Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Эксплуатациялы блім Рысали Э..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.87 Кб
Скачать

4 Эксплуатациялық бөлім

4.1 Бас желдетпе желдеткіш қондырғыларының техникалық күту түрлері

Тұрақты қондырғыларды техникалық күту және жөндеу жүйесі оларды пайдалану, сақтау және тасымалдау уақытында желдеткіш қондырғыларына құрамдық бөліктері мен жинақтама бөліктері сапасын ұстауға және қалпына келтіруге қажетті өзара байланысты құралдар, операциялар, құжаттар және атқарушылар жиынтығын ұсынады. Ортадан тепкіш желдеткіш қондырғыларды техникалық күту оларды жұмысқа икемді және таза күйінде ұстауға, бөлшектердің желіну қарқындылығын азайтуға, ақаусыз және тоқтауларды ескертуге, пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін сақтауға, экономикалық талаптарды қамтуға мүмкіндік береді. Кен-шахталақ жабдықтардың және тұрақты қондырғылардың күйі және техникалық күту мен жөндеу түрлерінің құрылымдық схемасы жер астында жұмыстарды жүргізуге тиімді болып саналады.

Арналуы бойынша ортадан тепкіш желдеткіш қондырғыларды пайдалану кезеңінде кен жабдықтарын техникалық күту және жөндеудің комбинирлік жүйесі қолданылады, олар ауысым аралық және екі апталы күтуді қосатын жөндеу аралық техникалық күту (ТО) ай аралық жөндеулік күтуді, өтпелі жөндеулерді және тексерулерді, күрделі жөндеуді (жөндеулер берілген құралда қарастырылмайды) қосатын жоспарлы жөндеулер.

Ай аралық техникалық күту (ТО-1) кезекші электрослесарлар, жабдықтардың машинистері және өндірістік процестердің күштерімен орындалады және өзіне қосатындары: бақылап өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, үйкеліс буындарылының қызу дәрежесін, желдеткіш қондырғылардың сымдары мен жауапты буындарында діріл және шумның деңгейін тексеру; бөлшектер мен буындарын бекіту сенімділігін тексеру, олардың босауы желдеткіштердің апаттық тоқтауын шақыруы мүмкін; желдеткіш жұмысында кіші ақаулы және жөнделмегендерді қалпына келтіру; орнатылған режим бойынша арналған типті майлау материалдары мен жекелей аспаптармен жабдықталған үйкеліс буындарын майлау және қою сұйық майлаудың орталық жүйелері мен майлау материалды беруді бақылау; механизмдерді тоқтатуға сақтандырғыш құрылғылардың функционалдануын тексеру; жиіліктегі жабдықтардың құрамы.

Ортадан тепкіш желдеткіштер жұмысының режиміне байланысты өндірістік процестің күрделігі мен ТО-1 күтуді ұйымдастыру жұмыстық ауысым аралығында немесе жабдықтардың технологиялық тоқтаулар уақытында арнайы белгілі уақытта ауысым аралығында кезеңде орындалады.

Бас желдетпе желдеткіш қондырғыларының күйі мен техникалық күтудің қолданылатын құрылымы:

Х-сақтау; У- есепке алу; ТО-техникалық байқау; Р-тексеру; Рк-консервациялау; НК-дұрыстау, реттеу; Н-сынау; Д-диагностикалау; РО – ай аралық жөндеу жабдықтары; Т1-өтпелі жөндеулер (Т12, Т34); С-майлау; НРК, НПР, НРГ,НРД – квартальды жарты жылға жылдық, екі жылға сәйкес тексеруді дұрыстау.

Тәулік аралық техникалық күту (ТО-2) - жабдықтардың берілген түрін ылғи күтетін жөндеуші электрослесарлардың, жабдық механиктерінің және жұмыстық өндірістік процестерінің күштерімен орындалады.

Тәулік аралық техникалық күту кезінде ТО-1 бойынша жұмыстар және одан басқа ақауларда қалпына келтіру, жеке механизмдерді дұрыстау және реттеу бойынша жұмыстың қосымша көлемі орындалады.

Апта аралық техникалық күту (ТО-3) жабдықтардың берілген түрін үнемі атқаратын жөндеуші электрослесардың, шахтаның электромеханикалық қызметінің электрослесары, жабдықтардың механиктері мен өндірістік процестердің жұмысшыларының күшімен орындалады.

Апта аралық техникалық күту жерасты жабдықтарының көп түрлеріне жүргізіледі. Мұндай кен машиналары, сол бұрғылық арбалар және станоктарды тазартуға, механикаландырылған кешендердің жабдықтары апта жұмысынан кейін қосымша жөндеп реттейтін жүргізу жұмыстарын қажет етеді, оларға ТО-1 және ТО-2 бойынша жұмыс құрамы кірмейді. ТО-3 бойынша жұмыс тізімі нұсқаулармен (тәсілнама) реттеледі.

Екі апталық техникалық күту (ТО-4) жөндеуші электрослесорлардың мамандандырылған бригадасы күштерімен екі аптада бір рет орындалады.

Екі апталық техникалық күту өзіне ТО-1, ТО-2, ТО-3 бойынша жұмыстан басқа жабдықтардың жұмысқа икемділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша жұмыстарды қосады және тұрақты жабдықтардың жеке түрлерінде орындалады.

Ай аралық техникалық күту (P0) шахтаның электромеханикалық қызметінің жөндеуші электрослесорларының, жабдық машинистерінің, өндірістік процестердің жұмысшыларының және жөндеуші электрослесорларының мамандандырылған бригадасының күштерімен айына бір рет орындалады.

Ай аралық техникалық күтуді жөндеу күндерінде өткізеді, олар участок жұмыс істемегенде демалыс күндерімен бірігеді. PO уақытында ТО-1, ТО-2, ТО-3 және ТО-4 құрамына кіретін жұмыстар толығымен кіреді және одан басқа өте тез желінетін бөлшектерді ауыстыру, жеке механизмдерді реттеу, осы кезеңдегі машинадағы байқалған ақауларды қалпына келтіру, майлаудың сынағын алу және ауыстыру және басқа жұмыстар жүргізіледі.

Жөндеуді қараған кезде бөлшек және буындардың жіберілетін диагностикасы (PO плюс Д) жүргізіледі және бір қызмет мерзімімен бөлшектер мен жинақтама бірліктері ауыстырылады. Бұдан басқа жөндеуді қараған кезде конструкторсыз элементтермен дұрыстау және басқа жұмыстар жүргізіледі, олар келесі жөндеуді қарауға үздіксіз және өнімді жұмыс істеуге жабдықтар үшін, айына бір рет жоспарлы тәртіпте жүргізу керек. Ай аралық жөндеу жабдықтары (PO) шахтаның электромеханикалық қондырғысын (ЭМҚ) жөндеуші электрослесорлар, жабдық механиктері, өндірістік процестер жұмысшыларымен, жөндеуші электрослесорлардың мамандандырылған бригадасы күшімен жүргізіледі.

Өтпелі жөндеулердің барлық түрлері (бірінші-Т1, екінші-Т2, үшінші-Т3, төртінші-Т4) жөндеулік күтулер (PO) үшін сол күштермен, ал сол сияқты өндірістік бірлестіктердің мамандандырылған жөндеу, түзету, құрау кәсіпорындары және зауыт-дайындаушы жабдықтарын техникалық күтудің жергілікті бөлімшесі күштерімен жүргізіледі.

Кен-шахталық және тұрақты қондырғылардың жабдықтарының күрделі түрлеріне (көтерім және компрессорлық қондырғылар, басты желдетпе желдеткіші, тазарту және ұңғылау кешендері) кезеңділік орындалуымен құрамдық бөліктерін және жинақтама бірліктерін дұрыстау, реттеумен және тексерумен біріккен жоспарлы өтпелі жөндеулерді орнатады:

  • кварталды (НКР)- 3 айда бір реттен аспауы керек;

  • жарты жылдық (НПР) -6 айда бір реттен аспауы керек;

  • жылдық (НРГ) -12 айда бір реттен аспауы керек;

  • екі жылдық (НРД) -24 айда бір реттен аспауы керек.

Диагностикалау (Д) – Бас желдетпе желдеткіш қондырғыларының техникалық күту және жөндеудің барлық жүйесінің бүтін технологиялық элементі болып табылады және машинаның істен шығу және тоқтаулар санын төмендетуге олардың жұмыстарының қауіпсіздігін көтеруге; машинаны пайдаланудың ұзақтығын көтеруге және қосалқы бөлшектердің шығындарын қысқартуға; техникалық күту және жөндеудің еңбек сиымдылығын төмендетуге; пайдалану материалдарының ресурсты жинақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Техникалық диагностиканың негізгі мақсаты болып табылады. Тұрақты қондырғылар мен оларды ажыратпай ақауларын анықтау жинақтама бірліктерінің істен шықпайтын жұмыс ресурсын және техникалық күту негізінде жұмысты өндіруде нақты тұтынуларды анықтау.

Диагностикаға бақылап-өлшеу құралдарымен жабдықталған арнайы участкалар жабдықтайды. Диагностиканың бақылап-өлшеу құралдарының конструктивтік толықтамасы бойынша машина жүйесіне сыртқы және тұрғызбаға бөледі. Диагностиканың сыртқы құралын жылжымалы диагностикалық станцияға орналастырады және тұрақты постын пайдалану базасын қояды. Тұрғызылған құрамына диагностикалық машина жүйесіне аспаптарды, индикаторларды көрсететін датчиктер кіреді. Диагностикалауды машинаның техникалық күту және жөндеу түрлеріне сәйкес келетін орнатылған мерзімде жүргізу керек. Диагностикаға слесарь (машинист) қатысады: диагностика постына машинаны орнатады, жинақтама бірліктерінің істен шығу және ақаулары туралы механикке хабарлайды, диагностикалау процесінде машинаны басқарады, посттан машинаны шешеді және оны техникалық күту аймағына жылжытады.

Диагностикалау участкасында стендтерімен тұрақты постты орналастырады, онда машиналар диагностикалауға ұшырайды, олар үздіксіз жерасты шеберханаларында техникалық күту және өтпелі жөндеуден өтеді. Қосымша диагностикалау учаскасында тұрақты постқа мобильді жылжымалы станцияларды қарастырады, олардың көмегімен машинаны диагностикалау техникалық күту уақытында оларды пайдалану орнында жүргізуі мүмкін. Одан басқа диагностикалау учаскасында машинаның сұйықтық жабдықтарында қолданылатын жұмыстық сұйық сапасын бақылау бойынша лаборатория жабдықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]