Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docxСот Мед 1,2,3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.8 Кб
Скачать

Билет №1

1.Жыныстық первесияларды патологиялық жағдай кезінде қандай үш формаға бөлінеді

Жалған эрозия(псевдоэрозия) -деп жалпақ жасушалы қабыршықтың цилиндрлі жасушалармен алмасуын айтады.Бұл дерт әйелдердің 40% кездеседі,бұлардың жартысы 25 жасқа келмегендер.Бұл көрсеткіш гормон мөлшерінің маңыздылығын білдіреді.Цервикальды канал цилиндр тәріздес жасушалармен,ал жатыр мойны көп қабатты жалпақ қабыршақты жасушамен қопталған.Цилиндрлі жасушаларға тән қасиет – ағарған, шырышты сөл бөлуді. Міне осыған байланысты жатыр мойнының псевдоэрозиясы болған кезде, жыныс мүшелерінен көп мөлшерде ағарған қоймалжың сұйық көрінеді. 

Эрозия - жатыр мойындағы эпителиальді жасуша құрылысының өзгерісі, шырышты қабаттың дефектісі.

Этиология: Жыныстық жолмен берілетін аурулар – урогениталді хламидиоз, трихомониаз, микроплазмоз және уреаплазмоз, гонорея, папилломавирус ты инфекция, 2-ші типті герпес вирусы немсе гениталді герпес; Әйел жыныс мүшелерінің қабынулық аурулары; Қынаптың қабынулық аурулары (вагинит, кольпит, бактериалді вагиноз, кандидоз ) Жатыр мойны шырышты қабатының травматикалық зақымдалулары(босану, аборт, дөрекі жыныстық қатынас). Гормональді бұзылыстар; Менструальді цикл бұзылысы; Ерте жастан жыныстық қатынас және жиі жыныстық партнерларды ауыстыру; Иммунитет төмеңдеуі Жыныстық инфекция -генитальді герпес, вирус папилломы человек,хламидия, микроплазма, уреаплазма, трихомонада және қынаптың микробиоценоз бұзылысы; 

2. Асылу

Асылу. Адамның мойнын оның бүкіл денесінің және бір бөлігінің салмағымен жаншып буындыруды асу деп атайды. Осыған байланысты ол толық немесе жартылай асу деп бөлінеді, соңғысы жиірек кездеседі. Бұл орайда өліктің әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Адамды тұрған күйде, тізерлетіп, отырғызып, жатқызып асуға болады. Әдетте, адам тұзақпен асылады, алайда мойынның ағаш бұтақтарының, шарбақ тақтайларының арасына, автомашина есігіне немесе кабинасына қысылып тұншығуы кездеседі. Тұзақтар неден істелгеніне қарай жүмсақ (орамал, галстук, платок), жартылай қатты (белбеу, жіп) және қатты (цепь, сымтемір, трос ), комбинирленген тұзақтар болып бөлінеді. Адамды асқан кезде тұзақтың түрлі жағдайда болуы ықтимал. Әдетте, түйініне қатысы жөнінен ол қиғашталып жасалады. Тұзақтардың түйіні өліктін желкесінде болады, бұл дағдылы жағдай; ал егер түйін сол немесе оң жағында болса, ол бүйір жақтағы тұзақ деп саналады; сондай – ақ түйіннің әдеттен тыс болуы мүмкін, бұл жағдайда түйін адамның иегі астында немесе бетінің төменгі жағында болады. Мойынды қысқан кезде тұзақтың қандай күйде болғанына қарай былай болуы мүмкін: өкпеге ауаның түсуі мүлде немесе ішінара тоқталады; мойының қантамырлары, ең алдымен күре тамыры мен негізгі артериясы жанышталады; бас сүйек ішіндегі қысым күрт көтеріледі; мойының нерв сабақтары жанышталады; жалпы күре тамыр артериясы тарамдалатын жерге орналасқан синокаротидтік түйіннің де жанышталуы ықтимал.

3.Тірі адамдардың сот-медицина сараптамасының маңызы мен міндеті

Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.

Сот сараптамасы мынадай принциптерге: заңдылықка; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігіне; зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне; кұзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке; кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. Тергеу практикасында өткізілетін сараптама олардың мәні, объектісі, зерттеу тәсілі және т.б. бойынша сәйкестендіріледі. Сараптама: криминалистік, медициналық, соттық-психиатриялық, биологиялық, каржылық-экономикалық инженерлік-көліктік, инженерлік-техникалық, құрылыстық-техникалық және т.б. болып бөлінеді

4. Асқар деген азаматтың денесінде тері үстінен доғалданған затпен қысым түсірілген, сонымен қатар қан жүретін тамырлардың жарылуынаң негізінде пайда болатын тері және тері асты қабыршақтарында қанның жиналғаны байқалды. Сондай - ақ, медициналық тексеріс кезінде Асқардың терісінің барлық қабатының және тері асты ұлпаларының зақымданып, оның сүйегінің бүтіндігі толық және жартылай бұзылғандығы анықталды. Бұл жарақаттар механикалық жарақаттың қай түріне жататындығын анықтап, жарақаттарға сипаттама беріңіз.

Жауап: Клиникалық негіздегі механикалық жарақаттың ішіндегі сынық, сынықтың ішіндегі жарақаттық сынық деп аталады.

Билет №2