Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_Otvety_MTS.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.65 Mб
Скачать

1. Инструкциясы: Барлық сұрақтарға толығымен жауап жазыңыз.

Мобилді телефонды қолдануға рұқсат етілмейді. Жауаптарыңызды анық және нақты жазыңыздар

Емтихан билеті №_30_

  1. Сандық тарату жүйесіне сигналды түрлендіру. Арналар мен күре жолдардың (тракт деп түсініеміз) негізгі сипаттамалары айтыңыз.

Жауапқа берілетін уақыт 35 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 10 балл.

2.Көпарналы екі жақты тарату жүйелері. Бір жолақты төрт сымды байланыс жүйесі туралы түсінігізді айтыңыз.

.Жауапқа берілетін уақыт 45 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 15 балл.

Екі пункт арасында байланыс ұйымдастыру кезінде сигналды екі жақты жіберу керек болады. Байланыс жолында өшулік болмау үшін күшейткішті қосады. Күшейткіш сигналды тек бір жақты күшейтетіндіктен, арнаны екіге бөлуге тура келеді:

- тарату арнасы;

- қабылдау арнасы.

Бұл канал бір жақты болады. Ал екі абонент бір-бірімен үзіліссіз сөйлесу үшін арна екі жақты болуы шарт. Сондықтан, мұндай арна бір-біріне қарама-қарсы орналасуы керек.

Сурет 1. Екі жақты арнаның сұлбасы

 

Pкір, Ршығ – арнаның кірісі мен шығысындағы қуат деңгейі;

БҚ – бөлгіш құрылғы;

БЖҚА – біржақты қолданылатын арна.

 

Егер біз екі сым арқылы жергілікті байланыс орнатсақ, онда бөлгіш құрылғыны (БҚ) қолдануымыз керек. Мұндай кездегі байланыс екі сымды деп аталады. Екі жақты байланыс орнату кезінде, екі жаққа берілетін хабар бір-бірінен тәуелсіз болуы үшін, ондағы бөлгіш құрылғыдағы 3-4 (4`-3`) нүктелеріндегі бағыт болуы керек (Сурет-1). Тоналді жиілікті арнаның бір қалыпты жұмыс жасауы үшін арнаның кірісіндегі нүктелерде қуаттың, кернеудің шамасын нормалау қажет болады. Барлық нормаланған шаманы белгілі бір дәрежеде – нөлдік шартты түрде өлшенеді. Мұндай нүктені, әдетте, екі сымдық кірісті алады. Барлық деңгейлер белгілі бір жиілікте өлшенеді, ол жиілік – 800 Гц. Сонда екі сымды кірістегі қуат Ркір = -13 дБм тең, ал шығысындағы қуат Ршығ = 4 дБм.

3.

Жауапқа берілетін уақыт 40. Есепті толық дұрыс шешсеңіз 15 бал

«Телекоммуникациялы байланыс желілері» зертханалық кешенінде зертханалық практикумға тапсырма:Талшықты оптикалық кабельдің кедергіге орнықтылығына баға бер

Барлығы: ________ баллов

Оқытушы қолы: ____________________________

1. Инструкциясы: Барлық сұрақтарға толығымен жауап жазыңыз.

Мобилді телефонды қолдануға рұқсат етілмейді. Жауаптарыңызды анық және нақты жазыңыздар

Емтихан билеті №_31_

1. Разрядтық салыстырудың сызықтық кодері жұмысы мен схамасының түсінігін айтыңыз

Жауапқа берілетін уақыт 35 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 10 балл.

Разрядтық салыстырудың сызықтық кодері жұмысы желілерінде, тек қана сандық жүйелерін қолдануға сатылы өту тенденциясымен, аналогтық және сандық тарату жүйелері (ТЖ) қолданылады. Ақпарат таратудың жоғары сапасына кепілдік беретін, тракттар мен арналардың берілген сипаттамасын қамтамасыз ету үшін, сандық және аналогтық тарату жүйелерінің жобалануын үйлесімді қылып жасайды. Тарату жүйелерін жобалаудағы қолданылатын әдістері мен жолдарын қысқаша қарастырайық. Электрбайланыстың біріншілік сигналдарын екіншілік сигналдарға және керісінше түрлендіру үшін модуляция қолданылады. Осы орайда сигналдарды тарату, өткізетін жиілік жолағы нөлдік төменгі және жоғарғы шектерде жататын байланыс желісі немесе арнасы арқылы жүзеге асады – былайша айтқанда эффектілік таратылатын жиіліктер жолағы бар арна (ЭТЖЖ). Модуляцияның жалпы ұстанымы таратылатын хабарламаға сәйкес тасымалдаушы тербелістің (тасымалдаушының) f(а,b,...,t) бір немесе бірнеше параметрлерінің өзгеруінде жатыр. Мысалға, егер тасымалдаушы ретінде ( ) cos( ) f t U0 0  гармоникалық тербелісі қабылданса, онда модуляцияның үш түрін құрастыруға болады: амплитудалық (АМ), жиіліктік (ЖМ), және фазалық (ФМ). Егер тасымалдаушы болып импульстердің периодикалық тізбектелуі    ( )  (   ) 0 0 0 f t U f t T t i табылса, онда импульстердің f0(t) берілген түрінде импульстік модуляцияның төрт негізгі түрін құрауға болады: амплитудтық – импульстік (АИМ), кең – импульстік (КИМ), уақыт – импульстік (УИМ) және жиіліктік – импульстік (ЖИМ). Радиоимпульсті қолдану тағы да екі модуляция түрін алуға мүмкіндік береді: жоғарыжиіліктік толтырудың фазасы және жиілігі бойынша.

Кодтык кателерді тауп түзету кабілеті артыктык символдардын бар болу шартымен аныкталады. Кодтау кұрылғысынын кірісіне к акпаратык екілік символдар тізбігі келп түседі. Шыгысында оган n екілік символдар тізбегі сәйкес келеді. Мұнда n>k . Барлыгы кірісінде 2k ,шыгысында 2n әртурлі тізбектер болуы мумкін. Барлык мумкін болатын беру жағдайларынын табылатн кодтык кате комбиляцияларынын бөлігін мыналар кұрайды: 2n-2k/2n=1-2k/2n

Мысал 01001111101

1100001010/0101110111 , d=7

Тексеруші матрицаның қатары ретінде бірлік саны үлкен немесе екіге тең 3 санды 2 орында комбинацияны алуға болады,ал W=1, себебі:ақпараттық разряд матрицасын бірлік:111;110;101;011 етіп алған дұрыс құрылатын матрицаның сонғы түрі мынадай:

С1=  немесе С2=  немесе С3=  және т.б.

Түзелетін С матрицасының қатарлары ізделінді кодалық nu комбинациясы түрінде болады.Ал басқа комбинациялар сызықты кодалық қасиеттері негізінде құрылады:

Сызықты кодалық коданың вектарлар қосындысы берілген кодаға сәйкес векторды береді.

Егер де кодтың ақпараттық бөлігі белгілі болса онда тексеруші символына мына формуламен анықталады:

Pj=

Берілген матрица бойынша топтық код құру:

С7:4=

Шешуі: матрицаның қатар саны nu=4, олай ьолса мүмкін болатын ақпараттық комбинация саны N=2nu=24=16, 16 комбинацияның біреуі 000 000. Кодтың төрт комбинациясы бұл түзілетін матрицаның төрт қатары.Ал басқа барлық комбинация осы қатардың барлық вариянтының қосындысының нәтижесі.Сонымен корректілеуші код комбинациясы мына түрде болады:

  1. 0 0 0 0 0 0 0 5) 0 0 1 0 1 0 1 9) 0 0 0 1 0 1 1 13) 0 0 1 1 1 1 0

  2. 1 0 0 0 1 1 1 6) 1 0 1 0 0 1 0 10) 1 0 0 1 1 0 0 14) 1 0 1 1 0 0 1

  3. 0 1 0 0 1 1 0 7) 0 1 1 0 0 1 1 11) 0 1 0 1 1 0 1 15) 0 1 1 1 0 0 0

  4. 1 1 0 0 0 0 1 8) 1 1 1 0 1 0 0 12) 1 1 0 1 0 1 0 16) 1 1 1 1 1 1 1

2. Көпарналы екі жақты тарату жүйелері. Екі жолақты екі сымды байланыс жүйесі туралы түсінігізді айтыңыз.

Жауапқа берілетін уақыт 45 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 15 балл.

ЧРК-мен көпарналы тарату жүйелерінің аппаратураларын құру кезінде, әдетте, жиілікті көпеселі түрлендіру қолданылады. Түрлендірудің бұндай түрі бастапқы сигналдардың линияға берілу алдында бірнеше рет жиіліктер шкаласы бойынша орын ауыстыруына негізделген. Қабылдағыш ақырғы станцияда осыған сәйкес жиіліктер шкаласы бойынша орын ауыстыру орындалады, бірақ кері ретте.

Көпеселі түрлендіру қарапайым арзан сүзгіштерді, арналар саны әр түрлі болатын тарату жүйелерінде стандартты құрылғыларды қолдануға, жиіліктердің сызықты жолағын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа бұл түрлендіру бастапқы сигналдың жиілік жолағын сызықтыққа түрлендіруге мүмкіндік береді. Бұл кезде түрлендірудің бір сатысын қолданғанда, яғни түрлендіргіш арқылы бастапқы сигналды тікелей беру кезінде, осы сигналдың сызықты сигналға әсері орын алады.

Әр арна спектрінің көп еселі түрлендіру арқылы алынған жиіліктердің сызықты спектрінде орналасуы виртуалды тасушы жиілік деп сипаттаған ыңғайлы.

Виртуалды тасушы жиілік деп ойдағы тасушы жиілікті айтамыз, оның көмегімен бастапқы жиіліктер жолағын сызықтыға бір рет түрлендіру арқылы (аралық түрлендіру сатыларынсыз) жүзеге асыруға болады. К-60 тарату жүйесінің бірінші арнасы сызықты спектрде 12,3...15,4 кГц жиіліктер жолағын алады. Бұл жолақ үш сатылы түрлендіру арқылы алынады (4.9-сурет).

4.9-сурет. Үш сатылы түрлендіру арқылы алынатын жолақ

Бұл суреттен көрініп тұрғандай, 0,3...3,4 кГц спектрінде бастапқы сигналды түрлендірудің бір сатысын қолдана отырып 12,3...15,4 кГц сызықты спектрге тарата алатын виртуалды тасушы жиілік fB=12 кГц. Сонымен қатар виртуалды тасушы жиілік каналдың сызықты спектрінде бастапқы спектрде нөлдік жиілік бар болған жағдайда алатын орынын алады.

ЧРК-мен беріліс жүйелері жеке немесе топтық әдіс бойынша құрылуы мүмкін. Құрудың жекелік әдісінде түрлендіргіштер, сүзгіштер, күшейткіштер және басқада құрылғылар әр арна үшін жеке болады; беріліс жүйесі қанша арналар санына арналса, соншама рет ақырғы және аралық аппаратура құрамында қайталанады. Егер әр арна үшін ақырғы аппаратура құрамының бір бөлігі ғана жеке болып табылса, ал басқа құрылғы және аралық аппаратура құрылғылары арналардың барлығына немесе кейбіреулеріне ортақ болса, онда беріліс жүйесін құрудың бұндай тәсілі топтық деп аталады.

Қазіргі таңда беріліс жүйелерін құрудың жекелік тәсілдері кейбір кемшіліктерге байланысты қолданылмайды. Ондай кемшіліктерге келесілерді жатқызуға болады: беріліс қашықтығының аздығы, осы тәсілді қолданғанда алынатын арналар санының салыстырмалы аздығы. Бұл жолақтық арналық сүзгіштер тек қана ақырғы емес, сонымен қатар барлық аралық станцияларда қолданылуымен түсіндіріледі. Сол себепті аралық станциялардың саны артқан сайын, арнаның берілетін жиіліктер жолағы тиімді тарыла бастайды, ал бұл өз кезегінде аралық станцияларының санын және соған сәйкес беріліс қашықтығын азайтады. Азарналық сипаттамалары жиіліктің кең диапазонындағы сипаттамаларға ұқсас болатын жолақты арналық сүзгілерді құру мүмкіндігі жоқтығымен түсіндіріледі. Бұдан басқа, ақырғы және аралық станциялар құрылғыларының құрамында әрбір арна үшін әр типті элементтерді қолдану осы құрылғыны көлемді етеді. Әрбір арнаның элементтерінің әр типтілігі аппаратураны стандарттауға мүмкіндік бермейді, ал бұл өз кезегінде көптеп өндіруді қиындатады және құнын арттырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]