Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Іс тжірбие есебі ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Етті бағыттағы сиыр тұқымдары

Абердин-ангус сиыры – сиырдың етті тұқымы. 1917 ж. Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Қазақстанға 1932 ж. Англиядан әкелінді. Батыс Қазақстанда

 өсіріледі. Сиыр тұқымдардың ішіндегі өте сапалы ет беретін тұқым болып саналады, бірақ жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді. Тез жетіледі. Абердин-ангус сиырының түсі көбінесе қара, мүйізсіз тоқал болып келеді. Шоқтығына дейінгі орташа биіктігі 118,5 см, кеудесінің орамы 190 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 148 см, жіліншігінің орамы 19 см болады. Сиыры 550 – 600 кг, бұқасы 1000-1200кг, бордақыланған өгізшелері 14 – 15 айлығында 400 – 450 кг орташа салмақ тартады, 60% таза ет, сауын маусымында әр сиыр 2000 кг сүт береді.  Өзінің биологиялық ерекшеліктерін көрсету үшін жақсы азықтандырып, бағып-күтуді қажет етеді. Сондықтан да Абердин-ангус сиырын жемшөп қоры мол, ауа-райы қоңыр-салқын келетін аудаңдарда өсіру тиімді. Абердин-ангус сиыры Батыс Қазақстанда өндірістік будаңдастыру және жергілікті мүйізді ірі қара малдың жаңа тұқымдық топтары мен Қостанай облысында кең тараған Әулиекөл сиырын шығаруда пайдаланылды.

Герефорд сиыры — етті сиырдың бір тұқымы. Жергілікті малды ұзақ сұрыптау арқылы 18 ғ-дың аяғында Англияда Херефордшир графтығында шығарылған. Герефорд сиырының бұрынғы КСРО-да өсірілетін аудандары: Қазақстан, Челябі, Сталинград, Ростов облыстары. Биіктігі 125 см, тұрқы 153 см, кеуде орамы 197 см. Бұқасы 900 – 1000 кг, сиыры 550 – 600 кг тартады. Қазақстанға 1930 жылдан бастап әкелінгенГерефорд сиырын қазақы және қалмақ сиырымен будандастыру нәтижесінде қазақтың ақбас сиыры шығарылды. Герефорд сиыры Шортанды астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығында, «Шалабай», «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытынтында (Батыс Қазақстан облысы) өсіріледі

Қазақтың ақбас сиыры – сиырдың етті тұқымы. Қазақ және қалмақсиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 – 50 ж. Қазақстан мен Ресейде шығарылған.

Тұқым құрамында 11 зауыттық желісі бар, оның 9-ы Қазақстанда. Бұл тұқым республиканың далалы және шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы, құйрығының ұшы, әукесі, бауыры мен сирағы ақ болады. Етті малға тән белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 – 900 кг (кейде 1100 – 1300 кг), сиыры 450 – 500 кг (кейде 520 – 580 кг), 7 – 8 айлық еркек танасы 200 – 220 кг, ұрғашы танасы 180 – 200 кг тартады. 15 – 18 айлығында еркек тайынша тәулігіне 900 – 1000 г, ұрғашы тайынша 700 – 800 г салмақ қосады. Ет түсімі 57 – 60%.

Етті бағыттағы сиырларды азықтандыру 6:00- құрғақ пішен,10:00- жүгері сүрлемі , 11:30 комбикорм құрама жем , 04:00 - пішендеме, 16:00 - сүрлем, 16:00 - комбикорм, 18:00 – силос. Су көп мөлшерде.

Шұжық дайындау технологиясы

Малды әкеліп аяғынан іліп , басын төмен қаратып бауыздайды ( жоғары трубаға) терісін сыпырып алады. Артық ағзаларды бауыр, жүрек, ішек-қарн, бүйрек, теріні бөліп алып кетеді. Арқа мен омыртқадан қан бөледі.Ары қарай душқа кіргізіп жуады. 4 сағат бойы тоңазытқышта тұрады. Кейінгі етті сүйектен ажыратады. Кутерден откізеді. (мин 4000 об. айналып). Кейін тауық етін , сары май, натрии нитритын қосады. Ары қарай қапшықтарға енгізіп клипсаторлармен қысады. Ең соңғы термокамераға апарады. Пісіреді + отқа қақталады, кептіреді. Түнге тоңазытқышқа (+3;+7) өнімдері: екі полукопченная, сосиска, сорделька, докторская колбасалары шығарылады.