Дефектология және логопедия негіздері
1 Вариант
1. Дефектология ғылымы нені зерттейді?D) кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді, сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын белгілейді;
2. Алғашқы рет ақыл-ой бұзылуларды, көңіл-күйді, аурулардың физикалық жағдайын ескере отырып психикалық ауруларды жіктеген ғалым.A) медицина профессоры Феликс Платтер;
3. Алғаш рет «аменция», «деменция», «имбецилизм» және «кемақылдылық» деген ұғымдарды енгізген ғалым кім?C) Жан Этьен Доминик Эскироль;
4. Алғаш «олигофрения» ұғымын көрсетіп енгізген ғалым кім?C) Эмиль Крепелин;
5. «Олигофрения» ұғымы қандай мағына береді?A) грек тілінен – ақылы аз, кем деген мағына береді;
6. Дефектология ғылымы қандай салаларды біріктіреді?B) сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, арнайы психология;
7. Сурдопедагогика нені зерттейді?A) есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;
8. Тифлопедагогика нені зерттейді?D) көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;
9. Логопедия дегеніміз –E) тіл мүшелері (артикуляциялық аппараты) кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту.
10. Олигофренопедагогика – A) ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеу және оқыту;
11. Дефектологияда балалардың психикалық, физикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді әлсірету немесе дұрыстауға, түзетуге бағытталған педагогикалық шаралардың жүйесі –C) коррекция
12. Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары:B) баланың физикалық және танымдық әрекеттерінің дамуындағы кемістіктерді азайту немесе жою;
13. Коррекцияның мақсаты –D) кеміс балалардың ақыл-есі дұрыс, дені сау балалармен қарым-қатынасына жағдайлар туғызу;
14. Компенсация дегеніміз – E) организмдегі жетілмеген немесе бұзылған функционалдық қызметтерді қалпына келтіру.
15. Әлеуметтік реабилитация сөзінің медициналық-педагогикалық мағынасы:
C) кеміс балаларды әлеуметтік ортаға қалыптастыру, олардың психикалық-физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамдық өмірге, еңбекке араластыру, баулу.
16. Әлеуметтік адаптация дегеніміз –
A) жалпы қоғамдық нормалар жүйесіне сәйкес кемтар балаларды топ ішіндегі және жеке тәртіптерге бейімдеп үйрету;
17. Дефектологияның негізгі міндеттері:E) әртүрлі кемістігі бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, клиникалық тұрғыда жан-жақты тереңірек зерттеу.
18. ... – кемтар балаларға ертерек, дер кезінде тәрбиелеу және оқыту мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.
A) Дефектология;
19. Профилактика қамтамасыз етеді: B) тұрғындардың тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау;
20. Кемақылдылықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның қандай дәрежелерін ажыратады:C) дебильдік, имбецильдік және идиотия;
21. Дебил кезіндегі интеллектуалдық коэффициенті – D) 50-70 %-ды құрайды;
22. Ересек дебилдардың психологиялық дамуы неше жастағы баланың дамуына сәйкес келеді?B) 8-12 жастағы;
23. Имбецилдің интеллектуалдық коэффициенті – E) 20-50 %-ды құрайды.
24. Соқыр балалар үшін өз атымен белгі жазу, оқу әдістерін ойлап тапқан ғалым кім?D) Л.Брайль;
25. Соқыр адамға қарағанда қандай адамның түрі өмірге тез араласуға және оны тез дамып білуге бейімдірек?B) мылқау;
