Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
журналист зерттеу-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.17 Кб
Скачать

Пәннің мазмұны

Кіріспе

Курсқа кіріспе. Журналистік зерттеу жүргізу курсының мақсаты мен міндеті

Журналистік зерттеу жүргізу пәнінің мақсаты. Пәннің алдына қойған міндеттері. Курстың журналистік зерттеу жүргізу үшін ұсынатын бағыт-бағдарлары.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Журналистік зерттеудің пайда болу тарихы

Журналистік зерттеудің пайда болу тарихы. Осы саланы зерттеушілер еңбектері мен пікірлері.

Журналистік зерттеу жүргізу жұмыстарының ерекшеліктері

Журналистік тексеріске кірісу алдында орындауға тиіс шарттар. Журналистік зерттеу жүргізу кезінде жасауға болмайтын іс-әрекеттер.

Журналистік зерттеу жүргізудің жанрлары

Журналистік зерттеу жанрлары. Оның типологиялық бөлінісі. Жанрлық тұрғыдан журналистік зерттеу жүргізудің өзіндік мүмкіндіктері.

Журналистік зерттеу жүргізудің шетелдік тарихы

Америкадағы журналистік зерттеу жүргізу. Еуропадағы журналистік зерттеу. Германия мен Италиядағы журналистік зерттеу жүргізу жанрының қалыптасуы. Қазақстандағы журналистік зерттеу жүргізу жанрының қалыптасуы мен дамуы.

Журналиcт және заң

Журналистік зерттеу жасау барысында басшылыққа алынатын негізгі заңдар. Заңды сақтамаған жағдайда жазалау шаралары.

Журналистік зерттеу жүргізудің әдіс-тәсілдері

Зерттеу тақырыбын таңдау. Зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері. Зерттеу жүргізудің өзіндік ерекшеліктері.

Журналистік зерттеу жұмысындағы құқықтық негіздер

Қазақстанның Ата Заңы. Қазақстанның Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Журналистік зерттеудегі азаматық және қылмыстық істің көрінісі.

Журналистік зерттеу жүргізетін журналистерге кеңестер

Cөз боcтандығы және ақпарат алу құқығы. Құқық негіздерінің қолданылуы. Жинақталған мәліметтердің толыққандылығы мен жан жақты тексерілуі. Ақпараттың заңдылығы. Бүркеншік аттың журналистік зерттеудегі қолданысы. Зерттеудің дәлелдемелік базасы. Зерттеуші журналист түрлері.

БАҚ пен журналиcтiң жауапкершiлiк этикаcы

Қарсы мәлімет (компромат) немесе өмір. Журналистік зерттеу жүргізу барысындағы төтенше оқиғалар тарихы. Журналистік зерттеу кезінде өзге бұқаралық ақпарат құралдары журналистерімен қарым-қатынас жасаудың маңызы.

Журналистік зерттеу жүргізу барысында пайдаланылатын ақпарат алу көздері

Ақпарат түрлері. Алынған ақпаратты сұрыптау, пайдаға жарату. Ақпараттың маңыздылығы. Ақпараттың қызықтылығы.

Журналистік зерттеу жүргізу барысындағы арнайы ақпаратты пайдалану тәсілдері

Public relations-журналистиканың қоғаммен байланысындағы жаңа әдіс пен стиль. PR-дағы төрт деңгейлі (зерттеу, әрекет, қатынас, баға) әдіс. Ақпарат алудың жаңа бағыттары.

Қарулы қақтығысты жариялаудағы БАҚ-тың жауапкершiлiгi

Бүгінгі газет, журнал, радио, телевидение аудиторияларының жалпы сипаты. Тыңдарман, оқырман, көрермен талабына әсер етуші факторлар. БАҚ жеке аудиториясын қалыптастыру - негізгі мәселенің бірі. Аудиториямен байланыстағы психологиялық жайттар.

Журналистік зерттеу материалдарын жариялауға дайындау

Журналистік зерттеу материалдарының түрлері. Оның жіктелісі. Журналистік зерттеу материалдарын жариялаудағы жауапкершілік. Зерттеу материалдарын беру әдістері мен тәсілдері. Аудитория сұранысын өтеу мен журналистік шеберлік мәселелері.

Криминалдық репортердің жұмыс ерекшелігі

Қылмыс хроникасын жүргізу. Тележурналистика мен баспасөздегі журналистік зерттеу жанрының өзіндік ерекшеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Журналистік зерттеу жүргізудің тележурналистикадағы орны

Тележурналистикадағы журналистік зерттеу жүргізудің маңызы мен артықшылығы. Тележурналистің зерттеу жүргізудегі құқықтары мен міндеттері. Заңдық қолданыстар. Тележурналистің журналистік зерттеу мен басқа жанрларды араластыра пайдалануындағы шеберлігі.

Журналистік зерттеу жүргізудің этикалық аспектілері

Балалармен жұмыс жасау барысында пайдаланылатын әдіс-тәсілдер. Балалар туралы репортаж. Балалар тақырыбындағы журналистік зерттеудің ерекшелігі.

Журналистік зерттеу жүргізу барысындағы жеке бастың заңдық қауіпсіздік мәселелері

Журналист қызметінің заңдық негізі. Журналистік зерттеу жүргізу барысында сақталатын қауіпсіздік шаралары.

Қазақ журналистикасындағы журналистік зерттеу жүргізудің ерекшелігі

Журналистік зерттеу негізі. Қазақ журналистикасындағы журналистік зерттеу жанрлары. Журналистік зерттеудің құқықтық және міндеттемелік негіздері.

Орыс тілді басылымдардағы журналистік зерттеу

Журналистік зерттеу негізі. Орыс журналистикасындағы журналистік зерттеу жанрлары. Шетелдік журналистік зерттеудің құқықтық және міндеттемелік негіздері.

Журналистердің әлемдік халықаралық ұйымдары

Халықаралық ұйымдардың атаулары. Олардың жұмысы. Халықаралық ұйымдардың тілші қызметіне жауапкершілігі. Халықаралық журналистердің ынтымақтастық күні. Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы орны. Халықаралық ұйымдардың журналистік зертеудегі рөлі.

Инвестергейтер-журналист зерттеушінің қоғамдағы рөлі

Журналистік зерттеу әдісінің түрлері. Инвестергейтердің журналистік зерттеу ерекшелігі. Инвестергейтер-журналист зерттеушінің жұмыс жоспары. Журналист зерттеуіндегі тақырып пен жанрдың маңыздылығы. Зерттеудегі мінез-құлықтың ескерілуі.

Әлеуметтік желілердегі журналистік зерттеу

Интернет сайттарындағы журналистік зерттеу элементтері. Жеке блогтағы журналистік зерттеу. Блогтарды журналистік зерттеулерге пайдалану. Блогтар – әлеуметтік-мәдени феномен. Әлеуметтік желідегі проза. Әлеуметтік желідегі поэзия.

Кәсіби лексикондағы журналистік зерттеу

Журналистік зерттеудің жоспарланған сатыларының тиімділіктері. Экстенсивті сұқбаттың журналистік зерттеудегі қолданысы. Зерттеудегі тақырыптың маңыздылығы мен зерттелуі. Репортаждың журналистік зерттеудегі жаңаша қырлары.

ТВ-Публицистика – журналистік зерттеу

Журналистік зерттеу – публицистикаға қосылған жаңа жанрлардың бірі. ТВ-Публицистиканың ақпарат көздері. ТВ-Публицистиканың зерттеу жүргізу әдіс-тәсілдері. ТВ-Публицистикадағы бұқара мүддесі.

Радиодағы журналистік зерттеу маңыздылығы

Радиодағы зерттеу жұмыстары: артықшылықтар мен кемшіліктер. Радиодағы диджей жұмысындағы зерттеу. Эфирдегі ұстанатын ережелер. Зерттеудегі радио тілі. Радио пішіні.

Агенттіктер жұмысындағы журналистік зерттеу мүмкіндіктері

Агенттіктер бөлінісі. Жаңа типтегі агенттіктер. Агенттіктердің журналистік зерттеу жасаудағы үрдістері. ПР-агенттіктер жұмысы.

Журналистік зерттеудегі шұғыл орын алған оқиғалар туралы ақпарат беру тәсілдері

Этникалық толерантты ақпарат. Кері әсердегі этникалық ақпарат. Қақтығыс туралы ақпарат беру әдіс-тәсілдері. Толеранттылық пен ксенофобияның журналистік зерттеудегі орны.

Халықаралық қатынас жағдайындағы журналистік зерттеу

Халықаралық қатынастың мемлекет дамуына әсері және журналистік зерттеу. Халықаралық қатынас тақырыбындағы журналистік зерттеу ерекшеліктері. Халықаралық басылымдар және Қазақстанның өзге елдерге насихатталуы жағдайындағы зерттеулер. Халықаралық журналистикадағы журналист-зертттеушілерді даярлау мәселелері.

Журналистік зерттеу бойынша есептер

Компьютерлік зерттеу. Электронды БАҚ зерттеуі. Баспасөз зерттеуі. Қорытынды журналистік сараптама.

Практикалық сабақтардың тақырыптары:

1 практикалық сабақ

Журналистика жəне қоғам

Журналистің демократияны дамытудағы жəне қоғамдағы рөлін білу.

Журналистикадағы жаңа тенденциялар туралы білу. Ақпаратты саяси, коммерциялық жəне басқа да ұйымдардың қалай жинақтайтынын жəне қалай ұйымдастырылатынын түсіну.

Халықаралық ақпарат ағымы жəне оның өз еліңе ықпалы туралы хабардар болу.

Өз еліңнің жəне əлемдік БАҚ жəне журналистика тарихы туралы білу. БАҚ қожайындары, ұйымдары жəне бəсекелестерін білу.

Өз еліңдегі жəне əлемдік БАҚ заңдарын білу.

2 практикалық сабақ

Журналист құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері

Журналистердің шешім қабылдауда, таңдауда этикалық талаптарға сүйенуі (Бұл журналистің кəсіби ережелері Кодексінде көрсетілген жəне əрдайым маңызды).

Жазылған, жазылмаған кодекстер үкіметке немесе басқа да билік өкілдеріне емес,

оның журналистің өзі үшін қажеттілігі.

Этикалық мəселелердің журналистің адамгершілігіне жəне өз құқы мен жауапкершілін түсінуіне негізделуі (Мұндай түсінік журналистің демократиялық қоғамдағы рөлін сезінуге жəне журналистік жұмыс барысында адал, объективті болуға негізделуі қажет).

3 практикалық сабақ

Өз елінің жəне əлемдік журналистиканың кешегі жəне бүгінгі тəжірибелері

Олардың ең үздіктерімен танысу.

Журналистердің өз елінде жəне шет елде кешегі жəне бүгінгі журналистиканың ең үздік үлгілерімен, БАҚ деректерімен танысу.

4 практикалық сабақ

Еуропалық журналистерді дайындау Қоғамдастығының Тарту декларациясы

Тарту, Эстония, 10 маусым, 2006 ж.

Еуропалық журналистерді дайындау Қауымдастығының мүшелері. Олардың қатысушыларын журналистер қоғамға қызмет етуі керек деген қағидамен оқыту немесе кəсіби дайындықтан өткізу. Саяси, экономикалық жəне əлеуметтік мəдени жағдайларды түсінуді қамтамасыз ету.

Барлық деңгейдегі демократияны дамыту жəне нығайтуға қолдау көрсету.

Жеке жəне институционалдық есептілікті дамыту жəне нығайтуды қолдау.

Азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, қоғам жəне тұлға контексінде таңдау жасау. Сонымен қатар сөз бостандығына жауапкершілікті сезіну.

Адамның жеке өмірін құрметтеу.

Ақпарат көздеріне сыни көзқараспен қарау жəне жеке мүдде қызығушылығынан тəуелсіз болу.

Қабылданған этикалық стандарттарды пайдалану.

5 практикалық сабақ

Журналистік білім немесе кəсіби дайындықтан өткеннен кейінгі студенттер құзіреті

Журналистиканың қоғамдық рөлін жəне оның даму тенденцияларын түсіну.

Əр түрлі БАҚ немесе нақты бір бұқаралық ақпарат құралының қоғамдық жəне кəсіби мақсатын ескере отырып, маңызды мəселелерін жəне оларды шешу тəсілдерін табу.

Өз жұмысын ұйымдастыру жəне жоспарлау.

Журналистиканың ақпарат жинау əдістерін пайдалана отырып жаңалықтарды оперативті жинау.

Маңызды ақпараттарды таңдап алу.

Ақпаратты кəсіби құрылымдау.

Ақпаратты белгілі бір стильге сəйкес ақпараттық формада ұсыну.

Кəсіби жұмысты бағалау жəне есеп беру.

Командада немесе редакциялық ұжымда жұмыс істеу.

Медиалық ұйымда штата немесе штаттан тыс жұмыс істеу.

6 практикалық сабақ

Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің ерекшеліктері

Ағымдағы оқиғаны білу жəне ол тақырыптың қоғам үшін маңыздылығын түсіне білу қабілеттілігі. Сюжеттің қаншалықты маңыздылығын анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы мүмкіндікті білу. Аудиторияны жақсы білу жəне ақпаратты беруде оның осы аудитория үшін тақырыбы мен берілу тəсілін анықтау. Қоғамдық пікірді талдауға жəне пікірталасты қолдауға қабілетті болу.

7 практикалық сабақ

Cөз боcтандығы және ақпарат алу құқығы

Жұмыстың нақты жүзеге асатын жоспарын жасай білу.

Уақыт тығыз жағдайда жұмыс істей білу.

Күтпеген оқиғаларда жұмыс істуге бейімделу.

8 практикалық сабақ

Жаңалықтарды жинау жəне ақпарат іздеудің журналистік əдістерін пайдалана отырып жылдам ақпарат жинау құзіреті

Жалпы білімінің болуы жəне қоғамдық ахуалды, əсіресе экономикалық, саяси жəне əлеуметтік-мəдени мəселелерді білу.

Қажетті барлық ақпарат көздерін, адамдарды, анықтамалық баспаларды, деректер базасын, ақпарат агенттіктерін жəне Интернетті білу.

Ақпарат көздерін қалай пайдалануды жəне өзінің бақылауларын қалай ыңғайлы жəне тиімді жүргізуді білу.

Тексеру/қайта тексеру жəне ақпаратты жан-жақты беру тəсілдерін жүйелі түрде пайдалана отырып, сюжетке деген қызығушылықты тудыра білу қабілетінің болуы.

Әртүрлі тəсілдер арқылы аудиториямен өзара жұмыс істей білу қабілеті (оның ішінде жеке жəне байланыстың жаңа түрлерінің көмегімен).

9 практикалық сабақ

Маңызды ақпаратты таңдай білу құзіреті

Негізгі жəне қосалқы мəселелерді ажырата білу.

Ақпаратты дұрыстығына, нақтылығына жəне толықтылығына қарай таңдай білу.

Таңдап алынған ақпаратты түсіндіре білу жəне оны сəйкес (тарихи) контексте талдау.

Ақпаратты өнім ерекшеліктері мен ақпарат құралдарына сəйкес таңдай білу.

Ақпараттың шығу көзіне, аудиторияға жəне қоғамдық пікірталасқа ықпалын түсіну.

10 практикалық сабақ

Ақпаратты кəсіби құрылымдау құзіреті

Құрылымдаудың əр түрін пайдалана білу.

Нысан мен мазмұнның сəйкестігіне қол жеткізе білу.

Материалдарды ақпарат құралдарының ерекшеліктеріне сəйкес құрылымдау. Қолданысының қолайлылығына байланысты құрылымдай білу.

Баяндаудың баламалы тəсілдеріне қарай құрылымдай білу.

11 практикалық сабақ

Журналистік зерттеуге тән стильдік ерекшелітер

Жазуда жəне ауызша сөйлеудегі шеберлік құзіреті.

Ақпаратты визуалды түрде бере білу (бейне немесе сызба түрінде жəне ақпаратты сөз, дыбыс жəне образдың үйлесімділігімен беру).

Стиль мен композицияның ерекшеліктерін ескере отырып, журналистік жанрларының ең

Маңыздыларын меңгеру.

Қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу жəне бағдарламалық қаматамасыз ету.

Техникалық қызметкерлермен əріптестікте жұмыс істеу жəне техникалық құрал жабдықтардың мүмкіндіктерін білу.

12 практикалық сабақ

Кəсіби жұмысты бағалау жəне оған жауапкершілік құзіреті

Журналистік өнім сапасына қойылатын талаптар туралы нақты түсінік болу.

Жоғарыда келтірген түсініктерді негізге ала отырып, өзінің жəне өзгенің жұмыстарын сыни қарастыра білу.

Өз жұмысын сыни бағалауға жəне өзгелер тарапынан сынды қабылдау қабілеті жəне ықыласының болуы.

Ақпарат көзі, əдіс-тəсілдері жəне оның орындалуына қатысты таңдауға жауапкершілік алу жəне түсіндіре алу

Этикалық стандарттарды негізге ала отырып, үдеріс пен нəтижеге жауапкершілік ала білу.

13 практикалық сабақ

Қызметкерлердің жұмыстағы командада немесе редациялық ұжымдағы əріптестік құзіреті

Әңгімелесудің кəсіби дағдыларын білу.

Сенімді əріптес болу.

Атқарылатын істер мен бастамаларға сенімді болу.

Өзінің күшті жəне əлсіз тұстарын түсіну.

Қарым-қатынасты (иерархиялық, демократиялық) нақты түсіну.

14 практикалық сабақ

Құқық қорғау мекемелерінен ақпарат алу жолдары мен заңдары

Жаңашыл идеяларды енгізу жəне оны ұсына алу.

Өз міндетің мен құқыңды білу жəне жұмыс жағдайын сыни бағалай білу.

Медиа ұйымдардағы стратегиялық талдау мен редакциялық саясатты бағалай білу

Штаттан тыс қызметкер/кəсіпкер жұмысының тəжірибелік қырларын білу.

15 практикалық сабақ

Журналистік зерттеудің негізгі əдістері

Белгілі бір саладағы күрделі ақпаратты жинау, зерделеу, талдау жəне бағалау, сонымен қатар оны қоғамдастыққа нақты, түсінікті жəне қызықты етіп ұсына білу.

Журналистика тəжірибесінің шынайылығындағы социологияға тəн скептицизм (гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция), əдіснамалық дəлдік, қаталдықты түсіне білуге үйрену.

Маманданған сала бойынша əзірлеген зерттеу баяндамасын (алдын ала берілген БӨЖ тапсырмасымен өзектес) қорытындылау.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Түрмедегі тағдырлар

ҚР Ата заңы мен ҚР қылмыстық Кодексті негізге ала отырып, темір тордың арғы жағы мен бергі жағындағы өмір түйткілдеріне журналистік зерттеу жасау. Нәтижесінде проблемалық мақала немесе сюжет дайындау.

  1. «Көгілдірлер» проблемасы: өмірдің өзінен

Қазіргі таңдағы қоғамдағы бас ауыртар мәселе ретінде қарастыра отырып, журналистік зерттеу жасау. Олардың әлеуметке зияны. «Көгілдірлік» психологизмнің кері әсерлері. «Көгілдір» жарнамалар. Нәтижесінде танымдық сабақ немесе мақала, сюжет не бейнеролик жасалады.

  1. Қайыршылық – қоғам дерті

Әлемдік және қазақ қоғамындағы қайыршылық көріністері. Оның үрдіс алу себептері мен проблемалары. Қайыршылықтың етек алу салдары. Тосқауыл және мәселені шешу жолдары. Нәтижесінде не жоба ұсынылып, мақала не презентациялық сабақ өтіледі.

  1. Атадан қалған кәсіп пе?

Етікшілік өнер. Оның шығуы мен дамуы. Біздің ортадағы етікшілер «қауымы». Экономикамызға тигізер пайдасы. Зерттеу негізінде сұқбат, мақала не сюжет дайындалады.

5. Тәні сұлудың – жаны сұлу

Сән салондары. Олардың шығу тарихы. Қазақ қоғамындағы сұлулық. Салондардың салық төлеудегі, жалпы экономика саласына қосар үлес салмағы. Нәтижесінде әлеуметтік сауалнама не сұқбаттасу арқылы журналистік зерттеу жасалынады.

  1. Қаңғыбастар (бомж) қайда барып күн көреді?

Қоғамдағы қаңғыбастық мәселесі. Оған түсудің түрлі себеп-салдарларына журналистік зерттеу жасалынады. Зерттеу жасау барысында журналист алуан жолмен проблеманы ашудың қыр-сырын ұсынады. Өзі зерттеген мәселені жанрлар араластығымен презентациялық сабақ түрінде өткізеді не проблемалық мақала жазып, баспасөзге жариялайды.

  1. «Түнгі көбелектер» қарекеті

Жеңіл жолмен ақша табу. «Көлеңкелі» бизнес. «Жеңгетайлар қамқорлығы». Аяғын шалыс басқандар тағдыры. Зерттеу барысында журналист қазіргі таңдағы кейбір жас өспірім қыздардың ата-анасы білмейтін «сыртқы тірліктері» жайында хабардар етеді. Проблема көтере отырып, оны болдырмаудың амал-тәсілдерін ұсынады. Нәтижесінде сюжет түсіріліп, мақала жазылады немесе презентациялық сабақ көрсетіледі.

  1. Түнгі клубтар: пайдасы мен зияны

Түнгі клуб «қонақтары»: жас ерекшелігіне қарай топтама жүргізу. Әлеуметтік сауал дайындап, жастар яғни студенттер арасында сол сауалнамаға жауап алу. Түнгі клубтың мемлекет салығына түсірер пайдасы мен руханиятқа жасалар зияндығын сараптау. Нәтижесінде проблема көтерер мақала не шолу, презентациялық сабақ көрсетіледі.

  1. Өсек-аяң – өмірге қауіп

Ақпарат жинау. Өсек-аяңның ақпарат жинауда «рөлі» қандай? Бар ма? Оның қоғамда белең алуы. Әңгіме айту этикасы. Жеке басқа қол сұғу. Еркектер өсек айта ма? Әйелдердің өсек-аяңға сенімі қаншалықты деңгейде? Нәтижесінде әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізіліп, танымдық сабақ дайындалады.