Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Эксплуатациялы блім Рысали Э..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.87 Кб
Скачать

4.4 Желдеткіштерді майлау

Желдеткіштер мен электроқозғалтқыштардың подшипниктері мен басқа буындарын майлау үшін қызмет көрсету процесінде жиі майлап тұру қажет. Шахталық желдеткіштер және жетекті электроқозғалтқыштарды майлауда қолданылатын майлардың түрлері төменде аталып өтетін болады.

Осьтік және ортадан тепкіш желдеткіштердің майлау картасы 4.2-ші кестеде келтірілген. Подшипниктерді майлау үшін қолданылатын майларда сертификат болуы тиіс. Сілтілі майларды қолдануға қатаң тиым салынады.

Консистенттік майлау подшипниктерде мынадай мөлшерде төселуі тиіс, онда тіректің денесі мен жолдарының кеңістсгін толтырады. Одан басқа, подшипниктің корпусы бос көлемінің 1/3 бөлігіне майлаумен толтырылуы тиіс. Артық консистенттік майлау зиянды.

Сұйық майды төменгі роликтің ортасына дейін құю керек, оған майды көрсететін шыныда қызыл белгісі сәйкес келеді. Майлаудың циркулярлық жүйесімен подшипниктерге майды беру тербеліс подшипниктеріне 3 л/мин және сырғыма подшипниктеріне 6 л/мин аспауы тиіс.

4.2-кесте-ВЦ желдеткіштерінің майлау картасы

Майлау нүктесі

Бөлшектер мен буындарын майлау

Майлау жүйесі

Майлау режимі

Майлау материалы

1

Электроқозғалтқыштың тербеліс және сырғыма подшипнигі

Құрау және толтыру кезінде сығу

Консистенттік май ревизия кезінде ауыстырылады

Майлау 1-13, МЕСТ 1631-52, немесе индустриальды 30 МЕСТ 1707-51

2

Тісті муфта

Сығу

Айына бір рет толтырылады, 1 кг

Солидол УС-2, МЕСТ 1003-51

3

Желдеткіштің подшипниктері

Майлы ванна

Айына бір рет толтырылады. Үш айда бір рет толтырылады

Индустриалды 30, МЕСТ 1707-51

4

Бағыттағыш аппараттарының күрекшелерінің подшипниктері

Сығу

Айына бір рет толтырылады

Солидол УС-2, МЕСТ 1003-51

5

Бағыттағыш аппараттардың жетегі

Майлы ванна

Айына бір рет толтырылады

Индустриалды 45, МЕСТ 1707-51

6

Бағыттағыш аппараттар жетектерінің винттерінің подшипниктері

Сығу

Ревизия кезінде майлауды ауыстыру

Солидол УС-2, МЕСТ 1003-51

7

Бағыттағыш аппараттар жетектерінің винттері

Винт бұрандасын майлау

Айына бір рет

Солидол УС-2, МЕСТ 1003-51

4.4.1 Желдеткіштерде қолданылатын майлардың түрлері

Ортадан тепкіш желдеткіштерде жұмыс қабілеттілігі мен ұзақмерзімдігі көп дәрежеде майлағыш материалдарды дұрыс таңдаумен майлау кестесіне байланысты. Бұл олардың өнімділігі көп дәрежеде майлағыш материалдарды дұрыс таңдау мен майлау кестесіне байланысты. Бұл олардың өнімділігін көтеріп, пайдаланудағы шығындарын төмендетуге септігін тигізеді.

Желдеткіштерде майлағыш материалдар үйкеліске қуат жоғалысын төмендетеді, бөлшектердің желінісін азайтады, бөлшек қызуын тұрақтандырады, бөлшектерді даттан қорғайды, жектерді тығыздайды, бөлшек беттерін ыластандырғыш шөгінділерден тазартады, жалғамалардағы соққы күштерін жану қозғалтқыштарының цилиндрлеріндегі желініс өнімдерін тазалайды.

Шығу тегіне байланысты майлағыш материалдарды келесі топтарға бөледі: мұнайдан, көмірден және басқа да минералдардан алынатын минералды; өсімдікті (мақта) күнбағыс, т.б); халионаттық (шошқа, тюлень, кит, балық, т.б); синтетикалық (химиялық синтезбен алынды).

Минералды майлағыш материалдар кең тараған, себебі салыстырмалы жоғары сапада төмен құнды.

Физикалық қасиеттері бойынша майлағыш материалдар майлағыш майлар, шоғырланған майлағыштар және қатты майлағыш (графит, тальк) болып бөлінеді. Майлағыш майларға 10-150 С та ақпалылығын сақтап қалатын материалдар жатады, шоғырланған майлағыштар бұл қызуда маз тәріздес күйге көшеді.

Майлағыш майлар.

Минералды майларды мұнайды алғаш өңдеуден қалған мазутты вакууммен қуып, химиялық өңдеу арқылы алады. Бұл ретте келесі май дистилаттары бөлінеді: жеңіл, орташа және ауыр, индустриальды майлар; цилиндрлік майлар; майлық гудрон.

Зиян қосындылырды ажырату үшін май дистилаттары келесі тәсілдермен тазаланады:

- майға Н2 қосып, ал қосындылармен өз ара әсерге түсіп, шөгінді құрамдар құрайды;

- майды сілтілермен өңдейді (мысалы ОН);

- майға арнайы заттар адсорбенттер) әсерімен жердің қуыстарында май құрамындағы қосындылардың адсорбциясы орын алады;

- майларды арнайы еріткіштермен өңдей (фенолмен, фурфуралмен, нитробензолмен, пропанмен), оларда зиян қосындылар еріп кетеді;

- майды сутегімен көтеріңкі қысым астында өңдей, оның күкірттен тазалауының жоғарғы дәрежесіне қол жетеді.

Тазаланған дистиланттарды (рафинаттарды) арнайы өңдеулерден өткізіп, майларға қажетті физикалық және химиялық қасиеттер береді. Майларға присадкалар (қосымшалар) ендіру арқылы олардың пайдалану қасиеттерін жақсартады.

Минеральды майлардың негізгі физико-механикалық қасиеттері: тығыздығы; тұтқырлығы; тұтану қызуы; қату қызуы; майлылығы; механикалық қоспалар мен судың құрамы; химиялық төзімділігі.

Минералды майлар үшін тығыздық 0,87-0,95 г/см3 шегінде болады.

Тұтқырлық сұйықтың ішкі үйкелісін сипаттайды және бөлшек бетінде май үлбірінің майда болуын анықтайды. Үйкеліс күштерін алуға жоғалыстар, бөлшектің желіну жылдамдығы, іштен жану қозғалтқыштарының қосу жеңілдігі, жалғамалардың тығыздық дәренесі, гильза-поршень түрлері, т.б. май тұтқырлығына байланысты. Май тұтқырлығын тамшылық – вискозиметрлермен анықтайды. (Белгіленген ыдыстағы сұйықтың ағу уақытын өлшейді). Тұтқырлықты – динамикалық кинематикалық және қабылданған (условный) деп бөледі.

Динамикалық тұтқырлық деп, сұйықтың екі қатар қабаттарының өз-ара ығысуына қарсылық күшін түсіну керек. Динамикалық тұтқырлықтың бірлігі ретінде Па қабылданған.

Кинематикалық тұтқырлық - өлшенетін қызудағы сұйықтықтың динамикалық тұтқырлығының тығыздығына қатынасы, м2/с. Судың 20 – ғы тұтқұрлығы 10-6м2/с.

Қабылданған, тұтқұрлық – белгілі қызулықтағы зерттелетін сұйықтықтың ВУ-200мл тектес вискозиметрінің калибрлік тесігінен ағу уақытының сондай сандағы дистиллденген судың 200 С-та ағу уақытына қатынасы.

Қабылданған тұтқұрлықты (м2) кинематикалық түрлендіру келесі формуламен атқарылады

(3.3)

ал динамикалық қабылдануға аудару,

0ВУ50 =(970Z)1,2+1, (3.4)

мұндағы Z - динамикалық тұтқұрлық.

Кинематикалық тұтқұрлық мемлекеттік стандарттарда келтіріледі және май маркасының белгісіне кіреді.

Майлардың тұтқұрлық қызулық қасиеттері тұтқұрлық индексімен бағаланады. Ол индекс жоғары болған сайын, майда жақсы. Индекстері 80- 90 майлар жақсы, ал 100 және одан жоғарылары өте жақсы болып есептеледі.

Әдетте май тұтқұрлығы 500С, ал өте тұтқұр майлардікі 1000С-та анықталады.

Май тұтқұрлығы қызу мен қысымға байланысты. Қызу өскен сайын май тұтқұрығы төмендейді және керісінше. Тұтқұрлығы қызуға байланысты аз өзгеретін майлар аса сапалы болып табылады. Қысым көтерілген сайын май тұтқұрлығы өседі. Мысалы, қысым 107Н/м2 – қа дейін көтерілгенде май тұтқұрлығы 20 есе өседі.

Бұл байланысты Кискальт бойынша анықтауға болады

ήр0 dp, (3.5)

мұндағы ήр - жұмыстық қысымдағы май тұтқырлығы;

ή0 - атмосфералық қысымдағы май тұтқұрлығы;

d - константа, минеральды майлар үшін1,002-1,004 ке тең;

p – қысым.

Майдың жылжығыштығы жоғалатын қызулықты, қату қызулығы –деп айтады. (450- та 1 минут ішінде өз пішінін өзгертпеуі, керек). Ол майдың әр түрлі климаттық жағдайларда пайдалануға жарамдылығын сипаттайды. Минералды майлар үшін ол 5 ÷ 30 С –аралығында жатады.

Ашық жалын әкелгенде тұтанып 5С-тен кем жанбайтын қызулықты тұтану қызулығы деп айтады. Ол майда жеңіл көр сутектерінің барлығын, сондай-ақ оның қызулы беттермен жанаса жұмыс істеуге жарамдылығын сипаттайды. Минеральды майлар үшін ол 200-3000С –қа тең.

Майлық майлағыштық сапаларын сипаттайды. Олар жанаспалы беттердің арасында адеорбталған молекулярлы үлбір құру арқылы шекаралық үйкелісті қамтамасыз ету қабілеттілігін анықтайды. Ол үйкеліс коэффицентімен және май үлбірінің беріктігімен бағаланады. Өсімдік және хаюанат майларының майлылығы мұнайлыққа қарағанда жоғары болады.

Майлағыш материалдарға қойылатын жоғары талаптарды, әдеттегі майлар қамтамасыз ете алмайды. Сондықтанда оларға қажет қасиеттер беру үшін арнайы присадкалар қосады. Олар тұтқырлықты көтереді, қату қызулығын төмендетеді, нагарлар мен шайырлық қалдықтардың алдын алады, даттануға қарсылығын көтереді т.б.

Ортадан тепкіш желдеткіштерде пайдаланылатын майлағыш майлар келесі незігі топтарға бөлінеді:

  1. моторлық, іштен жану қозғалтқыштарындағы бөлшектер мен жанаспаларды майлау үшін [автотракторлық АКЗп -6(М6Б), АКЗп 10 (М10Б), АС-6(М6Б), АС-8 (М8Б) АС-10 (М10Б); дизельдік –ДС-8(М8Б), ДС-11(М10Б), Дп-8];

2) трансмиссиялық, ауыржүктелген берілістерді майлауда пайдаланылады (трансмиссиялық қыстық және жаздық, гипоидтық берілістер үшін, ТАп-10, ТАп-15, ТС-10, МТ-14П, МТ-16П);

3) цилиндрлік, жоғары қызулықта және ылғал ортада жұмыс істейтін, ауыр жүктелген бөлшектерді майлау үшін (цилиндрлік 11, цилиндрлік 24 және т.б);

4) индустриальды, қалыпты жағдайларда жұмыс істейтін, әртүрлі машиналардағы бөлшектерді майлау үшін (И-12А, И-20А, И-40А, И-50А, индустриалдық, жеңіл, орташа және ауыр);

5) турбиналық майлар, жоғарғы жылдамдықтарда жұмыс істейтін және жоғарғы үлестік салмаққа душар болатын бөлшектер үшін Т46, Т57 т.б)

6) арнайы майлар-теміржолдық, трансформаторлық, аспаптық (аспаптық МВП, осьтік Л,З,С)

Қою майлағыштар

Қою майлағыштарды азтұтқырлы және орташатұтқырлық минаралды майларды қоюлантқышпен механикалық араластырып (80-90%) (10-20%) алады.

Қоюлантқыш ретінде келесілерді қолданады: жоғары молекулярлы майлы қышқылдардың кальцилік, натрийлік, митийлік, барийлік сабындары; қатты көмірмсутектілер-парафин, церезин, петролатум; қатты органикалық қосындылармен органикалық емес заттарды өңдеу өнімдері; жасанды майлы қышқылдар. Кальцийлі (солидол) және натрийлі (консталиндер) қою майлағыштар кең қолдану тапты.

Қою майлағыштардың ерекшелігі болып олардың аз ғана салмақ әсерінен белгілі пластикалыққа ие болып, өз пішінін қатты денелер секілді сақтай алатындығы, едәуір салмақтарда жоғары тұтқырлықты сұйықтар секілді аға алатындығы саналады. Қасиеттердің мұндай бірігуіне кеңістікті торлары минералды маймен толтырылған қоюлатқыштардың барлығымен қол жетеді. Салмақтың әсерінен тор бұзылып, май аға бастайды, ал салмақты алған кезде тор қайтадан қалпына келеді.

Қою майлағыштардың негізгі қасиеттері: жылуға төзімділігі, беріктігі, ылғалға төзімділігі, датқа қарсылығы, бір қалыптылығы, механикалық қосындылыр құрамы қабысуға қарсылығы.

Майлағыш материалдарды таңдау

Машинаның белгілі бір жиналмалы бірлігі үшін майлағыш материал таңдаған кезде ондағы үлестік қысымды, сырғу жылдамдығын, жұмыстық беттердің қызуымен күйлерін, үйкелістегі жұптардың орналасуын, салмақтың сипатын, майлау жүйесінің ерекшеліктерін ескеру керек.

Көтеріңкі үлестік қысыммен жұмыс істейтін жиналмалы бірліктер жоғарырақ тұтқұрлықты материалдармен майланады, себебі салмақ әсерінен май сығылып шығарылуы мүмкін. Тұтқұрлықты тым көтеру едәуір жылдамдықтарда бөлшектің қатты қызуына соқтырады (мысалы, подшипниктердің). Жанасу жіктері және жұмыстық беттердің қызуы өскен сайын майлағыш материалдардың тұтқырлығын көтереді т.б.

Майлағыш материалдарды тағайындау, әдетте машинаны жасаушы заводтың нұсқауына машинаны жасаушы заводтың нұсқауына сай жұргізіледі. Егер майлау туралы нұсқау болмаса, ал бар құжаттардан майдың сортын анықтау мүмкін болмаса, онда оны тәжірибелік жол мен таңдайды. Ол үшін, мысалы, подшипник қызуын әр түрлі майлармен 15 немесе 20 минут жұмыс істеген соң өлшеп, ең аз қызу бойынша өте дұрыс келетін майлағышты анықтайды.

Майдың тұтыну қызуы подшипниктің қызулығынан 45-500С-қа жоғары болуға тиісті. Подшипник 600 С-қа дейін қызатын болса И-12А, И-20А, И-30А, И-45А және 60-1000С-та цилиндрлік 11, автотракторлық АК-10 майларын қолданады.

Әртүрлі майлар тұтқырлығының қызуға байланысты 4.3-кестеде келтірілген.

4.3-кесте-Қызуға байланыст әртүрлі майлардың тұтқырлығы

Подшипникке қысым,МПа

Жылдамдық, м/с

Сырғыма подшипниктер үшін 500С-ға тұтқұрлығы

0,5-ке дейін

0,5-5,0

5,0 ден жоғары

≤ 0,5

0,5-5,0

≥5,0

≤0,5

≥5,0

≤0,5

0,5-5,0

≥5,0

10-14

5,2-8,5

4,0-5,1

38-52

17-23

58-75

42-58

38-52

Майдың тұтыну қызуы подшипниктің қызулығынан 45-500С-қа жоғары болуға тиісті. Подшипник 600 С-қа дейін қызатын болса И-12А, И-20А, И-30А, И-45А және 60-1000С-та цилиндрлік 11, автотракторлық АК-10 майларын қолданады.

Сырғыма подшипниктері үшін май шығыны, г/мин (тамшылы, фитильді және лубрикаторлы майлау жүйелері үшін)

, (4.6)

мұндағы dш - бірлік мойнының диаметрі,

ш білік мойнының ұзындығы,

Z- жұмыстық қызудағы абсолютті тұтқұрлық.

Машиналарды пайдаланудың орташа жағдайларында қою майлағыш шығынын келесідей анықтайды, г/ауысым,

(4.7)

мұндағы db- шайқатылма подшипниктің ішкі диаметрі, мм;

К-майлағышты ауыстырудың кезеңдік коэффициенті (1ай сайын ауыстырғанда К=6; 3ай сайында К=2; 6ай сайында К=1; 12айда- К=0,5).

Жабық тісті берілістер үшін май шығынын келесідей анықтайды, г/тәулік,

, (4.8)

мұндағы -май ваннасының сиымдылығы, кг;

=1,8-0,6 (Kр-д34 үлкен мәні сиымдылығы 20 кг-ға дейінгі ванналар үшін, ал кіші мәндері сиымдылығы 900кг және оданда жоғары ванналар үшін қабылданады).

Ашық тісті берілістерді майлау үшін қажет қою майлағыш шығыны, г.

Q=0,1 В(D+d), (4.9)

мұндағы В-тістің ені, см; (D+d)-тісті дөңгелек пен шестерня диаметрлерінің қосындысы, см.

Шайқалма подшипниктер үшін жиілігін индустриальды және автотракторлы (И-12А, И-20А, И-30А) цилиндрлік (11,АК-ю) майлары қолданылады. Шығыны келесідей анықталады, г/сағ,

d, (4.10)

мұндағы d - подшипниктіктің ішкі диаметрі, см;

- подшипник ұзындығы,см.

Жайпақ беттерді майлағанда, май шығыны, г,

(4.11)

мұндағы майлағыш жүйесінің түріне байланысты түзету коэффициенті;

- майлайтын беттің ауданы, см2.

Жылжытқы винттерді (бұрандаларды) И-45 (тік қойылған) және И-20 (жазық қойылған) майларымен майлайды. Май шығыны:

(4.12)

мұндағы -винт ұзындығы,м;

винт диамерті, мм.

Техникалық сұйықтар

Ортадан тепкіш желдеткіштерде техникалық сұйықтарды едәуір сандары қолданылады. Олар салқындатқыш сұйықтық жүйе, тиегіштер, сұйықтық күшейткіштер, амортизаторлар, көмекші сұйықтар.

Салқындатқыш сұйықтарды іштен жану қозғалтқыштарының бөлшектерінен жылуды әкету үшін қолданылады. Бұл ретте қалыпты қызу кестесін қамтамасыз ету үшін әкелетін қызу, жұмыстық қоспа жанғанда пайда болатын жылудың жалпы өмлшерінің 25-35 % құрауға тиісті. Жиі қолданылатындары су мен арнайы қатпайтын сұйықтар (антифриздер-вода+этиленьгликоль+декстрин (динатрифосфат).

Көптеген ортадан тепкіш желдеткіштерде сұйықтық жүйелер кең қолданылады. Олардағы сұйықтардың жұмыс жағдайлары өте ауыр. Жұмыстық қысым 20 МПа-ға дейін жетсе, қызуы +60 тан -50 С0-қа дейін ауытқиды.

Сұйықтық жүйелерде МГ-20, МГ-30, АМГ-10, МГ-3 сұйықтары кең қолданылады. Осы мақсатта индустриальды майларды, ВПС тектес селикондық майларды қолданады (тығыздығы 0,89-0,95 тұтыну қату кинематикалық тұтқырлығы 500 С та- м2/с; -500 С-та м2/с)

Сұйықтық тежегіштерде қолданылатын тежегеш сұйықтар келесі талаптарға сай болуға тиісті: қабаттарға бөлінбейтін, металлдық даттануын шақырмайтын, тұтқырлығын өзгертпейтін, майлағыш қабілетті, химиялық және физикалық тұрақтылықты, 1050С-тан төмен емес қайнау қызуымен, сондай-ақ аз буланатын. Олардың тұтқырлығы төмен қызуларда м2/с, жоғарғы қызуларда м2/с тен төмен болмауға тиісті. Ортадан тепкіш желдеткіштерде ГТН, ГТЖ-22, ЭСК, БСК, ФЭБ секілді сұйықтар қолданулар тапты.

Желдеткіш қондырғыларды бақылау жабдықтары

Желдеткіш қондырғыларды пайдаланған кезде негізгі жұмыстық көрсеткіш- терін, яғни өнімділігі мен қысымын бақылау керек. Желдеткіштер тудыратын қысымды өлшеу үшін, депрессиометрлер мен микромонометрлер қолданылады.Желдеткіш өнімділігін ауа ағымының жылдамдығы бойынша анықтауға болады, ол өлшенген динамикалық қысым бойынша анықталады немесе арнайы аспап – анометрмен өлшенеді. Желдеткіштердің өнімділігі мен қысымын тұрақты бақылау дифференциалды манометрлермен атқарылады

Желдеткіш өнімділігі Qжелдетпе арнасының S қимасында динамикалық қысым бойынша келесі формуламен анықталады.

Q=

мұндағы ауа ағымының орташа жылдамдығы

мұндағы – орташа арифметикалық қысым,Па

– ауа тығыздығы, кг/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]