Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_Otvety_MTS.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.65 Mб
Скачать

1. Инструкциясы: Барлық сұрақтарға толығымен жауап жазыңыз.

Мобилді телефонды қолдануға рұқсат етілмейді. Жауаптарыңызды анық және нақты жазыңыздар

Емтихан билеті №_39_

1. Топтық сандық күре жолға (тракт) дискретті сигналдарды енгізу әдісін түсіндіріңіз

Жауапқа берілетін уақыт 35 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 10 балл.

Топтық цифрлық күре жолға дискретті сигналдарды енгізу (19.6-суретті қараңыз) синхронды және асинхронды болуы мүмкін. Ақпарат көздерінің синхрондауы ақпарат көздері цифрлық жүйелердің ақырғы аппаратураларынан өшіріліп қалуы мүмкін болғандықтан цифрлық жүйе ГҚ-сына тәуелді болады, осы кезде пайда болған импульс ағыны коллекторына кіргенге дейінгі арналық импульстер тізбегінің және ақпарат көздері импульстерінің уақыттық жағдайларының тарауын алып тастау үшін буферлік жады құрылғысы арқылы өткізіледі.

 

19.6-сурет. Топтық цифрлық күре жолдағы дискретті сигналдардың сұлбасы

Дискретті ақпаратты енгізудің асинхронды әдісі

Асинхронды дискретті ақпарат енгізудің мынадай әдістері бар:

а) бірігу әдісі;

б) кодтау әдісі;

в) келістіру әдісі.

Біріктіру әдісі – асинхронды сигналдарды негізудің неғұрлым қарапайым әдісі. Кодтық импульстер таратудың цифрлық жүйесі ГҚ-сынан келіп түскен арнаның fT тактілік жиіліктегі (19.7 а-сурет) импульстерімен стробталады, ал стробтаудан алынған импульстер импульстер ағынының коллекторына енгізіледі ( 19.7 в-сурет )

2..Дельта-модуляция түсінігі әдісі туралы түсінігіңізді айтыңыз

Жауапқа берілетін уақыт 45 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 15 балл.

Аналогты сигналдарды цифрлық формаға түрлендіру үшін ИКМ-мен қатар дельта–модуляция (ДМ) пайдаланылуы мүмкін. Дельта –модуляция (ДМ) кезінде ИКМ кезіндегідей аналогты сигнал уақыттық дискреттеуге тап болады, кодтық топпен берілген санақ өсімшесінің таңбасы олардың таңбасын еске ала отырып кейінгі өсімше қосындысымен қалыптасқан, алдыңғыға қатысты қалыптасады. Өсімше шамасы әрқашан шартты түрде болады. Таңба туралы ақпарат екі деңгейлі (+1 немесе -1 ) бір разрядты код көмегімен беріледі, ал өсімше таңбасы не оң болады, не теріс болады. Қабылдағыш станцияларда сигналдар тізбегімен қалпына келеді.

1-сурет. ДМ құрылымдық сұлбасы

2-сурет. Сызықты ДМ-дың функционалды сұлбасы

Uc(t) аналогты кернеуінің кіріс сигналы төменгі жиілік сүзгісі (ТЖС) спектр бойынша шектеледі және бірдей уақыт аралықтары арқылы азайтқыш құрылғыда кіріс сигналдан қалыптасқан аппроксимациялайтын сигнал Uап(t)-пен салыстырылады.

3. «Телекоммуникациялы байланыс желілері» зерханалық кешенінде зертханлық практикумға тапсырма:Симметриялық қосарланған жұптың өткізу жолағын өлшеу

Жауапқа берілетін уақыт 40. Есепті толық дұрыс шешсеңіз 15 бал

Барлығы: ________ баллов

Оқытушы қолы: ____________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]