Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
журналист зерттеу-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.17 Кб
Скачать

Түсіндірме жазба

Пәннің мақсаты – журналистің ақпарат алуы мен оны таратуындағы мақсат-міндеттері, ізденістері мен бағыты, сақтауға тиісті заң нормаларын меңгертіп, қоғамда орын алған оқиғаларды жүйелі талдап, қоғамдық пікір туғызудағы өзіндік рөлін анықтау.

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» ақапараттың түрлерін ажырата алудан бастап, ақпарат алу, оны талдау мен шынайылығы және қажеттілігіне баса назар аудара отырып, журналистиканың дамуына үлес қосатын мамандар даярлауды мақсат тұтады. Қазақ журналистикасымен бірге алыс-шетел журналистерінің кәсіби тәжірибелерінен мол мағлұматтар мен тың деректер ала отырып, болашақ журналистер шеберлігін шыңдауға ұмтылады. Практика сабақтары мен студенттің өзіндік жұмысы кезінде оқытушының бағыт-бағдарын негізге ала отырып, білім алушылар кәсіби маман ретінде өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, соның негізінде бұқаралық ақпарат құралдарына материал, сюжет дайындау мүмкіндігіне ие болады. Журналистік зерттеу жүргізу арқылы болашақ маман өзінің кәсібіне, бір салаға икемділігін танытып, дерек пен дәйектерді орынды пайдалана алады.

Бұл курстың тақырыптары – ақпарат және оның түрлерін ажырата алуды, жаңалықтарды бағалау жəне жаңалықтар сюжетін дайындау, жаңалықтарды іздеу, материалды беруде нақтылыққа қол жеткізу үшін сұқбат алу, бақылау жəне ақпарат жинаудың басқа да əдістері, сонымен бірге қарапайым жаңалықтарды, қызық мақалаларды (сюжет құрылымы, баяндай білу мүмкіндігі, цитаталарды пайдалану) дайындау, сараптама жасауды құрайды. Студенттер жиналысты, өзгелердің əңгімесін, басқа да оқиғаларды, əртүрлі жекелеген сұқбаттарды қалай ұйымдастыру жəне өткізу, телефонмен, электронды поштамен сұхбат алудың жолдары, проблемалық жəне саяси сипаттағы сюжеттерді қалай дайындау, әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікірлерді сараптай алудың қажеттігін үйренеді. Олар материалдарды уақытында беру үшін қалай жұмыс істеу қажеттігін үйренеді, материалдарды берудің этикасымен танысады. Курсқа ақпаратты іздеуге, материалдарды редакциялау мен дайындауға қажетті компьютер қызметтері мен қосымшалары да енгізіледі. Материалдарды дайындау жөніндегі курстар мерзімдік БАҚ-қа басымдық береді, алайда, оның негізгі принциптері мен əдістері телерадио хабарларын тарату жəне желілік журналистикаға да қатысты екенін ескеруіміз керек.

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» курсы «Журналистік шеберлік», «Телерадиожурналистика», «Журналистикаға кіріспе», «Қазіргі газет жанрлары», т.б. пәндерімен тығыз байланысты.

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» курсын меңгеру үшін:

  • студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын, принциптерін, оның қоғамда алатын орны мен рөлін, жалпы әлемдік журналистика тәжірибесін негізге ала отырып, қазақ журналистикасының даму үрдісінен мәлімет бере алуы;

  • журналистік зерттеу жүргізудің тақырыбын дұрыс таңдай алуы;

  • журналистік зерттеудің басты бағыттарымен, жанрлар жүйесімен таныстыру, тілдік-стильдік ерекшеліктерінен хабардар болуы;

  • ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі публицистер шығармашылығын негізге ала отырып, мерзімді басылымның оперативті хабар тарату мүмкіндігін көрсетуі;

  • журналистің этикалық кодексін жақсы білуі және сақтауға үйренуі;

  • журналистің өзге адамдардың жеке өміріне рұқсатсыз кіре алмайтындығын, тек факті мен деректің шынайылығын тексеру барысында әртүрлі жұмыстар атқара алатындығын үйрену;

  • әріптестерінің кәсіби құқықтарын сақтауды және адалдық бәсекелестікті мойындауды үйренуі тиіс.

КІРІСПЕ

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» таңдау курсының мақсаты – журналистің ақпарат алуы мен оны таратуындағы мақсат-міндеттері, ізденістері мен бағыты, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы рөлін анықтау.

Курстың міндеті:

  • студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын, принциптерін, оның қоғамда алатын орны мен рөлін, жалпы әлемдік журналистика тарихын негізге ала отырып, қазақ журналистикасының даму үрдісінен мәлімет беру;

  • журналистік зерттеу жүргізудің тақырыбын дұрыс таңдауға үйрету;

  • журналистік зерттеудің басты бағыттарымен, жанрлар жүйесімен таныстыру, тілдік-стильдік ерекшеліктерінен хабардар ету;

  • ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі публицистер шығармашылығын негізге ала отырып, мерзімді басылымның оперативті хабар тарату мүмкіндігін көрсету;

  • журналистің этикалық кодексін жақсы білуіне және сақтауға үйрету;

  • журналистің өзге адамдардың жеке өміріне рұқсатсыз кіре алмайтындығын, тек факті мен деректің шынайылығын тексеру барысында әртүрлі жұмыстар атқара алатындығын үйрету;

  • журналиске әріптестерінің кәсіби құқықтарын сақтауды және адалдық бәсекелестікті мойындауды үйрету.

Пәннің нысандары: бұқаралық ақпарат құралдарының тігінділері мен материалдары, мұрағат деректері, интернет материалдары, электронды газеттер, телеарналардағы осы жанрдағы бағдарламалар т.б.

Пәнді оқыту әдістері: дәстүрлі әдістер, сындарлы оқыту теориясы, сыни тұрғыдан жазу мен ойлауды дамыту бағдарламасы, модульдік технология.

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» курсы Қазақстан тарихы, әлеуметтану, экономика, әдебиеттану, психология, құқық т.б. ғылым салаларымен тығыз байланысты.

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» курсының оқу жоспарында бекітілген сағат көлемі – 3 кредит (135 сағат). Пәннің мазмұны тақырыпқа толық сәйкес келеді.