- •Мемлекеттік емтиханның бақылау сұрақтарының
- •5В02700-азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы
- •«Тамақ өнімдері технологиясының негіздері» пәні
- •«Азық-түлік өнім салаларының технологиясы» пәні
- •«Азық-түлік өнімдерінің тауарларын тану» пәні
- •«Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы» пәні
- •«Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәні
- •«Ұлттық және шетел тағамдарының технологиясы»
- •«Сүт және сүт өнімдері технологиясы» пәні
- •«Сүт ірімшігі мен майының технологиясы» пәні
«Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы» пәні
Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру технологиялық принциптерін сипаттаңыз.
Қоғамдық тамақтандыру тағамдарын дайындаудың жалпы технологиялық схемасын құруды көрсетіңіз.
Өнімдерді механикалық және аспаздық өңдеу тәсілдерінің түрлерін көрсетіңіз.
Аспаздық өнімдерді жылулық өңдеуден өткізудің тәсілдерін сипаттаңыз.
Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің сапасы және оларға қойылатын санитарлық талаптарға сипаттама беріңіз.
Өнімдердің технологиялық қасиеті және технологиялық принциптеріне сипаттама беріңіз.
Шикізатты және дүмбілдерді сақтау тәртібін түсіндіріңіз.
Шикізатты салқын бөлмелерде сақтауға қойылатын талаптарды көрсетіңіз.
Аспаздық өнімдерді салқындату және тоңазыту тәртібін, параметрлерін көрсетіңіз.
Шикізатты салқын емес бөлмелерде сақтау тәртібін көрсетіңіз.
Дүмбілдерді өндіруді орталықтандыру қажеттілігі және оларға қойылатын талаптарды атаңыз.
Ет және ауылшаруашылық құс еттерінен, балықтан дайындалған дүмбілдерді атаңыз.
Көкөністен дайындалатын дүмбілдерге қойылатын талаптарды көрсетіңіз.
Өсімдік шикізатын жылулық өңдеуден өткізу және дайын өнім шығару тәртібін көрсетіңіз.
Жылулық өңдеудің дайын өнім алуда алатын орнын көрсетіңіз.
Сорпалардың жіктелуін атаңыз.
Астатым, мөлдір, езбе сорпаларының дайындалу технологиясын көрсетіңіз.
Бульондарды дайындау технологиясының ерекшелігін атаңыз.
Тұздықтардың негізгі түрлерін және олардың тамақтанудағы орнын көрсетіңіз.
Ет қызыл және ақ тұздығын дайындау технологиясын сипаттаңыз.
Балық сорпасынан тұздық дайындау технологиясының ерекшелігін түсіндіріңіз.
Томат қосылған көкөніс маринадын дайындау тәртібін көрсетіңіз.
Дәмтатымдарды (заправки) дайындаудың жалпы технологиясын көрсетіңіз.
Тәтті тұздықтардың түрлері және дайындау технологиясын сипаттаңыз.
Ет, құс еті, балық және теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдарды атаңыз.
Ет және ауылшаруашылық құс еттерінен тағам дайындау тәртібін түсіндіріңіз.
Жарма, бұршақты және макарон өнімдерінен тағам және гарнир дайындау технологиясын көрсетіңіз.
Көкөніс, саңырауқұлақтан тағам және гарнир дайындау тәртібін сипаттаңыз.
Өсімдік шикізаттарын қайнату, буда пісіру, қуыру, бұқтыру технологиялық процесінің ерекшелігін сипаттаңыз.
Көкөніс дүмбілдерін консервілеу тәртібін айтыңыз.
Жұмыртқа және сүзбе тағамдарын дайындау тәртібі мен ерекшелігін көрсетіңіз.
Жұмыртқа және сүзбенің технологиялық қасиеттерін атаңыз.
Салқын тағамдардың түрлерін атаңыз.
Салқын тағамдарды дайындау технологиялық процесі мен түрлеріне сипаттама беріңіз.
Бутербродтардың түрлері және дайындалу ерекшелігін көрсетіңіз.
Банкеттік дәмтатымдардың дайындалу ерекшелігін көрсетіңіз.
Салаттар және винегреттердің ассортименті және дайындалу ерекшеліктерін атаңыз.
Еттің морфологиялық құрылыс ерекшелігін түсіндіріңіз.
Еттен дайындалған тағамдардың түрлері және дайындалу ерекшелігін көрсетіңіз.
Етті жылулық өңдеуден өткізгенде өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз.
Балықтан дайындалған тағамдар ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Балықты жылулық өңдеуден өткізгенде өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз.
Балықтың морфологиялық құрылыс ерекшелігін түсіндіріңіз.
Тәтті тағамдардың түрлері және дайындалу технологиясын көрсетіңіз.
Киселдердің түрлері және дайындалу технологиясын сипаттаңыз.
Кисель қандай шикізаттардан тұратынын көрсетіңіз.
Компоттардың түрлері және дайындалу технологиясын сипаттаңыз.
Желе, муссы, самбук дайындау технологиясын түсіндіріңіз.
Кремдер мен суфле дайындау технологиясын түсіндіріңіз.
Сүт негізіндегі сусындардың түрлері және дайындалу технологиясын көрсетіңіз.
Ұн өнімдерінің түрлеріне жалпы сипаттама беріңіз.
Ұн өнімдеріне арналған қамырдың жіктелуін атаңыз.
Ашытылған және ашытылмаған қамырлардың дайындалу технологиясын көрсетіңіз.
Қабатталған ашытылған және ашытылмаған қамыр дайындалу технологиясын көрсетіңіз.
Бисквиттік және ұнтақты қамыр дайындалу технологиясын көрсетіңіз.
Қайнатпа және қантты қамыр дайындалу технологиясын көрсетіңіз
Ұннан дайындалған дүмбілге (қамыр) сипаттама беріңіз.
Ұн тағамдары, аспаздық ұн өнімдерінің түрлері және дайындау технологиясын көрсетіңіз.
Қоғамдық тамақтандыру орындарында тамақ дайындағанда дайын тағам дайындағанда қандай нормативтік құжаттар қолданылады?
Шикізатты аз майда қуыру және фритюрада қуырудың қандай ерекшеліктері бар?
Тағамдық өнімдерді дайындау, тұтыну және сақтаудағы негізгі санитарлық талаптарды атаңыз.
Негізгі жылулық өңдеудің, бірлестірілген жылулық өңдеуден өткізуден қандай айырмашылығы бар?
Шикізат пен энергияны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетіңіз.
Шикізат, жартылайфабрикат және дайын өнімнің технологиялық қасиеті қандай көрсеткіштермен сипатталады?
Ет, балық, май, сүт және гастрономиялық тауарларды салқын бөлмелерде сақтау ерекшеліктерін атаңыз?
Еттің бұлшық ет және біріктіргіш ткандарының құрылысын түсіндіріңіз.
Еріткенде ет және балықтың бұлшық етінде қандай өзгерістер жүреді?
Ірі түйірлі, үлестелген және майда түйірлі жартылай фабрикаттарды аспаздық қолдану ерекшеліктері қандай?
Ет бұлшық ет құрамындағы экстративтік заттардың тамақ дайындауда алатын орнын көрсетіңіз?
Ет жартылайфабрикаттарынан тамақ дайындауда жылулық өңдеудің қандай түрін қолданады?
Майда ұсақталған (езбе) еттен қандай тағам түрін дайындауға болатынын айтыңыз№
Еттен дайындалған жартылайфабрикаттарды сақтау ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ауылшаруашылық құс еттерінен қандай жартылай фабрикаттар дайындауға болады?
Балықтың бұлшық еті мен біріктіргіш ткандарының құрыстық ерекшелігі қандай?
Балықтың морфологиялық құрылысы мен химиялық құрамын көрсетіңіз.
