- •Қазіргі экономиканың даму кезеңінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындаудағы сауданың рөлі.
- •Материалдық жауапкершілік ұғымы; саудада қолданылатын материалдық жауапкершіліктің негізгі белгілері.
- •Тауарларды саны мен сапасына қарай қабылдау.
- •Бөлшек сауда орындарындағы тауарды қабылдау ерекшеліктері.
- •Материалды емес активтер есебі.
- •Түгендеу тексерістері.
- •Штрих-кодтар бойынша тиімді есептілік.
- •Саудада тауарларды жоғалтулар.
- •Тауарларды арзандату және қайта бағалау.
- •Жеткізушінің ілеспе құжаттары, олардың түрлері және тағайындалуы.
- •3. Тауарлы – материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.
- •Еңбекке ақы төлеудің формалары (нысандары) мен жүйелері.
- •Еңбекақы есептеудің құжаттық рәсімделуі.
- •Өткізу бойынша шығындар есебі.
- •Жалпы және әкімшілік шығындар есебі.
- •Сыйақы түріндегі шығындар есебі.
- •Экспорттық-импорттық операциялар есебі.
- •Қолма-қолсыз есеп айырысу есебінің формалары және есеп айырысу құжаттарының рәсімделу реті.
- •Күмәнді берешектер бойынша резервтер есебі.
- •Негізгі қызметтен түскен табыстар есебі.
- •Негізгі емес қызметтен түскен табыстар есебі.
- •Жиынтық пайда мен бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі.
- •34 Жане 35. Бөлшек жане котерме сауда субъектілеріндегі тауарлар есебі.
- •Қазіргі экономиканың даму кезеңінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындаудағы сауданың рөлі.
- •Саудадағы шаруашылық есептің міндеттері.
Бөлшек сауда орындарындағы тауарды қабылдау ерекшеліктері.
Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы:көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Бөлшек сауда – халыққа жеке тұтыну және үйге пайдалану немесе кәдеге жарату үшін жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (өңдемей сату). Бөлшек сауда тауар айналымы түпкілікті тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану үшін халыққа сатылған тұтыну тауарларының көлемін көрсетеді. Оның көлеміне қызметінің негізгі және негізгі емес түрлері “Бөлшек сауда“ болатын кәсіпорындар - заңды тұлғалар бойынша, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға сатылған тауарлар көлемінің деректері қосылады. Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Бұл сауда арнайы сауда орындарының болуын қажет етеді. Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады. Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады: 1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалып тастыру; 2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;
3. Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру; 5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде қызмет көрсету және жеке кеңес беру тұтынушыныњ тауар сатып алу туралы шешім қабылдауына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарылауда. Бөлшек сауда түрлері меншік нысандары бойынша - мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша - негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорын дар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша - толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне-өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша - ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша - арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы) деп бөлінеді.
Материалды емес активтер есебі.
МЕА- табиғи болмысы жоқ, сәйкестендірілетін ұзақ мерзімге пайдаланылатын актив. ҚЕ-тің 38 «МЕА» стандартына сәйкес, МЕА осы анықтамаға және мына талаптарға сай келгенде актив рет.танылады:
- егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге байланысты эк.пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса
- егер актив құны дұрыс анықталса
- актив сәйкестендірілген болса.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады. Бастапқы құжаты ретінде МЕА-терді қабылдауда «МЕА-терді қабылдау актісін» толтыруға болады. АКТ рәсімделген кейін материалды емес активтер объектісін немесе оны қолданады жүйелер баяндайтын құжаттармен немесе объектісіне қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжат тіркеліп, ұйым бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды. Ұйым басшысы немесе материалды емес активтер соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалды емес активтер бергенде АКТ 2 данадан жасалады. Тапсыратын ұйым немесе материалды емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады. Ұйым пайдалануына түскен материалды емес активтердің есебі үшін қолданады. Материалды емес активтерді жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен нормативті актлермен реттеледі.Бухгалтерияда әр – бір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріс алынуға арналған басқа құжаттардың негізінде 1 дана толтырылады..
Акциздер.
Акциздік (жанама) салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады. Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебеттеліп, 3140 шотының «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде,3140 дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі. Акцизделген тауарлармен жасалатын операция: спирттің барлық түрлері; алкогольды өнімдер; темекі өнімдері; құрамында темекісі бар басқа да өнімдері; балық уылдырықтары; алтыннан, қоладан жасалған зергерлік бұйымдар; бензин, дизельдік отыны; жеңіл автомобильдер; газбен жанатын қарулар; шикі мұнай өнімдері, газ конденсаторлары; Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында оыйн бизнесін және лоторея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердің төлеушілері болып табылады.
Кассалық аппараттар арқылы бастапқы мәліметтерді жинау. -Ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті шаруашылыққа қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған.
Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш (сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Ұйым кассасынан қолма-қол ақша кассалық шығыс ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ ұйым басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар негізінде толтырылған ордер бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тіркелген құжаттарда ұйымдар мен ұйымдардың басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Ұйым кассасынан жұмысшылар мен қызметкерлерге кассалық шығыс ордері бойынша ақша беру жауапкершілігі кассир қолма-қол ақша құралдарымен операцияларды орындауда, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы) бұйрыққа қол қойғаннан кейін ұйыммен кассир арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк ұйым сі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк ұйым сінен қолма-қол ақша алу үшін ұйымның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк ұйым сінен алынғалы отырған, яғни ұйымның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бүл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке ұйымның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды тұлғалардың, яғни қол қоюға тиісті тұлғалардың қолы қойылмаса (екі адамның қолдары қойылмайынша), мер басуға рұқсат етілмейді. Ұйымдардың касса қызметкері банк ұйым сінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк ұйым сінен алынған нақты ақша сол алынған күні ұйымның кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Ұйымның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген занды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ордерінің квитанциясы беріледі.
Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші занды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Ұйым кассасыннан қолма-қол ақша кассалық шығыс ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ ұйым басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттартағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тіркелген құжаттарда ұйым басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Ұйым кассасынан тұлғаларға кассалық шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир қолма-қол ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі керек. Сонымен қатар кассир осы көрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ордеріне жазуы тиіс.
Кассадан қолма-қол ақша алушы тұлғалар кассалық шығыс ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды ұйымның бухгалтерия қызметкерлері шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операциларды жүргізілу тәртібіне сәйкес жүргізіледі Начало формы Конец формы Кассадағы операциялар есебі 1010 — «Кассадағы ақша қаражаттары» активті жинақтаушы шоттарында жүргізіледі. Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. № КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады. Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (келбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың, жыртпалы бөлігі болып табылады.
Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес белігінің бет жағынан («Басталған күніне дейінгі қалдығы» деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының келбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады. Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі. Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі қүжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің кол қойылуы керек. Кассирдің есебінде жазбаланған шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі. Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне карай жүргізіледі. Бірыңғай жазбаланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс. Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 — «Кассадағы ақша қаражаты» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі: 1030- «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаты» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға; 1250 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, және т.б. бойынша кассаға өткізілген карыздар; 6010 — «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс» шоты материалдар, жұмыстар мен кызметтер үшін қолма-кол ақшамен есеп айырысқан кезінде. Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі: 3350 — «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты — ұйым қызметкерлеріне берілген еңбекақысының сомасына; 1250 — «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты — ұйым қыэметкерлерінің есебіне берілген сомаға; 1030 — «Ағымдағы банктік шотындағы акша қаражаттары» шоты — ұйымның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына. Ұйымның кассасындагы қолма-қол ақшаның талдамалық есебі 2 үлгі бойынша № 1 журнал-ордерде кредиті, ал № 1 ведомосте дебеті бойынша жинақталып жүргізіледі
