Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілін оқыту әдістемесі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.53 Кб
Скачать

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1 Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.

Мақсаты: Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары туралы білім жетілдру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі – мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі неге сүйенеді, оның ғылым ретінде қандай негіздері бар.?

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар кімдер, олардың қандай еңбектерін білесіздер?

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қалай дамыды, оның даму сатысына талдау жасаңыз.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына тіл білімінің қандай әсері болды?

  5. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?

Әдебиеттер:

1. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары

2. Салқынбай А., Көккөзова М.Қазақтың тілші-әдіскер тұлғалары. Алматы, 2006

 3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005 4.  Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1   2008 (15)

5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010

2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілін оқыт әдістмесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология т.б. байланыстылығын анықтау. Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымын айқындау.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология т.б. байланыстылығы. Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыту оқыту ұстанымына негізделетіні. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік құрылымдық табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Олардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде психологияның алатын орны мен маңызы қандай?

  3. Мұғалім қазақ тілін оқыту барысында қандай психологиялық ерекшеліктерді, талаптарды білуі қажет, оған талдау жасаңыз

  4. Дидактикалық ұстанымдар

  5. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар

Әдебиеттер:

1.   Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005 2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.

3. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010