- •1.Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау
- •Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу.
- •1.2 Case-құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер моделін құру
- •1.3 Замануи дқбж-де мәліметтер қорын анықтау
- •2. Interbase/FirebirdSql-серверінде деректер базасын анықтау
- •2.1 Базада домендер,кестелер,көріністер анықтау
- •2.2 Мәліметтер қорының деректерін басқару
- •2.3 Мәліметтер қорының деректерін таңдау, sql сұраныстар
- •3.Мәліметтер қорының деректерін қорғау
- •3.1 Программалау ортасында деректерді қорғау әрекеттер
- •3.2 Қолданушылардың мәліметтер қорына қол жетiмділігі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Деректер базасын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады.
Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді өзгерту мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.
Қойманың деректер - ол заңды құқықтық табысы бар, үлкен көлемде заттарды сақтау қызметін көрсететін мекеме. Қойманың негізгі мақсаты заттардың сақталуын,келіп кетуін қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қойма пәндік аймақтың МҚ қосымшаларын бағдарламалау».
Жұмыстың басты мақсаты:Қойма автоматтандарылған ақпараттық жүйесін құру. Осы мақсатқа жету үшін келесі жұмыстар орындалады.
Қойма пәндік аймағына талдау жасау;
CASE- құралдың көмегімен деректер базасын жобалау;
ДҚБЖ ортасында деректер базасын құру;
Delphi программасымен байланысы;
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қойманы автоматтандыру арқылы қоймадағы керек тауардың бағасын,мөлшерін,сатып алушы мекеме жайлы ақпараттар,тауарлардың сатылған, сатып алынған уақытын және сол қойманың қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету болып табылады.
1.Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау
Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу.
Қойманың негізгі міндеттері мен бағыттары:
Кез келген қойманың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: тауар қорын сақтау,іріктеу және ұйымдастыру; тұтынушыға қызмет көрсету.
Деректер базасының өмірлік циклінің кезеңдері қандай да болсын программалық өнімнің өмірлік циклына ұқсас, бірақта оның ерекшелігі – тек қана деректер базасына байланысты болады. Деректер базасын жобалау процесі пәндік облыстың ақпараттық құрылымының сипаттамасынан басталып, белгілі бір модельдің терминдерін қолдана отырып, пәндік облыстың объектілеріне формалды түрде берілген сипаттамасымен аяқталады.
Есептің қойылымы ақпараттық технологиялық қамтамаларды өңдеудің негізі болып саналады. Есептің қойылымы үш бөлімнен тұрады: есептің сипаттамасы, яғни пәндік аймақтың жұмысын анықтау, кіріс ақпараттар мен шығыс ақпараттарды бөліп алу, анықтау.
Кіріс мәлеметтер: Кіріс ақпарат деп ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, хабарламаларды, деректер түрінде автоматтандырылған жүйесін айтамыз.
Тауарды тұтынушыларға қызмет көрсету түрлі жолдармен орындалады:
тауарды мекемелерден алу және сату;
қойма каталогы жүйесі арқылы тауар жинақтары туралы ақпаратты ашып көрсету;
әр түрлі типтегі ақпараттық - тұтынушылық әдістемелерді құрастыру;
Қоймада тауарды жіберу үшін тауарларды тіркеу қажеттілік туады. Тіркеу барысында клиентке
клиент коды
мекеме аты
адресі
телефон номері.
Қызметкерге
Арнайы тағайындалған номер беріледі
Қызметкер аты-жөні
Телефон номері
Тауар жіберілуі – сатып алушылардың сұранымы бойынша берілген құжаттар аты мен шифрлары. Тауарларды алғанда сатып алушы
- Тауардың аты
- бағасы;
сатып алушы мекеменің аты
тауар алған күні;
алынған тауар саны;
тауарды берген қызметкер туралы ақпараттар тіркеледі.
Қойма жайлы
қойма аты;
мекен жайы;
қоймаға жауапты қызметкер;
қоймадағы тауар саны.
Қойманың жұмысының шығыс ақпараты тұтынушылардың талаптарына сай келіп, сұраныстарын қанағаттандыру керек.
Тауар жайлы толық ақпарат алу;
Тауар берілімінде аты, алған сатып алушы жайлы, тауарды берген қызметкер және тауар берілген күн жайлы ақпараттар жатады.
Программаға қойылатын талаптар: сенімділік, қол жетімділік, қауіпсіздік .
Аппаратты немесе бағдарламалы өнімге қойылатын техникалық талаптар туралы айтатын болсақ, біріншіден өңделген бағдарлама қандай жұмыс атқаратындығы қарастырылады. Бағдарламамен жұмыс істеу үшін қолданушыға келесі минималды талаптар кажет:
- Компьютер түрі, процессор: Intel Core I7
- Жедел жады (RAM): 512 Мб
- Видеорежим: 256 түс (немесе жоғары) / 600х800
- Қосымша құрылғылар: тышқан және пернетақта
- ОЖ:Windows XP немесе 7, 8,10
- Операцияны жүзеге асыру үшін және бағдарламаны орнату үшін дисктегі көлем 50 Мб-тан кем болмауы;
- CD-Rom немесе USB-порттың саны
Сенімділігіне қойылатын талаптарға келетін болсақ, бағдарламаның қандай да бір қателік туындаған жағдайда сұхбат терезесін көрсету мүмкіндігі бар. Ол шығыс және кіріс ақпараттарын бақылайды. Мәліметтер қорын бөтен адамдардан қорғау үшін құрылатын бағдарлама парольды тану технологиясын қолдану негізінде құрылған қорғаныспен қамтамасыздандырылады және басқа да қорғаныс жолар қарастырылады.
