- •051301 – Жалпы медицина мамандығы бойынша
- •«Жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша 5 курс студенттеріне арналған
- •Иитегрирленген емтиханға арналған тесттердің матрицасы
- •*Жедел медициналық жәрдем *1*60*1*
- •*Жедел медициналық жәрдем *2*120*1*
- •*Жедел медициналық жәрдем беру *3*120*1*
- •40% Глюкоза ерітіндісін енгізу
*Жедел медициналық жәрдем *2*120*1*
#61
*!Көктайғақ кезінде 3 автомобиль қағысқан, нәтижесінде 5 адам зардап шегіп, әртүрлі жарақаттармен ауруханаға тасымалданған және бір науқас орнында қаза тапқан. Бұл жағдайды мына санаттардың қайсысына енгізген жөн?
*жол-көлік оқиғасы
*+төтенше жағдай
*техногенді апат
*өндірістік апат
*табиғи апат
#62
*!Химиялық тынайтқыш объектідегі апаттан кейін 53 адам зардап шегіп, 5 қаза тапқан. Зардап шеккендерде қозу, көзінен жас ағу, жөтел. Бұл жағдай мынадай деңгейге жатқызылады:
*жергілікті
*глобальді
*+объектілік
*аймақтық
*орташа
#63
*!Химиялық аса қауіпті объектідегі апаттан кейін 626 адам зардап шегіп, 55 қаза тапқан. Зардап шеккендерде қозу, сілекей ағу, мидриаз. Бұл жағдай мынадай деңгейге жатқызылады:
*жергілікті
*глобальды
*объектілік
*+аймақтық
*орташа
#64
*!Химиялық өндірісте көптеген жұмысшыларда тахикардия, көзінен жас ағу, жүрек айну, құсу, қозу, іштегі ауыру сезім, қарашықтарының кішіреюі, бұлшық еттердің дірілдеуі болған. Қандай затпен улануы ЕҢ мүмкін болады?
*хлор
*+фосфор
*аммиак
*көмірқышқыл
*күкіртсутегі
#65
*!Велошабандоз автомобильмен қағысып сол жақ иық жарақатын алған, жарасы көрінеді және одан сүйектің үшкір сынықшағы шығып тұр. Болжама диагнозды көрсетіңіз.
*шынтақ сүйек сынығы
*иық буыны шығуы
*иық сүйегінің жабық сынығы
*+иық сүйегінің ашық сынығы
*иық аймағындағы жұмсақ тіндер соғылуы
#66
*!Мотоциклист автомобильмен қағысып оң жақ сан жарақатын алған, жарасы көрінеді және одан сүйектің үшкір сынықшағы шығып тұр.. Болжама диагнозды көрсетіңіз.
*санжамбас буыны шығуы
*сан сүйегінің жабық сынығы
*+сан сүйегінің ашық сынығы
*үлкен жіліншік сүйегі сынығы
*сан аймағы жұмсақ тіндерінің соғылуы
#67
*!Апат кезінде автобус жүргізушісі рульге кеудесін ұрып алған. Тынысы жиі, беткей, кеуде тұсындағы ауыру сезім қозғалыс кезінде күшейе түседі. Болжам диагнозды көрсетіңіз.
*бұғана сынығы
*+қабырға сынығы
*көкірек соғылуы
*қабырға аралық невралгия
*иық сүйегінің жабық сынығы
#68
*!Көмек көрсету кезінде медициналық көмек көрсетудің стандарттарын сақтамауы салдарынан науқастың денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым болған. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметкерлері әкімшілік жауапкершіліктің қандай түріне тартылуы мүмкін.
*еңбек келісімшартын бұзу
*бостандығын шектеу
*түзету жұмыстары
*әкімшілік қамау
*+айыппұл
69
*!ЖМЖБ қызметкері жұмысқа кешіккен. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазаның қандай түрі қолданылуы мүмкін.
*маманды сертификатынан айыру
*бостандығын шектеу
*әкімшіліктік қамау
* айыппұл
*+сөгіс
#70
*!Автомобильдік трассада көк тайғақтан автобус аударылып, 34 адам зардап шекті. Медициналық көмек бірінші кезекте қандай қандай науқасқа көрсетілуі АСА қажет:
*ерлерге
*қарттарға
*әйелдерге
*жасөспірімдерге
*+жүктілерге, балаларға
#71
*Шақытуға кетіп бара жатқан жедел медициналық жәрдем бригадасын жол-көлік апатынан зардап шеккен науқасқа көмек көрсету үшін, полиция патрулі тоқтатты. Медициналық қызметкерлердің тактикасы:
*жанынан өтіп кету
*шақыртудың шұғылдылығын айтып, көмектен бас тарту
*зардап шегушіні қарап және басқа бригаданы шақыртуды ұсыну
*көмек көрсету, милиция қызметкерлі көмегімен тасымалдауды ұсыну
*+зардап шегушіге көмек көрсету, диспетчерге хабарлап шешімін күту
#72
*!47 жастағы ер адамда көкірек артындағы қатты күйдірген ауыру сезімі, сол жақ иық аймағына берілген, әлсіздік, суық жабысқақ тер басқан. АҚҚ 90/60 мм.сб. Фельдшер және желілік бригадалар қандай мақсатта мамандандырылған жедел медициналық бригадасын шақыртты?
*анықтама беру үшін
*науқаспен әңгіме өткізу
*науқастың өтініші бойынша
*зеңбілмен тасымалданатын науқас үшін
*+диагнозды нақтылау, қарқынды терапия және тасымалдау
#73
*!Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында жедел ауыру сезімі, аздан соң құрғақ жөтел, бас айналу басталды. Бірнеше уақыттан кейін инспираторлы типті ентігу және терінің бозаруымен цианоз дамыды. Визуальды қарағанда эпигастрий аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы- жүректің оң жақ шекарасы кеңейген, аускультация жасағанда II тонның акценті және өкпе артериясының үстінен естіледі.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?
*миокард инфаркты
*демікпелік статус
*крупозды пневмония
*оң жақ өкпенің ателектазы
*+өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#74
*!Тіс дәрігерінің қарауы кезінде диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын 34 жастағы науқаста әлсіздік, ентігу, көз алдында шіркейлердің пайда болуы байқалды. Тері жамылғылары құрғақ, бозғылт. Есін жоғалтты. Жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс. ЖСС- 62 рет минутына. Пульс- 92 рет минутына, ырғақты. АҚҚ 80/60 мм с.б.б.
Науқасқа ЕҢ ТИІМДІ диагноз:
*+есінен тану
*миокард инфаркты
*пароксизмальды аритмия
*гипогликемиялық кома
*жедел ми қан-айналым жетіспеушілігі
#75
*!Науқас 57 жаста. Қарап тексеру кезінде кенеттен есінен танды, қысқа уақытты клонико-тоникалық тырысулар пайда болды және тері қабаты көгерді. ЭКГ- да хаотикалық дұрыс емес ритм, QRS комплексі және Т тісшесі көрінбейді.
Ырғақтың бұзылысының ЕҢ тиімдісі:
*пируэтті тахикардия
*жыпылықтаушы аритмия
*+қарыншалардың фибрилляциясы
*жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
*жүрекшелік пароксизмалды тахикардия
#76
*!Науқас А., 45 жаста. Жүрек жұмысының бұзылысына, жүрек қағысына және әлсіздікке шағымданады. ЭКГ-да: Р тісшесі жоқ, ретсіз үлкен және кіші толқынды изолиниядан ауытқулар. Жүрекшелік толқындар жиілігі 350-600 минутына, қарыншалардың жиырылу жиілігі 100-180 минутына.
Ырғақ бұзылысының ЕҢ тиімдісі:
*жүрекшенің тыпырлауы
*+жыпылықтаушы аритмия
*ырғақ өткізгіштігінің миграциясы
*жылдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
*пароксизмалды жүрекшелік тахикардия
#77
*!Науқас А., 45 жаста. Жүрек тұсында басып ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: Кезексіз, кеңейген (> 0,12 с) және деформацияланған QRS комплексі. QRS комплексіне ST сегменті және Т тісшесі дискордантты. Р тісшесі экстрасистоламен байланыспаған. Алдыңғы және кейінгі эктрасистолалық Р тісшесінің арасының интервалы РР интервалына тең.
Ырғақ бұзылысының ЕҢ дұрысы:
*пируэтті тахикардия
*жыпылықтаушы аритмия
*АВ-түйінді экстрасистола
*+қарыншалық экстрасистола
*пароксизмалды жүрекшелік тахикардия
#78
*! Науқас С., 40 жаста. Шағымы: әлсіздікке, бас айналуына, қысқа уақытқа естен тануға, тырысуларға, еріксіз кіші дәретті жіберуге. 1 жыл бұрын өткерген миокардиттен кейінгі брадикардиялық ұстамалардың болуы. Предуктал және кордафен қабылдайды. Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері қабаты бозарған және құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс сырыл жоқ, ТАЖ-18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ-26 рет минутына. АҚҚ 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: Жүрекшенің жиырылу жылдамдығы 80 рет минутына, ырғақты, қарыншалар 26 рет минутына ырғақты. QRS - 0, 14 сек.
ЭКГ-да ырғақ бұзылысының қандай түрі:
*а-v блокада I дәр
*+а-v блокада III дәр
*синоаурикулярлы блокада IIдәр
*а-v блокада II дәр. Мобитц I типі
*а-v блокада II дәр. Мобитц II типі
#79
*! Ер адам 52 жаста. Жедел миокард инфарктіне байланысты 3 апта бойы ауруханада ем қабылдауда. ЭКГ-да: QRS комплексінің кейде түсіп қалуымен P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы байқалады.
Ырғақ бұзылысының қандай түрі ЭКГ-ға ЕҢ тән:
*а-v блокада I дәр
*а-v блокада III дәр
*синоаурикулярлы блокада II дәр
*а-v блокада II дәр Мобитц II типі
*+ а-v блокада II дәр Мобитц I типі
#80
*!44 жастағы науқаста ауыр физикалық күштемеден кейін әлсіздік, ентігу және төс артында қысып ауыру сезімі (сол иыққа берілетін) пайда болды. Ауыру сезімі 40 минутқа созылды. ЭКГ-да: Синусты тахикардия 108 рет минутына. I, II, avL, V1-V4 тіркемелерінде ST сегменті 3мм аса жоғарылаған. ЕҢ мүмкін болжам диагноз:
*спонтанды стенокардия
*үдемелі стенокардия
*алғаш пайда болған стенокардия
*+ЖКС ST сегментінің жоғарылауымен
*сол жақ қарыншаның алдыңғы бетінің жедел миокард инфаркты
#81
*!Науқас 46 жаста. Ұзақтығы 10 минуттан аспайтын ұстама тәрізді ауыратын сол жақ кеуде қуысындағы ауыру сезіміне және жауырын аралығына берілетін, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Ауыру сезімі стресстен кейін алғаш рет пайда болған. Анамнез: Жүйелі түрде АҚҚ 170/100 мм с.б.б. жоғарылап отырады. Дәрі қабылдамаған. Есі анық. Тері қабаты бозғылт, құрғақ. АҚҚ 130/90 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Өкпесінде сырыл жоқ. ЭКГ-да: ритм синусты 84 рет минутына. Қалыпты ЖЭӨ.
ЕҢ мүмкін болжам диагноз:
*үдемелі стенокардия
*спонтанды стенокардия
*қабырғааралық невралгия
*+алғаш пайда болған стенокардия
*ST сегментінің жоғарылауынсыз ЖКС
#82
*!57 жастағы ер адам 1 тәулікке созылған төс артындағы айқын ауыру сезімімен жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Қарқынды емдеу бригадасының дәрігері түсірген ЭКГ-да былай жазылған:
ЕҢ дұрыс диагнозды анықтаңыздар?
*перикардит
*топталған экстрасистолалар
*жасанды ырғақ өткізгіштігі
*Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгемесі
*+оң жақ қабырғасының жедел миокард инфаркты
#83
*! 53 жасар ер адам жедел жәрдем көмегіне 6 сағатқа созылған арқаға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып жүгінген және ЭКГ түсірілген.
ЕҢ тиімді диагноз?
*перикардит
*жедел коронарлық синдром
*аорта аневризмасы
*+артқы қабырғасының ірі ошақты миокард инфаркты
*алдыңғы қабырғасының трансмуралды миокард инфаркты
#84
*!Науқас К. 45 жаста. Бас ауруына, тітіркенгіштігіне, шаршағыштығына шағымданады. Анамнезінде: 6 жылдан бері АҚҚ 190/110 мм.с.б. болып келген. Эналаприл, нифекард қабылдайды. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы бұғана ортаңғы сызығына дейін ұлғайған. Пульс 76 соқ/мин. қатты, ұзақ. АҚҚ 180/100 мм.с.б. ЭКГ: жүректің электрлік осі солға ығысқан. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
ЕҢ тиімді болжам диагноз?
*феохромоцитома, гипертониялық криз
*артериялық гипертензия Iсатысы гипертониялық криз
*+артериялық гипертензия IIсатысы гипертониялық криз
*артериялық гипертензия IIIсатысы гипертониялық криз
*тиреотоксикоз орташа дәреже ауырлықта, гипертониялық криз
#85
*! Науқас Б. 62 жаста. Басының ауруына, айналуына, жүрек айнуына және жүрек тұсындағы жайсыздыққа шағымданады. Өзін 2 күннен бері жайсыз сезінеді. 2 жыл бұрын миокард инфарктын алған. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, құрғақ. Жүрек шекарасы 1,5 см. солға ұлғайған. Жүрек тоны төмендеген. Жүрек ұшында систолалық шу және аортада 2 тонның акценті, дұрыс ритмді. Пульс 120 соқ/мин., АҚҚ 260/120 мм.сн.б. ЭКГ: горизонтальді жағдайда ЖЭӨ. RV4≺RV6, ST сегменті V4-V6 бойында 1мм изоэлектрлік линияда.
ЕҢ мүмкін болжам диагноз?
*ЖИА. Үдемелі стенокардия
*феохромоцитома. Гипертониялық криз
*артериялық гипертензия Iсатысы гипертониялық криз
*артериялық гипертензия IIсатысы гипертониялық криз
*+ артериялық гипертензия IIIсатысы гипертониялық криз
#86
*!46 жасар науқас, бұрын дәрігерге қаралмаған, 3 сағат бұрын төс артында басып ауыру сезімі пайда болды, нитроглицерин қабылдаудан басылмайды, 2-3 мин бұрын есінен танды. ЖМЖ дәрігері қарап тексергенде есі жоқ, ұйқы артериясында пульс және тынысы жоқ.
Ең мүмкін болжама диагноз:
*ми өлімі
*агональді жағдай
*биологиялық өлім
*предагональді жағдай
*+кенет каронарлы өлім синдромы
#87
*!ЭКГда ең дұрыс болатын өткізгіш бұзылысын анықтаңыз: QRS<0.12с, R тісшесінің үшкірленуі немесе V5 V6 әкетулерінде кеш R(R1) тісшесінің болуы. V1 V2 әкетуінде кең S тісшесі.
*+ Гисс шоғыры сол аяқшасының толық емес блокадасы
* Гисс шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
*Гисс шоғыры оң аяқшасының блокадасы
*қарынша ішілік өткізгіш бұзылысы
* WPW синдромы
#88
*!32 жастағы пневмониясы бар науқастың жағдайы нашарлап, ентікпесі күшейді, науқаста қозу, қатты тер, тері жамылғысының цианозы. Тыныс алу жиілігі 35-40, тыныс алуға қосымша бұлщық еттер қатысуда, ЖЖЖ минутына 120—140 рет
Төменде аталған асқынулардың қайсысы болуы ЕҢ мүмкін?
*сепсис
* жұқпалы токсикалық шок
*өкпе абсцессі, плевра эмпиемасы
*+жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі
*жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІІ дәрежесі
#89
*!Бала 1,5 жаста. Ойнап жатқанда дені сау балада кенеттен ұстамалы түрде қатты жөтел басталды, ентікпе пайда болды. Бұл шағымдар мазасызданғанда пайда болады да, ұйықтағанда жоғалады. Рентген суретте бір жақтық эмфизема анықталған.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
*жедел бронхит
*жалған круптық ұстама
*бронх демікпесі ұстамасы
*ауруханадан тыс пневмония
*+тыныс жолындағы бөгде зат
#90
*!Науқас 29 жаста. Кеуде қуысындағы ауыру сезіміне, ауа жетіспеу, ентігуге, тахикардияға шағымданады. Анамнезінен: науқас кеуде қуысының жарақатын алған. Қарап тексергенде мойын көктамырларының созылуы, цианоз, артериялық гипотензия, кеңірдек девиациясы, біржағында тыныстың болмауы, кеңірдектің жарақат алған жақтан қарама қарсы жаққа ығысқаны байқалады. АҚҚ 100/80, ЖЖЖ – 106.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*кеңірдектің сынуы
*жүрек тампонадасы
*массивті гемоторакс
*+кернелген пневмоторакс
*тыныс жолдарының обструкциясы
#91
*!Бала 9 жаста мазасыз, ашуланшақ, жылай береді. Мұрнынан серозды бөлінділердің көп шығуы және жиі түшкіру болған. 22 сағатта құрғақ жөтел, қосалқы бұлшықеттердің қатысуымен дем шығаруы қиындаған шулы тыныс естілген. Қарап тексергенде терісі боз, ылғалды, акроцианоз байқалады. Балада қорқыныш сезім бар, төсекте аунай береді. Дене қызуы қалыпты.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы EҢ дұрысы?
*өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы
*респираторлы дистресс-синдром
*анафилактикалық шок
*+ бронх демікпесі
*пневмония
#92
*!40 жастағы науқас тынысының қиындауына, ауа жетіспеуге шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 сағат бұрын, психоэмоциональды жүктемеден соң дамыған. Беродуал ингаляциясын қолданған, нәтижесіз. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы күйде. Тері жамылғысы көгерген. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин.
Науқасты госпитализациялау үшін МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз
*қосалқы ауруларының болуы
*бронх демікпесінің жеңіл ұстамасы
*бронх демікпесінің гормонға тәуелді түрі
*бронх демікпесінің орташа ауырлықтағы ұстамасы
*+бронхолитикалық терапияның 1-2 сағ.ішінде нәтиже бермеуі
#93
*!Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 38,7°С дейін көтерілген, шулы тыныс пайда болған, дөрекі урген жөтел, даусы қарлықкан. Кешке жағдайы нашарлады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, алыстан естілетін шулы тыныс , ауыз мұрын үшбұрышы цианозы, мазасыздық байқалады.
Төменде аталған болжам диaгноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*пневмония
*көмей күлі
*бронх демікпесі
*+жедел ларинготрахеит, көмей стенозы
*жоғары тыныс жолдарындағы бөгде дене
#94
*!Бала 1 жаста. Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
*+жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2
*созылмалы обструктивті бронхит өршуі
*ауруханадан тыс пневмония
#95
*! Бір жасар баланың ауруы жедел басталған, температурасы 38,9°С, мазасыз, жиі «ит үрігендей» жөтел, инспираторлық ентігу, тахипноэ 60 р/мин. Тынысы шулы, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*ЖРВИ, бронхопневмония
*ЖРВИ, обструктивті бронхит
*Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат
*ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы I сатысы
*+ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы II сатысы
#96
*!Науқас К., 15 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, ентігу, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік. Аталған шағымдары ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін пайда болған. Температурасы 38,7 С. ТАЖ 22 р/мин. Өкпе аускультациясында: құрғақ ысқырық тәрізді сырыл естіледі. Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*оң жақ төменгі бөліктік пневмония
*+жедел бронхит
*жедел плеврит
*өкпе туберкулезі
*бронх демікпесі
#97
Бала 3 жаста. Тамақтанып отырған кезінде кенеттен шашалып; жөтеле бастаған. Мазасызданып, ентігу мен тері жамылғылары көгерген. .
Қай болжам диагноз ЕҢ сәйкес келеді?
*+тыныс жолдарындағы бөгде зат
*бронх демікпесі ұстамасы
*жалған круп ұстамасы
*жедел бронхит
*пневмония
#98
*!Науқас К., 58 жаста. Шағымдарын қиындықпен айтады. Шағымы: бір күннен асатын тұншығу ұстамасы, ентігу, оңай бөлінбейтін қақырықты жөтел, айқын әлсіздік. Ұзақ уақыттан бері бронхиальді астмамен ауырады, үнемі сальбутамол, серетид қабылдайды. Соңғы күндері сальбутамолды күніне 10 ретке дейін қабылдаған. Айтарлықтай нәтиже бермеген. Объективті: науқас қозған. Қимылы мен сөйлеуі қиындаған. Ортопноэ. Терісі ылғал. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. ТАЖ 35 р/мин. Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультцияда: өкпеде тыныс мүлдем естілмейді. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 125 р/мин., АҚҚ 150/100 мм.с.б.б
Қай болжам диагноз ЕҢ сәйкес келетініі?
*БА ұстамасы, орташа ауырлықта
*созылмалы обструктивті ауру
*демікпелік статус 1 ст
* демікпелік статус 2 ст
*+ демікпелік статус 3 ст
#99
*Әйел 35 жаста. Мамандығы аспаз. Алғашқы босануы кезінде кеудедегі қатты ауыру сезімі мазалады. Кенеттен ентігу пайда болып, есін жоғалтты. Объективті: жағдайы ауыр, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы. Тынысы беткей, минутына 50 ретке дейін. Аускультацияда: кеуденің оң жақ бөлігіндегі тыныс әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырыл естіледі, төменгі бөлігінде дыбыссыз майда көпіршікті сырыл. Мойын веналары ісінген, пульс жіп тәрізді 100 р/мин. АҚҚ 90/40 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясында ІІ тонның ажырауы. Іші үлғайған, пальпацияланбайды.
Қай болжам диагноз ЕҢ сәйкес келеді?
*бронх демікпесі
*артериалық гипертензия
*ауруханадан тыс пневмония
*+өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
#100
Науқас К., 30 жаста. Кешке қарай көшеден табылды, жалпы жағдайы ауыр. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының айқын бозғылттануы байқалады. Күш көрсету белгілері жоқ. Аузынан алқызыл түсті қан ағуда. ЖСЖ 120 р/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б
Науқаста қай асқыну дамуы ӘБДЕН мүмкін?
*асқазан-ішек жолынан қан кету
*кеуде торының жарақаты
*+өкпеден қан кету
*өңештен қан кету
*өкпе ісінуі
#101
*!18 жастағы науқас бүкіл денесін бөртпе басуына, қышынуға, мұрынынын бітелуіне шағымданды. Ауруын саяжайдағы жұмыспен байланыстырады, бөртпелер жоғарғы шеткі мүшелерде сосын мойын терісіне, іштің алдыңғы қабатына жалғасты, дене температурасы 37,50С дейін көтерілді. Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінің терісінде, жоғарғы шеткі мүшелерінде, ішінде қышынумен қатар жүретін көпіршікті бөртпелер байқалады. Тері жабындысы ұстағанда ыстық. Өкпеде визикулярлы дыбыс,сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты ЖСЖ минутына 90. АҚ 120/80 мм.рт.ст.
Төмендегі аталған болжам диагноздың қайсысы ЕҢ мүмкін?
*қызылша
*+есекжем
*Квинке ісінуі
* Лайелл синдромы
*анафилактикалық шок
#102
*!Науқастың бетінде жайылған Квинке ісінуі бар, жағдайы кенеттен нашарлады. Жөтел, дауыстың қарлығуы, тұншығу, ысқырықты дем алуы пайда болды.
Бұл жағдайға ЕҢ ТӘН асқыну:
*бронхоспазм
*+көмейдің ісінуі
*өкпе ісінуі
*Лайелл синдромы
*анафилактикалық шок
#103
*!20 жастағы науқас тыныштықтағы ентігуге, тұншығу, беттегі бөртпеге, қышынуға шағымданды. Ауру анамнезінен: жағдайдың нашарлауы цитрусты қабылдағаннан кейін пайда болды, бетінде бөртпелер мен ісіну, қиындаған тыныс, дауысының қырылдауы, үрген жөтел пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр, есі анық, беті ісінген, қабақта, ерінде, құлақ ернеуінде, мойынында біріккен ұсақ нүктелі бөртпелер пайда болды. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ минутына 120. АҚ 100/60 мм.рт.ст.
Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ дұрыс болжам диагноз?
*+Квинке ісінуі
*круп синдромы
*анафилактикалық шок
*аллергиялық дерматит
*асқыну кезеңіндегі СӨОА
# 104
*!7 жастағы бала. Лидокаинмен жергілікті жансыздандарып тісін жұлдыртқаннан кейін тыныстың қиындауы, мойын мен бет аймағындағы ісіну, дауысының қырылдауына шағымданды. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ тән болжам диагноз?
*қышыма
*+Квинке ісінуі
*Лайелл синдромы
*анафилактикалық шок
*тұқым құалайтын ангионевротикалық Квинке ісінуі
# 105
*!2 жастағы балада көпіршікті бөртпе пайда болды. Таңертең апельсин жеген. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ тән болжам диагноз?
*+есекжем
*Квинке ісінуі
*Лайелл синдромы
*анафилактикалық шок
* Стивенс – Джонсон синдромы
# 106
*!10 жасар науқас баланың баралгин енгізген орнында 15 минуттан соң қышыну, есекжем пайда болып саусақтары әлсіреп, басы айнала бастады. Клиникалық тексеруде: жиі жіптәрізді пульс, АҚ төмендеуі, жүрек тондарының әлсіреуі байқалды.
Төмендегі нұсқалардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
* Квинке ісінуі
*Есекжем
*Лайелл синдромы
*+Анафилактикалық шок
* Стивенс – Джонсон синдромы.
# 107
*!28 жасар науқас ер адам арахис дәнін жеген соң жалпы жағдайы нашарлап, бас айналу, құсу, іш аймағында қысып ауруы байқалды. Аяқ астынан тырысу пайда болды. Қарап тексергенде: жүрек тондары әлсіз. АҚ. 70/40мм.сын.бағ. Науқаста ентігу, сырылды тыныс байқалады.
Төмендегі нұсқалардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
* Квинке ісінуі
*Есекжем
*Лайелл синдромы
*+Анафилактикалық шок
* Стивенс – Джонсон синдромы.
# 108
*!Аллергиялық риносинуситпен ауыратын 47 жасар науқас ер адам аспирин қабылдағаннан кейін ауа жетіспеуі, тұншығу, құрғақ жөтел, әлсіздікті байқады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі тежелген, адекватты. Тері жабындысы бозарған, ылғалды. Өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар бар. Тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ 20 р/мин. Жүрек тондары анық, ырғақты ЖСЖ 82р/мин. АҚ 110/70мм.сын.бағ.
Төмендегі нұсқалардың ішінен дұрысын таңдаңыз?
*+медикаментозды аллергия
*аспиринді триада
*бронхиалды астма
*ларингит
*бронхит
#109
*! 36 жасар науқас әйел адам б/етке пенициллин енгізген соң 10 минуттан кейін дене терісінде уртикарлы бөртпе пайда болып, кеуде артында ауыру сезімі, бас айналу, ентігу мазалады. Қарап тексергенде: есі тежелген, тері жабындысы бозарған, ЖСЖ 120р/мин. АҚҚ 60/0 мм. сын. бағ.
Төмендегі болжам диагноздардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
гипогликемиялық кома
медикаментозды аллергия, есекжем
медикаментозды аллергия, Лайелла синдромы
бронхиалды астма, ұстамалы кезең . ДН II
+медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок
# 110
*!42 жасар ер адам дене терісінің қышуына, әлсіздік, бас айналу, жүрек қағысының жиілеуіне шағымданды. Анамнезі бойынша поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. 30 минут бұрын жоғарғы ернінен ара шағып алған. Обьективті тексеруде: жағдайы өте ауыр, есі анық емес. Тері жабындысы гиперемияланған, аздап терлеген. Аускультацияда: өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ 19 рет/мин. Жүрек тондары әлсіз, ырғақты ритм. ЖСЖ 140р/мин. АҚ 40/0 мм.сын.бағ.
Төмендегі болжам диагноздардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
инфекционды- токсикалық шок
инсектты аллергия. Квинке ісігі
инсектты аллергия. Есекжем
медикаментозды аллергия.Лайелл синдромы
+инсектты аллергия. Анафилактикалық шок
# 111
*! 32 жасар әйел дене терісінің қышуына, әлсіздік, бас айналу, жүрек қағысының жиілеуіне шағымданды. 30 минут бұрын жоғарғы ернінен ара шағып алған. Обьективті тексеруде: жағдайы өте ауыр, есі анық емес. Тері жабындысы гиперемияланған, аздап терлеген. Аускультацияда: өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ 19р/мин. Жүрек тондары әлсіз, ырғақты ритм. ЖСЖ 140р/мин. АҚ 40/0 мм.сын.бағ.
Төмендегі нұсқалардың ішінен ЕҢ дұрысын таңдаңыз?
инфекционды- токсикалық шок
инсектты аллергия. Квинке ісігі
инсектты аллергия. Есекжем
медикаментозды аллергия.Лайелл синдромы
+инсектты аллергия. Анафилактикалық шок
# 112
*!3жасар балада апельсинді қабылдағаннан кейін терісінде бөртпе мен қышыну пайда бодды. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет, қолдарында қышумен бірге жүретін дақты- папуллезді біріккен бөртпелер.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келетіні?
*қызамық
*Квинке ісінуі
*атопиялық дерматит
*+ есекжем типті тағамдық аллергия
*комплемент жүйесінің туа біткен ақауы
#113 *!Бала 1 жаста кенеттен ауырды, дене температурасы 38,9°С, тітіркенген, жиі үрген жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 рет минутына, қосымша бұлшық еттер қатысуымен жүретін стридорозды тыныс бар.
Төменде аталғандардан ЕҢ мүмкін болжам диагноз ?
* ЖРВИ, бронхопневмония
*ЖРВИ, обструктивті бронхит
*ЖРВИ, ларинготрахеит, I дәрежелі көмей стенозы
*+ЖРВИ, ларинготрахеит, ІІ дәрежелі көмей стенозы
*Жоғарғы тыныс алу жолдарында бөгде зат
#114
*! Жедел жәрдем бригадасы 3 жастағы балаға келді, анасының айтуы бойынша, балада 1-ші тәулікте дене температурасы жоғарлаған, құрғақ жөтел, тұмау. 30 минут бұрын баласында дене температурасының 39,5С дейін жоғарлауын анықтап, ибуфен берді, бірақ соған қарамастан кенеттен есін жоғалтып, көгерген, бүкіл денедегі тырыспалар болған. Объективті: тежелген, қарап тексеруге пассивті реакция береді, тапсырмаларды жартылай орындайды, сөйлеу біртекті. Жұтқыншағы гиперемирленген, ақ қабыршақтар жоқ. Риноррея. Дене температурасы - 39,1С. Терісі таза, ылғалды, бөртпелер жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 24 рет 1 мин. Басқа органдардан ерекшеліксіз.
Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
*жедел ларинготрахеит, бронхит
*менингококкті инфекция, менингоэнцефалит
*жедел респираторлы ауру, жедел трахеобронхит
*жедел респираторлы вирусты инфекция, эпилептикалық статус
*+жедел респираторлы вирусты инфекция, фебрильді тырысулар
#115
*!12 жастағы ұл балаға ЖМЖ шақырылды. Қатты бас ауыруға, жүрек айну, көп реттік құсу, тәбеттің болмауы, әлсіздікке шағымданды. Анасының айтуы бойынша, ауырғанына 4-ші күн, дене қызуының 39С дейін көтерілуінен, тұмау, құрғақ жөтелден басталды. Бүгін көп реттік құсу, әлсіздік. Объективті: санасы есеңгірген, енжар, гиперестезия. Шүйде бұлщық ет ригидттілігі 2 көлденең саусаққа. Брудзинский, Бехтерев симптомдары оң. Жұтқыншақ гиперемирленген, ақ қабыршақтану жоқ. Риноррея. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 19 рет 1 мин. Жүрек тондары ашық, ырғақты. АҚ - 100/60 мм сын бағ. ЖСЖ - 104 рет 1 мин.
Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
*ЖРВИ, тұмау
*ЖРВИ, жедел фарингит
*+ЖРВИ, жедел менингит
*ЖРВИ, септикалық жағдай
*Ми қан айналымның жедел бұзылысы
#116
*!Ұл бала 11 жаста. Анасының айтуынша жедел ауырған. Шағымдары дене қызуының 39.0С жоғарлауына, басының ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсыққа, әлсіздікке. Қарап- тексергенде: адинамиялы, әлсіз, енжар. Тері жабындысы бозғылт, бөксе аймағы терісінде бірнеше геморрагиялық жұлдыз тәрізді бөртпе бар. Менингеальды симптомдар теріс. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі бар. Айқын гиперестезия. T-39,5 ºС, ЖСЖ 120 р мин, ТЖЖ 24 р мин.
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*менингит
*энцефалит
*арахноидит
*+менингококкцемия
*геморрагиялық васкулит
#117
*!Бала 2 ж., жедел ауырған, дене қызуы 390С дейін жоғарылыған, мазасыз,бір рет құсқан,8 сағаттан кейін анасы бөртпе байқаған. Қарап тексергенде: терісі бозарған,аяқтарында геморрагиялық бөртпелер бар, менингеальды симптомдар оң.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*+менингококты инфекция, менингококкцемия, менингит
*энтеровирусты инфекция, экзантема, менингит
*пневмококты менингит
*геморрагиялық васкулит
*токсикалық тұмау
#118
*!Д, 13 жаста. Жедел ауырған, дене температурасы 38,9°С дейін жоғарылауы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі пайда болды. Аурудың 2 күні дене температурасы 40°С, жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу, бастың ауруы қосылды. Объективті: терісі таза, қабақ конъюктивасы гиперемияланған, склера тамырларының айқын инъекцияланған, аңқасында жайылған гиперемия, таңдайында энантема, ұрт шырышты қабығында көптеген тығыз қызыл жиегі бар ақ нүктелі түзілістер. Өкпесінде қатаң тыныс.
Аталған болжам диагноздардың ЕҢ сәйкес келетіні?
*+қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*желшешек
#119
*!Бала 5 жаста, 6 тәулік бойы ауырған. Жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызбасы 37,2°С көтерілген, қышыну, бөртпе. Қарап-тексергенде: басының шашты бөлігінде, бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында полиморфты бөртпелер (розеола, папула, везикула, бірен саран пустула, қабық, беткей жаралар) Алақаны мен табанында бөртпелер жоқ
ЕҢ мүмкін болжам диагноз?
*қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*+желшешек
#120
*! Науқас ауруының 1 күні жедел жәрдемге қаралды. Қонаққа барғаннан кейін 6 сағаттан соң жедел ауырды: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айну, көп реттік құсу, жиі сұйық нәжіс. Температура 37°С, бозарған, көзі шүңірейген. Эпигастрийдағы ауыру сезімі, нәжісі көп мөлшерде сұйық, жасыл түсті.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
*жедел гастрит
*жедел панкреатит
*жедел аппендицит
*жедел энтероколит
*+жедел гастроэнтерит
#121
*!Науқас 30 жаста. Әлсіздікке, ұстама тәрізді іштің ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына екінші күн. Дефекация тәулігіне 10-12 рет. Нәжісі шырыш пен қан аралас. Дене температурасы 38,7°С. Іш пальпациясы кезінде сол жақ мықын аймағында ауыру сезімі бар.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
*жедел гастрит
*жедел панкреатит
*жедел аппендицит
*+жедел энтероколит
*жедел гастроэнтерит
#122
*!50 жасар науқаста тағамға үйде жасалған етті консервілерді қолданғаннан соң 2 сағаттан кейін қалтырау, бас айналу, эпигастрий аймағындағы кескен тәрізді ауыру сезімі, қайталамалы көп мөлшердегі құсу, тағы 2 сағаттан кейін жиі сұйық жағымсыз иісті нәжіс пайда болды. Ұқсас, бірақ аурудың жеңіл көрінісі тура осы консервіні қолданған науқастың әйелінде байқалды.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
*тырысқақ
*туляремия
*дизентерия
*сальмонеллез
*+тағамдық токсикоинфекция
#123
*!Ер адам үйде консервіленген саңырауқұлақтарды тағамға қолданған. 5 сағаттан соң ішінде ұстама тәрізді ауыру сезімі, жұтынудың қиындауы, ауызының құрғауы, даусының қырылдауы, мыңғырлау, көзінің алдында екеулену, тұмандану.
Ең мүмкін болжам диагноз?
*энтерит
*+ботулизм
*сальмонеллез
*жедел гастрит
*тағамдық токсикоинфекция
#124
*! Бала 3 жаста, Индиядан оралған соң 3 күннен кейін ауырды. Сұйық нәжіс 20-30 ретке дейін, күріш қайнатпасы сияқты, дене температурасы қалыпты.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
*+тырысқақ
*шигеллез
*сальмонеллез
*ротавирусты гастроэнтерит
*стафилококковый гастроэнтерит
#125
*! Науқас 53 жаста, малшы, ауруының 4 күні бетінің ісінуіне шағымданып, ЖМЖ шақыртқан. Оң бетінде «безеу» болған,оның көлемі ұлғайған, беті ісінген. Сол бетінің астыңғы жақтың төменгі бұрышында ортасында майда геморрагиялық құрамды көпіршіктермен шектелген пустула. Беті мен мойны бұғанаға дейін ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері тығыздалған, ауыру сезімінсіз.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
*+сібір жарасы
*мойын бұлшық еттерінің флегмонасы
*сол жақты тонзилярлы абсцесс
*ауызжұтқыншақ дифтериясы, токсикалық формасы
*беттің біріншілік тілмесі, эритематозды-буллезды форма
#126
*!Бала 14 жаста, 4-ші тәулік ауырып жатыр. Ауруы жедел, дене темперасурасы 400С дейін жоғарлаған, әлсіздіктен, тежелуден, сандырақтаудан, қайталамалы құсудан басталды.Кейін оң жақ санның алдыңғы беткейінде дақ пайда болды, артынан папула, везикула, қызыл тәж сияқты қоршалған. Оң шап лимфа түйіні үлкейіп, айқын ауыра бастады. Аурудан 3 күн бұрын сарышұнақты тауып, үйге әкелген.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:
*+оба
*тырысқақ
*туляремия
*сальмонеллез
*тағамдық токсикоинфекция
#127
*!16 жасар қыз бала ғимарат ішінде есінен танып қалған. Бұл жағдайға дейін қорқыныш сезімі, бұлшық еттеріндегі жалпы әлсіздік, бас айналуы, жалпы әлсіздік, көзінің қарауытуы болған. Анамнезінде: 3 айда 2 естен тану қайталанған. ЕҢ мүмкін болатын болжама диагноз:
*эпилептиформалық синдром
*+синкопальді жағдай
*коллапс
*кома
*шок
#128
*!Егде жастағы ер адам люстра іліп жатқанда кенеттен басы айналып есін жоғалтты. Бірнеше минуттан соң есі қалпына келгенімен айтарлықтай шағымдары болмады. Естен танудың ЕҢ мүмкін себебі:
*жыпылықтаушы аритмия
*қарыншалық фибрилляция
*субарахноидальді қан құйылу
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*+синокаротидті аймақтың гиперстимуляциясы
#129
*!45 жастағы әйел адам, төсектен тұрған соң есін жоғалтқан, бұл жағдай 1 жыл ішінде қайталанған, естен тану уақыты 15 минутқа дейін созылады. Жедел жәрдем бригадасын шақыртқан, дәрігердің қарауынан кейін науқаста тері жабындыларының бозаруы, бұлшық ет тонусының төмендеуі, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Мүмкін болатын болжама диагноз:
*эпилептиформалық синдром
*+синкопальді жағдай
*коллапс
*кома
*шок
#130
*!39 жастағы ер адамда естен тану артериялық гипотония, брадикардиямен, жүрек айну, бозару және профузды тер бөлінумен сипатталған. Мүмкін болатын синкопальді жағдай:
*медикаментозды
*ортостатикалық
*+вазовагальді
*аритмиялық
*кардиальді
#131
*!52 жастағы ер адам. Кенеттен есінен танып қалған. Жақындарының айтуы бойынша, қант диабетімен ауырады, сол себепті тері ішіне инсулин қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, тершеңдік. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс, ЖСЖ 90 рет мин, АҚҚ 100/60 мм. с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз, бауыры қабырға доғасы бойымен. Мүмкін болатын болжама диагноз:
*гипергликемиялық кома
*геморрагиялық инсульт
*+гипогликемиялық кома
*ишемиялық инсульт
*кардиогенді шок
#132
*!Жас адам көшеде ес түссіз, өте ауыр жағдайда. Қарау барысында денесінде жарақаттар жоқ. Тері жабындылары айқын цианозды, қол тамырларында инъекция іздері бар. Қарашықтары екі жағы бірдей тарылған. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны анық, ритм дұрыс, ЖСЖ 70 рет мин, АҚҚ 90/60 мм. с.б. Мүмкін болатын болжама диагноз?
*жедел жүрек жетіспеушілігі
*гипогликемиялық кома
*+наркотикалық кома
*апоплексиялық кома
*алкогольді кома
#133
*!Жедел жәрдем бригадасы құрылысы бітпеген объектке келді, 10 жасар ұл бала. Күзетшінің айтуынша, объектті тексеру барысында, кездейсоқ бетонда жатқан баланы тауып алған. Объективті: кома жағдайында, басының сол жақ шаш бөлігі жағында тері астылық көлемді гематома, бас сүйегінің деформациясы және крепитациясы. Ашық жарақаттар мен тері жабындыларының жарақаты жоқ. Анизокория. Патологиялық тыныс алу, Чейна-Стокс типті. Аускультативті тыныс барлық бөлімді қамтыды, сырылдар жоқ. ТАЖ- 20 рет 1 мин. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. АҚҚ - 100/60 мм. с.б., ЖСЖ - 94 рет 1 мин. Мүмкін болатын диагноз?
*синкопальді жағдай, естен тану
*мидағы қан айналымның жедел бұзылысы
*бассүйек мидың ашық жарақаты, мидың шайқалуы
*бассүйек мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы
*+бассүйек мидың жабық жарақаты, мидың соғылуы
#134
*!8 жасар балада кенет әлсіздік, қатты қарнының ашу сезімі, салқын тердің болуы, басында діріл, тахикардия, содан соң бала ұйқышыл болған, есінен танып қалған. Балада пайда болуы мүмкін критикалық жағдай?
*коллапс
* талма синдромы
*анафилактикалық шок
*+гипогликемиялық кома
*гепаторенальді жетіспеушілік
#135
*!Ер адам 56 жаста жедел жәрдем көмегімен жеткізілген сәтте ес түссіз болған. Қызының айтуы бойынша соңғы 2 күнде тәбетінің болмауына, бас ауруына, оң жақ қабырға доғасы аймағындағы ауру сезіміне шағымданған. Анамнезінде бауыр циррозымен ауырады. Объективті: науқас ес түссіз. Тітіркенгіштіккке жауаптың болмауы. Склераның сарғыштануы, петехиальді қан құйылулар терідегі. Тілі жабындымен жабылған. Аузынан бауырлық иістің шығуы. Қандай кома дамуы ӘБДЕН мүмкін?
*кетоацидотикалық
*травматикалық
*цереброгенді
*+бауырлық
*алкогольді
#136
*!62 жастағы әйел, ес түссіз ЖМЖ бригадасымен әкелінді. Объективті: терісі құрғақ, тізе және табанында гиперкератоз,тырнақтарында көлденең сызық. Мойнында операциядан кейінгі тыртық. Дене температурасы 35.7, АҚ - 70/40 мм. с.б.б., ТАЖ- 13 рет мин. Науқаста қандай кома дамыған?
*+гипотиреоидтық
*кетоацидоздық
*цереброгендік
*жарақаттық
*алкогольдік
#137
*!27 жастағы ер адам кома жағдайында. 2 айдан бері әлсіздікке, шөлдеуге, 8 кг дейін салмақ жоғалтуға шағымданды. Кенеттен 2 күнде хәлі нашарлаған. Объективті: терісі құрғақ, бозарған, тургоры төмендеген, арефлексия. Тынысы-Куссмауль, ауыздан ацетон иісі шығады. АҚ 90/60 мм. сын.бағ, пульсі-92, жұмсақ. Ішті пальпациялағанда - кебуі, құрсақ қуысы кернелген. Гликемия 24,9 ммоль/л, ацетон айқын оң мәнді, қандағы кетон денелері 12 ммоль/л. Науқаста қандай команың дамуы МҮМКІН?
*гипогликемиялық
*гипотиреоидты
*+кетоацидоздық
*уремиялқ
*бауырлық
#138
*!46 жастағы ер адам ұйықтап жатыр,қорылдайды. Оны ояту мүмкін емес. Қолына ине тыққанда қарсыласпайды. Науқаста ес бұзылысының қай деңгейі дамыған?
*+кома
*ашық
*сопор
*ступор
*сомноленттік жағдай
#139
*! 1,5 сағат бұрын жағдайы қиындаған 84 жастағы әйелге ЖМЖ бригадасы келді.Қызының айтуы бойынша таң ертен сағат 05.00-те жағдайы нашарлаған, дәретханада есін жоғалтқан,құлаған,тұра алмаған. Объективті: есі бұзылған, қалпы пассивті.Сөйлеуі бұзылған,сол жақ аяқ қолының күші плегияға дейін төмендеген.Сол жақтан Бабинский симптомы оң. Менигиальдық белгілер теріс. Терісі таза,құрғақ. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі дұрыс емес, тахиаритмия. АҚ - 180/110 мм. с.б., ТАЖ 88-100 рет мин. ЭКГ – жедел коронарлық бұзылусыз. Қандағы қант - 6,8 ммоль/л. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ мүмкін болжама диагноз?
*+ишемиялық инсульт
*геморрагиялық инсульт
*транзиторлы-ишемиялық атака
*субарахноидальды қан құйылу
*жедел гипертензивті энцефалопатия
#140
*!78 жастағы әйел, қызының айтуы бойнша науқастың жағдайы 2 сағат бұрын ыстық ваннадан шыққан соң айқын әлсіздіктеп, ентігуден, бас ауырудан, есін жоғалтып, жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: ЖИА және АГ-мен ұзақ жылдардан бері ауырады. Объективті: есі сопорозды, қалпы пассивті. Оң жақтан мұрын ерін қатпары жайылған. Сөйлемейді. Сол аяғы сыртқа қарай ротацияланған.Терісі таза,құрғақ .ТАЖ -19 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі дұрыс емес. АҚ - 180/110 мм. с.б., ТАЖ- 84-104 рет мин. Қандағы қант деңгейі - 8,2 ммоль/л. Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ мүмкін болжама диагноз?
*субарахноидальды қан құйлу
*жедел субдуральды гематома
*жедел гипертензивті энцефалопатия
*+жедел ми қан айналымның бұзылысы
*жедел ми қан айналымның бұзылысына өтуі
#141
*!40 жасар әйел адам, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. 8 сағат бұрын ауырған, ауыру эпигастрий аймағынан басталған, сосын оң жақ мықын аймағына ауысқан. Үлкен дәрет болған, калдың түсі қалыпты. Зәр шығару бұзылмаған. Дене температурасы 37,2°С.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
*+жедел аппендицит
*жедел холецистит
*жеделпанкреатит
*жедел гастрит
*жедел гепатит
#142
*!43 жасар ер адам. Жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауыру сезіміне шағымданады. 3-ші күні дене температурасы 38,2 С көтерілді. Жүрек айну мен құсу пайда болды. Анамнезінен: 12-елі ішектің ойық жарасы. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған. Пульс – минутына 124 рет. АҚ – 90/60 сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші желденген. Тыныс алуға қатыспайды. Пальпация кезінде ауырсынады және барлық бөлігі ширыққан. Щёткин — Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы тексергенде бауырдың тұйықталуы байқалмайды, тимпаникалық дыбыс. Аускультация кезінде «құлаған тамшы шуылы».
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
*+12-елі ішектің перфоративті жарасы. Перитонит
*12-елі ішек ойық жарасының асқынуы
*жоғары жіңішке ішек өтімсіздігі
*жедел жіңішке ішек өтімсіздігі
*асқазанның тесілген жарасы
#143
*!39 жастағы әйел адам. Жедел жәрдемге эпигастрий аймағындағы және оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына шағымданды. Анамнезінен 6 ай бұрын өт-тас ауруына байланысты холецистэктомия жасалған. Тері және шырышты қабаттары иктериялық. Дене температурасы 36,8. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Пульс минутына 82 соққы. АҚ 110/70 сын.бағ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты ауырсынады. Перитонеальді симптомдар теріс.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢсәйкес келеді?
*+жедел панкреатит
*жедел холецистит
*жедел холангит
*жедел гепатит
*жедел гастрит
#144
*!65 жасар ер адам. Жедел жәрдем шақырды. Жарық аймағындағы ауыру сезіміне және қызаруға, жүрек айнуға және бір реттік құсуға шағымданды. Үлкен дәреті жоқ, газ шықпайды. Объективті қарағанда: іші кепкен, перитонеальді симптомдары күдікті, іштің алдыңғы бұлшықеттері айқын ширыққан.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
*жарық қабының флегмонасы
*жарық қабының гангренасы
*жарық қабының некрозы
*жарық қабының абсцессі
*+жарықтың түсуі
#145
*! Әйел 50 жас. Жалпы әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданады. 3 күннен бері ауырады, психотравмадан кейін пайда болған эпигастридегі ауырсыну, сосын нәжісі қара түсті. 5 жыл бұрын науқас жедел эрозивті гастритпен емделген. Бірақ қазіргі уақытқа дейін өзін сау сезінген. Тері жабындысы бозғылт. Жүрек ұшынан систоликалық шу. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауыру сезімі анықталады.
Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН?
*+асқазан ойық жара ауруы қан кетумен
*бауыр циррозы қан кетуімен
*геморроидальді қан кету
*асқазандық қан кету
*ішектік қан кету
#146
*!Ұл бала 3 жаста, мамасының айтуы бойынша қасаға аймағындағы қатты ауырсыну сезіміне шағымданады. Аурудың ұзақтығы 3 сағаттан бері. Қарап тексергенде: қасаға үстінен шартəрізді томпайған, пальпаторлы консистенциясы тығыз-эсластикалық, ауру сезімімен.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы СƏЙКЕС келеді:
*жарық қысылуы
*жедел аппендицит
*+зәрдің жедел тоқтауы
*жедел бүйрек шаншуы
*зәр қапшығы жарақаты
#147
*!Жас бала, 20 жаста, жыныс мүшесі аймағында қатты ауыру сезіміне шағымданады. Шағымның пайда болғанына бір сағат болған. Қарап тексергенде: жыныс мүшемсінің басы ісінген, көкшіл түсті, күпек жыныс мүшесінің басына қарай жылжымайды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы СƏЙКЕС келеді:
*фимоз
*баланит
*+парафимоз
*баланопостит
*жыныс мүшесі жүгенінің жыртылуы
#148
*!Əйел адам, 47 жаста, сол бүйіріндегі кенеттен пайда болатын толғақтəрізді іштен төмен жайылатын, сыртқы жыныс мүшелеріне беретін ауыру сезіміне, лоқсуға, құсуға, зəршығарудың жиіленуіне шағымданады. Науқас қалпын тоқтаусыз өзгереді, жеңілдеу алып келмейді. Анамнезінен – ұстама алғаш пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары жəне көрінетін кілегей қабаттары қалыпты түсте. АҚ 110/70 мм с.б., пульс 98 рет минутына. Іші сəл үрленген, солқабырғаастының пальпациясы ауру сезімімен. Ұрғылау симптомы сол жақ бүйрек аймағында оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы СƏЙКЕС келеді:
*жедел аднексит
*+бүйрек шаншуы
*жедел панкреатит
*жедел пиелонефрит
*жедел ішек өтімсіздігі
#149
*!Əйел, 22 жаста, жүктіліктің 24-аптасы, оң бел аймағындағы сыздап ауруына, бір рет қалтырау, дене температурасы 39 С көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: мәжбүрлі қалып – сол бүйірінде, оң бел аймағын пальпациялағанда ауыру сезімі, құрсақтың тітіркену симптомы теріс.
ЕҢ СƏЙКЕС келетін диагноз:
*киста аяғының бұралуы
*жедел панкреатит
*жедел холецистит
*жедел аппендицит
*+жедел пиелонефрит
#150
*!Әйел 29 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке иррадияциаланатын толғақ тәрізді ауру сезіміне, жыныс жолдарынан жағылған қанды бөліністер шығуына шағымданды. Анамнезінен жоғарыдағы аталған шағымдар еттеккірдің 1,5 айға кешігуі нәтижесінде пайда болды, жүктілік тесті +. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттар түсі қалыпты. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. АҚ110/70мм сб. Іші қатайған, төменгі бөлігі ауру сезімді. Зәр шығаруы және үлкен дәреті қалыпты. Жыныс жолдарыннан шыққан бөлінділер жағындылы, қанды.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы:
*аналық без апоплексиясы
*+жатырдан тыс жүктілік
*жатыр мойны рагы
*эндометрий рагы
*қауіпі аборт
#151
!*Әйел адам 26 жаста, есі жоқ. Туыстарынын айтуы бойынша -6 күн бұрын тұмауды басынан кешірді, бас ауруына, бас айналуына, аяғындағы ісінуге шағымданды. Азанда тырысулар болды."Д" учетта 32 апталық жүктілік бойынша тұрады. Объективті: жағдайы ауыр. АҚ 180/100 - 190/100 мм. сб. Жатыр қозбаған.Ұрықтың орналасуы көлденен, баспен келген. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритімді,минутына 140ретке дейін. Катетермен зәр бұлынғыр,10,0мл.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы көбірек СƏЙКЕС келеді:
*жүктілік 32 апта. Артериальная гипертония 3 ст. Гипертонический криз
*жүктілік 32 апта. Преэклампсия. Менингит после гриппа.
*жүктілік 32 апта. Преэклампсия тяжелой степени.
*жүктілік 32 апта. Тұмаудан кейінгі менингит.
*+жүктілік 32 апта. Эклампсия. Кома.
#152
!*Әйел адам, 25 жас іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін қатты ауыру сезіміне, жүрек айнуына, бір реттік құсуға, жалпы әлсіздікке, жоғары температураға 39,5С, қалтырауға, жыныс жолдарынан кілегілі-ірінді бөлінділердің бөлінуіне шағымданды. 3 кун ауырады, жоғарыда айтылған шағымдар еттеккірден кейін пайда болды. Соматикалық сау. Тұрмыс құрмаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. АҚ100/70мм.сб. ЖСЖ 98рет минутына. Іші үрленген, іштің төменгі бөлігі бірден ауыру сезімді, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы көбірек СƏЙКЕС келеді:
*жедел аднексит
*жедел эндометрит
*жедел аппендицит
*+пельвиоперитонит
*жатырдан тыс жүктілік
#153
*!Ер адам 60 жаста. Спортзалда екіпұттық гир көтерген. Оң қолымен басына дейін көтерген гир, оны осы деңгейде ұстап тұра алмай, инерция бойынша қолын артқа тартқан. 103 дәрігері қарап тексергенде:оң қолы шынтақ буынында бүгілген,кеудедеден біршама әкеткен, науқас оны сау қолымен білек тұсында ұстап тұр. Иық буыны деформацияланған. Иықтың дельта тәрізді бұлшық етінің дөңестігі жойылған. Жауырынның акромиальді осіндісінің шеті айқын көрінеді, ал төменірек буын шұңқыры бос қалған. Иық буынынында белсенді қимылы мүмкін емес. Иықтың серіппелі қарсыластығы анықталады-симптом "перне". Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
*оң жақ иық буынының соғылуы
*+оң жақ иық сүйегі басының шығуы
*оң жақ иық сүйегі басының сынуы
*оң жақ иық буын байламының созылуы
*оң жақ иық буынының теріастылық гематомасы
#154
*!Жасөспірім 16 жаста, 3 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы күші сол аяққа түсті. 103 дәрігері қарап тексергенде: сол жамбасы ісінген, деформацияланған, оның осі қисайған. Жарақат алған аймақта ауыру сезімі сезіледі. Жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалу байқалады. Сол аяғын көтере алмайды. Табанның қозғалғыштық және сезімталдық қызметі толығымен сақталған. Шеткі артерияларда пульс сақталған.Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы көбірек СӘЙКЕС келеді?
*+сол жамбастың ортаңғы үштен бір сынығы
*сол жамбастың жоғарғы үштен бір сынығы
*сол жамбастың төменгі үштен бір сынығы
*сол жамбастың жұмсақ тінінің соғылуы
*сол жамбастың мойын сынығы
#155
*!Науқас Ж. 37 жаста. Жол-көлік апаты болған жерге 103 бригадасы келген кезде, науқас оң жамбас аймағында кенет ауыру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша, 10 минут бұрын автокөлікке соғылып, оң жамбас аймағынан соққы алған. Есін жоғалтпаған. Қарап тексергенде: оң жақ мықын сүйегінде кең көлемде теріастылық гематома анықталды, шат және шонданай сүйектерін, сонымен қатар мықын сүйегінің оң қанатын пальпациялағанда кенет ауыру сезімімен.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы көбірек СӘЙКЕС келеді?
*жамбастың жұмсақ тінінің гематомасы
*оң жамбастың мойнының сынығы
*+жамбас сүйегінің сынығы
*жамбас сүйегінің соғылуы
*оңжамбастың сынығы
#156
*!Ер адам 45 жаста, 103 дәрігері жалпы қараған кезде, бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айну, құсуға шағымданған. Анамнезінде бір тәулік бұрын құлап, басын жерге соғып алған. Қысқа мерзімді есін жоғалтқан, жарақат себебі есінде жоқ. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, АҚ 130/80, брадикардия минутына 62 соққыға дейін, ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*ми соғылуының ауыр дәрежесі
*ми соғылуының орташа дәрежесі
*ми соғылуының жеңіл дәрежесі
*+мидың шайқалуы
*мидың қысылуы
#157
*!Жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне 50 минут бұрын ағаш шабу кезінде байқаусызда басының үлкен көлемді шабылған жарақатын алған науқас жеткізілді. Қарау кезінде: сол жақ төбе-маңдай аймағында кең және аздаған қан кетумен көрінетін шабылған жара анықталды. Жарада сүйек қалдықтары көрінеді. АҚ 110/70 мм.с.б.б., пульс минутына 98 соққы, ритмді. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бассүйек негізінің сынуы
*жабық бассүйек-ми жарақаты
*+ашық бассүйек-ми жарақаты
*алдыңғы бассүйек шұңқырының сынуы
*бассүйек-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
#158
*!Ер кісі 43 жаста, құлау кезінде басын соғып алған. Басының қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: есеңгіреген, тері жамылғылары бозғылт, пульс минутына 62-64 соққы. Сол жақ самай бөлігінде жұмсақ тіндердің ісінуі, сол жақ құлағынан аздап қан кеткен. Науқас жарыққа қарай алмайды. Сол жақ қарашығы оң жақпен салыстырғанда кеңдеу.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*+бассүйек негізінің сынуы
*жабық бассүйек-ми жарақаты
*ашық бассүйек-ми жарақаты
*алдыңғы бас сүйек шұңқырының сынуы
*бассүйек-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
#159
*!Ер кісі 28 жаста. Төбелес кезінде басына қатты затпен соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарау кезінде: ұйқышыл, сұрақтарға түсініксіз жауап береді, аздап бозғылт, пульсі минутына 62 соққы, маңдай аймағында 8х15 см көлемді жара,аздап қан кеткен, сол жақта мұрын-ерін қыртысы тегістелген, тілі аздап солға ығысқан, оң жақ қарашығы сол жақпен салыстырғанда аздап кеңейген.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бассүйек негізінің сынуы
*алдыңғы бассүйек шұңқырының сынуы
*ашық бас-ми жарақаты. мидың соғылуы.
*+жабық бас-ми жарақаты. мидың соғылуы.
*жабық бас-ми жарақаты. мидың шайқалуы.
#160
*!Қала сыртында 10 жастағы бала бірнеше сағат бойы қатты аязда болды. Мұздалған баланы шаңғышылар тауып,жақын жерде орналасқан елді мекенге апарады. 103 шақырды. Қарағанда білек пен табан терісі гиперемияланған, қолдың және аяқтың саусақ ұштарында бірең-сараң күлдіреуік, сезімталдық төмендеген.
Науқаста үсіктің қандай дәрежесі?
*I дәреже
*+II дәреже
*III дәреже
*IV дәреже
*II-III дәреже
#161
*!Моншада 20 жастағы қызда бұтаралық және екі жақты төменгі бөліктерде термиялық күйік.
Күйіктің жалпы ауданын анықтаңыз?
*19%
*22%
*27%
*32%
*+37%
#162
*! Науқас 50 жас. Дене бетінде 35% аймағы I-II-IIIA дәрежелі термиялық күйік бар.Күйік жарақаттары бетте, мойында, кеуденің алдыңғы беткейінде орналасқан. Бетте, мойында жұмсақ тіндердің ісінуі бар. Тыныс алуы мұрын және ауыз арқылы қиын, шулы. Мұрын ішінде күйген қылшықтар бар.
Күйік науқастың тыныс алу жолдарының қай бөлігінде орналасқан?
*+жоғарғы тыныс алу жолының күйігі
*төменгі тыныс жолының күйігі
*мұрын қуысының күйігі
*көмей күйігі
*кеңірдек күйігі
#163
*!3 жастағы бала байқаусызда ыстық сумен төменгі бөліктерінде термиялық күйік алған. келген ЖМЖ дәрігері дене бетінде аумағы 10% күйік алғанын анықтаған.Гиперемия және ісіну фонында кей аумақта эпидермистің болмауын анықтады.
Балада МҮМКІН БОЛАТЫН термиялық күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
*I дәреже
*+II дәреже
*IIIа дәреже
*IIIб дәреже
*IV дәреже
#164
*!Бала 14 жаста, төменге және ұмаға берілетін іштің жәңе оң жақ бел аймағының ауыруына; әлсіздік, бас айналуға шағым айтты. Сырқатты жарақатпен байланыстырады (4 сағат ішінде белгісіз адамдар ұрып соққан). Тексеру кезінде оң жақ бел аймағында гематома анықталды, перитонит белгілері жоқ.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
*ішек жарақаты
*+іштің тұйық жарақаты
*асқазанның тұйық жарақаты
*іштің ашық жарақаты
*қуық жарақаты
#165
*!Ер адам 33 жаста, автокөлік оқиғасының қатысушысы. Объективті: ауыру сезімінен айқайлап жатыр. Тері жамылғысы солғын. Оң жақ жамбасында жыртылған жарақат бар, сол жерден сүйек шығып тұр және қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр. Қан кету тоқтағаннан кейін ЖСЖ 1 минутта 120 соққы. АҚ 80/60 мм с.б.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
*бассүйек-ми жарақаты
*геморрагиялық шок
*+жарақаттық шок
*мықын сынығы
*жамбас сынығы
#166
*!Ер адам 35 жаста, үйге қайтып бара жатты. Кенеттен қатты соққыны сезді. Қысқа мерзімге есінен таңды. Есін жиған кезде оң жақ жіліншігінде бірнеше жерден жыртылғанын көрді, сол жерден қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр, ал сол жақ жамбас жасанды қалыпта тұр. Аяқ-қол ұшында қатты ауыру сезімін сезді, қозғала алмады. Қорқыныш, шарасыз сезім пайда болды. Объективно: науқас қозған, солғын, ЖЖЖ 1 миутта 110 соққы, АҚ 90/60 мм с.б, екі жіліншігінде де жыртылған жаралар бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
*+қосарланған жарақат
*бассүйек-ми жарақаты
комбинирленген жарақат
*ашық бассүйек-ми жарақаты
*балтыр сүйегінің ашық сынығы
#167
*!Бала 4 жас. Медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды: миоз, бұлшықеттік тартылу, галлюцинация, бронхоррея, бронхоспазм, тоқтаусыз құсу және іштің ауыру сезімі.
Төменде келтірілгендердің қайсысы КӨБІРЕК уланнудың себебіне ұқсайды?
*+ фосфорорганикалық қосындылармен улану
*наркотикалық аналгетик
*аконит тұнбасы
*парацетамол
*этанол
#168
*!Ер адам 45 жаста ауызынан «металлдың» дәмін сезеді. Құсығы көк түсті. Сілекей ағу мен шөлдеу мазалайды.
Төменде келтірілген препараттардың ҚАЙСЫСЫН науқас ішке пайдаланған?
*+йод
*бор қышқылын
*күйдіргіш сода
*сутегі асқын тотығы
*гидропирит ерітіндісін
#169
*!34 жастағы ер адам, химиялық тыңайтқыштар шығаратын заводта істейді. Жүрек айнуға, құсуға, іштің ауыру сезіміне, қозғыштыққа шағымданды. Объективті: психомоторлы қозғыш, көз қарашығы тарылған, бұлшықеттік тартылу. Өкпесінен әртүрлі мөлшердегі ылғалды сырылдар естіледі. Мұрын қуысында сұйық бөлінді.Жүрек тондары тұйық.
Төменде келтірілген қай зат КӨБІРЕК уланудың себебі болып табылады?
*сірке қышқылы
*этилді алкоголь
*күйдіргіш сода
*ацетилсалицил қышқыл
*+ фосфорорганикалық қосындылармен улану
#170
*!Өнеркәсіпте улы зат шығып кетті. Жұмысшыларда тұншығу ұстамасы, кенеттен жөтел, үрейлі жағдай, бұлшықет әлсіздігі, жас ағу, жұмысшыларды зақымданған аумақтан шығарғаннан кейін өз бетінше басталды. Бір күн өткеннен кейін жұмысшылардың бір бөлігі өкпелік ісінумен ауруханаға жатқызылды.
Төменде келтірілгендердің ішінде қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?
*+хлормен улану
*метанмен улану
*аммиакпен улану
*күкіртті газбен улану
*күкіртсутегісімен улану
# 171
*!20 жасар жас жігіт көшеде ес-түссіз ауыр жағдайда анықталды. Тексеру кезінде денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Терісінде айқын цианоз, көктамырының бойында инъекциялардың ізі бар. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны бәсеңдеген, ритмі дұрыс, ЖСЖ 70 рет/мин, АҚ 90/60 мм.сн.бғ.Ошақты белгілері жоқ
Төмендегі диагноздардың қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?
*алкогольді кома
*+наркотикалық кома
*апоплексиялық кома
*гипогликемиялық кома
*жедел жүрек жеткіліксіздігі
# 172
*!Ер адам 39 жаста, көшеде ес-түссіз күйде табылды. Объективті: тері ылғалды, бозғылт, қарашық әлсіз кеңейген, Д=S. Аяқ-қолының бұлшық ет тонусы төмендеген. Аузынан алкогольдің иісі шығып тұр. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 108 рет мин., АД 110/70 мм рт ст. Ошақтық симптомдар жоқ. Менингеалды белгілер теріс. Беттің терісінде жыртылған жарақаттар
Қандай төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*+алкогольді кома
*есірткілік кома
*гипогликемическая кома
*жедел миокард инфаркты
*жедел ми қанайналым бұзылысы
# 173
*! Ер адам 48 жаста, экстасистолия және пароксизмальді тахикардиямен ЖСЖ 180 рет/ мин токсикологияның қабылдау бөліміне жеткізілді. АҚҚ 60/40 мм. сын.бағ., көпреттік құсу шағымдарымен, тілі, ауыз қуысының кілегейі ұйыпқалу сезіміне , 200г. Шарап қабылдаған соң, 15-20 мин кейін пайда болған. анамнезінде жүрек патологиясы жоқ.
Бірінші кезекте науқастан төменде келтірілгеннің қайсысын күмандануға болады?
*+ аконитпен улану
* димедролмен улану
* қышқылдармен улану
* алкоголь суррогатымен улану
* есірткі препараттарымен улану
#174
*!Ер адам 56 жаста. Шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, қиын тыныс алу, тершеңдік. Анамнезінен: 2 апта ішінде қолдан сатып алынған алкогольді ішімдік пайдаланған. Бүгін жағдайы нашарлаған. Объективті: Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, қолының дірілі. Көз қарашықтары D=S, дейін 1-2 мм кішірейген . Тынысы шулы. ТАЖ – 26 рет мин. Өкпеде ылғалды және құрғақ сырылдар. АҚ – 110/70 мм. сын.бағ.ст. PS – 140 соққы мин.
Қандай төменде аталған болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы?
*сірке қышқылымен улану
* этил спиртімен улану
*+ алкоголь суррогатымен улану
* көмірсутектермен улану
* фосфоорганикалық қосылыстармен улану
175
*!Ер адам 28 жаста, қатты отынмен пеш жағатын бөлмеде болған, ес түссіз табылған. Объективті: ыстын иісі, тері жабындылары гипермияланған, акроцианоз, мидриаз, фоторекция әлсіз, тахипноэ 25 ке дейін, АҚ 100/70 мм.рт.ст., ЖСЖ- 90 рет/мин.
Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы ЕҢ нақтысы?
*+көмір қышқыл газымен улану
*өртенген азық түлікпен улану
*психотропты затпен улану
*апиын нашасымен улану
*табиғи газбен улану
#176
*!12 жасар бала қабылдау бөліміне белгісіз дәрімен уланумен түскен. Тексеру кезінде бала мазасыз, қимыл қозғалысы бұзылған. Терісі құрғақ. беті ыстық қарашықтары кеңейген, тахикардия Қандай затпен улануы ӘБДЕН мүмкін?
*аспиринмен
*+атропинмен
* реланиуммен
*димедролмен
*адреналинмен
#177
*!12 жасар бала. 5 таблетка димедрол ішкен. Біраздан кейін психичкалық – қимылдық қозуы болды, гипертермия, шөлдеу,бетінің және жоғары дене бөлігінің гиперемиясы. Терісі құрғақ боз қарашық кеңейген, горизонтальды нистагм, тырысу
Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы нақтырақ?
* антибиотикпен улану
*жүрек гликозидымен улану
*тырысуға қарсы препаратпен улану
*қабынуға қарсы препаратпен улану
*+антигистамин препараттарымен улану
#178
*!Бала 13 жаста кездейсоқ ас үйде сөреде тұрған сұйықтықты ішіп қойған. Мамасы жедел жәрдем шақырған. Тексеруде аузынан бір иіс шығады, құсады, сілекей ағады, жұтынуы қатты ауыру сезіммен. Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы нақтырақ?
*сілтімен улану
* қышқылмен улану
* эссенциямен улану
* алкогольмен улану
*+ сірке қышқылымен улану
#179
*!9 жастағы балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылған,апасының айтуы бойынша кенеттен қатты ауыру сезімі болған. Қарап тексеру кезінде білезік аймағында 2 кішкентай көпіршік байқалады. Баланың айтуынша оны «құйрығы бар бір жәндік шағып алған».Қарап тексергенде балада ұйқышылдық, температура 37,4 С, шаққан аймақта парестезия байқалады .Балтырында күңгірт-қызғылт түсті нүкте, қызғылт жолақпен қоршалған ісіну байқалады. Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
* +сарышаянның шағуы
* қарақұрттың шағуы
* қоңыздың шағуы
* араның шағуы
* кененің шағуы
#180
*!Үйде 5 жасар бала ес түссіз, тоникалық кейіптегі құрысумен жатыр, оң қолында шеге. Анасы осы күйде тауып алған, бұған дейін дені сау болған. Тексеру барысында ТАЖ-30 рет мин, пульс - 130 соққы. Оң қолының алақанында сұршыл-ақ түсті, сызық тәрізді жарақат анықталған.
Мына болжам диагноздардың ішінен қайсысы құрысудың ЕҢ мүмкін себебі бола алады?
* бас ішілік гипертензия
* миының жарақаты
* +электржарақаты
* естен тану
* коллапс
