- •1. «Байсерке-Агро» жшс туралы сипаттама.
- •Су алған сиырларды азықтандыру мөлшері.
- •Бұзаулайтын бөлімде азықтандыру мөлшері.
- •Бұзаулаған сиырларды азықтандыру мөлшері.
- •Бұзауларды азықтандыру азықтандыру мөлшері. :
- •Италияндық сиыр сауу «ёлочка» технологиясы.
- •«Байсерке Агро»жшс сүт өнімдерін өңдеу зауыты.
- •Етті бағыттағы сиыр тұқымдары
- •Жылқы тұқымдары
Кіріспе
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол халқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Соңғы жылдары бірқатар көрсеткіштер бойынша еліміздің ауыл шаруашылығы сенімді экономикалық өсімге қол жеткізді, оған әлемді шарпыған экономикалық дағдарыстың өзі кедергі бола алған жоқ. Бұл мемлекет тарапынан жасаған ерекше қамқорлықтың арқасында мүмкін болды. Алайда, агроөнеркәсіптік кешеннің әлі де болса әлеуеті жетерлік, оны халық игілігіне жаратуға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бағыт көрсетіп берді. Президент биылғы Жолдауында салаға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Президенттің тапсырмасына сәйкес 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары бойынша ішкі рыноктың 80%-дан астамын отандық тамақ өнімдері құрауы тиіс.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығының шешуші салаларының бірі – мал шаруашылығына баса назар аударылуда. Нақ осы салада жақын жылдары серпіліс жасау қажет, бұл алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді барынша толықтай шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін мал шаруашылығы дәстүрлі сала және тарихи тамыры тереңде жатыр. Барлығымыздың есімізде, Қазақстанда миллиондаған бас мал болған және мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, ет өндіру бойынша еліміз Еуразия континентінде көшбасшы дәрежесіне жеткен. Жайылымдардың кеңдігі мен табиғи жағынан әр алуандығы малдың әр түрлерін өсіру үшін әрқашан үлкен мүмкіндік берді.
Мал шаруашылығы саласы соңғы жетпіс жылда мал басының ауытқуымен сипатталды, 1941-91 жылдар кезеңінде мал басы жедел өсті, ал 1991-1997 жылдар аралығында бірден азайып кетті. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік және институттық қолдаудың арқасында 2002 жылы мал шаруашылығы өз мүмкіндігін қалпына келтіре бастады жәнеқазір жыл сайынғы мал басының өсу қарқыны 4-5 %-ды құрайды.Дегенмен, соңғы жылдары шаруашылық жүргізудің бірыңғай әдістері өзін-өзі ақтамағанына көзіміз жетіп келеді.
Сондықтан сала мен мал басын қаржыландыруды бірнеше рет арттырғанымен,мал шаруашылығында түбірлі өзгеріс байқалмады. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы өсімі әдеттегідей мал басының көбеюі арқасында жүреді.
Экстенсивті табиғи даму жолы дамып келе жатқан экономика үшін әбден қонымды екені сөзсіз. Сондай-ақ, мал басын көбейту мемлекет пен бизнестен қаражатты көптеп тартып малды күту мен оның инфрақұрылымын қолдауды қажет ететіндігін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі мал шаруашылығының төменгі өнімділігін мынадай мысалдан көруге болады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржыландыру көлемі 2002 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы 3 есеге артып, осы кезең аралығында малдың өнімділік көрсеткіштерінің өсу қарқыны бұрынғыдай төмен деңгейде қалды.
Еліміздің экономикасын көтеру мен халықтың әл-ауқатын күшейтуде қой шаруашылыгының алатын орны ерекше. Себебі, Казақстан жағдайында бұл саланы өркендету үшін толық мүмкіншілік бар: табиғи жайылым молдығы, халқымыздың осы малды өсіруде жинаған тәжірибесі және т.б. Қазіргі кезде қой басын көбейту мен оның тұқымын асылдандыру бағытында елімізде талай жұмыстар жүріп жатыр. Жеке шаруаларда қой өсіруге құлшына кірісіп өз үлестерін қосуда. Алайда, бүгінгі күнде бұл салада көңіл аударарлық мәселелер жеткілікті: қойды өз деңгейінде күтіп - бағуды ұйымдастыру, дұрыс жайып азықтандыру, жылы да әрі жайлы қоралармен қамтамасыз ету, гигиеналық талаптарды сақтау және т.б.
Ел Президенті айтқандай, Қазақстанда ең төмен еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында және ол 3 мың долларды құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды. Алдағы перспективада аталған көрсеткіш АӨК-тің және оның ішінде мал шаруашылығы саласының даму жағдайын бағалау үшін басты өлшем болады.
1. «Байсерке-Агро» жшс туралы сипаттама.
«Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, Арқабай ауылдық округында 2002 жылы қазан айының 28 жұлдызында өз бетінше жеке шаруашылық болып құрылған (тіркелу нөмірі 9558-1907-ТОО).
Өзінің жеке есеп шоты бар, өнімдерін толық есеп айырысу арқылы, тек келісім шарт бойынша ғана сатып таратып отырады. Қазіргі таңда серіктестіктің төрағасы Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы, директоры Кенжебаев Алтай Абдрахманұлы, оқу ғылыми-өндірістік орталағының директоры Алиев Мұрат болып табылады.
Шаруашылық Алматы-Нарынқол трассасының бойында, аудан орталығы Талғар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20, Алматы қаласынан шығысқа қарай 15, облыс орталығы Талдықорған қаласынан оңтүстікке қарай 230 шақырымдай жерде орналасқан.
Орталықта 2 ветеринарлық паталого-анатомиялық зертханалар, мал азығын зоотехникалық талдау зертханасы, сонымен қатар агрохимия зертханасы орналасқан. Ветеринарлық дәріхана да бар.
Шаруашылық 2013 жылы асыл тұқымды шаруашылық статусына ие болды.
Шаруашылық үш сала – мал шаруашылығы, ветеринария және егіншілікпен айналысатын бұл ұжымда 300-ден аса адам еңбек етеді. Шаруашылықтың барлық жер көлемі 43332,3 гектар, мұның ішінде негізгі жері табиғи жайылымдылық жерлер – 39822,1 гектар (мал шаруашылығының барлық түрлерін өсіріп-өндіріп дамытуға, өркендетуге өте қолайлы), өндірістік активінде 3600 гектар егістік алқабы бар, табыладысоның ішінде 500 гектары тамшылатып суарылады, 114,5 гектар көп жылдық отырғызылатын жерлер. Шаруашылықтағы ірі қараның басы – 3373 бас, оның ішінде сүтті бағыттағы – 1087, етті бағыттағы – 2273, қойлар – 9514, жылқы – 687, түйелер – 181.
Қызмет желісі |
Егін шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Ауыл шаруашылық алқаптарының көлемі |
43332,3 га |
Сонымен қатар егіс алқаптары, га |
3365,8 га |
Жайылымдар, га |
39822,1 га |
Шабындық, га |
29,9 га |
Өсірілетін ірі қара мал түрлері |
Асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры,Голштейн сиырлары, қара ангус және герефорд |
Ірі қара мал саны, мал басы |
2981 |
Сонымен қатар сиыр |
758 |
Егін шаруашылығы бойынша 2015 жылдың қорытындысы :
Сүрлемдік жүгері – 120-140 тонн\га
Дәнге баратын жүгері – 15-16 тонн\га
Соя – 6,5 тонн\га
12 тоннадан асатын пішен жоңышқа немесе 25-30 тонна пішендеме
Суарылмайтын қысқы дақылдар 6,5 тонн\га дейін
Көктемгі жарма 6,5 тонн\га дейін
Шаруашылықтың негізгі бағыты – астық шаруашылығы, етті, сүтті бағыттағы мал шаруашылығы және солардың өнімдерін өсіп-өндіру болып табылады. Атап айтқанда, шаруашылық етті бағыттағы Қазақтың ақбас тұқымын, Әулиекөл тұқымын, Абердин ангус тұқымын, Герефорд тұқымын және сүтті бағыттағы Голштино-фриз тұқымды ірі қара малдарының асыл тұқымдарын, Еділбай, Сарыарқа және Қазақтың биязы жүнді асыл тұқымды қой шаруашылығын, Қазақ түйлерін, Қазақы жылқылар мен спорттық жылқыларды өсіріп-өндірумен айналысады.
Бұл жерлер далалы, ойлы-қырлы, қыратты болып келеді де, мал өсіруге өте қолайлы. Осы жерлерде шаруашылықтың қыстаулары, күздеуі мен күздеуі, сонымен қатар мал өсіріп-өндіретін бөлімшенің орталығы мен мал қоралары орналасқан. Малдар қыстауларда қыстатылып, ірі қара малдар қыс-көктем айларында төлдетіліп, қойлар көктемде төлдетіліп, ал жаз айларында алыстағы жайлауларында семіртіліп бағылады да, күзге қарай күздеулерге қайта оралады.
Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайларының сипаттамасы
Шаруашылықтың ауа-райы аяқ асты тез өзгергіш, құбылмалы болып келеді. Ауаның орташа жылдық температурасы 7,2-8,2 градучқа сәйкес келеді. Жылына орта есеппен 503-525 мм ылғыл түседі. Ылғалдң ең жоғарғы мөлшері көктем айларына, ал ең төменгісі қыс пен жаз айлпрына тура келеді. Жаз айлары әрі ыстық, әрі құрғақ болып келеді. Қыркүйектен бастап күн салқындай бастайды да, алғашқы суықтар осы айдың соңында байқалады. Негізінен мұндай ауа-райы мен табиғат жағдайлары шаруашылықта барлық ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлы болып табылады.
Шаруашылықтың жер көлемі негізінен далалы, тау бөктері мен таулы аймақта орналасқан. Сондықтан да бұл жерлердің ауа-райы қатал, әрі жер бедеріне байланысты тез өзгергіші құбылмалы. Малдар қысы-жазы осы аймақтарда табиғи жайылымдарда жайылып бағылады.
Далалы, тау бөктеріндегі аймақта жайма-шуақты күндер 120-150 күнге, ал жылдық ылғалдылықтың мөлшері 350-550 мм жетеді. Түскен қар 85-105 күнге дейін тұрақты сақталады.
Таулы аймақта ылғалдың мөлшері 175-тен 300 мм-ге дейін көтеріледі. Тұрақты қардың сақталуы 100 күн мөлшерінде.
Жер көлемінің оңтүстік жағының биіктігі 680-760, ал солтүстік жағы 625-680 метр шамасында.
Таулы аймақ негізінен 700-1000 метр биіктікте орналасқан, бұл жерлердің топырағы әр түрлі типтерді құрайды. Негізінен қара топырақты болып келеді.
Далалы, тау бөктеріндегі аймақтың топырағы қара-қоңыр және ашық-қоңыр немесе қоңырқай болып келеді. Бұл жерлерде негізінен ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі.
Шаруашылықтың өсімдігі негізінен жусанды құбылмалы болып келеді. Бұл жерлерде бидайық, селеу, бетеге сияқты т.б. өсімдік түрлері және қамыс өседі. Жазықтау жерлерде негізінен жусанды астық тұқымдыстар өседі.
Шалғынды, шабысты жерлерде негізінен арпабас, қоңырбас, тарғақ, бидайық сияқты өсімдік түрлері кездеседі.
Таулы аймақтардың жайылымы өте құнарлы, әрі өсімдіктің неше түрі өседі. Жаз айларында малшылар осы тау жайылымдарына, яғни жайлауларға айдап, жайып семіртеді.
Голштин ірі қарасының тұқымы
Бұл тұқым АҚШ пен Канадада голландияның қара-ала тұқымы арқылы шыққан. Алғашқы уақытта шығарушы фермерлер жаңа тұқымның сүттілігіне және тірі салмағына көңіл бөлген. АҚШ-та 1871 жылы голштин ірі қара малын өсіру қоғамы құрылған.
Голштин сиырларының орташа тірі салмағы 670 кг-нан 700 кг-ға дейін, бұқаларының салмағы -960-1200 кг-ға дейін. Еркек бұзауларының туғандағы тірілей салмағы 44-47 кг, ұрғашыларынікі -32-42 кг. Голштин малының сыртқы бітімі сүтті бағыттағы тұқым тектес.
Шоқтығының орташа биіктігі 141-147 см, бұқаларынікі – 165-167 см. Ерекшелігі тез жетілгіш- өсімтал мал,азықты тез өтейді, сүтті комплекстегі жаңа технолгияға бейімделген және адаптациялық қасиеті жоғары. АҚШ-та Висконсия штатында 2010 жылы Ever Yzeen My 1396 сиыр 305 күнде 5-ші лактацияда 32765 кг сүт, 1265 кг май және 972,5 кг ақуыз /белок/ өндірді.
Канадада Онтарио штатында джиплет Император Смурф 6567959 сиырдан 10 лактациядан фантастикалық сүт өнімі 216893 кг сүт, 7709 кг май және 6826 кг ақуыз /белок/ алынды, тағы ол сиыр 2012 жылы лактация да болды.
Сүттілігі жағынан голштин тұқымы дүние жүзінде бірінші орында, 2011 жылы 3816832 сиырдан 305 күнде 10607кг сүт,3,66% майлылық , 3,07% белок.
Голштейн сиырларын азықтандыру
1. 1 база – 50 бас сиыр – шөп-3 кг, арпа-3 кг, соя-3,2 кг, жүгері жемі-3 кг, сода-0,2 кг, премикс-0,2 г, сүрлем жүгері-30 кг, су-2,5 кг, 1-сиырға 45,1 кг.
2. 1 база – 49 бас сиыр- шөп-3 кг, арпа-3 кг, соя-3,2 кг, жүгері жемі-3 кг, сода-0,2 кг, премикс-0,2 г, сүрлем жүгері-30 кг, су-2,5 кг, 1-сиырға 45,1 кг.
3. 1 база - 49 бас сиыр- шөп-3 кг, арпа-3 кг, соя-3,2 кг, жүгері жемі-3 кг, сода-0,2 кг, премикс-0,2 г, сүрлем жүгері-30 кг, су-2,5 кг, 1-сиырға 45,1 кг.
4. 2 база –45 бас сиыр- шөп- 6 кг, арпа-2,5 кг, соя-1,5 кг, жүгері жемі-2 кг, сода-0,5 кг, премикс-0,15 г, жүгері сүрлемі-25 кг,су-3 кг,барлығы 1 сиырға 42,55 кг жем-шөп беріледі.
5. 2 база –48 бас сиыр- шөп-6 кг, арпа-2,5 кг,соя-2,3 кг,жүгері жемі-2,5 кг, сода-0,1 кг, премикс-0,15 г, жүгері сүрлемі-25 кг, су-3,5 кг,1 сиырға – 42,55 кг жем-шөп беріледі.
6. 2 база- 53 бас сиыр, шөп-6 кг, арпа-2,5 кг, соя-2,3 кг, жүгері жемі-2,5 кг, сода-0,1 кг, премикс-0,15 кг, жүгері сүрлемі-25 кг, су-3,5 кг, 1 сиырға-42,55 кг жем-шөп беріледі.
Әр сиырға тәулігіне робот арқылы 1 кг комбинированный корм беріледі.
