Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теримнология жоба сонгы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.57 Кб
Скачать

Калькалау тәсілі арқылы жасалған терминдер

Мұнай-газ саласының терминдерін жасауда – аударма тәсілінің рөлі зор. Бұл тәсіл кейде калькалау тәсілі деп те атайды.

Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу үлгісі мен мағынасын пайдалана отырып, ұлт тілінде термин жасау болып табылады. І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов сөздігінде: «Бір тілдегі сөз бен сөз тіркестерін я сөз мағынасын ауыстыру, көшіру, мысалы: тышқан – орыс тілінің мышь сөзінің калькасы» деп жазылған.

Жалпы қай тәсілмен болмасын жаңа сөз, жаңа термин жасау оп-оңай шешімін табатын, әркімнің де қолынан келе беретін бұқаралық іс емес. Бұл арнайы біліктілікті, машықтануды, көп ізденісті қажет ететін, шығармашылықпен жүзеге асатын жұмыс. Калькалау да сондай. Термин шығармашылығында бұл тәсілді пайдалана отырып арнаулы сала атауларын жасағанда бұл мәселенің қырларына жете көңіл аудармай болмайды. Ғалым Г.Ц. Пюрбеев «Калькалау арқылы термин жасау өте күрделі мәселе. Аударманың сәтті шығуы үшін өзге тілдегі сөздің (сөз тіркесінің) семантикасын, морфологиялық құрылымы мен қолданылатын саласын жақсы білу керек» деп көрсетеді [2, 22].

Әйгілі тілші ғалым Л. Блумфилд кальканы шет тілінің сөзін аудару немесе шет ел тілінің сөзі арқылы берілген ұғымды өз тіліңнің сөзімен атай отырып, жаңа сөз жасау деген болатын.

Кейбір тілдерде калька шет тілдері сөздерін игерудің бірден-бір тәсілі болып саналады. Біз де солай етейік деп өзге тілдерді үлгі ете берудің реті бола қоймас. Бірақ қажетіне қарай, термин шығармашылығында бұл тәсілді де жатсынбай пайдаланып, оны тіліміздің табиғатына сәйкестендіріп жетілдіре білсек, терминжасам тәсілдеріміздің өрісі кеңейіп, өзге тілдердің сөздерін игеру мүмкіндігіміз арта түспек.

Әріп

Толық калька

Саны

Жартылай калька

Саны

А

айдап шығару, аймақ, аймақ аралық, ақау

45

автомобиль-мұнай тасығыш, аз инерциялы, азот қышқылы

34

Ә

әдіп, әкелім, әріптес құрылтайшылар, әуе-құрғақ

10

әкті-доломитті, әкті-натрийлі

2

Б

баға қалыптастыру, балқушылық, борлы, баламалылық, баяу балқитын

51

бензин оттекті, бета-бөлшектер, бункер-араластырғыш, борттан түсіру

46

В

-

0

вакуум-араластырғыш, вакуум-орауыш, ватт-сағат

6

Г

-

0

газ алмасу, газ аулағыш, гидроқұрылғы, гидротасымалдауыш

59

Ғ

ғылыми еңбек

1

-

0

Д

дабыл, дәрі қобдиша, деңгей өлшеуіш, дірілдек бұрғы

33

дебит өлшеуіш, дозатор-таразылар

2

Е

екпін, екі сатылы, екі түтік, еңкеюді өлшеуіш, ерітінді желісі

27

екі полюсті, екі тактілі

2

Ж

жалғағыш, жалын сөндіргіш, жартылай сұйық, жел өлшеуіш

43

жартылай автоматты, Жер мантиясы, жылу физикасы, жылу техникасы

11

З

зақымдану тұмшалауышы, заттек, зәкір ұстағыш

15

зарядтап қою

1

И

икемділік, ине сүзгіш, иілуді өлшеуіш

21

изокөмірсутектер, инженер-әзірлеуші, инженер-геолог

9

К

келте құбыр-ұзарқыш, кеме-қойма, кен қазушы

36

катон алмасу, концессиялық мұнай, кристалл ішілік

15

Қ

қабылдап таратқыш, қабыршаққа төзімді, қалыңдықты өлшеуіш

29

қима үлгі-оправка, қоңырау-калибр, құбыр кескіш-перфоратор, құбырларды рейберлеу

19

Л

лық толтыру

1

-

0

М

май аулағыш, май бөлгіш, материал тасығыш, мұздауға төзіміді

61

магнит желісі, мазут желісі, мазут қоймасы, мінбенің пилоны

73

Н

нағажайдан қорғау, науа тәрізді, нобай

13

-

0

О

отқа беріктік, от өшіргіш, отырушылық

28

оксиқышқыл, ортобілік, ортожыныс

7

Ө

өзара алмасу, өзі жүретін, өнім желісі

17

өткізгіш-аромотизатор

1

П

-

0

пакер-тығын, параллельді-бірізділікпен, паратақтатас, парафинді бөлгіш

31

Р

реттелемейтін, реттегіш

2

радио мәйек, резеңке мата,

15

С

сақтандырғыш, салқындатқыш, салмағы болушылық,салмақ талдағыш

36

сейсмобағыт, сифонмен қотару, сканерлік піспе, станок сорғыш, сульфатқа төзімді

21

Т

табиғи қуыс өлшегіш, тартпа көмей, таяз су, тау құраушы

79

тарқыш трактор, тендерге қатысушы, температура өткізгіштік

47

У

уландырғыш, уақытты белгілеуіш, улағыштық

11

ультра мөлтек салмақтар, ультрасүзгілеу, сультрасүзгіш

3

Ұ

ұзақ мерзімдік, ұзартқыш, ұйпалақтату, ұңғыма аралық

22

ұңғыманың радиометриясы, ұсақ кристаллды, ұшақ бензині

12

Ү

үдемелілігі аз, үзгіш, үрлемелі

11

-

0

Ф

-

0

фаза аралық, формация аралық, фототіркегіш, фрезер-өрмекші, фторлы қыртыс, фрезермен өңдеу.

6

Х

хабарландырушы

1

химик-сарапшы, хлорлы сутекті

2

Ц

--

0

цемент араластырғыш, цемент өлшеуіш, цемент тасығыш

5

Ч

-

0

червякты беріліс

1

Ш

шағылдырғыш, шайғыш, шаң ұстағыш, шикі мұнай

15

-

0

Ы

ығысудың құралуы, ылғал бөлгіш, ылғалға төзімді, ыстыққа сынғыштық, ысырма аударғыш

11

-

0

І

ілмек-шығыр, ілінісушілік, іш өлшеуіш

9

-

0

Э

-

0

электр ара, электр бұрама, электр шамы,

22

Ю

-

0

-

0

Я

-

0

-

0

Барлығы

628

452