Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Эксплуатациялы блім Рысали Э..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.87 Кб
Скачать

4.2 Бас желдетпе желдеткіштерінің іргетастары (фундаменттері) және желдеткіш каналдары

Фундамент- ғимараттың жерастындағы бөлігі, ол арқылы салмақ жерге беріледі. Салмақ- күштік әсер - ол ғимарат конструкциясының кернеулі-деформацияланған күйінің өзгерісін шақырады.

Уақыт ішінде өзгеру сипаты бойынша статикалық және динамикалық салмақтар болып бөлінеді. Статикалық салмақтар тұрақты болуы мүмкін, мысалы қондырылған жабдықтың массасынан, сондай-ақ уақытша болуы мүмкін, егер қондырылған жабдықтың массасы уақыт бойынша өзгеретін болса.

Әсер ететін денеге түсу сипаты бойынша салмақтар жинақылы (тым аз ауданға түсетін) және бөлінген (барлық бетке немесе оның бір бөлігіне) болып келеді.

Динамикалық салмақтар фундамент тербелісін шақырады және жер арқылы тұрақты қондырғылар орнатылған, сондай-ақ басқа да көрші ғимараттарға беріледі. Тербеліс адамдар денсаулығы мен жұмыс қабылеттілігіне зиян әсер етеді (мысалы, бөлшектердің көтеріңкі желінісін шақыруы мүмкін). Сонымен қатар, ол ғимараттардың және фундаменттердің бірқалыпсыз шөгуін шақырып, соның салдарынан-фундаментке орналасқан жабдықтардың ығысуына және олардың қирауына соқтыруы мүмкін.

Тербелісті әртүрлі тәсілдермен азайтады: ортадан тепкіш желдеткіштердің роторларын тепе-теңдігіне қол жеткізеді; ортадан тепкіш желдеткіштердің кривошипті иінді біліктерін бір-біріне белгілі бұрышқа ығыстырады; желдеткіштерді тербеліс өшіргіш, тіреулерге қондырады. Сондай-ақ тербеліс әсерін әлсіретуге дұрыс жобаланған фундаменттер арқылы қол жетеді.

Тербелістің айналадағы құрылыс конструкцияларына тарау аймағын шектеу үшін фундаменттерді ғимараттық жерасты және жер асты конструкцияларынан периметр бойынша арық қазып, оны керамзитпен, құрғақ құммен немесе тығыздалған шлакпен толтырып бөлектейді.

Фундаменттерді есептеу.

Фундамент ауданы рұқсат етілетін жерге түсуге тиісті үлестік қысымға тәуелді анықталады.

Фундамент көлемі келесі формуламен анықталады

м3, (3.1)

мұндағы m-тұрақты қондырғының жетегімен қоса массасы.

Фундаментті құю тереңдігін келесідей анықтайды

, м, (3.2)

мұндағы В-фундамент ені, м;

L-фундамент ұзындығы, м;

а-фундаменттің еденнен жоғары шығу биіктігі, м.

Мысалы:

2АЗМП1 қозғалтқышымен жабдықталған ВЦ-31,5 ортадан тепкіш желдеткіші үшін фундаментті есептеу керек.

Желдеткіш массасы-16,33т; қозғалтқыш массасы-4,77т; фундамент ұзындығы-4,52м; ені-1,55м; а=0,15м.

  1. Фундамент көлемі

м3.

  1. Фундаментті құю тереңдігі

м.

Фундаменттерді құю

Конструкциясы бойынша келесі фундаменттер белгілі:

Кессон тәріздес қағылмалы, түсірілген құдықтық, терең құйылған бағаналар және әдеттегі фундаметтер (негізінен темірбетоннан, бетоннан тұратындар). Фундаменттер-таспалы (қабырғалар мен колонналар астындағы), жекеше (немесе плита секілді), жалпылама, әртүрлі бейнедегі массивті, иілгек және қатты, біртұтас және құрамалы болып бөлінеді.

Фундаментті келесі бөліктерге бөледі: кеспе фундаменті ғимараттан бөлетін жоғарғы жазықтық; табан-салмақты негізге беретін төменгі жазықтық. Тұрақты қондырғыларды орнату үшін фундаменттерді бетоннан, ал үлкен массалы машиналар үшін-темірбетоннан орындайды (көтеріңкі динамикалы).

Фундамент конструкциясын таңдау геологиялық және гидро-геологиялық жағдайлармен, тұрғызылатын ғимараттың сипаты мен және арналуымен, әсер ететін салмақтың мәнімен анықталады.

Фундамент өлшемдері сызбаларға және фундамент тұрғызу техникалық жағдайларының талаптарына сәйкес болуға тиісті. Олар жабдықтың сыртқы өлшемдеріне, орналастыруға, жердің сипаттарына, жерасты суының деңгейіне, жердің тоңу тереңдігіне, арықтар мен үңгірлердің орналасуына байланысты.

Фундаменттік немесе тіреулік бұрандалар орнату үшін фундаментте құдықтар қарастырылады, оларға жабдықтар бекітіледі.

Фундаментті жабдықтарды құрастыру үшін қабылдау:

1) Тұрақты қондырғыларды құрастыру алдында ғимараттарда темірбетонды конструкциялар тұрғызылып, ғимарат қабырғалары қаланып, жұмыстық алаңшалар астындағы фундаменттер мен негіздер тұрғызылып, құбырлар мен кабелдер жүргізілетін орындықтар қазылып, еден астындағы негіздер жасалып, қабырғалар салынуға тиісті;

2) Құрастыруда бөлме ішіндегі қызу 50С-тан кем болмауға тиісті;

3) Жабдық астындағы фундамент жоба тақырыптарына сай орындалып, беттерінде жарықшақтар, бұрыштарының мұжылуы және ашық темір дәнекерлер болмауға тиісті;

4) Фундамент денесіне ендірілген бұрандалардың орналасуы бетондау барысында осьтері бойынша кондуктормен немесе шаблонмен бақылануға тиісті. Кондуктор немесе шаблон жұмыстық сызбалар бойынша орындалады және фундаментті оған жабдықтарды құрастыру үшін өткізгенде тексеру үшін де қызмет етеді;

5) Бұрандалардың тілінген бөліктерін фундаментті бетондау кезінде бүліністен қорғау керек;

6) Бетонды және темірбетонды фундаменттерде анкерлік тесіктерді, бетондау кезінде құрама тығындар қою арқылы алады. Дайын фундаменттерде, тесіктерді ұрып жасауға рұқсат етілмейді. Өте қажет жағдайда дайын фундаментте жобалаушы мекеменің рұқсаты бойынша қоршаған аймақты бүлдірмейтін тәсілмен тесікті ұрып жасауға болады;

7) Фундаменттерде координациялық осьтерді анық белгілейді, оларды өлшемі 80х80 мм метал планкада белгілеп, фундамент денесінде бетондап бекітеді. Үлкен көлемді фундаменттердің координаталық осьтерін темірбетонды бағана тектес (қимасы 50х50 мм) ғимарат шегінен тыс шығарылған, жерге тоңазу деңгейінен 0,2 м-ден кем-емес тереңдікке көміп бекітеді және ол жер бетінен 0,25 м-ге шығып тұрады;

8) Биіктік белгіні-фундаменттердің жоғарғы бетінің белгісін (нөлдік репермен салыстырғанда) фундаментте немесе оның денесіне бетондалған металл планкада көрсетіледі. Осьтер мен белгілерді реперлер мен планкалар бойынша белгілеп болған соң фундаменттерді сынау схемасын құрайды.

Дайын фундаменттерді тек геометриялық өлшемдері сәйкес болғанда, тұйықталған бөлшектердің және тесіктердің жоба бойынша орналасуында ғана қабылдайды, бұл ретте ауытқулар келесілерден аспауға тиісті, мм:

- жоспардағы негізгі өлшемдері 30

- фундаменттің биіктік белгілері 30

- жоспардағы кірме белгілері -20

- алаңшалардағы кірме белгілері -20

- анкерлік болттар осьтері (жоспарда) 5

- құйма анкерлік құрылғылар осьтері (жоспарда) 10

- анкерлік бұрандалардың жоғарғы тұтқылдарының белгілері 20

Қабылдау кезінде фундаменттің нақты геометриялық өлшемдерін рулеткамен және нивелирмен тексереді.

Жабдықтарды құрастыруға қабылдау.

Жабдықтарды құрастыру ұзақтығының қалыптары

Құрастыру жұмыстарын жұргізу үшін жабдықтарды құрастыру ұ зақтығының нормалары бар. Олар СН-440-79 құрылыс номаларымен анықталады. «Нормы продолжительности строительства и задела в строительстве предприятий, зданий и сооружений» Бұл нормалар жаңа өндірістерді тұрғызуды және әсердегі өндірістерді қайта құрудың ұзақтықтарын есептегенде сақталуға тиісті. Жабдықтарды құрастыру ұзақтығының нормалары СНиП III-31-78 (Технологическое оборудование. Основные положения) талаптарына сәйкес анықталған.

4.1-кесте-Жабдықтарды құрастыру ұзақтығы

Нысанның аталуы

Сипаттамасы.

Жабдықты құрастыру ұзақтығы, ай

Көтерім машинасы

Барабан диаметрі 6м бір арқанды көтерім машинасы.

5

Бас желдетпе желдеткіштерінің құбұрлық өткізгіші

Диаметрі 189 мм құбырлардың тереңдігін 600 м оқпанмен жүргізу

4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]