- •5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіптік оқыту әдістемесі және материалды өңдеу практикумы» мемлекеттік емтихан бағдарламасы дайындалды.
- •Бағдарламаның міндеттері:
- •«Білім беру туралы» қр Заңы. Білім туралы заңының негізгі принциптері.
- •Маманды кәсіби дайындаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау ұстанымдары.
- •Қазақстан Республикасында кәсіби білім берудің даму тарихы.
- •Кәсіптік оқыту пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
- •Кәсіптік оқытудағы әдістемелік білім дамуының тарихи бейнесі.
- •Кәсіптік оқыту әдістемесінің түсіндірме–терминологиялық апараты.
- •Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму преспективасы.
- •Оқушыларды кәсіпке оқытудың негізгі бағыттары бойынша даярлаудың мақсаты мен міндеттеріне талдау жасау.
- •Кәсіптік оқытудың ұйымдастыру формалары.
- •А)Тігін бұйымдарын құрастыру және модельдеуге оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
- •А)Матаны өңдеу технологиясы негіздерін оқыту әдістемесі.
- •А) Машинатану элементтері бөлімін оқыту әдістемесі.
- •Кәсіптік мектеп оқу үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
- •А)Заманауи тігін машиналары түрлері, құрлымы, олардың іс жүзінде қолданулуы.
- •А)Материалдарды үтік және прессте дымқылды-жылумен өңдеудің режимдері.
- •А) Қол тігістерінің технологиясы.
- •А) Қолмен орындалатын айқасты, ілмек тәрізді және ілмектік тігістер.
- •А) Түрлі қымтырмаларды өңдеу технологиясы
- •А) Жағаларды өңдеудің технологиялық процесі
- •А)Былғарыдан дайындалатын бұйымдарды өңдеу ерекшеліктері
- •А) Бала киімін тігу технологиясына қойылатын талаптар
- •А) Тігін бұйымдарының өңірлерін өңдеу және біріктіру.
- •А) Белдемшені өңдеу технологиясы.
- •А) Астарлы бұйымдарды өңдеу ерекшеліктері.
- •А) Әйел шалбарларын тігу технологиясы
- •А)Жеңіл тігін бұйымдарының жеңдерін өңдеу технологиясы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
АЛҒЫ СӨЗ
5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіптік оқыту әдістемесі және материалды өңдеу практикумы» мемлекеттік емтихан бағдарламасы дайындалды.
Бағдарламаның мақсаты: 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіруші түлектеріне қорытынды мемелекеттік аттестатциясынан өтуіне көмек беру. Кәсіби мектептегі педагогикалық үрдіс: мәні, құрамы, құрылымы, қозғаушы күштері, дамудың негізгі бағыттары; педагогикалық процестің мақсаты, қағидалары, мазмұны, әдістері, құралдары және ұйымдастыру мен жүзеге асырудың формалары; кәсіптік оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары; оқу үрдісін педагогикалық жобалау негіздері; кәсіптік оқыту педагогының кәсіби білім беру ұстазының кәсіби қалыптасуының педагогикалық негізі.
Бағдарламаның міндеттері:
Кәсіптік оқыту мазмұнының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға болашақ мұғалімдерді дайындау;
Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелеу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін-өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;
Студенттерге педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруды, оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын, сабақтың түрлерін, инновациялық оқыту әдістерін сабақ мазмұнына сай таңдауға, әдістемелік және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;
Студенттерді педагогикалық іс-тәжірибені өтуге және осы іс-тәжірибе барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, курстық және дпломдық жұмыстарды орындауға даярлау.
«Білім беру туралы» қр Заңы. Білім туралы заңының негізгі принциптері.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Кәсіптік білім беруде тұлғаның дамуы мен тәрбиесі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда білім мекемелері алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейтесті мәселе. Өйткені, тек білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Кәсіптік білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады. Заман талабы өзгерген сайын арнайы орта оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.
Еліміздегі кәсіптік білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2050» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.
