- •*Пульмонология*1*8*1*
- •*Кардиология*1*10*1*
- •*Гастроэнтерология*1*11*1*
- •*Гематология*1*4*1*
- •*Ревматология*1*12*1*
- •*Пульмонология*2*33*1*
- •*Кардиология*2*39*1*
- •*Гастроэнтерология*2*37*1*
- •12 Елі ішектің ойық жарасы
- •*Гематология*2*10*1*
- •*Нефрология*2*9*1*
- •*Ревматология*2*16*1*
- •*Эндокринология*2*10*1*
- •*Жұқпалы аурулар*2*17*2*
*Гематология*2*10*1*
#110
*!Қабылдау бөліміне 33 жасар науқас келіп түсті .Шағымдары: дене температурасының 38,7ºС дейін көтерілуі, жұтынғанда ауру сезімі, қызыл иегініғң қанауы,жалпы әлсіздік, бас айналу. Қарап тексергендетері жамылғылары бозғылт, ылғал. Ауыз қуысын қарағанда: көптеген ойық- жаралы стоматит, қызыл иегі қалыңдаған, бадамша бездері қызарған, улкейген. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауру сезімінсіз. Бауыры 2 см, көкбауыр ұзындығы – 13 см. Болжам ықтимал диагнозыңыз?
* Жедел лимфобластты лейкоз +
* Жедел миелобластты лейкоз
* Созылмалы лимфолейкоз
* Созылмалы миелолейкоз
* Лимфогрануломатоз
#111
*!Қабылдау бөліміне 33 жасар науқас келіп түсті .Шағымдары: дене температурасының 38,7ºС дейін көтерілуі, жұтынғанда ауру сезімі, қызыл иегініғң қанауы, жалпы әлсіздік, бас айналу. Айтуынша, бұрын афтозды– стоматиттен емделген, температурасы 37,6 дейін көтерілген. Жиі суықтап ауырады. Қарап тексергенде дене температурасы 38,0 тері жамылғылары бозғылт, ылғал, аузынан жаман иіс шығады. Ауыз қуысын қарағанда көптеген ойық-жаралы стоматит, қызыл иегтері қалыңдаған бадамша бездері үлкейіп қызарып тұр. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген ауру сезімінсіз.ЖҚА ЭР-3х1012, НВ-89г/л, ЦП-0,95, Лейк-16х10 х 9, Бласттар-33%, Пал-1%, Сегм-40%, Лимф 22%, Мон-10%, Тромб-70 мың.
Бұл аурудың ықтимал маңызды критериін ата :
* Бласттық клеткалардың болуы +
* Анемияның болуы
* Тромбоцитопенияның болуы
* Лейкоцитоздың болуы
* Моноцитоздың болуы
#112
*!44 ж. Науқас дене салмағының түсуіне, шаршағыштыққа бас айналуға тершеңдікке шағымданады. Оң және сол қабырға астылары ауырады.Жиі суықтап ауырады. Қарап тексергенде тері жамылғылары бозғылт, ылғал, денесінде көгерулер бар, қашан пайда болғанын білмейді, ауыз қуысынан шіріген иіс шығады.Бауыры Курлов бойынша 11- 14 -16 көкбауыр ұзындығы -18-12-6. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген ауру сезімінсіз. ЖҚА ЭР-3х10 х 12 НВ-90г/л, Лейк-90 мың, миелобласттар-4%, промиелоциттер-6%, метамиелоциттер-10%, Пал-10%, Ықтимал клиникалық диагнозды қойыңыз:
* Жедел лимфобластты
* Жедел миелобласты лейкоз
* Созылмалы лимфолейкоз
* Созылмалы миелолейкоз++
* Лимфогрануломатоз
#113
*!37 жасар К. әйел дәрігерге, әлсіздікке, бас айналу, көздің қарауытуына, табан парэстезиясы және жүрісінің тұрақсыздығына шағымданды. 10 кг.дейін салмақ тастады. Жоғарыдағы шағымдар бірнеше ай бұрын пайда болып, баяу дамыды. Қарап тексергенде тері жамылғылары сарғайған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ – 120/70 мм. С.б.б. Пульс – 96 рет./мин. Жүрек тондары ритмді, систолалық шу естіледі. Жалпы қан зерттеуінде – Эр. 2,8х1012/л; Нв – 70 г/л, ЦП – 1,4, тромбоциттер – 110х109/л, лейкоциттер – 4,5 мың., СОЭ – 16 мм/сағ, макроцитоз,нейтрофилдердің гиперсегментациясы. Ықтимал мүмкін диагноз?
* Теміртапшылықты анемия
* В12-тапшылықты анемия++
* Талассемия
* Апластическалық анемия
* Микросфероцитоз
#114
*!Әйел, 55 жаста, есін жоғалтып, көшеде құлап қалды, стационарға жеткізілді. Созылмалы көтеумен ауырады, үлкен дәретке шыққанда жиі қанайды. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, тері жамылғылары мен шырышты қабаттары бозғылт, «географиялық» тіл, жүрек шекаралары қалыпты, тондары ашық, тахикардия, пульс 106 рет. 1 мин. АҚҚД 90/40 мм,с.б.б.Бауыры мен көкбауыр үлкеймеген. ЖҚА: Эр. 2,1х1012/л, Нв 44 г/л, ТК- 0,6, Л. 4,4х109/л, СОЭ-26 мм/сағ, сарысулық темір- 6.5 ммоль/л. Қандай диагноз ықтимал?
* Темір тапшылық анемия++
* В12-тапшылық анемия
* Фолий қышқылы-тапшылықты анемия
* Апластическалық анемия
* Микросфероцитоз
#115
*!Терапевттің қабылдауына бір әйел шагымданып келді: әлсіздік, шаршағыштық, тері жамылғыларының сарғаюуы. Бала кезінен кейде сарғаятынын айтты.Қарап тексергенде дәрігер тері жамылғыларының бозғылт- сарғыштығын анықтады, көк бауыры қабырға доғасынан 3 см–ге шығып тұр.ЖҚАHВ- 80 г/л, эритроциттер- 2х10 12/л, ТК- 0,8, ретикулоциттер - 25%. Қандағы бос билирубин- 34 мкмоль/л.
Қандай ең ықтимал диагноз?
* Темір тапшылық анемия
* В12-тапшылық анемия
* Фолий қышқылы-тапшылықты анемия
* Апластическалық анемия
* Микросфероцитоз++
#116
*!40 жасар әйелдәрігерге келді. Шағымдары:әлсіздік,физикалық жүктемеден кейін ентігу, жүрек қағу, денесінде гемморрагиялық бөртпелер. Бір жыл бойы ауыратынын айтты. Объективті: тері жамылғылары мен шырышты қабаттары бозғылт, геморрагиялык бөртпелер денесі мен жамбасының ішкі жағында. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған.ЖҚА: Нв- 76 г/л, эр-. 2,3х1012/л, ТК- 1,0, Л- 1х10 9/л, э.-0%, п-11%, с-36%, л -50%, м -10%, ретикулоциттер- 0,2%, тромбоциттер- 48х109/л, СОЭ - 51 мм/сағ. Кумбс сынамасы-теріс, миелограмма: материал аз. Көрсетілген жағдайдағы, төмендегі анемиялардың қайсысы ең ықтимал?
* сидеропениялық
* теміртапшылықты
* гемолитикалық
* апластическалық++
* В12-тапшылықты
#117
*!34 ж. әйел, төмендегі шағымдармен отделениеге түсті: жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу. 2 күн бұрын ауырды. Объективті:терісі жіне шырышты қабатының бозғылт сарғыш түске боялуы. Тілі қызыл, тегіс. Көкбауыры қабырға доғасынын 3 см шығынқы. ЖҚА: HВ-83 г/л, эр. – 2,3х1012/л, ретикулоциттер-20%, тромбоциттер – 210х109/л, лейк.-4,5х109/л. Анизопойкилоцитоз, полисегментті нейтрофилдер. Тура емес билирубин -110 мкмоль/л. Кумбс сынамасы- оң.Қандай ең ықтимал диагноз?
* Аутоиммунды гемолитикалық анемия++
* Орақ жасушалы анемия
* Фолий қышқылы-тапшылықты анемия
* Глюкозо-6-ФДГ-дефицитті анемия
* Минковский-Шоффар ауруы
#118
*!Науқас К., 28 жаста, денесінде петехиальді-таңбалы бөртпелер пайда болды, мұрыннан, қызыл иектен қан кету жиі мазалайды. Көкбауыр шеті пальпацияланады. Қан – Эр. 4,0 х1012/л, лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкформула - өзгермеген, тромбоциттер 12 х 109/л.
Қандай диагноз АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?
* тромбоцитопатия
* геморрагиялық диатез
* гемолитикалық анемия
* геморрагиялық васкулит
* аутоиммунды тромбоцитопения++
#119
*!35 жасар әйел,соңғы 5 жылда мұрнынан қан кету, теріде көгерулер оңай пайда болуына шағымданады, жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерге қаралмаған.Екі апта бұрын көп көлемде қан кетуден кейін әлсіздік, бас айналу байқалды. Бозғылт, кеуде және аяғының терісінде петехиялық геморрагиялық бөртпелер мен аздаған жазылмалы экхимоздар.Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализінде: Нв-94 г/л, эр-3,8.1012/л, ТК-0,64, л-6.2.109/л,. т/я-3, с/я-67, эозинофилдер-2, лимфоциттер-23, моноциттер-5, тромбоциттер-15.109/л,.
Қандағы осы кезде ЕҢ тән өзгерістерді көрсетіңіз ?
* қан кету уақыты ұзарған++
* қан ұю ұзарған
* тромбоцитопатия
* фибриноген артуы
* оң нафтолды тест
