Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
журналист зерттеу-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.17 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

ZhZA 3304

Журналистік зерттеу әдіснамасы

(пәннің коды және толық атауы)

Пәнінің оқу - әдістемелік кешені

5В050400-ЖУРНАЛИСТИКА

(мамандықтың шифры және толық аты)

3-курс, күндізгі

(оқу нысаны)

ҚЫЗЫЛОРДА, 201__

Пәннің оәк құрастырған: Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы баспа ісінің магистрі, аға оқытушы

( аты-жөні, қызметі)

Оқу-әдістемелік кешен қазақ тілімен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде қаралып, ұсынылды. «______»________________ 2017ж. №___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі Ғ.Ә.Тұяқбаев

Филология, тарих және құқық факультетінің гуманитарлық мамандықтар бойынша академиялық кеңесі ұсынған.

«______»________________ 2017ж. №___ Хаттама

Академиялық комитет төрағасы А.Ә.Әбілов

Мазмұны

  1. Алғы сөз

  2. Пәннің негізгі (типтік) оқу бағдарламасы

  3. Пәнді оқытудың бағдарламасы (силлабус)

  4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

  5. Дәрістер кешені

  6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары

  7. Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулығы мен ережесі

  8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтар

  9. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтар

  10. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар

  11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиамен қамтамасыз етілуі

  12. Глоссарий

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«БЕКІТЕМІН»

______________

А.Т.Жүнісов

Оқу ісі жөніндегі проректор- бірінші проректор

«_____» _______201__ж

Оқу бағдарламасы

ZhZA 3304

Журналистік зерттеу әдіснамасы

5В050400 - журналистика

көлемі 3 кредит (135 сағат)

ҚЫЗЫЛОРДА, 201__ ж.

ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Оқу бағдарламасын жасаған Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Қ.Оразова, баспа ісінің магистрі А.Қ.Әбдіразақова, филология ғылымдарының кандидаты А.Б.Алмауытова

РЕЦЕНЗЕНТТЕР

А.С.Оңғарбаев – филология ғылымдарының кандидаты, «Сыр медиа» ЖШС директоры

Г.Ш.Әшірбекова – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Филология, тарих және құқық факультеті оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитетінің 2017 жылғы «___»_______ отырысында бекітілген. №____ хаттама

Оқу бағдарламасы «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» (А., 2008) және А.Константиновтің «Журналисткое расследование: история метода и современная практика» (М., 2003) оқулықтары мен «Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделі» (А., 2013) оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН

Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының 201__ жылғы «____»______ғылыми-әдістемелік семинары отырысында қаралып, элективті курс ретінде оқу жоспарына енгізуге ұсынылды. 201___ жылғы «____»_______№1 хаттама

АЛҒЫ СӨЗ

«Журналистік зерттеу әдіснамасы» пәні бойынша жасалған бағдарлама университеттің журналистика мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу бағдарламасы «БАҚ этикасы және заңнама» курсының заңды жалғасы ретінде және осы пәннің типтік бағдарламасы мен оқулықтарына негізделіп жасалды.

Журналист Қазақстан Республикасының Этика Кодексінің нормаларын және осы мамандықтың негізгі ҚР БАҚ туралы заңды сақтап жұмыс жасайды. Бұл Қазақстан Республикасындағы БАҚ жұмысында басты шарт болып табылады. Өзінің кәсіби жұмысын атқара отырып, журналист жалпы қоғамдық құндылықтарды, демократиялық ұстанымдарды, еркін сөз, Ата Заң мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтайды. Өтірік айып тағуды, дезинформация таратуды болдырмау үшін журналист тек қана сенімді ақпарат тарататындығы, мемлекеттік басқару органдарының, саяси партиялар мен қозғалыстардың, ұйымдардың бизнес тарапынан болған қысымға қарамай жұмыс жасауды, өзінің хабарларында деректерді, болжам мен дәйектерді, аргументтерді айқын, анық көрсете алатындығы, оның заңсыз амал-тәсілмен ақпарат ала алмайтындығы жан жақты оқытылады.

Курс – студенттердің журналистік шеберлігін дамытуға арналған. Репортажды оқыту, сұқбат алудың, журналистік зерттеудің, шолулар мен сауалнамалар нəтижесінің түсіндірмесін,

үкіметтік құжаттарға қол жеткізу мен оны талдау техникасының заманауи əдістерін ұсынуы тиіс. Жазу мен ізденудің кəсіби шеберлігіне оқыту – əңгімелеу əдістерін пайдалану мен сараптау жəне түсіндіру əдістерімен таныстырумен бірге, сараптамалық материалдарды жасаудың әдіснамасы мен тəжірибесін қарастыруы тиіс.

Курстың мақсаты – журналистің ақпарат алуы мен оны таратуындағы мақсат-міндеттері, ізденістері мен бағыты, басшылыққа алынатын заңдар мен құжаттарды айқындап, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы рөлін анықтайды.

Курстың міндеті:

  • студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын, принциптерін оның қоғамда алатын орны мен рөлін, жалпы әлемдік журналистика тарихын негізге ала отырып, қазақ журналистикасының даму үрдісінен мәлімет беру;

  • журналистік зерттеу жүргізудің тақырыбын, обьектісі мен субьектісін дұрыс таңдай алуды үйрету;

  • журналистік зерттеудің басты бағыттарымен, жанрлар жүйесімен таныстыру, тілдік-стильдік ерекшеліктерінен хабардар ету;

  • ақпарат және оның түрлерін, ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі публицистер шығармашылығын негізге ала отырып үйрету;

  • журналистің этикалық кодексінің негізгі нормаларымен таныстырып және сақтауға үйрету;

  • журналистің өзге адамдардың жеке өміріне қол сұға алмайтындығын, тек факті мен деректің шынайылығына көзжеткізу үшін тексеру жұмыстарын атқара алатындығын үйрету;

  • журналиске әріптестерінің кәсіби құқықтарын сақтауды және адал бәсекелестікті мойындауды үйрету.