тізбекті реакция

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$007

52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмаумазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу::

A) Шиллинг сынамасы

B) d-ксилозаментест

C) Копрограмма

D) Глюкозаға толеранттылықтестті

E) Сутегілік тест

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$008

С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

A) Сүйек кемігі жасушаларын цитохимиялық зерттеу

B) Сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу

C) Спленопортография

D) Трепанобиопсия

E) Көк бауырдың пункциясы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$009

Науқас 50 жаста,жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясыжәне гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақжағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) ТТГ деңгейін анықтау

B) Т3 деңгейін анықтау

C) Т4 деңгейін анықтау

D) Кольпоцитограмма

E) Пролактин деңгейін анықтау

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$010

24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатырмаңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін:

А) Тромбоцитоз

B) Гиперфибриногенемия

C) АЧТВ қысқаруы

D) ПУ қысқаруы

E) РФМК жоғарылауы

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$011

Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу:

A) АСЛ-О, АСГ

B) Тропоизомеразаға антиденелер

C) Антинуклеарлы антиденелер

D) Ревматоидты фактор

Е) Кардиолипинге антиденелер

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

01_02_қаз.

$$$012

К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу:

A) АСЛ-О, АСГ

B) Райта-Хеддльсона реакциясы

C) Ревматоидты фактор

D) Антинуклеарлы антиденелер

E) LE-жасушалар

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}=( Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]