Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика бад (1) 111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.02 Кб
Скачать

Кәсіптік оқытудағы әдістемелік білім дамуының тарихи бейнесі.

Өндірістік оқыту жүйесінің дамуы белгілі бір дәрежеде кәсіптік білім берудің даму тарихын сипаттайды және бейнелейді.

Тарихқа жүгінсек, ең алдымен пәндік жүйе пайда болды. Осы жүйеге сәйкес оқушы меңгерілетін мамандыққа сай типтік жұмыстар жиынын орындайтын. Мұнда жұмыс күрделілігі біртіндеп өседі. Жұмыстарды орындау процесі дидактикалық тұрғыда жекелеген операцияларға бөлінбеген. Оқушы жекелеген еңбек қимылдарын орындау ережелерімен арнайы таныстырылмайтын, тек оқытушының еңбек қимылдарын қайталауға ғана тырысатын. Бұл қарастырылып отырған жүйенің кемшілігі ретінде – оның жаңа, таныс емес жұмысты орындау үшін алған білімі мен іскерліктерін қолдана алмауында, жаңа жұмыс орындау үшін қайта оқуға мүдделі.

Кәсіптік оқыту әдістемесінің түсіндірме–терминологиялық апараты.

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады.

Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму преспективасы.

Кәсіптік білім - білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады, сондықтан білім беру жүйесінің жоғарғы деңгейіне орналастырылады. Сонымен, жалпы білім беру жүйесі кәсіптік білім жүйесінің іргетасы болып табылады. Соңғы кезде қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің маңызы зор, өйткені нарықтың өзгермелі шарттарына икемді болуы үшін қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік қызметі. Педагогикалық әдістемелік қызметінің мәні. Әдістемелік қызметтің функциялары мен түрлері.Әдістемелік іскерліктеді қалыптастыру. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары.

Кәсіптік оқытудың типтік оқу бағдарламасының теориялық негіздері. Жастарды кәсіпке оқытуды ұйымдастыруға ұсынылатын негізгі дидиктикалық талаптар. Кәсіптік оқыту бағдарламасының құрылымын оқып-үйрену. Оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында теория мен практиканың, пәндер және циклдар арасындағы байланыстар мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен квалификациялы кадрларды дайындау бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары заманауи еңбек нарығын сапалы мамандармен қамтамасыз етуге, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мақсаттары, міндеттері мен талаптарына сәйкес келетін мамандар әзірлеуге бағытталған.

Кәсіптік оқу орындарындағы өндірістік оқыту үрдісін жоспарлау: а) тігін мамандығы бойынша өндірістік оқыту үрдісін жоспарлау; б) Жабдықтар, станоктар және құралдар бойынша өндірістік оқыту үрдісін жоспарлау. Өндірістік оқытудағы бірізділік. Өндірістік оқыту үрдісі және кезеңдері. Кәсіптік оқыту мамандығының саласы бойынша өндірістік оқыту үрдісін таңдау және жоспарлау.

Тестілеу оқушылардың үлгерімін бақылау құралы ретінде. Тест-(ағылшынның test-тексеру сөзінен алынған)адамның дербес психологиялық ерекшеліктері мен тәртібін өте дәл мөлшерімен нақты сапалық бағалауға арналған стандартталған зерттеу әдісі. Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор.Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперименттік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.