- •Пәннің оқу- әдістемелік кешені
- •5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті
- •5В020500 - «Филология»
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
- •1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар
- •2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – ғылым
- •2 Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
- •2. Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлері
- •1 Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері
- •2 Қазақ тілі сабақтары
- •3 Модуль Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі
- •1 Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •2. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі
- •3. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері
- •4. Фонетикалық талдау
- •5 Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері Фонетикалық жаттығулар
- •2.1 Лексикалық қателер
- •Сөздің мағынасына байланысты туатын қателер
- •Сөздің көп мағыналылығына байланысты қателер
- •Ойға қатыссыз артық немесе «штамп» сөздерді қолдануда жіберілетін қателер
- •3. Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
- •1 Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
- •2 Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
- •3 Модуль Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі
- •4 Білім алушының өздік жұмысы
- •Боөж тапсырмалары
- •Бөж тапсырмалары және бөж бойынша әдістемелік нұсқаулар бөж бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Бөж тапсырмалары
- •Бақылау түрлері Тест тапсырмалары
- •5. Өзгерістерді тіркеу парағы
- •6. Әріптестердің танысуы
2.1 Лексикалық қателер
4-8 сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілін бақылау барысында, жазба жұмыстарын тексергенімізде оқушылардың басым көпшілігі лексикалық қателер жіберетіні байқалады. Ол қателерді төмендегідей топтастыруға болады:
Сөздің мағынасына байланысты туатын қателер
Оқушылар өз ойын жеткізуде, сөйлем құрауда кейбір сөздердің мағынасын түсінбей қолданады.
Мысалы: Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. “Қара” сөзі – түсті білдіретін сын есім емес, қара суықты білдіретін сөз. Осы сияқты контекстегі сөздің мағынасын жете түсінбеген соң оқушылар ол сөзді қолданбайды.
Мысалы: Кемпір мен шалға құс пен аңның етін толтырып береді де, Төстік ағасын іздеуге кетеді. Кенжекей үйді басқа келіндерінен бұрын құрады. Махамбет елге арнап өлең айтты. “Толтырып, құрды, өлең” деген сөздер сөйлемде орнын таппаған.
Сөздің көп мағыналылығына байланысты қателер
Қазақ тіліндегі кейбір сөздер мен сөз тіркестері ауыспалы мағынада жұмсалады. 8- сынып оқушыларында кездесетін кейбір стильдік қателер осы сөздердің көп мағыналылығын аңғармай қолданудан туады.
Мысалы: Бір елге келсе, ас беріп жатыр екен. Асанды әкел, ұйықтап жатқанда жеп алайық, - деп қағып алды. Алдар үйге келгенде қолдарындағы астарын жасырып қояды. Төстік ата-анасына асты көп етіп жиып береді.
Оқушылар бұл сөйлемдердегі ас сөзін бірде дұрыс қолданса, бірде стильдік қате жібереді, «тамақ» сөзінің орнына “ас” ас сөзін қолданған.
Әсіресе оқушылар метафора, эпитет, теңеу қызметінде қолданылған сөздерге байланысты қателер көп жібереді.
Мысалы: Аюдай денесі қорбаңдап көп арасынан көрініп тұрды. «Қорбаңдап» деген сөзді алып тастасақ, сөйлемнің беретін ойы ауысады. Өйткені ол сөзді қолданбасақ, теңелетін заттың үлкендігі ғана беріліп, икемсіздігі берілмей қалады.
Сөздің көп мағыналылығы ол сөздің стильдік жұмсалуының аясына байланысты сияқты. Сондықтан сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуында тура мағынасына қарағанда экспрессивті – эмоциялы әрі стильдік рең, өрнек көп болады.
Ойға қатыссыз артық немесе «штамп» сөздерді қолдануда жіберілетін қателер
Оқушылар кейде өз ойын, пікірін жеткізуде қажетсіз, басы артық сөздерді көп қолданады, немесе сөйлемдерде бір сөз тіркесін қайталап қолдана береді. Бұндай қолданыс көркемдікке нұқсан келтіреді. Кейде сµйлемді шұбалаңқы құрып, айтайын деген ойын шашыратып жібереді.
Мысалы: Ер Төстік жоғалып кеткен сегіз ағасын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шығады.
3. Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері
Фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, дүниетанымының айнасы болып табылады, олар-тақырыптық және семантикалық тұрғыда көп аспектілі, ойлау мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік реңкке ие және тіл қабаттарының ішіндегі құрылымдық типтері мен синтаксистік модельдері қалыптасқан тілдік бірліктер. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды. Себебі қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз ойын былай тұжырымдайды: «Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес».
Тілде сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-саналардың іздері де фразеологизмдерде айрықша байқалады. Халықтың бүгінгі күнге дейін жеткен, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келген әдет-ғұрыптары да фразеологизм уәждерінде айқын көрінеді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40-жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В.В. Виноградовты атауға болады. Ә.Б Олғанбайұлы мен Ғ. Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы», – деп жазды /2, 187/. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Олай болса, фразеологизмдерді меңгертуді көркем сөйлеуге үйретудің құралы, тілді орынды жұмсауға төселдірудің жолы деп санауға болады. Тұрақты тіркестер студенттің сөздік қорын байытып, оның сөйлеу әрекетін жетілдіруге де оң ықпал ететіні сөзсіз.Сондықтан олардың танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты. Фразеологизмнің мағынасын фразеологиялық сөздіктен өздігінен іздеуге ұмтылыс, студенттердің сабаққа қызығушылығын ғана тудырып қоймай, оның өз білімін өмірде қолдана алу дағдыларын да жетілдірeді, студенттердің сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілетін дамытады.
танымдық қасиеттері ұлғайған сайын оның сөздік қоры да өсіп отырады. Сондықтан жоғары оқу орнында оқитын студенттердің қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруда, танымдық қабілеттерін жетілдіруде фразеологизмдерге ерекше назар аударылды. Өйткені студенттердің сөздік қорын фразеологизмдер сөздігі арқылы молайту жұмыстары, олардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатымен толық сәйкес келеді. Фразеологизмдер студенттің әр ортадағы сөйлеу мақсатымен, сөз саптау ерекшелігімен үйлесімде беріледі. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеогогиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлесі. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды», – деп жазады /1, 589/. Сабақ барысында студенттер аталған сөздікті пайдалана отырып, студенттердің тіл байлығына, сөйлеу шеберлігіне, сөз саптауына көптеген ықпалын тигізеді. Сонымен қатар үйренген фразеологизмін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл-ойын дамытуға әсер етеді. Демек, фразеологизмді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін студент өз бетімен сөйлем құрап, оны ауызша сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз. Фразеологизмдерді меңгертуде оның лексикалық және грамматикалық мағыналары өзара сабақтастықта болады. Бұл мәтіндерді лексикалық және грамматикалық талдау кезінде, жаттығу жұмыстарында фразеологизмдердің мағынасын сөздік арқылы түсіндіру нәтижесінде жүзеге асады. Мысалы, Ат құйрығын кесіп кету; Айна қатесі жоқ; Айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу деген фразеологизмдердің мағыналарын түсіндіру үшін олардың біртұтас лексикалық мағынаға ие екендігі, олардың бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болатыны меңгертілeді. Сөздік қордағы әрбір фразеологизмдерді қатысым әрекетінде қолдану үшін студенттердің сөйлеу қабілетін дамыту студенттердің сөздік қорындағы фразеологизмдерді мағыналарына қарай іріктеп, оларды басқа сөздермен орынды байланыстырып, өз ойын дұрыс, толық жеткізе алуына көмектеседі. Сөйлеу қабілетінің жетілуіне студенттердің сөздік қорының мол болуы әсер етеді, сондықтан сөйлеу қабілеттерін жетілдіру үшін олардың фразеологиялық сөздікпен жұмыс дағдылары дамытылады. Студенттер фразеологизмдерді түсініп меңгерумен қатар оларды ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарында да еркін қолдана біліп, бір-бірімен сөйлескенде, белгілі бір материалдарға жоспар жасағанда, мазмұндама, шығарма және жаттығу жұмыстарын орындау үстінде пайдалануға үйретіледі.
Фразеологизмдерді оқыту барысында оларды қолдану үшін әр түрлі жаттығулар жүйесі ұсынылады: ізденімдік, тіл дамыту тапсырмалары, сөйлем құрастыруға арналған жаттығулар, керекті фразеологизмдерді табуды талап ететін жаттығулар, фразеологизмдердерді қатыстырып мәтін құрастыратын жаттығулар, фразеологизмдерді қатыстырып эссе дайындау, фразеологизмдерді қатыстырып сипаттама жасау, фразеологизм жасауға ұйытқы болатын сөздер арқылы жасалатын жаттығулар, синонимдік қатар жасайтын фразеологизмдер, омоним фразеологизмдер, көп мағыналы фразеологизмдер жасайтын жаттығулар, фразеологиялық варианттардың нұсқасын тапқызатын жаттығулар, керекті фразеологизмдерді талап ететін жаттығулар, шығармашылық жаттығулар т.б.
Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс – тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары . Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктері
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Лексиканы оқытудың міндеттері
2. Лексиканы оқытудың принциптері
3. Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен
талдау әдістері
Фразеологиянф оқытудың әдіс-тәсілдері
Әдебиеттер:
Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №3.41-43бб.
Жұлдыз 2003ж.№6. 87б.
Қазақ тілі мен әдебиеті 2002ж. №5. 68б.
37б.
Қазақстан мектебі 1999ж.№4. 48б.
Қазақстан мектебі 2000ж.№8. 57б.
Қаражігітқызы А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары. // Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 №2 3-9бб.
Ахметкәрім Қ. Қазақ тілін оқыту негізінде басқа пәндерді меңгерту. // Ұлағат 2003, №6 47-49бб.
Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 №12 3-7бб.
Нұржанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің түрлері. // Қазақ тілі мен әбебиеті 2002. №9 3-12бб.
№7 Дәріс. Сөзжасамды оқыту әдістемесі
Мақсаты: Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту жолдары. Сөзжасам әдістемесі. Сөзжасамға арналған жаттығулар. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Жоспар:
Сөзжасам әдістемесі
Туынды сөздерді талдау
Сөзжасамды меңгертуге арналған жаттығулар.
Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланудың тиімділігі.
Сөз жасам әдістемесі. 1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қысқарған сөздер және оның емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі – сөздердің жасалу процесі – тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы – лексика-грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы – сөздің құрылымын, морфемалық құрамын, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердің жасалуының әртүрлі жолдарын зерттейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар. Сөздердің жасалуымен танысу, біріншіден, сөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса, екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау деңгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер, үшіншіден, тілдің грамматикалық құрлысын тереңірек білуге жағдай жасайды.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады. Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, түбір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.
Сөздердің жасалу жолдарын үйрету – грамматиканың морфологиялық құбылыстары туралы білім берудің, сөз таптарының ерекшеліктерін білдірудің негізі. Қазақ сөздерінің аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалатынынан мәлімет беріп, қазақ тілінің табиғаты туралы түсінік қалыптастырылады. Әсіресе, қазақ тілінің жалғамалы тілдер табына енетініне баса назар аударту олардың әр түрлі тілдердің ішкі заңдылықтарын тануына да негіз болады. Осы табиғаты арқылы тіл білімі салалары түрлі тілдерде түрліше сипатқа ие болатынын түсінеді. Мысалы, қазақ тілі мен өзі оқитын шет тілінің арасындағы айырмашылықтардың себебін саналы түрде меңгереді.
Қазақ тілінің жалғамалық сипаты оның адам ойын жеткізудің пәрменді құралы болуының бір себебі екеніне мән берілгені жөн. Мысалы, жаңа сөздердің бәрі тек жалаң түбірлерден ғана емес, туынды түбірлерден де өрбитініне көз жеткізу арқылы жалғамалы тілдің артықшылығын аңғаруға болады: тең-гер-ме-ші-лік, оқы-мыс-ты-лық т.б. Осы секілді сөздердің әрбір жұрнақ жалғанған қалпындағы мағыналарына талдау жасату тек сөз мағынасы мен қосымшаның өзара байланыстылығын танытып қана қоймайды, сонымен қатар сөз түрлендірудегі белгілі бір жүйелі заңдылықтың болатынын ұғындырады. Бұл білім бұдан кейінгі оқылатын «Сөз таптары» тақырыбын дұрыс түсініп, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін тез аңғаруға тірек болады. Сөздердің жұрнақтары арқылы бірінен екіншсіне «көшіп отыруының» да түпкі себебін, яғни жұрнақтың сөз мағынасын өзгертудегі рөлін жете сезіндіруге ықпал етеді.
Сөздердің жасалуын оқытуда да негізгі тәсілдің бірі әр терминнің мәнін оқушының өзі түсінетіндей, аша алатындай, оның тілдік сипаты мен бірлігін байланыстыра білетіндей жүйеде меңгерту болып саналады. Оған жоғарыда айтып өткеніміздей, термин атауы мен оның білдіретін мағынасы, атқаратын қызметінің арасындағы тұтастықты дұрыс аңғартқан тиімді. Мысалы: түбір – нәрсенің, заттың ең негізгі бөлшегі дегенді білдірсе, сөз түбірі я түбір сөз деген ұғымды осы түсінікпен байланыстыра айтқанда, кез келген сөздің ең негізгі бөлігі болып саналады. Ал сөз дегеніміздің ең басты қасиеті оның белгілі бір мағынаны білдіруі болса, одан оқушылардың өзі бұл ережені шамамен былай топшылайды: «сөздің түбірі – сол сөздің ең негізгі, белгілі бір мағынаны білдіретін бөлігі». Ал «түбір сөз – ешқандай қосымша жалғанбай-ақ, өз алдына белгілі бір ұғымның атауын білдіретін сөз» дегенді тұжырымдай алатыны сөзсіз. Түбір сөздердің жаңа сөздерді тудыруға ұйытқы болатынына түбірлес сөздерді мысал ете отырып көз жеткізіледі: біл – білім – білік – білгір – білгіш – білін – білген – білу – біліс – білдір – білме т.б. осы сөздердің әрқайсысының мағынасын айтқызып, олардың тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін салыстыру қажет. Осындай мағұлыматтарға сүйеніп және 5-сыныпта өткенді еске түсіре отырып, оқушылардың өздеріне түбір сөзге тән мынандай белгілерді саралауға болады:
Түбір сөз белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді;
Түбір сөз қосымшасыз дара тұлғада болады;
Түбір сөз жаңа сөздерді жасауға негіз, ұйытқы болады;
Түбір сөз бір, екі не одан да көп буынды болады (бір, етік, жоғары);
Түбір сөз бір, екі не да көп мағынаны білдіреді.Мыс. ақ сөзі
Туынды сөз немесе туынды түбір деген ұғымның да мәнін бұрынғы білімдеріне сүйене отырып ашуға болады. Бір түбірден бірнеше туынды сөз тудыруға болады, сондай-ақ бір түбірден жасалған туынды түбірлердің әрі қарай да бірнеше рет түрленетіні еске түсіріледі. Мысалы: ұйы-м-ұйым –шыл-ұйымшыл-дық. Ең бастағы түбірі әрекетті білдіретін сөз болса, м жұрнағы арқылы заттық мағынадағы бір жаңа сөз туды (ұйым); ал –шыл жұрнағы жалғанғанда мүлде жаңа сипатта сындық мағынаны білдіретін сөз пайда болды. (ұйымшыл). Ал сол туынды түбірге –дық жұрнағын жалғап едік, қайтадан абстрактілі мағынаны білдіретін заттық ұғымдағы сөз жасалды (ұйымшылдық). Сонда о баста іс-қимылдан зат атауы, одан мындық мағыналы сөз, одан қайта заттық ұғым атауы пайда болды. Бұдан оқушылар бір сөзге әр түрлі жұрнақтар қосылуының нәтижесінде сөздердің мағынасы өзгерумен бірге сөз табына енуі жағынан да өзгеретінін, яғни олар бір топтан екінші топқа ауыса береді деген түйін жасайды. Бұл бір сөз табынан екінші сөз табына ауысатын сөздердің табиғатын алдағы уақытта тез түсіндіруге де қолайлы болады. Осы тұста сөздерге жұрнақ жалғану арқылы туатын сөздерді тағы да түйіндеп алу артық емес. Мұнда да «морфологиялық тәсіл» деген терминге кеңірек түсінік берген ұтымды. Себебі осы тәсіл сөздердің топтастырылуын меңгертуде маңызды рөл атқарады: бір жағынан, әр сөз табының өзіне тән қосымша түрлері болатынын білдірсе, екінші жағынан, сол қосымшалардың басқа сөз табына қатысты сөздерге жалғану арқылы морфологиялық өзгерістер тудыратынына көңіл бөлінеді
Сөзжасамның үшінші бір тәсілі – синтаксистік тәсіл. Ол арқылы сөздер тіркесу, бірігу, қосарлану, қысқару нәтижесінде күрделілік сипат алады. Күрделі сөздердің өзіне тән басты ерекшеліктері: 1) олардың біртұтас мағынаны білдіретіндігіне, 2) бір ғана сұраққа жауап беретіндігіне, 3) бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығына назар аударту мәселесі де алда оқылатын сөз таптарына дайындықты тереңдетеді. Олардың да туынды сөздер қатарына ену себептерін нақты мысалдармен дәлелдетіп отырған ұтымды.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздердің жалаң сөздер деп, ал синтаксистік тәсіл арқылы жасалған сөздердің күрделі сөздер деп аталуына мән беріліп, ол ұғымдардың сөз құрамымен байланыстылығы ажыратып түсіндіріледі. Сонда оқушы олардың өзара ұқсастығы неде, айырмашылығы қандай деген мәселелерді өздігінен тануына негіз қаланады. Бұл морфологиялық іскерлік қалптастырудың алғашқы сатысы ретінде сараланады. Жаттығу жұмыстарында сөздерді тұлғасына қарай ажыратып, олардың емілесіне көңіл бөлу – жалаң және күрделі сөздердің сөйлемдегі басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынасын дәл тануға әкеледі. Олардың айтылы, жазылу нормаларын 5-сыныпта игерілген фонетикалық білімдермен сабақтастық салааралық, тақырып аралық байланыстардың беріктігіне кепіл болады. Мысалы, түбір мен қосымшалар арасындағы орфографиялық заңдылықтарға негіз ретінде үндестік заңы мен кейінді, ілгерінді ықпал туралы білімдердің алынуы, я күрделі сөздердің құрамын талдау, ондағы ондағы дыбыстық өзгерістер деген мәселелер де лексика мен фонетика бойынша алынған тілдік мәліметтерді жаңғыртуды өз-өзінен қажет етеді. Мәселен, біріккен сөздерді оқытуда оның құрамындағы сөздердің өзара әсері нақтылануы тиіс. Түбір қалпын сақтап бірігетін сөздер мен дыбыстық өзгеріске түсіп бірігетін сөздердің ерекшеліктері қандай заңдылықтармен байланысты екендігін оқушының өзіне талдату қажет.
Дыбыстық өзгерістердің кірігу жолымен жасалған сөздерде айқын көрінетіні белгілі. Сондықтан «кіріккен сөз» терминінінің өзі осы орфоэпиялық ерекшеліктерден туындап тұрғаны түсіндірілуі тиіс. Мысалы: әкел – алып кел, бүгін – бұл күн, білезік – білек жүзік, қыстыгүні – қысытың күні, бұрнағы күн – бұдан арғы күн. Оларды нақтылау оқушылардың үлесіне қалдырылуы әрі танымдық, әрі шығармашылық жұмыстардың қатар жүргізілуін қамтамасыз етеді. Әр бағыттағы дидактикалық материалмен жұмыс жасату үстінде біріккен сөздердің емлесі оңай меңгертіледі. Әсіресе, біріккен сөз қалпындағы түрінде де, сол сөздердің жеке тұрғандағы мағыналарына да қатысты жаттығуларды орындатқан тиімді болады. Мысалы: Сәбидің атын ауыл ақсақалы ырымдап Өмірзақ қойды. Оның берген батасы баланың өмірі ұзақ болса екен деген ниетті білдіріп еді. 2. Биыл қар қалың боп жауды. Бұл жыл ерекше табысты болды.
Біріккен сөздердің ішінде, әсіресе, әр, кей, әлде, еш, бір, сөздерінің қатысуымен жалғанғандарының емлесін оқыту біршама қиындық туғызады. Оның мәні бұл сөздердің кейде біріккен сөз құрамында, кейде күрделі тіркес құрамында қолданылуымен байланысты ажыратылады. Біріккен сөз құрамында келсе, сол бірігетін сөзімен бірге жазылатыны, ал күрделі сөз құрамында келсе, бөлек жазылатыны туралы берілетін білімнің нәтижелілігі, әрине, оның да нақты, әрі түсінікті жеткізілуіне тікелей қатысты болмақ. Сондықтан алғашқы ұғым (әлі сөз таптарын өтілмегенін ескеріп) мынандай мазмұнда берілген жөн: 1. Егер әрі, кей, әлде, еш, бір сөздері сұраулық мағынадағы сөздермен қатар келсе, бірігіп жазылады. Ал заттық мағынадағы сөздермен қатар келсе, бөлек жазылады.Мысалы. әркім – әр адам т.б.
Осы тұста біріккен сөздердің жазылуы туралы бұл білімнің алдағы «Сөз таптарын» өткенде тағы да қайталанып берілетінін, себебі мұндай біріккен сөздердің «есімдік» секілді сөз табының түрлерімен тікелей байланысты екендігін мұғалімнің ескертуі балалардың «таяу арадағы даму аймағын» ескере отырып оқыту идеясымен де шектеседі. Ұндай ескерту бала бойында екі түрлі оқу мотивін оятуға себеп болады. Біріншіден, сөз емлесін білу сауаттылық негізі екенін түсінуі арқылы сол білімге деген ішкі қажеттігі туады. Екіншіден, өзіне әлі беймәлім сөз әлеменің сырларын білуге қызығушылығы туады.
Күрделі сөздердің ішінде «Қос сөздердің» оқытылуында да мұғалім ескертуге тиісті және оқушы назарын ерекше аударуға міндетті мәселелер аз емес. Соның бірі, терминге талдау жасата отырып, тілдік құбылыстың сырын ашу. Мұнда «қос сөз» «қайталама қос сөз» «қосарлама қос сөз» деген терминдердің мағынасын ашып алып, мысалдар арқылы оқушының өзіне түйін жасату қажет. Бастауыш сыныптардағы, 5-сыныптағы шолу түрінде берілген білімдеріне сүйене отырып, ережені өздеріне шығарту оқыту әдістерінің түрленуі арқылы білім сапасын көтереді.
Қос сөздердің тұлғалық ерекшеліктерін саралатып алғаннан кейінгі жұмыс, сол сөздердің мағыналық ерекшеліктерін айтқызу болып табылады. Ол үшін қос сөз құрамындағы мағынасының өзара байланысы мен ерекшеліктеріне талдау жасата отырып түсіндірудің тиімдіділігін әдіскер-ғалым Б.Кәтенбаева өте дәл пайымдап береді: « айталық, ата және ана деген екі сөздің түбір қалпындағы мағынасы жалпылық ұғымды білдіретін зат есімдер болса, ата-ана деп қосарлап қолданғанда, сол нақты ұғымнан абстракты, жинақтық мағына туып тұрғанына көз жеткізу керек»
Күшейткіш буындар арқылы жасалған сөздердің құрамындағы алғашқы буындардың мағыналары жоқтығы ескеріліп, бұлар соңғы өзі қатысты сөзінің мағынасын күшейтіп, асыра көтеру, реңктік мағыналар үстемелеп тұрғанын аңғарту керек. Мұнда тәуір-тәуір дегеннен тәп-тәуір деп айтудың әсерлі екендігі ескерілуі тиіс.
Қос сөздердің мұндай мағыналық жүйесіне мән беру оқушының оларды талғап қолдануына бағыт береді, әрі қос сөздердің ойды берудегі стильдік бояуларын дұрыс тануға қажетті машықтарын қалыптастырады.
Егер қазақ тілі пәнінің басты талаптарының бірі – тек тілдік машық-дағдылар берумен шектелмей, оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру екендігін ескерсек, осы міндетті орындаудағы өте қолайлы тақырыптың бірі – қысқарған сөздерді оқыту.
Қысқарған сөздер – қазақ тілінің сөздік қорына қазан төңкерісінен кейін енген жаңа ұғымдармен тікелей байланысты. Мыс: БЛКЖО, облыстық комитет – обком, ҚазПи т.б.
Тілдің табиғаты сөздерді ықшамдап айтуға, жазуға қолайлы етіп алуды, үнемділікті қажет етеді. Осы себептен қолданысқа ыңғайландырылып күрделі атауларды шартты түрде қысқартып айтудың қажеті туды. Әуел баста қазақша айтылуы бойынша қысқартылыған сөздер біршама уақыттан кейін қайта қаралып, бір жүйеде – орыс тіліндегі атаулардың реті бойынша жазылуы туралы ережеге бағындырылды. Оған бірнеше тарихи-әлеуметтік себептер негіз болды. Атап айтқанда, ортақ идеяны ұстанып, ортақ экономикалық базаға біріктірілген бірнеше ұлттық мемлекеттердің ортақ атауларды сол қалпында қабылдауы тиіс болды...
Күрделі сөз құрамындағы айрықша мән беріп оқытатылуға тиіс тақырып – тіркескен күрделі сөздер. Бұл тақырыптың күрделілігі сонда мұны әлі күнге дейін әр түрлі түсіндіріп жүр.сондықтан «тіркесті сөздер» ұғымын түсіну үшін оның не үшін күрделі сөздер тобына жататындығын күрделі сөздің белгілеріне қалай сәйкестенетінін түсіндірген қолайлы. Біріншіден, тіркесті сөздердің құрамында екі я одан да көп сөздер тіркесіп, бір ғана сұрақ ұғымды білдіреді. Екіншіден, олардың бәріне бір-ақ сұрақ қойылады. Үшіншіден, олар бір сөйлем мүшесі болады.Бұл жағынан тұрақты тіркестерге ұқсас болып келеді. Дегенмен, үлкен өзгешелігі бар: оның құрамындағы әр сөздің мағынасы өзі білдіретін ұғымға қатысты болады (боз торғай «түсі боз торғай дегенді білдіреді) екіншіден, оның құрамындағы сөздерді тиісті ұғымға қарай өзгертуге болады ( қара торғай, боз торғай(
Қосымшаның төмендегідей негізгі белгілерін өздеріне жүйелетіп, ереже дәптерлеріне жазғызу:
Қосымша түбір сөздерге жалғанады;
Қосымша түбір сөздегі дыбыстардың ерекшелігіне сәйкес жалғанады,
Қосымша өзі жалғанған сөзге мағына үстейді немесе сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады.
Қазақ тілінің төл сөздерінде қосымша мен түбір сөздің арасындағы дыбыс, буын үндестіктері сақталады, ал кейбір басқа тілден енген сөздерде сақталмауы мүмкін;
Қазақ тіліндегі қосымшалар белгілі бір заңдылық бойынша бір-бірінің үстіне жалғана береді, ал орыс тілінде түбір сөзге бір ғана қосымша жалғанады.
Дәрісті қорытындылау: Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту жолдары. Сөзжасам әдістемесі. Сөзжасамға арналған жаттығулар.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Сөзжасам әдістемесі
Туынды сөздерді талдау
Сөзжасамды меңгертуге арналған жаттығулар.
Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланудың тиімділігі.
Әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
2. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
4. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№8 Дәріс. Грамматиканы оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі
Мақсаты: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға игерту. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.
Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытудысинтаксистік негізде жүргізудің маңызы туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі.
Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы.
Морфологияны оқытудың ұстанымдары.
Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі
Грамматика сабақтарынң мазмұны морфология, синтаксис бойынша негізгі мағлұматтардың ғылым негіздерінің жинтығы болады, бұл мағлұматтар қазақ тілдерінің грамматикалық құрлысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.
Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Мектепте оқущылар қазақ тілінің грамматикалық құрлысымен, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуыжайында негізгі грамматикалық ережелерді үйренеді
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық қМектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы
Грамматика құрғақ қисын жаттау үшін оқылмайды. Схемалық жолды қуалап, түрлі форманың жалаң артына түсуімен ешнәрсе шықпайды. Осы сияқты, бір қыңыр мағынасын қуалап, түрден қол үзіл қалуға да болмайды. Екі жағын тең ұстау керек болады. Грамматиканы оқытқанда, мағына мен түрін тең алып бару ғана негізгі мақсатымыздың бәрін шешіп бере алмайды, сондықтан тек бұл екеуімен қанағаттанып, жайбарақаттануға тағы болмайды.
Грамматика жалаң грамматика үшін, оның мағынасы мен түрі үшін ғана оқылмайды. Тұрмысымызға керектігі үшін, бүгін таңда грамматикадан алған білімімізді социалистік құрылысымыздың қай саласына болса да қару етіп жұмсауға күшіміз жету үшін оқылады. Екінші, грамматика оқыту үстінде оқушылардың шығармалық талантына да көмек беріліл, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе, өз уақытында жаттықтырылып отырылады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушылардың осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, не дөңгелетіл ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматика оқытушының кемшілігінен деп білуіміз керек.
Үшіншіден, грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматиканың әр тараулы білімін жаттықтыруда өзіне сай мөлшерде көркем әдебиеттен көніктіру үзінділері алынып отырылады. Бұл әрі дұрыс, әрі анық оқу, жете түсініп талқылау керек болады. Бұл жерде грамматика мен көркем шығармалар бірігіп, бір-біріне көмек етеді. Оқушылардың жан-жақты білім дамуы күшейеді.
Осы айтылғандардың бәрін бір бүтін етіп, бір жерге түйіп оқытқанда грамматикадан көздеген мақсат толық орындалуы мүмкін. Әдебиет тілімізді өркендетуге грамматика мұрындық болуы мүмкін.
Бұл арада тағы бір тоқтамасқа болмайтын мәселе, сауаттылығымыздың нашар болып келгендігі. Осы күнге шейінгі орталау мектепті бітірген оқушыларымыздың бір қатары қатесіз жаза алмайтын болып келді. Бұл да тек ылғи қисын жаттаудың әлегінен туған кемшілігіміздің бірі еді.
Кім не туралы жазса да, өзінің қара басы үшін жазбайды. Басқалар үшін, халық үшін, қоғам үшін жазады... Қате жазу деген тек еңбегінің пайдаға аспай қалғандығымен ғана шектеліп қалмайды... Өркендеп келе жатқан әдебиет тілімізді шұбарлайды, бұзады. Қатесіз жазу үшін күрес - әдебиет тілімізді өркендету үшін күрес екендігін естен шығаруға болмайды...
Дұрыс жаза білмейтін адамды сауатты адам деуге болмайды. Ондай адам сауатсыз саналады. Міне, осындай мықты адасудан құтылу үшін оқушылардың сауаты аса мол болып, қатесіз жазуға төселіп шығуын мұқият бақылауға тиіспіз. Грамматиканы сабақ үстінде өткізудің жалпы тәртібі қандай болуы керек?
Грамматикадан оқылатын күнделікті сабақтың материалдары сатылы жүйелі жолмен өтіледі. Берілетін сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дәл пішіледі.
Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толтырып, дами барылады. Сабақтың мазмұны күрделене, жеңілден ауырға көшіле барылады.
План бойынша өтілетін әр теманың мақсаты түсіндіріліп, алдын алады. Өтілетін теманың беретін пайдасына оқушылардың көздері жеткізіледі.
Грамматиканың әр өрілетін материалы тек түсінікпен,болмаса қисындарын білумен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс жүзінде, практикада жаттықтырылады. Өтілетін материалдарға қарай, оқушылардың өздеріне жұмыс істеттіріледі.
Грамматиканың өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды құбылыс екендігін ашыла барылады. Қоғамның экономика, мәдениетіне, кәсіп өндірісіне, өз ара қатынасына қарай тілдің өсіп, жетілгендігі бақылата барылады.
Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай элементтері оқылса датүрі, мазмұны бірдей байланыстырылып жүргізіледі. Бұлардың бір-біріне байланысты өсіп дамуы, бір түрге, бірнеше мағына, бір мағынаға бірнеше түр келіл тіркесуінің себебі ашыла барылады.
Тілдің мағынасы да, түрі де қоғам тұрмысына байланысты, әр кезеңдегі қоғамда, өндіріске қарай, құбылып отыратындығы зерттеледі. Мысалы: «жарыс», «ақсақал»-дың қазіргі мағынасы жаңа, біріккен, тұжырымды сөз түрлерінің шығуын айту сияқты.
Грамматикалық атауларға жетілдіру. Осы күнге шейінгі ала-құла болып келген атаулардың бір ізге түскендеріне жаттықтыру жаңа бұл атаулардың не үшін олай аталатындық мәнісін ол атаудың неге қарап қойылғандығын тани бару.
Грамматиканың бөлімдерін бір-бірімен бөліп алып кетпей (фонетика, морфология, синтаксис-пунктуация) байланыстырып, араларындағы жақын қатыстарын аша отыру. Бірінен бірі құралып, белгілі мағыналы түрге келетіндігін әбден мұқияттау.
10. Граматика мен көркем шығарманы бірін-бірі пысықтауға көмекші ете бару. Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуін өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере аларлық халге жеткізу. Міне, грамматиканың күнделік сабақ үстінде, оқыту процесінде, ескерілуге керек жағдайлары қысқаша айтқанда, осылар.
Морфология – грамматиканың үлкен саласы, сондықтан ол қамтитын мәселелердің барлығы тіл дамытуға қатысты. Өйткені морфологияның нысандары – олардың тілде қолданылу заңдылықтарының қорытындысы. Тіл дамыту сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтап, тіліміздің морфологиялық заңдылықтары бойынша сөйлеуді қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тіл дамыту жұмысы грамматикалық заңдылықтармен байланысты жүргізілуі тиіс. Морфологияны оқытуда студенттер тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды студент тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделді. Студенттер тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп, сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды. Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету құрлысының негізін қалайды.
Әлі күнге шейін біздің біраз оқытушыларымыз грамматиканың орнын, оны оқытудағы негізгі мақсаттарды ұғынып жете алмағандығы, ұғынса да толық орындап жүре алмағандығы байқалады. Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында фразалық тіркестер, мақал-мәтелдер, бейнелі сөздер кеңінен қолданылды. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу студенттің грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді (мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б.) грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да студенттің морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді. Шешен билер сөздерінен үзінділер алып, ондағы әр сөздің грамматикалық мағыналары қай сөз табына қатысты екендігін айтқызуда да грамматикалық тапсырманы орындаумен қатар, билер сөзінің мәніне көңіл аудару студент тілінің толығуына әсер етеді. Студенттер мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел, шешендік сөздер арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалы болды.Тәжірибеде морфологиялық тақырыптардың әрқайсысына қатысты жаттығу, тапсырмаларда синоним, антоним, омоним сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді көбірек қолданып, жаттығу мәтіндеріндегі сөздерге морфологиялық талдау жасата отырып және ретіне қарай ол сөздермен мағыналас, қарсы мағынадағы немесе омоним болып келетін сөздерді тапқыздырту секілді жұмыстар жүргізілді. Осындай бағыттағы тапсырмалар антоним сөздерге де қатысты жүргізілді. Ғалымдар Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты оқулығында «Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне–көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы»,-деп көрсеткен. Ал Н.Оралбай сапалық сын есімдердің тағы бір қасиеті олар бір-бірімен антонимдік қатар құрайды, бұл қасиет қатыстық сын есімдерде жоқ екендігін, яғни сын есімнің нақты қай тобында антонимдік қатар болатындығын айтқан. Бұдан сөз таптарының ішінде, негізінен, сын есімдерде антонимдік қатарлар жиі кездесетіндігі, ал қалған сөз таптарында сиректеу болатындығы байқалды
Дәрісті қорытындылау: Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытудысинтаксистік негізде жүргізудің маңызы
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Грамматиканы оқытудың мақсаты.
Морфологияны оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасаңыз
Әдебиеттер:
1 Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Көкшктау, 2003 жыл.
2 Ш. Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру» Алматы «Ғылым» Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.
3 «Әдіскер» журналы. 2005 жыл.
4 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2001 жыл.
5 Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №9.39-42бб.
6 Ізденіс 2003ж.№4. 129б.
7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№9 Дәріс. Синтаксисті оқыту әдістемесі Сөз тіркесін оқыту әдістемесі
Мақсаты: Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігін атап өту. Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру.
Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айырта алуға үйрету. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орнын көрсету.
Жоспар:
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі
Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.
Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі.
Синтаксистік талдау түрлері.
Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі.
Синтаксис – грамматмканың морфологиядан кейінгі бөлімі. Тілдің қатынас құралы деп сипаттама бергенде, сол сипаттамаға сәйкес келетіе тілдік бірлік синтаксис болады. Тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйелерінің бәрі тек синтаксис ардықы қатынас құралы құрамына ене алады. Синтаксис тілідің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйелеріне сүйене, оларды жинақтай әрі олармен дидактикалық тұтастыққа ене отырып, адамның ойын қалыптастыруды, оны жарыққа шығарып, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.
Өздеріңізге мәлім, синтаксистің «сөйлем», «сөз тіркесі» деген екі үлкен обьектісі бар. Сөйлем дәрежесінде с –с тілдің қарым-қатынас бірлігі болып, адамның ойын білдіреді, осы тұрғыда ол – тілдің логикамен байланысын жүзеге асырады. Демек, с-с курсының мектепте оқытылуының тілдік жүйе түрінде түсініп біліуінде үлкен маңызы бар. Синтаксистік бірліктер, алдымен сөйлем, бірініші сыныптан бастап оқытылады. Оның жүйелі курсы 5-7 сыныптарда, 6-7 сыныптарда әр сөз табының синтаксистік қызметі оқытылады.
Мектепте синтаксисті оқытудың міндеттері:
Синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесін саналы қабылдау негізінде ана тілінің құрлысы жайында оқушыларға саналы білім беру;
Тілдің синтаксистік нормаларына сәйкестік тұрғыда оқушылардың тілін, сөйлеуін дамыту;
Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай қабылдауына негіз қалау;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, тілдіктәсілдер арқылы, оның материалын оқып үйрену арқылы оқушыларға тәрбие беру.
Синтаксистің лингвистикалық-дидактикалық негіздері. Синтаксистің мектеп курсының мазмұнын негізгі синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесі болады. Ұғымдар мен ережелер нақты тілдік материядан тыс қаралмайды. Синтаксистің әдістемесі үшін теориялық-дидактикалық материалды сұрыптау, түсіндіру және ұйымдастыру принциптері негізгі мәселе болып табылады.
Синтаксисті оқытудың қазіргі теориясы мен практикасы мына принциптерді жүзеге асыру: синтаксистің мектеп курсындағы ғылыми проблемасы, оқытудың ғылыми прингципі - дидктикалық дәлелдеуді ғылыми дәрежеге көтеру мәселесі. Синтаксис мазмұнының дәрежесін көтеру дегенді қалай түсінуге болады? Бұдан теориялық мағұлұматтардың көлемін ұлғайту деген ұғым тумайды, керісінше, теориялық және практкалық материалды сұрыптағанда барынша тілдік шындықты қамтитындай түсінік, талдау, ой қорыту болу керек. Бұл мәселені шешу синтаксистің мектеп курсындағы мазмұнын тіл туралы қазіргі ғылыммен жақындату болып табылады.
Мектептегі с-с курсын қазіргі ғылыми тұрғыдан жаңа мағлұматтармен толықтыру немесе жаңаша түсіндіру керек. ......( айтылу мақсатына қарай..... сөз тіркесі өз алдына қарастырылмайтын, 1950 жылдан бастап.......)
Сонымен ғылми синтаксисте сөйлем мен сөз тіркесі бір-бірінен ажыратылып, оған сәйкс олардың анықтамалары арқылы обьектілері белгіленеді. Сөйлем – тілдің біршама тиянақты ойды білдіретін, сондықтан да қарым-қатынас жасайтын синтаксистік бірлігі болса, сөз тіркесі – зат, құбыоыс, іс-әрекет жайында кеңірек түсінік беретін, бірақ өздігінен қарым-қатынас жасай алмайтын синтаксистік бірлік болады. Ол қарым-қатынас жасауға сөйлем құрамына неу арқылы қатыса алады. Бұлар өздерінің құрылымы, қызметі мен ойлаудың қатысы жағынан бір-бірінен ажыратылады.
Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын оқушыларға түсіндіру әдістеменің міндеті болса, бұларды негізгі айырым белгілеріне қарап салыстыру қажеттігі туады. Мектеп оқулығында сөйлем де, сөз тіркесі де қызметі, құрлысы және грамматикалық мағынасы жағынан сипатталады. Сол арқылы оқылып отырған материалды саналы меңгертуге жағдай жасалады. Сөз тіркесін оқытқанда, оқушылардың назарын сөздердің тіркесушілік мүмкіндігі мен талаптарына, олардың бір-бірімен байланысу нормаларына, жай және күрделі сөз тіркестерінің алуан түрлі модельдеріне, синтаксистік байланысқа түскен сөздердің арасындағы қарым-қатынасына көңіл аудару қажет.
Синтаксистің жүйелілік мәселесі. Белгілі обьектіні оқытуда жүйеліліктің болуы – мәселені ғылыми тұрғыда қарастырудың айрықша белгісі. Мектепте синтаксисті оқытудың жүйелілігі тек синтаксистік теориямен ғана емес, дидактикалық принциптермен де (жалпы мен жекелік ұғымдардың қатынасын оқыту), сондай-ақ ана тілінің құрлысын жете түсініп меңгеру заңдылығымен де белгіленеді. Ұғымдардың ғылыми жүйесі жалпыдан жекеге қарай деген принцип бойынша құрылады, синтаксистің негізгі бірліктері анықталып, олардың негізгі белгілері көрсетіледі.
Бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарда алдымен сөйлемнің белгілері санамаланып анықталады. Бұл аталған белгілердің әрқайсысы сөйлем түрлерін қарастыруға негіз болады. Мысалы, айтылу мақсатына қарай ( қарым-қатынастық бағдары), сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінсе, сөйлем соңындағы интонациясына қарай хабарлау, сұрау, бұйрық, өтігіш түріндек құбылады. Грамматикалық негізіне қарай екі тұрлаулы және бір тұрлаусыз мүщелі сөйлем, ал тұрлаусыз мүщелердің қатысу-қатыспауына қарай жалаң және жайылма болып, грамматикалық негіздерінің санына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Материалды осылай ұйымдастырып орналастыру тіл құбылыстарының арасындағы өзара байланыстылықты, олардың бір-біріне сатылай бағынуын анықтауға негіз болады, бұл сияқты байланыссыз шын мәніндегі жүйелілікті де, оқу материалын терең әрі берік меңгеру қажеттігі де болмайды.
Қазақ тілінің басқа салалармен синтаксистік өзара байланыстылық мәселесі. Синтаксисті оқыту кезінде оқушылардың лексика, сөз тудыру, морфология салаларынан алған білімі мен іскерліктерін жандандыру, ол үшін сөз өзінің лексикалық сағынасымен,сөз тудырушылық құрылымымен, морфологиялық қасиетімен синтаксистік категорияларды жасауға қатысатындығын саралап көрсетеді. Синтаксистік ұғымдарды лексикалық немесе морфологиялық ұғымдармен тепе-тең деп қараудан, синтаксисті формалды түрде қабылдаудан сақтандыру тұрғысынанда оқытуды ұйымдастыру қажет.
Мысал үшін сөз тіркесінің грамматикалық мағынасын, оның тұрлаусыз мүшелермен байланысын және бұлардың мектепте оқытылу әдістемесін алап қарайық. Сөз тіркесінің көлемінде әр деңгейдегі тілдік категориялардың өзара байланыстылығы айқын байқалады. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы:
Басыңқы компоненттің қай сөз табынан болғанына тәуелді болады: білгенге маржан, білмеске арзан
Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасына тәуелді болады: тауға қарады, тауға шықты
Басыңқы компоненттің морфологиялық тұлғасына тәуелді болады: атқа міну, атты міну
Бағыныңқы компоненттің ексикалық мағынасына тәуелді болады: дүкенге бару, нанға бару
Сөз тудыру тұрғысында басыңқы компоненттің басқа сөз табындағы сөзбен сәйкесиігі: ойынға құмар, ойынға құмарлық
Сөз тіркесінің тұрлаусыз мүшелерге қатынасын қалай түсінуге болады? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, оның грамматикалық негізі болса, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, олардың өзі қатысты мүшелерімен байланысы, мағыналық қарым-қатынасы сөз тіркесіндегі бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің байланысы мен мағыналық қарым-қатынасына сүйенеді. Басқаша айтқанда, тұрлаусыз мүшелер мен сөз тіркестері белгілі дәрежеде өөзара байланысты болады. Сөз тіркесіндегібайланысу түрі мен мағыналық қатынас сөйлем құрамына енгенде де сақталып, бағыныңқы еомпонент сол мағынасына сәйкес анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш қызметін атқарады да, басыңқы компонент сөйлемде басқа мүшелермен байланысу түріне және орын тәртібіне қарай әртүрлі мүшенің қызметін атқарады.Мысалы, Жастық туралы сөйлесу деген тіркес сөйлем құрамында: бағыныңқы компоненті жастық туралы жанама толықтауыш болады да, сөйлесу деген басыңқы компоненттің ыңғайына қарай баяндауыш болады. Т.б...Бұдан шығатын қорытынды: тұрлаусыз мүшені оқытқанда, оқушыларға сөз тіркесіндегі білімдері мен дағдыларын еске алып, солардың негізінде оқытып дағды беру қажет. Рас, сөз тіркесінде оның компоненттерінің арасындағы қатынас сол сөздердің лексикалық мағыналарына сәйкес нақтылықты білдіреді, сонымен қатар ол жалпы грамматикалық қатынас тұрғысынан да қаралады. Сөз тіркесінің бағыныңқы компоненті сөйлемде негізінен грамматикалық қатынас бойынша тұрлаусыз мүшенің мағыналық қатынасы болып есептеледі. Сөз тіркесінің жекелік мағынасы кейбір тұрлаусыз мүшенің өз ішінде мағынаға бөлінуінде ғана ескеріледі.
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:
1. Көшіріп жазу жаттығулары.
2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
Сөз тіркесін оқыту
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
Дәрісті қорытындылау: Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі .Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңыз.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
А.Байтұрсынов еңбегіндегі синтаксис және сөз тіркесін оқытуға байланысты мәселеге талдау жасау
Сөз тіркесін оқытуға қатысты еңбектерге сараптама жасау
Әдебиеттер:
1 Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.
2 Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.
3 Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.
4 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.
5. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
6. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№10 Дәріс. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі
Мақсаты: Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық – мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жай сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемді талдау.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалымындағы сөлем мүшелерінің орын тәртібінің комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі туралы мағлұмат беру
Жоспар:
Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.
Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі
Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі – жай сөйлем синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын синтаксистің зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде.
Сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі – олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында «бір бас мүшелі сөйлемдер» идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір бас мүшелі сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Дегенмен, мұндай сөйлемдердің предикативтілік ерекшеліктерін белгілеуде алуан түрлі пікірлер мен көзқарастар бар.
Осы тұста «бір негізді» термині жөнінде мынаны айта кеткен орынды. Ж.Сәдуақасұлы өзінің зерттеу еңбегінде «односоставное предложение», «двухсоставное предложение» терминдерін қазақша «бір құрамды» және «қос құрамды» сөйлемдер деп атаған болатын. Кейінгі бір еңбегінде бұл терминдерді профессор Р.Әмір қолданған «бір негізді» және «екі негізді» терминдерімен ауыстырып, оның себебін түсіндірген. Біз де өз жұмысымызда осы соңғы пікірді қолдап аталмыш терминді пайдаландық.
Қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі бойынша С.Жиенбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, О.Төлегенов, Ғ.Мадина, Р.Әмір, Ж.Садуақасұлы т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы ғалымдардың жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында бір негізді сөйлемдер турасында айтқан тұжырымдарын негізге алып, аталмыш сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелу жайын сөз етпекпіз.
Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінің бірі ретінде қарастырылып отырған бір негізді сөйлемдердің жасалуы турасында айтылған тұжырымдар, ғалымдар көзқарасы күні бүгінге дейін әр қилы болып келді.
«Бір құрамды сөйлем» термині қазақ тіл білімінде 60-жылдардан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде қолданды. «....Сөйлемнің құрылымдық үлгісін құрастыратын мұндай сөз формалары сөйлемнің тұрлаулы немесе бас мүшелері деп аталады. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды (бастауыш, баяндауышты) үлгі, екіншісі - бір құрамды үлгі. Екі құрамды сөйлемнің үлгісі екі бас мүшеден құралса, бір құрамды сөйлемнің үлгісі бір ғана бас мүшеден құралады. Мұндай бас мүше бір компонентті де, екі компонентті де болуы мүмкін», - деп көрсетеді. Бірақ бір құрамды сөйлемдердің өзіндік сипаттары мен оларды топтастыру мәселесіне тоқталмаған. Дегенмен, 1967 жылы шыққан академиялық грамматикада алғаш рет «Бір тұрлаулы мүшелі сөйлем» деген бөлім беріліп, оған белгісіз жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем енгізілді.
Осы кезеңде жазылған тағы бір еңбек – А.Әбілқаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері» деп аталатын еңбегі. Мұнда жай сөйлем төртке бөлінеді: жақты, жақсыз, толымсыз және атаулы. Жақты сөйлем: арнаулы, ауыспалы және бастауышы белгісіз жақты деп іштей үшке жіктелген. Мұнда автордың сөйлемді жіктеудің басты белгісі етіп, негізінен, жақты алғандығын және оны бастауышпен тең деп қарағанын байқаймыз.
70-жылдардан бергі кезеңде бір негізді сөйлемдерге байланысты аса түбегейлі зерттеулер де, жеке дара пікірлер де бола қойған жоқ. Тек, Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» деп аталатын еңбегінің қазақ тіл білімі үшін біршама жаңалық әкелгенін айта кеткен орынды. Р.Әмір бұл еңбегінде жоғарыда аталған «бір құрамды» терминін «бір негізді» терминімен ауыстырып, жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қарай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем деп бөліп қарастырады.
Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер турасында айтылған ғалымдар көзқарасын жинақтап, нақтылай түскен және ғылыми негіздемесін жасаған ғалым ретінде Ж.Садуақасұлын айта аламыз.
Ж. Садуақасұлының бір негізді сөйлем мәселесіне қатысты пікірлері 2004 жылы шыққан «Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері» атты еңбекте жалғасын тапты. Онда бұрынғы грамматикаларда әр түрлі ыңғайда қарастырылып келген жай сөйлемнің түрлері ғылымның соңғы жаңалықтары негізінде топтастырылып, бір негізді сөйлемдердің түрлері жан-жақты талданып берілген. Бір негізді сөйлемдерді жіктеу мәселесі, белгілі жақты, жалпылама және белгісіз жақты, жанама жақты сөйлем түрлерінің зерттелуі, құрылымдық түрлері, семантикасы жайында айтылған. Ол «бір құрамды», «бір бас мүшелі», «жақсыз» деп әр түрлі аталып жүрген терминдердің біреуін тұрақтандыру мақсатында бұрын қолданған «бір құрамды» терминін Р.Әмір ұсынған «бір негізді» терминімен ауыстырып қолданады
Ғалым бір негізді сөйлемдер жайындағы тұжырымдарды тиянақтай келіп, оған мынадай анықтама береді: «бір негізді сөйлем деп, мазмұндық құрылымы жағынан бір ғана бас мүше арқылы предикативтік құрылымда беріліп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз» Бұл еңбекті қазақ тілінде жай сөйлем синтаксисін зерттеуде бір негізді сөйлемдерді ғылыми түрде арнайы қарастырған алғашқы оқу құралы деп айтуымызға толық негіз бар.
Осы аталған еңбектердегі бір негізді сөйлемдер жайында айтылған пікірлерді саралай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
1. Қазіргі қазақ тілінде бір негізді сөйлемдер – жай сөйлемнің басқа түрлері сияқты мағыналық құрылымға, қызмет-коммуникацияға ие сөйлем.
2. Бір бас мүшелі сөйлемдер мазмұндық жағынан көп әлементті болуына қарамастан тұлғалық құрылымы жағынан бір негізді сөйлем ретінде қаралуға тиіс.
3. Бір негізді сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес, сөйлемді ұйымдастыруға негіз болатын жалғыз ғана бас мүше болып табылады. Бұл ерекшелік бір негізді сөйлемдердің өзіне тән синтаксистік құрылымы бар екенін көрсетеді.
Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген [Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген. Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген [1, 296]. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету.
Дәрісті қорытындылау: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалымындағы сөлем мүшелерінің орын тәртібінің комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Мектеп оқулықтарындағы жай сөйлем синтаксисінің оқытылу барысына зерттеу жүргізіңіз
Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін оқыту
Әдебиеттер:
1Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
2 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
3 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.
4 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.
5. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
6. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№11 Дәріс. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемсі. Мәтінді оқыту әдістемесі
Мақсаты: Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.
Мәтін туралы ұғымды қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілері анықтаудағы логикалық оператциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсету.
Жоспар:
Құрмалас сөйлемнің құрылымдық - мағыналық жүйесі туралы түсінік
Салалас құрмалас сөйлемді оқыту
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту
Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.
Мәтінді талдау әдістемесі.
Синтаксис курсындағы күрделі тақырыптың бірі — құрмалас сөйлем туралы түсінік. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға құрмалас сөйлем танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімнің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады: 1. Құрмалас сөйлемді оқудағы мақсат. 2. Құрмалас сөйлем қазақ тілі синтаксисінің үлкен бір саласы екені жөнінде түсінік. 3. Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері. 4. Құрмалас сөйлемнің анықтамасы. 5. Құрмаластың өз ара салалас, сабақтас, аралас кұрмалас сөйлемдер болып бөліиетіні./ Құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушылар санасы- на екі түрлі жолмен жеткізуге болады: біріншісі — әңгі- ме, байқау әдістері арқылы; екіншісі — мұғалімнің тү- сіндіруі, байқау әдістері арқылы. Құрмалас сөйлем туралы түсінік оқушыларға әңгіме, байқау әдістері арқылы былайша меңгертіледі. Мұғалім өтілетін тақырыпты хабарлаған соң, мұны меңгеру оқушылардың жай сөйлем синтаксисінен алған біліміне байланысты екенін, жай сөйлемнің түрлерін жақсы білетіндер ғана бұл тақырыпты ешбір қиыншы- лықсыз ұға алатынын ескертеді.
Қүрмалас сөйлем
Жан сөйлем Күрмалас сөйлем Күрмаласу тәсілі
Жаңбыр жау ды. Жер көгерді.
Күн шықты.
Мал өріске кетті. Бет каратпай- тын боран бол ды. Капан калаға бармады.
Жаңбыр да ж ауды , жер де көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті.
Бет қаратпайтын боран болған- ды қт ан, Қапан қалаға бармады.
Менің касымда алты-ақ жауын- гер бар; жұмыскерлер төр- теу, баламен бесеу.
баяндауыштың тиянақты фор- масы
шылау арқылы
қосымшалар ар- қылы
интонация арқы- лы
Оқушылар жоғарыдағы сөйлемдердің бәрі де аяқтал- ған тиянақтЫ бір жай ойды білдіретінін, сондықтан бар- лығы да жай сөйлем екенін, сонан кейін олардың қайсы сы жалаң, жайылма, толымды, жақты сөйлемдер екенін айтып, олардағы тұрлаулы мүшелерді (бастауыш пен баяндауышты) атайды. Мұнан кейін орындалатын жұмыстың түрі — оқушы ларға жоғарыда талданған жай сөйлемдерден қүрмалас сөйлем құрату. Бұл үшін класқа мынадай сұраулар қо йылады: 1. Кім да шылауын қосып, бірінші мен екінші жай сөйлемдерден күрделі бір ойды білдіретін сөйлем құрай- ды? 2. М ал қашан өріске кетті? 3. Неліктен Капан қалаға бармады? Соңғы екі сүраққа жауап бергенде, үшінші мен төр- тінші, бесінші мен алтыншы жай сөйлемдерді пайдалану керектігі ескертіледі. Оқушылар мынадай жауап қайтарады: 1. Ж аңбыр жауды да, жер көгерді. 2. Ж аңбыр да жауды, жер де көгерді. 3. Кун шьіқты, мал өріске кетті. 4. Кун шыққан соң, мал өріске кетті. 5. Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Капан қалаға бармады. Мұғалім оқушылардың жай сөйлемдерден күрделіойды білдіретін сөйлемдерді (қүрмалас сөйлемдерді) дұрыс құрастыра алғанын, солардыц ішінен екінші, төр- тінші және бесінші сөйлемдерді есте сақтауды ескертеді. Сонан кейін таблицаның екінші, үшінші графаларыныц бетіндегі қағазды алып тастайды да, онан оқушылар құрастырған сөйлемдерді таптырады, құрмаласу тәсілдерін (жай сөйлемдердің орын тэртібі, шылау, қосымшалар арқылы құрмаласқанын) айтқызады. Бір окушыдан таблицадағы төртінші құрмаластың неше жай сөйлемнен құралғанын және олардың қандай тәсілмен (бұл көрнекі құралдың 3-графасында көрсетілген) құрмаласқанын айту талап етіледі. Оның жауабын тыңдап болған соң, оқушыларға ой корытындысын шығара алатындай жетекші сұрақтар қойылады: Жай сөйлем бір я бірнеше сөйлем мүшелерінен кұралып, бір тиянақты ойды білдіреді, ал қүрмалас сөйлем неден құралады, қандай ойды білдіреді? Бұл сұраққа жоғарыда талдаған мысалдарға сүйене отыра бір оқушы: — Қүрмалас сөйлем екі я бірнеше жай сөйлемнен кұралып, бір күрделі ойды білдіреді деп жауап береді. Мұғалім оқушы жауабының дұрыстығын ескертеді де: — Қүрмалас сөйлемнің күрделі ойды білдіруі — оның бірінші өзіндік белгісі./Күрмалас сөйлемнің екі я онан да көп жай сөйлемдерден жасалатыны — оның екінші өзіндік белгісі. Тіл ғылымында қүрмалас сөйлем нің құрамындағы жай сөйлемдерді қүрмалас сөйлемнің компоненттері деп атайды. Мұнан былай біз де «құрма- лас сөйлемнің жай сөйлемі, сыңары, бөлігі» дегендердің орнына компонент деген сөзді қолданамыз. Қүрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден жасалады деудің орнына қүрмалас сөйлем екі я онан да көп компо- ненттерден жасалады деп атайтын боламыз,— деп, оқу- шылардың қүрмалас сөйлем жайында білегіндерін бір түйіп қояды. Мұнан кейін класқа мынадай сүраулар қойылып, жауаптар алынады. Мұғалім. Көрнекі құралдың 1-графасында берілген жай сөйлемдердің кез келгендерін былайша біріктіріп, Жаңбыр жауды да, бет қаратпайтын боран болды. Жер көгерген соң, қар кетті. Қапан қалаға бармағандықтан, мал өріске кетті деп айтуға және СОларды қүрмалас сөй лем деп тануға бола ма? Оқушылар. Жоқ, олай айтуға да, солай айтқанмен, оларды құрмалас сөйлем деп тануға да болмайды. Мұғалім. Неліктен болмайды? Оқушы. Жаңбыр жауа сала, бірден бет қаратпайтын боран болмайды. Қар кетпей тұрып, жер көгермейді. Малдың өріске кетуі бір адамның қалаға бармауына байланысты емес. Сондықтан да жоғарыдағыдай етіп айтуға болмайды. Екінші сөзбен айтқанда, ол сөйлем дердің мағынасы бір-бірімен байланыспаған, сол себепті олар күрделі ойды білдіре алмайды, құрмалас сөйлем болмайды. Мұғалім. Дұрыс. Сонымен, кез келген жай сөйлемдер құрмалас сөйлем жасай ала ма екен? Оқушы. Кез келген жай сөйлемдер құрмалас сөйлем жасай алмайды. Тек мағыналары бір-біріне байланысты әрі жақын жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жа- сайды. Мұғалім. Дұрыс. Ал кез келген жай сөйлем құрмалас сөйлемнің компоненті бола ала ма? Оқушы. Мағыналары жақын және бір-біріне байла нысты жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жасай ала- тындықтан, солар ғана құрмаластың компоненттері бола алады. Мұғалім. Дұрыс. Мағыналары бір-біріне жақын әрі бір-біріне байланысты жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, құрмалас сөйлемнің компоненттері бір-бірімен мағыналық байла- ныста болады. Бұл — құрмалас сөйлемнің үшінші өзін дік белгісі. Дәл осындай жетекші сұраулар қоя отырып, сөйлем дерді талдату арқылы мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемнің тагы да мынадай төрт белгісін танытады: 1. Құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен грам- матикалық байланыста болады. Ол байланыс косымша, шылау, компоненттердің орын тәртібі, өзіндік ннтонаңпясы арқылы байқалады. 2. Құрмалас сөйлемнің эр компонентінің бастауышы (грамматикалық немесе логикалық) мен баяндауышы болады. 3. Ж ай сөйлемнің атаулы түрінен басқалары құрма лас сөйлемнің компоненті бола алады. 4. Құрмалас сөйлемнің компоненттері өздігінен аяқ- талған, тиянақты ойды білдіре алмайды, тек біршама аяқталған ойды білдіреді, сондықтан да құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өздерінің жай сөй- лемдік қасиетінен аздап болса да айрылады. Құрмалас сөйлемнің осындай өзіндік жеті белгісінің ішіндегі ең негізгілері, оқушылардың үнемі есте сақтауға тиістісі тертеуі: күрделі ойды білдіретіні; компонентте- рінің мағыналарының жақындығы, байланыстылығы; компоненттердің өз ара грамматикалық байланыста болатыны; құрмаластың бірнеше жай сөйлемнен жасалатыны. Сондықтан да құрмалас сөйлем анықтамасында осылардың қамтылуын мұғалім жіті қадағалайды. Мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемге анықтама бергізгенде, осы төрт белгінің негізінде айтуды талап етеді. Анықтама беруге оқушылардың шамасы жетпей- тін класта төмендегі анықтаманы мұғалімнің өзі айтады: Күрделі ойды білдіретін, мағына, грамматикалық форма арқылы байланысқан жай сөйлемдердің тіркесін құрмалас сөйлем дейміз. Осы анықтаманы асықпай-саспай, жайлап екі рет айтқан соң, оны оқушылар үғып алады. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп, оның өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға меңгерткеннен кейін, құрмалас сөйлем мағынасы мен түлғасына қарай салалас, сабақтас, аралас құрмалас болып үшке бөлінетінһу олардың әрқайсысына алдағы сабақтарда ар найы тоқталатынын ескертеді. Осылайша құрмалас сөйлем туралы түсінік әңгіме, байқау әдістері арқылы, ойша қорытудың индуктивтдедуктивті түрімен оқушыларға меңгертіледі. Құрмалас сөйлем туралы түсінік мұғалімнің түсінді- руі, байқау әдістері арқылы былайша түсіндіріледі. Алдымен мұғалім оқушыларға мұнан былай құрма- лас сөйлем синтаксисін оқитындығын, бүл қурстың мәні мен мақсатын кіріспе әңгімесінде түсіндіреді де, осы са бақта «Құрмалас сөйлем туралы түсінік» деген тақырып- тың өтілетіндігін хабарлап, көрнекі құралды оқушылар ға тегіс көрінетіндей етіп іледі. Көрнекі құралдағы ешбір графаның беті бүркеліп жабылмайды. Мұғалім көрнекі құралда- жазылғандар- дың оқушылардың бәріне тегіс көрінетін-көрінбейтінін сүрайды да, жаңа материалды түсіндіруге кіріседі. Мұ ғалім жаңа материалды түсіндіргенде, жоғарыда айтыл ған жүйемен, құрмалас сөйлемді жай сөйлеммен сал- ғастыра отырып, құрмаластың өзіндік белгілерін, анық тамасын танытады.Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде де, индук- тивті-дедуктивті тәсілді басшылықка алады. Оқушылар дың сабаққа ынтасын арттыру мақсатымен бірен-саран сұрақтар қойып, жауап қайтарып отырады. Есте бола тын нәрсе, жаңа материалды түсіндіру, байқау әдісімен меңгерткенде, өтілетін материалдың мазмүнын мұғалім нің өзі айтып беруіне тура келеді. Сонымен, құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушы лар санасына қашан, қандай әдіспен түсіндіру мұғалім нің қалауына, оқушылардың өткен материалдардан ал ған білім көлеміне байланысты. Кластағы оқушылардың өткен материалдардан алған білімі өте жақсы болып және олар әңгіме әдісімен жаңа материалды меңгеруге жаттыққан, дағдыланған болса ғана, балалар мұғалімнің жетегімен құрмалас сөйлем туралы түсінікті саналы мең- гере алады. Мұғалімнің уақытты дұрыс пайдалануына кедергі жасамайды. Ал кластың өткен материалдан ал ған білімі нашар болса, сабақты мұндай әдіспен түсін діру тиімсіз, өйткені білімі нашар оқушылар мұғалімнің жетектегеніне ере алмайды, қойған сұрауларына жауап бермейді, жаңа материалға байланысты жаңа ой қоры- тындысын шығара алмайды, соның салдарынан мұғалім «Құрмалас сөйлем туралы түсініктен» оқушыға жоғары- дағы көлемде теориялық білім бере алмайды; оған уақыты жетпейді. Мұндай жағдайда түсіндіру әдісі тиім ді. Бірақ бүдан мұғалімнің түсіндіруі тек оқушылар білімі нашарырақ класта ғана қолданылады деген жаңы- лыс қорытынды шығаруға болмайды. Ол әдіс оқушылар дың білімі жақсы кластарда да өте тиімді. Бұл әдісті қолдана отырып та оқушылар белсенділігін арттыруға болады. Ол үшін мұғалім жаңа материалды түсіндіру проңесінде оқушыларға бірен-саран сұрақтар қойып, олардың назарын сабаққа аударып отырады. Түсіндіру әдісін теориялық білім көберік берілуге тиісті сабақтарда қолданған жөн. «Құрмалас сөйлем туралы түсініктен» оқушыларға теориялық білім бергенде, аздап грамматикалық талдау да қолданылып отырылады, бірақ ол өтілген материалдар арқылы ғана жүргізілетін болғандықтан, жаңа са бақты түсіндірудегі негізгі оқыту әдістерінің қатарында аталынбады. Өйткені қай материал болсын оқушыларға бір ғана оқыту әдісімен меңгертілмейді, бірнеше оқыту әдісін талап етеді. Алайда солардың ішінде сол сабақта негізгі және көмекші оқыту әдістері болады. Құрмала сөйлем туралы түсінік беруде ең негізгі оқыту әдістері мүғалімнің түсінігі, байқау, әңгіме әдістері және ойша қорытудың индуктивті-дедуктивті жолымен жоғарыда баяндалған жүйемен меңгертіледі.
Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретігнде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіруге болады:
Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті
Адамның іші қандай болса, іші де сондай.
Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады.
Мектепте синтаксисті оқытқанда мынандай міндеттер қойылады:
Синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрлысы туралы жүйелі білім қалыптастыру;
Тілдің синтаксистік нормасы тұрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру;
Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Мәтінді оқыту
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс.
Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс.
2. Сөздіктермен жұмыс.
3. Сөздік қорларын жетілдіру.
4. Тіл дамыту.
5. Ережемен жұмыс
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі улкен.
1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.
2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.
3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.
4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды уйрету керек.
5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.
Дәрісті қорытындылау: Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисінің методикасының негіздері еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз
Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері.
Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсету.
Әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
2. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
3. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
4. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№12 Дәріс. Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
Мақсаты: Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Жоспар:
Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері
Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.
Орфографиялық талдау.
Пунктуация және синтаксис.
Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация.
Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.
Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы еситеріне түсіруге болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіріп бекітеді.
Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.
Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді.
Қазақ орфографиясының принциптері
Фонетикалық принцип |
Морфологиялық принцип |
Дәстүрлі-тарихи принцип |
Бүгін (бұл күн) Белбеу (белдің бауы) Жаздыгүні (жаздың күні) |
Жұмысшы (жұмашшы) Түнгі (түңгі) |
Хал, хабар, халайық бейкүнә |
Орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасатқызу оларды өз бетінше жұмыс жасауға төселдіреді
Қазақ пунктуациясы — қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердіц жиынтығы. Ол — тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарас- тырады. Қазақ пунктуациясы да орыс халқының пунктуация сы сияқты грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамма тикалық қүрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады. Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі — тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді (речь) сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бәліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Қазақ тыныс белгілері осындай қызметті атқарып та келеді. Мәселен, нұкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Егер бір тексті алып, төмендегідей ара жігін ажырат- пай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналар еді, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал:
Күн салбырап сңкейген кузге салымғы жылы күн азырак, салқын тартқан орман ағаіитарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің қулпы- рып шашыраған алтын шуғыласымен шағыласады ма- ңайда Хамиттан басқа адам жоқ (С. Сейфуллин.) Ал осы тексті Сәкенше терт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін койып төмендегіше жазсақ, ол тексті де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қпналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және эр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді: Күн салбырап еңкейген. Кузге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан. Орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің қулпырып шашыраған алтын шуғыласымен шағылысады. Маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин.). Үтір құрмалас сөйлемнің бөліктерінің, сонымен бірге бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылады. Сол арқылы ол құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерін және бірыңғай сөйлем мүшелерін іштей ажыратады да, олар дың арасына кідіріс жасап (пауза қойып) оқу керектілігін аңгартады. Егер біз үтірдің қызметін елемей, сөйлемді іштей ажыратыи жазбасак, оны дұрыс оқи алмас едік, әрі жазушының айтайын деген ойын өз мәнінде түсінбе- ген де болар едік. Мысалы, Біздің қазақтың достыгы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қактырмай отырғанымыз. Үш миллионная халқы артық дүниеде бір кала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі то- лып жатыр1 деген Абай сөздеріндегі бірыңгай мүшелер мен сөйлем компонентінен кейін үтір қоймасақ, акын жазғанын дұрыс оқуға, ақын ойын дұрыс түсінуге нұксан келер еді. Үтір сияқты нүктелі үтір, кос нүкте белгілері де сөйлемдердің ішкі бөліктерін және олардың бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.Сонымен, бұл келтірілген фактілер қазақ тыныс бел- гіяерінің сөйлемнің грамматикалық кұрылысына қарап қойылатынын дәлелдейді және проф. С. И. Абакумовтың пунктуаңияның негізгі қызметі жайындағы пікірінің дүрыстығына айғақ болады: Мәселен, Мен өзім тірі бол- сам да, анық тірі де емеспін, эншейін осылардың ызасы- нан б а? Өзіме өзім ыза болғанымнан б а? Бір бөтен себеп- тен бе? (Абай) деген сөйлемдерде сұрақ белгілері сол сөйлемдердің ара жігін ғана ашып тұрған жоқ, сонымен бірге олардың сұраулық мағынаны білдіретінін байқата- ды. Осы сияқты леп белгісі сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін және ол сөйлемнің леп мағынасы барын аң- ғартады. Ал құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын кос нұкте оның жалғаулықсыз себепті Салалас немесе іліктес салалас екенін, көп нұкте сөйлемде айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіреді. Бұл тәрізді фактілер қазақ пунктуациясының сөйлемнің мағынасына карай та қойылатынын айқындайды. Қазақ тыныс белгілері сөйлемнің интонациясына қарап (негізделіп) та қойылады. Мәселен, соңына нұкте қойылған сөйлем еш уақытта көтеріңкі дауыспен (интонациямен) оқылмайды. Керісінше» сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады. Ал тек қана интонация арқылы жасалынатын сұраулы сөйлемер (Ертеңнен бастап практикада боласыңдар). — Ертеңнен бастап? дегендегі Ертеңнен бастап? де ген сияқты сөйлемнің пунктуациясы интонациясына қарап қойылатынын байқатады және оған дәлел бола алады. Бастауыштан соң қойылатын сызықша да пунктуация- ның интонаңияға сүйенетінін аңғарта алатын тәрізді. Мысалы, Ол — елден келді деген сөйлемде ол сөзінен соң сызықша қойып жазсақ, біреудің (бір кісінің) елден келгенін білеміз. Мұндай жағдайда ол сөзі сөйлемде бас тауыш қызметін атқарады да, к і м? сұрауына жауап болады. Сөйлемді оқығанда, ол сөзінен кейін пауза жа-салынады, ол сөзі ерекше интонаңиямен айтылады. Егер сол сөйлемдегі ол сілтеу есімдігінен кейін сызықша қойылып жазылмаса, сөйлемді оқығанда, ол сөзі ерекше интонациямен айтылмайды, ол сөзінен кейін пауза жасалынбайды. Мұндай жағдайда сөйлемдегі ой біреудің сөй- леушіге я жазушыға ғана белгілі бір елден келгені жай- лы айтылады және ол сөзі бұл сөйлемде к а й? сұрауына жауап болып, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл да кейбір жағдайда қазақ пунктуациясының интонацияға негізделетінін және сөйлемдегі сөздерді өз интонациясы- мен оқуға көрсеткіш бола алатынын байқатады. Сөйтсе де қазақ пунктуациясы тек қана интонация мен паузаға байланысты деп қарауға да, түсінуге де болмайды. Себе бі тілімізде ерекше интонациямен айтылатын сөздерден соң ешбір тыныс белгісі қойылмай жазылатын сөйлемдер де бар. Бұлардың қатарына үйірлі мүшелі сөйлемдерді және шылаумен байланысқан ыңғайлас салалас сөйлем дерді атауға болады. Үйірлі бастауышты сөйлемде (Әкесі шаңғы әаерген бала тым қуанышты. Бұл сөйлем дегі үйірлі бастауыш — әкесі шаңғы әперген бала) инто нация үйірлі бастауышқа түсіп, үйірлі бастауыштан соң пауза қойылып айтылады, ал жазғанда, одан кейін ешбір тыныс белгісін қоймай жазамыз. Осы сияқты үйірлі анықтауышты, үйірлі толықтауышты, үйірлі пысық- тауышты еөйлемдерде интонация сол мүшелерге түсіп айтылғанымен, жазғанда, олардан соң ешбір тыныс бел гісі қойылмайды. Өлеңді еөйлемдерде инверсия жасалатындықтан, кей бір синтагмадан кейін пауза қойылып айтылады. Ал жазғанда, пауза жасалған сөздерден кейін немесе ерекше интонациямен айтылған сөздерден соң ешбір тыныс бел гісі қойылмай жазылады. Міне, мұндай тілдік фактілер пунктуация мен инто- нацияның жаратылысыңың және атқаратын қызметінің бір еместігін дәлелдейді. Пунктуация жазу мәдениетін көтерсе, интонация оқу, сөйлеу мәдениетін арттырады; пунктуация жазу арқылы ой білдірудің құралы болса, интонация — ауызекі тілде ой білдірудің құралы. Пунк туация мен интонацияның осындай ерекшелігін алғаш көрсеткен проф. С. И. Абакумов былай деп жазған еді: «Интонация и пунктуация — это как бы две сестры, до чери одного и того же отца — смысла речи. Но надо ска зать, что эти два равноправных средства выражения не равнозначны Ескере кететін бір жай: жалпы қазақ пунктуаңиясы мағынаға, грамматикаға және интонацияға негізделетінін талаесыз мойындап және сол пікірді көптеген тілдік фактілермен дәлелдегенімізбен, белгілі бір тыныс белгісі тек қана грамматикаға, мағынаға, жалаң интонация мен паузаға негізделіп қойылады деген тоқтамнан тыспыз. Рас, белгілі бір тыныс белгісінің грамматикаға я мағы наға, яки интонацияға, әйтеуір осы үшеуініц біреуін ба- сымырақ таяныш етіп барып жазылуы ықтимал. Алайда соның өзі аздап болса да басқалармен байланысты бол- май тұра алмайды. Мәселен, сызықша интонацияға негіз- деле қойылады дегенімізбен, оның грамматикамен тығыз байланыстылығын жоққа шығара алмаймыз. Өйткені сөйлемде ерекше интонациямен айтылған сөзден соң тал- ғаусыз сызықша қоя бермейміз: тек қана белгілі бір грамматиканың заңдылығына (ережелеріне) сүйеніп қана сәйлемдегі белгілі бір сөзден кейін я алдынан сызық ша қойып жазамыз. Олай болса, жоғарыда белгілі бір тыныс белгілері грамматикаға негізделіп жазылады ле генде, олардың мағына мен интонацияға ешбір қатысы, байланысы жоқ деген ұғым тумасқа тиіс. Керісінше, бел гілі бір тыныс белгісі интонацияға негізделеді дегенде, оны мағына мен грамматикадан тыс деп қарамағанымыз жөн. Мұның өзі тыныс белгілерін қоюда диалектикалық заддылықтың басшылыкқа алынатынын дәлелдейді. Г Қорыта айтқанда, қазақ пунктуаңиясы магынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді. Бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады. Қазақ пунктуациясының қызметін сөз ету дегеніміз — казак тілінде қандай тыныс белгілерінің барын, олардың қандай мағына білдіретінін және колданылуын баяндау.
Дәрісті қорытындылау: Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері
Пунктуация оқытудың мазмұны, кезеңдерң, ұстанымдары
Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктердің маңызы
Әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
2. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
3. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
4-модуль. Тіл дамыту әдістемесі
№13 Дәріс. Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі
Мақсаты: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.
Тіл мәдениеті бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стил және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.
Жоспар:
Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.
Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.
Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру
Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері.
Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты - дүрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дүрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі
Жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, қүрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалгау, жүрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сүрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады.
Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дүрыс эрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралганда, жүргізілгенде гана дүрыс нэтиже бере алады.
Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.
Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.
Тіл дамыту жұмыстарын үйымдастырудың әдістемесін тереңдеп игеріп алмай, тілдік қабілетті дамытуға арналған жаттығу-тапсырмаларды меңгерту қашанда қиынның қиыны болмақ. Сөздік жұмысын үйымдастырудың әдіс-тәсілдері алуан түрлі. Мұғалім оқу жылының алгашқы күнінен бастап сабакта өтілетін грамматикалық тақырыптың тұсында сөздік жұмысын жоспарлы, белгілі мақсатқа орай жүргізеді.
Жүртқа мәлім, сөз белгілі бір заттың атын, түсін, белгісін, санын, сапасын, үлкен-кішілігін, тегін, көлемін, бір сөзбен айтқанда, оның табиғатын, атауын, үғымын білдіреді. Демек, сөз бен сөздің атауының арасында өзара байланыс болады. Сөз заттың атауын білдіретін қызмет атқарады. Сондықтан өмірдегі, табиғаттағы заттарды тану, білу арқылы оқушының да ой-өрісі кеңіп, жаңа атауларды, сөздерді үйренеді. Осыдан баланың затты тану арқылы өмір шындығын кеңірек түсініп, оның дүниеге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Демек, дүниедегі заттардың, кұбылыстың алуан түрлі сырларының атауларын біле бермейді. Оны мектептегі оку процесі арқылы біртіндеп меңгереді. Мысалы, ана тілі, әдебиет, география, тарих, еңбек сабақгары арқылы заттардың атауын, ашып біліп үйренсе, екіншіден, радио, телевидение, оқыған кітабы, үлкен адамдар арасындагы эңгіме арқылы да кеп нәрсені естіп, бір алуан сөздерді үйренеді
Қазақ тілі сабағын басқа пәндермен байланыстыра үйретілетін сөздің этимологиясына, оның тарихи шыгу тегіне, күрамына грамматикалық талдау жасап отырғаны жөн, өйткені оқушы үйренетін сөзінің неден, қалай шыққанын білуге күмартады және ондай үйретілген сөз олардың ойында мәңгі сақталады, сондай-ақ окушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, сондай сөздерді біле түсуге қызығады. Мысалы, «Еуропа, Азия, Орал, Баку, Ереван, Кувейт» деген создерді жиі кездестіреді. Бүл создердің қандай магына беретінін білмейді. Осындайда оқушыларға оның тарихи шыгу тегін айтып берсе, балалар оны қызығып тыңдайды.
Сөздік жүмысын үнемі бірқалыпты жүргізу оқушыны жалықтыратыны сөзсіз. Создік жүмысын жүргізудің жолдарын түрлендіріп отыру керек. Мысалы, тіліміздегі ескіріп кеткен архаизм сөздерді де оқушыларға орынды жерде түсіндірудің маңызы зор. Осындай сөздердің мағынасына қүр талдау жасағаннан гөрі, оның нақты суретін көрсету арқылы түсіндіру пайдалы. Мысалы, ак бөкен, бүлан, дулыға, сауыт, қорамсак.
Оқушының үғымына ауыр тиетін, түсініксіз сөздерді сол сөздердің синонимі арқылы түсіндіруге болады. Мысалы, «әулетті» деген сөз «мықты», «күшті» деген мағынаны білдіреді.
Кейде бірсыпыра сөздердін мағынасын оның қарама-қарсы мағынасы, антоним сөздер арқылы салыстырып түсіндіруге болады. Мысалы, «түнек» - қарама-қарсы мағынасы «жарық» сөзі аркылы түсіндіріясе, «үдіріс» деген сөзді «баяу» деген сөз арқылы, «үшкір-доғал» деген сөздермен түсіндіріп, оньщ қарсы мағынасы арқылы оқушы сол сөздің нақты, дәл мағынасын түсініп үғады. Сондай-ақ, сөз тіркестері, идиомалық сөздерді оқытуға орай жоғарыдағы жолдармен салыстыра тусіндіру тиімді. Мысалы, кас пен көздің арасында - лезде, бір сәтте, кұлак қағыс қылу - ескерту, байқау, есіне салу, қабырғаңмен кеңес - ойлан, асықпа, байқа деген мағынаны білдіретінін айту қажет. Сөздік жүмысының бір түрі ретінде ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілімізге енген бірсьгаыра жаңа сөздердің қай кезде, қалай шыққанын жолай айту керек
Оқушылардың жалпы сездік қорын байкау мақсатында ғылымның әртүрлі саласынан қысүқа мэтіндер алып, оларды сыныпта мүғалім өзі дауыстап оқып, оқушылардың қаншалықты сөзді білмейтінін тексеуі де пайдалы. Мысалы, «Жамбыл мен Кенен - егіз козыдай даңкты адамдар. Жамбыл асқан сөзімен, өлеңімен, үзақ жырымен, дастандарьшен даңқты болса, Кенен - сымбатты, сүлу әнімен, әсем толғауымен, тамаша өлеңдершен таныған ақын. Екеуі бір-бірін қатты сыйлаған, құрметтеген. Кенен Жамбылға еріп Мәскеу, Кавказ жеріне барды. Ал жастау шағында тізе қосып, үзеңгі қағыстырып, туысқан қырғыз жерінен бас гагт, Іле мен ІЛу бойын, Әулие Ата мен Мерке өңірін, Балхаш пен Қаратал жағасын, Кеген мен Нарынқол, Алматы мен Қордай ауылдарын бірге аралап өлең- жырды бірге айтқан. Олардың бірге жүрген осындай сапарларын баска ақындар қызғанып, көре алмайды екен. Бірі жырдың, бірі әннің күдіретшдей көрінетін, бірішң кемін бірі толтырып жататын. Сонда да халық бүл екеуін басқалардан ерекше қүрметтеген».
Осы жаттығу мәтінінде бірсыпыра сөздердің мағынасына оқушы бірден жауап бере алмайтьш сэтті байқауға болады. Мысалы, «егіз қозыдай, асқан сезіммен, үзақ жырмен, даңқты болса, танылған ақын, тізе қосып, үзеңгі қағысып, Шу бойын, Мерке өңірін, Қаратал жағасын, көре алмайды, әннің күдіретіндей көрінетін, бірінің кемін бірі толтырып, басқалардан» деген сөздердің мағынасын синонимдік, тусіндірмелі сөздіктерді пайдалану арқылы түсіндіруге тура келеді. Бір жаттығудың әзінде оқушының түсінігіне ауыр келетш он төрт сөз бар. Бұл сөздердің мағынасын, қолданылу мәнін оқушы білуге тиіс. Оқушының сөздік дәптеріне сөздерді осындай ретпен жаздыра отырып, олардың мағынасын, баламасын қатарына жаздырып, талдау жасау қажет. Мысалы: егіз - бірдей, қатар асқан - шебер, шешен даңқты - эйгілі, белгілі
танылған - көпшілікке белгілі тізе қосып - бірге отыру үзеңгі қағысып - бірге жүру, бірге аралау бойын - жерін, маңын
өңірі - елі, жері деген сияқты жолдармен түсіндіріп отыру оқушыны әрбір сөздің мағынасын, мәнін дүрыс түсінуге, оны білуге дағдыландырады. Демек, мүғалім сөздік жүмысын жургізу барысында тілдегі негізгі лексикалық, грамматикалық амалдар жаппай жүмсала бермей, сөйлесу тәжірибесінде көп амалдар белгілі стильдік немесе контекске ыңғайланып жүмсалатын жоғарыдағыдай жолдармен түсіндіру, яғни тілдің мүндай жайлар ескерусіз қалмауды қарастырады.
Оқушы қазақ тілі және әдебиет сабақтарында үйренген сөздерін ауызекі тілде дүрыс жэне кең пайдалана алатындай болу керектігін айғак етеді, Мүндай жүмыстың бәрі де оқушының ойлау қабілетін дамытып, шебер сөйлей білуге тәрбиелейді. Сөздік жүмысын мүғалім жыл басында өзінің күнтізбелік жүмыс жоспарында жоспарлайды. Сөздік жүмысы бағдарламалық материалдардың көлемінде оқушының өткен немесе келешектегі білімін ескере отырып жүргізеді
Оқушы өзінің үйренген сөзін ауызекі сөйлеу тілінде колдана білсе, оның ақыл-ойын дамытуға эсер етеді. Сөзді орынды колданып, оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сейлем қүрап, оны ауызша сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз. Сондьпсган сөздік жүмысын дұрыс үйымдастырып, баланың сөз байлығын арттыру, сондай-ақ, үйренген сөздерінің орфограммасының дүрыс жаза білу жағына әрбір ана тілін оқытатын сабақ жауапты болғаны жөн.
Сөз тіркесін, сөйлем күрауға үйрету жүмысы оқушы өз ойын байланыстырып айта білумен бірге жаза білуге де дағдыландырады. Грамматиканы, синтаксисті жаксы меңгерген оқушы сөз тіркесін дүрыс біліп, сөйлемді күрастыра алады.
Сөз тіркесі, сөйлемді күрату жүмысы да барлык грамматикалық тақырыптарды оқытуға орай іске асырылады. Сабақта жаттығу жүмыстарын грамматика-стилистикалық бағытга үйымдастырылады. Дайын мәтін ала отырып оған грамматика-стилистикалық талдау жасатуға болады. Оқушылардың назарын сөйлемнің күрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателері барын немесе кандай ерекшелікпен көрінетінін байқатады.
Оқушыларға мынадай жүмыстар орындату тиімді. Сөз тіркестері арқьшы сойлем күрату, жай сөйлемді жалпылама сөйлемге айналдыру,. аяқгалмаған сөйлемді аяқтату, диалогты сөйлем кұрату, әңпмені аяктау, белгілі таныс тақырыптар бойынша әңгіме күрастыру, берілген мәтінді редакциялау, оқушыларға бір-бірінің жүмысын редакциялату т.б. осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы окушы дүрыс сөйлем қүрастыруға бейімделеді.
Оқушы сөз тіркесі мен сөйлемнің түрі мен мазмүны арасындағьі байланысты меңгеруге тиісті, яғни сөз тіркесі сөйлемге кажетті күрылыс материалщары ретінде қаралса, сөйлем синтаксистін негізгі бірлігі ретінде қаралатынын ұктыру қажет. Мысалы, сез тіркесінде «қоңыр» деген сын есім мағынасындағы өзгерісті, оның 'гура және ауыспалы мағынада түрғанын талдау аркылы түсіндіру пайдалы: қоңыр күз, қоңыр мата, қоңыр бояу, қоңыр дауыс. Оқушыға «қоңыр бояу, қо ңыр мата» деген сөздің тура мағынада айтылып түрғанын, ал «қоңыр дауыс, коныр күз» деген сөз тіркестерінің ауыспалы мағынада қолданылып түрғанын салыстыру арқылы түсінік беріледі. Оқушы тілдің осындай нәзік қүбылыстарын байқау арқылы ана тілінің қыр-сырын біле түсуге қүмартады. Алдымен сез тіркесі және сөйлемнің өзара күрылымдық айырмашылыгының неде екеніне оқушының көзін жеткізу кажет. Демек, сөз тіркесі категориясының лексикамен, морфологиямен тығыз байланысты екенін, сондай-ақ сез тіркесі лексика мен морфологияны синтаксиспен тығыз байланыстырып түратын синтаксистік категория екеніне баса назар аударылады. Мүның лексикамен тығыз байланыстылығы енген сөздердің толық лексикалык мағынаға ие болуы және бір-бірімен байланыста айтылатындай тіркесімдік қабшеті болуы екенінен көрінсе, морфологиямен байланыстылығы, сөз бен сөздің белгілі бір қосымша аркылы, яғни соз түлғасы аркылы байланысатынынан, екінші жағынан, белгілі бір соз табының негізінде сөз тіркесі жасалатынынан байқалады. Ал байланысқа тускен сөздердің грамматикалық қарым- қатынасы лексико-грамматикалық деп те аталадыЯғни, окушыға сез тіркесінің, сөздердің сөйлемге дейінгі үйымдасқан тобы екенін үктыру. Олардың қандай басты айырмашылығы болатынын мысалдармен түсіндіру қажет. Сөз тіркесі жеке создерге карағанда зат, қүбылыс жайында кеңірек, нақты түсінік беретін атау. Мысалы, ащы су, жылы жел, таза ауа т.б. Екіншіден, соз тіркесі сөйлемге қажетті кұрылыс материалы болады. Мысалы, жылы жел соқты. Үшіншіден, сөйлем ішіндегі сөздерді байланыс түрғысынан талдағанда, олар іштей сөз тіркесі түріндегі байланыс болып үйымдасады. Мысалы, «ащы суды түіцытатын жылжымалы қондырғылар сынақтан ойдағыдай өтті», - деген сөйлемдегі сөз тіркестері: ащы су, ащы суды, суды түщы, ащы суды тұщытатын жылжымалы қондырғы, жылжымалы қондырғылар, сынақган өтті. Ал «жылжымалы қондыргылар өтгі» дегенде сөз тіркесі емее, сөйлемнің грамматикалық негіздері, яғни бастауыш пен баяндауыш. Қорыта айтқанда, сөз тіркесі жасалу үшін сөздер бір-бірімен әйтеуір байланыспай, өзара сабактаса байланысады, ягни бірінші сөз екінші сөзге тәуелді, бағынышты болады, сол арқылы олардың арасында грамматикалық қарым-қатынас жасалады. Демек, сөз сез тіркесінің және сейлемнің қүрамына белгілі бір түлғада түруы арқылы енеді, сөз тіркесі лексикалык толық мағыналы, ең кем дегенде екі сөзден қүралады.
Ал сөйлем жеке сездің белгілі бір түлғада тұрганын да, сөз тіркесінің алуан түрлерін де ішіне алып, еөйлемге тән түлғаға ие болған бір сөз түрінде де, өзара синтаксистік байланысқа түскен сөздер тобы түрінде жарыққа шығады.
Сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс істеу барысында мынадай тапсырмаларды орындату пайдалы: Сөз тіркесімен келген мекеме, ұжым, зауыт, фабрика атауларын таптырып, құрамына талдау жасату, құрылысы жағынан біртектес сез тіркестерін мэтіннен таптыру, сөз тіркестерінің қай сөз табынан жасалып түрғанына сүрақ қойғыза отырып талдау жасату, сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмасын анықтау жұмыс түрлерін мына мәтіндерді пайдалана отырып, жүргіуге болады. Мысалы, Жаспарлай қонган жаңа қоныс, өз бойындағы он шаруашылықтьщ күрдастары. Олар болса астық арнасын ашты. Ал «астық ағысы - өмір ағысы». Мүндай тапрсырмаларды орындауға дағдыланып, жаттыққан оқушылар сөздердің байланысуын жақсы біліп, сөйлем қүрастыруға машықтанады. Ол үшін оқуышлдар жіктеу, өздік, жалпылау есімдіктерін, жинақтау сан есімнің тэуелді түрін, етістіктің ашық рай, бүйрық рай: -ын, -ин, -иік түлғалы қалау рай, шартты рай түрлерінің жіктелуін жақсы меңгеруін қажет етеді
Жеке сөздер арқылы мақал-мәтел, антоним, синоним, сөз тіркестері, идиомалық сөздерді, хат, өмірбаян, рецензия жаздыру, стилъдік қатемен жүмыс істеу арқылы сөйлем күратуға бағыт береді.
Жеке сөздермен сойлем күрастырудың тиімділігі бар. Мысалы, жеке сөздерді бастауыш етіп сөйлем қүрату, бастауыштың зат есімнен болуын талап ету арқылы тыныс белгшерін дүрыс қоюға дағдыландыруға болады. Айталық, Абай - реалист ақын. Ол бүгін мектепте баяндама жасады. Биыл елге кіріс мол кірді деген сөйлемдердегі «Абай, ол, кіріс» деген сөздерді беріп, осылай сейлем кұрату пайдалы болмақ.
Тіл дамыту жүмысында мақал-мәтел және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем қүратудың да пайдасы зор. Бүл жүмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, мақал-мәтелдердің тіліміздегі көркемдік ерекшелігін, оның тәрбиелік мәнін ұгуға деген дағдыны қалыптастырады.
Оқушы мақал-мәтелдерді кірістіріп сөйлем күрау арқылы еңбекке, білім алуға, өнерге, жақсы әдеттерге үйір болуга, жаман мінездерден безуге, үқыптылыққа, тазалыққа, достыққа, шындыкка байланысты нақыл сөздерді үйренуге жақыи болады. Мысалы, оқулықжардан, дидактикалық материалдардан достық, оқу-білім, енер, еңбек, елі, жері, Отаны, адамгершшік женіндеп мақал-мәтелдерді таптырып, оның мағынасын қалай түсінетінін айтқызып, шығарма жұмыстарында пайдалануға бағыт береді.
Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Олар сабақта, сыныптан тыс жүмыстарында, белгілі бір грамматикалық тақырыпты оқытуға оңай оларға сэйкес мақал-мәтелдерді таптырып, сөйлем күратуға болады. Зат есімді оқытуға байланысты «дос», «білім» сөздерін кірістіріп, сөйлем кұрату пайдалы. Мысалы, «Адал досты ауыртпалық танытады», «Досы жоқ басым, тұзы жоқ асым», «Білім - бақтың жібермейтін қазығы». Макал-мәтелдерді шығарма жүмыстарында пайдаланады.
Өмірбаян жаздырып үйрету тіл дамыту жүмысына үлкен септігін тигізеді. Оқушы өз өмірбаянын жазу арқылы туған жері, ата-анасының кім екенін, қай жерде жүмыс істейтінін, ата-аналарының қандай мамандык иелері, өндіріс, ғылым мен туысқандары, аталары, әжелері, аға-інілері жөнінде білетіндері жайында пікірлерін айтады. Оған материал жинау үшін ізденеді, ата-аналарымен әңгімелеседі.
Тіл дамыту жүмысында күнделік жаздырудың да үлкен маңызы бар. Оқушыға пікір жаздыру үшін окыған кітабының авторы, аты, кейіпкерлері, оқиға не туралы, қай кезде болған, кітаптың тілі, ондағы мақал-мәтелдерді жинастыру, қолданудағы ерекшелік, кітапқа окушының көзқарасы т.б. мэселелер қамтылады. Пікір жазу арқылы оқушының ой- өрісін дамытады, тілі жаттығады, сөздік қорлары молаяды. Мұндай жүмыс түрлері мазмүндама, шығарма жазуға дайындайды[15, 17].
Қорыта келгенде, қазак тілі сабактарында жүмыс түрлері ұйымдастырылса, оқушының өз ойын жаза, әрі дүрыс айта, жеткізе білуі сөзсіз.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:
1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
2. Сурет бойынша мазмұндама;
3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама
Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
3. Қысқарта баяндау;
4. Толықтырып мазмұндау.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Тақырыпты толық аша білу;
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Дәрісті қорытындылау: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері
Тіл мәдениеті және оны оқыту
Әдебиеттер:
Оразбаева Ф., Жанабілова. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары. (6-7сынып) А., 2004
Жанабилова А.К Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуда шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту технологиясы (6-7 сынып. - Алматы : Б.ж., 2005. - 28 б.
3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
4.Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
5. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№14 Дәріс. Диктант жүргізу. Диктантты жүргізу әдістемесі
Мақсаты: Диктант жүргізу, оған қойылатын талаптар, жаздыру техникасы жайлы және диктант түрлері туралы мағлұмат беру. Диктанттың оқушы сауаттылығын арттыруда, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде алатын орнын көрсету
Жоспар:
Диктант жүргізуге қойылатын талаптар
Диктантты жаздыру техникасы
Диктант түрлері
Диктантты жаздыруға қойылатын талаптар
Мұғалімнің тексті үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші, диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі – жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант мәтінін жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады.
Үйрету диктанттарының маңызы
Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.
Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.
Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілкті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.
Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді.
Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.
Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат – оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.
Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей әдістер пайдаланылады.
Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар.
Есту диктанты
Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.
Көру диктанты
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.
Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Шығармашылық диктант
Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.
Сөздік диктанты
Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.
Терме диктанты
Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Бақылау диктанты
Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.
Дәрісті қорытындылау: Диктант жүргізу, оған қойылатын талаптар, жаздыру техникасы жайлы және диктант түрлері туралы мағлұмат беру. Диктанттың оқушы сауаттылығын арттыруда, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде алатын орнын көрсету
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Диктант және тіл ұстарту
Диктантты бағалау нормалары
Әдебиеттер:
Диктанттар жинағы. А., «Мектеп». 2004.
Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп» , 2002.
«Қазақ тілі мен әдебиет» пєнінің бағдарламасы. А., «Мектеп». 2005.
Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№15 Дәріс. Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар
Мақсаты: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Оқушы білімін бақылау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар туралы білімдерін толықтыру
Жоспар:
Қайталау сабығының мақсаты
Қайталау түрлері
Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар
Қайталау- сабақтың аса көп тараған түрі.
Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды, оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді, мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.
Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.
Қайталау сабағында оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Қайталау сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерге тоқтамас бұрын әдіс-тәсіл дегеніміз не деген сұраққа жауап алайық.
Қайталау сабағының мақсаты – оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Қолданылатын әдістері. Түсіндіру, әңгіме, теңестіру, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. Тәсілдері: бақылау жұмыстарын жаздыру, қорыту.
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.
Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, толықтыру, шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолоданылаады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлеріне семинар, эскурсия, факультатив, үйірме, конференция, сынақ, үй жұмысы , қосымша сабақ, тәжірибелік зертханалық және пәндік үйірме, олимпиада, өзіндік жұмыстар жатады
Семинар - оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін оқыту формасы.
Экскурсия - оушылардың сабақта алған теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Факультатив - оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады.
Конференция - кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.
Пәндік үйірме - мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.
Сынақ - бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.
Үй жұмысы - сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
- Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
- Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие).
Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.
Дәрісті қорытындылау: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Қайталау сабақтарында қолданылатын әдістер
Қайталау сабағының тәсілдері
Қазақ тілін оқытудың қосымша түрлері
Әдебиеттер:
Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001
Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001
3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
