Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика бад (1) 111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.02 Кб
Скачать

А)Заманауи тігін машиналары түрлері, құрлымы, олардың іс жүзінде қолданулуы.

б)Ағаштан жасалатын бұйымдарды конструкциялау ерекшелігі және жоспарлау процесі, үнемді қолдану. Тігін машинасының түрлері мен шығу тарихы. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері Машина тігіс түрлері. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Ағашты өңдеп, одан əртүрлі бұйым жасайтын адамдардың ағаш ұстасы, ағаш шебері, ағаш оюшы, кəсібінің ыңғайы т.б. қарай, балташы, үйші, ерші, музыка аспабын жасаушы т.б. атай береді. Шебердің жұмыс істейтін орнын шеберхана деп атайды. Шеберхана əрі кең, əрі жарық жеткілікті түсетін бөлмеге орналасқаны жөн. Жарық күні бойы біркелкі түсу үшін шеберхананың терезелері солтүстік жақта болғаны дұрыс. Шеберханада ылғалды температуралық режим тұрақты болуы шарт.

а)Дымқылды-жылумен өңдеу операциялары жасау әдістері.

б)Ағаштың қасиеттері: физикалық, механикалық, технологиялық.

Матадан тігілген бұйымдардың тігістерін тегістеу үшін ЫЖӨ тәсілі қолданылады.Бұйымның сыртқы көрінісінің сапасы ылғалды-жылумен өңдеуге байланысты. ЫЖӨ тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады.Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы – арнайы үтік үстелшесі. Бұл үстелшенің шетінде арнайы үтік ке арналған орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады. Үтікпен жұмыс істегенде, өте мұқият болу керек. ЫЖӨ жұмысын түрегеп тұрып орындайды. Ағаштың физикалық, механикалық қасиеттері деп -ағаштың жарылғыштығы, метал бекітпелерді ұстағыштығы, өңделгіштігі, (арамен кесу, сүргілеу, бұрғылау), иілгіштігі (ыстықтайда, суықтайда), ылғал өткізгіштігі, отқа төзімділігін және т.б айтылады.

А)Материалдарды үтік және прессте дымқылды-жылумен өңдеудің режимдері.

б)Тік бұрышты пішіндегі, қосылмайтын бұйымдарды дыйындау және оны үнемді қолдану. Тігін бұйымдарының ЫЖӨ-нің негізгі әдістері – престеу мен үтіктеу. Сонымен қатар, бұрап үтіктеу қолданылады.Үтіктеу – үтіктің үтіктеу беті ылғалды матаның үстінен оған бірқалыпты қысыммен берілетін кезіндегі әдіс. Престеу – ылғалданған мата престің екі үтіктеу бетінің арасында қысылатын кезіндегі әдіс. Гидравликалық әмбебапты пресс тұрмыстық қызмет көрсету өндірісі үшін арналған. Жоғарғы және төменгі жастықшаның қызуы электрлі. Жоғарғы жастықшаның қызу температурасы 80-нен 200 °С.

а) Тігін машинасының негізгі бөлшектері, механизмдері және жұмыс құралдары. б) Сүргі, оның түрлері. Сүргіні жұмысқа дайындау. Белгі салу, ағашты аралау, ағашты сүргілеу әдістері. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандыққапты машина, стол-шкафты, жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді. Тігін машинасының үш класы шығарылады: тек тура тігісті—2 М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін — 132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін, сондай-ақ өрнек жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар. Сүргілеу — ағаш ісмерлігіндегі басты жұмыстың бірі. Сүргілеуді жоңғы сүргі (дөрекілеу өңдеу), кәдімгі сүргі (алғашқы және таза өңдеу), жұқа сүргі (ұзынша детальдарды соңғы рет өңдеу) және тегістегіш сүргі (соңғы тазалау) сияқты аспаптар арқылы жүргізеді. Әр түрлі формалары айшықты бұйымдарды сүргілеуге арнаулы сүргілер пайдаланылады. Үй жағдайында жоңғы сүргі мен шағындау сүргі ұстаса жеткілікті, тіпті болмаған жағдайда кәдімгі қарапайым сүргі болса да жарайды. Сүргілер ағаш және металл корпусты болып келеді.