Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_tarikh1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.4 Кб
Скачать

47. Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері

Егер Х1Х ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы.1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. ХЫХ ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі.1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.18701914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.XX ғ. басында шаруалардың Ресейден Қазақстанға қоныс аударуы бүрынғыдан бетер күшейе түсті. 1901 ж. патша өкіметі қазыналық жерлерді жеке түлғаларға беру жөнінде заң қабылдап, 1904 ж. Ресейдің орталығынан шаруалардың қоныс аудару ісіне басшылық жасайтын Қоныс аудару басқармасын қүрды. Осының арқасында 1353 және 1905 жылдары арасында қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, 1906-1907 жылдар арасында 17 млн. десятина жер тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға беліп берілді.

48.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы. Қоныс аудару себебі: Манчжур Цин империясындағы көтеріліс шабуылдары Манчжур Цин империясы Чыңжан болып құрылғаннан кейін Ұйғыр дүнгендерге қысым көрсету күшейді сол себепті.19ғ 80ж Жетісуға қоныс аударды Ұйғыр дүнген мәдениетінің негізі әлеуметтік шаруашылық қоғамдық салалардағы байланыс оларды қоныс аударуы Ресейдің мәдениетіне жаңа мазмұн берді. 1885ж Петербург келісімімен Ресеймен Қытай Қазақстан арқылы сауданың дамуына жол ашты. Осы келісім бойынша өлкесіндегі ұйғырлар дүнгендер Жетісуға қоныс аударуға құқылы болды. Ұйғырлар дүнгендер қытай өкіметінің тарапынан Жетісуға қоныс аударуға мәжбүр болды.Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігімен ғана емес басқа облыстардан келді. Өйткені қазақ даласы ұланғайыр кеңдігі мал шаруашылығына, егінге де қолайлы болды. 1900ж. Халық санағы бойынша тек қаз-ң 5 облысында (Ақмола, Торғай,Орал,Жетісу,Семей ) ғана 3463598 адам болса оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247мыңдай адам Сібірден- 42119, Орта Азиядан-23530, Польшадан-1191,Кавказдан-1672, басқа жерлерде-3557 адам келді. Сөйтіп 1900ж. 3 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5% қамтыды оларға 44млн гектар жер таратылды.

49. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

  • аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;

  • ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;

  • ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;

  • тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:

  • қалалар мен темір жолдар салынды;

  • тауар-ақша қатынастары дамыды;

  • көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және

отырықшы түрлеріне ауыса бастады;

  • әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшыларжатақтарбатырақтар және т.б.).

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды. XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер

Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкірыноктың құрылуына жол ашылды. XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:

  • қозғалмалы айырбас саудасы,

  • маусымдық жәрмеңкелер,

тұрақты сауда

Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты.

50.Ресейдегі Столыпинның аграрлық реформасы және Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару.1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. өйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың үлесі:

Ақмола облысы – 36,6% Сырдария облысы – 63,3%

Төрғай облысы – 58,7% Семей облысы - 73%

Жетісу облысы – 60,5% Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы). Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. емір жол. 1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

51. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорына жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап қазақ әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.

52.ХХғ.қазақ баспасөзі.  1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің  дамуы  мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетті саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына  дейін Ташкентте К.Тоғысов басшылық жасаған апталық «Алаш» газеті шығып тұрды. Қазақ газеттерінің ішінде ерекше ілтипатпен көңіл аударуға тұратын газеттің бірі – «Алаш». Газеттің шығарушысы әрі редакторы – Мәриам Төгісова. Осының өзі қазақ әйелдерінің арасындағы зор серпілісті көрсеткендей. 

53.Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына өкеп сокты. Оган сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұра-тын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары» акционерлік қоғамы мен «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндірді. Тұтас алғанда бұл кезенде мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Мыс кені бірден-бір мыс балқыту зауыты — Спасск зауытында өндірілді. Жер қойнауын жыртқыштыкпен пайдалану «Спасск мыс кені» акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыгу фаб-рикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт концентрат өндірді. Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысында 1914 жылға қарай 2 703 226 десятина шұрай-лы жертартып алыңды. 1917 жылға қарай Семей, Орал, Торғай, Ақмола облыстарында және Бөкей ордасыңда қазақтардан 40,638 миллион десятина жер татып алынды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да гөрі зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. 

54. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы және оған қазақ интеллегенциясының көзқарасы1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М. Дулатұлы айтқандай: " жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды".1916 жылғы 23 тамызда генерал - губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды. Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. Олардың мақсаттары: - Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту. - Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу. - Ұлттық автономия құру. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды "Ресей мемлекетінің бодандары, Оттанның перзенті" деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді. қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз", - деп жазды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты:"Бірі - барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі -"бармаймын"деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді.. . "Олар:"қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады", - деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасаты ымырластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын ж/е оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді. Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды: 1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә. Жангелдин, Ә. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т. Рұсқылов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Мендешев, Ә. Жангелдин, Б. Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуде әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті. Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 1. Жетісуда – Т. Рысқулов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, К. Мәмбетов, А. Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А. Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С. Мендешев, Ә. Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж. Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов. 1916ж. Патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. 1913 ж. "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" - деп жазған А. Байтұрсынұлы 1907-1912жж. Қазақстанға Ресейден 2 млн 400 мың адам қоныстандырылды 1916ж. Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты миллионға жуық кеміді Негізгі оқиғалар 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды Патша өкіметінің қозғалысты басу үшін қолданған шаралары Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асырды. 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Нәтижесі 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды Жетісудағы көтеріліс. 1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3. көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды. Осыған қарамастан көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазалаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды. Торғайдағы кө. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А. Д. Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батыс қара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. -161-і каторгаға айналды. - Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Күні бұрын белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды. Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды.

55.20-ғасырдың басында ұлт-азаттық күресінің жаңа кезеңін бастаған қазақ интелегенциясының қалыптасу ерекшелігі.

56 ХІХ-ХХ ғ.ғ. Қазақстандағы мәдениет. Музыкалық өнері. Аспаптары. Ежелгі қазақ аспаптары – домбыра мен қобыз (шертпелі), саз-сырнай, қамыс сырнай – сыбызғы. Қобызды жасаушы және аспаптық жанр –күйді шығарушы – аты аңызға айналған түрік философы және музыканты Қорқыт. Музыканттар. Қазақтың ұлы домбырашы-күйшілері – Асан қайғы (XV ғ.), Тәттімбет, Дәулеткерей, Құрманғазы, қобызшы Ықылас (ХІХ ғ.), Нұрғиса Тілендиев (ХХ ғ.). Халық әншілері. Ұлы жыршы-жыраулары – Жаяу Мұса, Ақан Сері, Әміре, Мәди, Кенен (ХІХ-ХХ ғ.ғ.), Шәмші Қалдаяқов (ХХ ғ.). Архитектурасы Ұлы Дала ғасырлар бойы жатжерлік басқыншылардың шайқас алаңы болып, ортағасырлық қалалар мен архитектуралық кешендердің қирауына ұласты. Солардың ішіндегі сақталғандары –Х. А. Яссауи кесенесі (XІV-ХV ғ.ғ.) (Түркістан қ.) ЮНЕСКО Бүкіл әлемдік тізіміне қосылды. ЮНЕСКО Бүкіл әлемдік ескерткіштер тізіміне Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедральды шіркеуі де (1907) кірді. Әлемге әйгілі Республика Сарайы (Алматы, 1970, арх. Н. Рипинский және т.б.), «Медеу» кешені (1972, арх. В. Кацев, А. Қайнарбаев). Әдебиет Фольклор. Қазақтар ғасырлар бойы “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” ерлік эпостарын, “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Еңлік – Кебек” лиро-эпикалық дастандарын өз жүректерінде сақтап келеді. Айтыс ақындарының (Сүйінбай, ХІХ ғ., Жамбыл, ХХ ғ.) поэтикалық сайыстары халықты шаттыққа бөледі. Жазба әдебиеті. Оның негізін салушы – ойшыл, ақын, ағартушы Абай (1845-1904) «Ғақлия» («Қара сөздері»). Абайдың ісін мұрагер ретінде жалғастырушылар ХХ ғасыр басындағы демократтар – “Сөзді өнер атаулының ішіндегі ең біріншісі деп есептейтінін” мәлімдеген ақын, қазақ графикасының реформаторы А. Байтұрсынов (1873-1938), М. Дулатов (1885-1935) – “Оян, қазақ!” өлеңдер жинағы; М. Жұмабаев (1893-1938) – ұлы лирик. Әлемге әйгілі жазушылар М. Әуезов (1897-1961) – “Абай жолы” роман-эпопеясы (1954); І. Есенберлин (1915-83) – “Көшпенділер” трилогиясы (1973); ақын М. Шаханов – “Өркениеттің адасуы” поэмасы (2001); ақын, түрколог, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі О. Сүлейменов –«Адамға табын, Жер, енді!” поэмасы (1961), «Аз и Я» зерттеуі (1975). Бейнелеу өнері Қазақстанның бірқатар аймақтарында жартасқа салынған ежелгі суреттер сақталған (біздің дәуірімізге дейінгі І-ІІ мыңжылдықтан – біздің дәуіріміздің VIII-IX ғ.). Тамғалы-тас петроглифтері (Алматы облысы) ЮНЕСКО бүкіл әлемдік мәдени мұра тізіміне енді. Көркем сурет және графика. Тұңғыш ұлттық кәсіби суретші– акварелші Ә. Қастеев (1904-73). Оның ұстазы Н. Хлудов (11850-1935) – көшпенділер өмірі туралы этнографиялық дәлме-дәл және романтикалық көркем суреттердің авторы. Табиғат көріністерін асқан шеберлікпен салған Ж. Шарденовтің (1927–92), «магиялық импрессионизм» жасаған Е. Төлепбайдың; әлемге әйгілі “Алматылық аңыздарды” жасаған фантаст С. Калмыковтың (1891-1967) жұмыстары, ХІХ ғасырдағы қазақ батыры және ақыны Махамбет образын арқау етіп, графикалық парақтар жасаушы М. Қисамединовтің туындылары кеңінен танымал. Монументтік өнер. Ұлттық мұраға айналған ескерткіштер: Алматы қаласындағы – Абайы (1960), авторы – тұңғыш ұлттық мүсін қашаушы Х. Наурызбаев (1925-2009); Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов (1971) - Т. Досмағамбетов; Астанадағы – Кенесары хан ескерткіші (2001) – авт. Н. Далбай; «Бәйтерек» монументі (2002) – авт. Н. Фостер, «Қазақ елі» (2008) – қазақ халқының тағдыры туралы елдегі тұңғыш сәулеткерлік-мүсіндік кешен (арх. Н. Далбай бастаған, С. Жүнісов, т.б. мүсіншілер тобы).Қазақстан театр өнері Қазақстан театр өнері 1926 ж. (Қызылорда қ). М. Әуезовтің пьесасы бойынша «Еңлік-Кебек» спектаклінен басталған. 1928 ж. театр Алматы қаласына қоныс аударды. 1930-жылдары қазақ театрлары бірқатар облыс орталықтарында пайда болды. 1933 ж. Семей қаласында құрылған орыс драма театры, көп ұзамай Алматыға көшірілді. Сонда 1934 ж. Ұйғыр театры, 1937 ж. – Корей театры (Қызылордада), 1935 ж. Алматыда – Қуыршақ театры, 1944 ж. сонда – ТЮЗ – жасөспірімдер театры ашылды. 1960-90-жылдар – М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ең жарқын спектакльдер дәуірі (бас режиссер – КСРО халық артисі Ә. Мәмбетов): У. Шекспирдің «Асауға тұсауы» Х. Бөкеева және Ш. Айманов (Катарина мен Петруччио), Ш. Айтматовтың «Ана-Жер ана» С. Майқанова (Толғанай), т.б. Қазақстан киноөнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.

57) Тұңғыш қазақ ғальмы Шоқан Уалиханов және оның Қазақстанның және Орта Азияның тарихын, этнографиясын мен географиясын зерттеудегі қосқан үлесі. Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Кқкшетай облысы) баурында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арғы атасы Абылай. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тян-Шанский, Потанин; Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған. «...жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе сықылды болды», - дейді Г.Н.Потанин.1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, фольклор нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстыққөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады.Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. Шоқан Уәлиханов атында Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты

58 )Ыбрай Алтынсарин (1841-1889 жж) - қазақтың ағартушы – педагогі, фольклоршысы, жазушысы, этнографы. Қазақтың алғашқы мұғалімі, қазақ балалар үшін ана тіліндегі және орыс тіліндегі оқулықтардың авторы. Ыбрай Алтынсариннің экономикалық көзқарастары оның шығармаларында баяндалған, сондай-ақ патша әкімшілігінің атына жазған ресми баяндама жазбаларында көрініс тапқан. Алтынсарин халықтың еңбек ететін қабілетін тек ағартуға ғана шақырып қойған жоқ, сонымен бірге экономикалық жағдайларын жақсартуға да шақырды. Ол мұндай дәреже барлық қазақтардың көшпелі салт өмірден отырықшылыққа көшуі нәтижесінде ғана болады деп санады. Алтынсарин Қазақстанда кәсіптік – техникалық білім беруді дамытуға үлкен үмітпен қарады. Оның пікірі бойынша, бір ғана жалпы білім беру салыстырмалы түрде экономикалық өмірге аз пайда әкеледі, сондықтанда халыққа қолданбалы білім қажет. Алтынсариннің өтініш хаты бойынша Торғай қаласында бірінші рет, қазақ даласында балалар мен қыз балаларға училищесі ашылды, онда қыздар жалпы біліммен қол өнерін оқыды. Оның ағарту – педагогикалық көзқарастары К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой және т.б. орыс мәдениетінің қайраткерлерінің ықпалымен қалыптасты Ы.Алтынсарин мектептерінде оқу процестері діни негізінде емес, ізетті бағытында жүргізіліп, содан барып қатысушылар жоғарыдағы билікте емес, халық қажеттеріне қызмет етуіне көп күш жұмсады. Осы деңгейде ол қазақ балаларын үнемі орыс тілін тереңдеп оқуға, орыс мәдениетінің жетістіктерін игеруге, содан соң европалық өркениетке “терезе ашуға” шақырды. Осы жолда ұлы педагог ағартушылық қызметіндегі беделін ғана емес, сонымен қатар ғылыми және әдеби дарынын пайдаланды. Оның әдеби мұрасы орыс графикасы негізінде баспасөзден шыққан “Қазақ хрестоматиясы” жазылған. Ағартушы – педагог өзінің әдеби шығармаларында ең басты байлық – қой немесе басқа байлықтар емес, басты байлық-білім деді . Білім ғана жоғарыға өсуге, материалдық және рухани дамуға мүмкіндік береді деген ойды айрықша айтқан. Сондықтан, әлемдік бірлестіктің ішінде жемісті еңбек етіп, өсіп даму үшін қазақтар еңбек пен ғылымның биік шыңдарын да жете білу керек деген. 59) Абай Құнанбаевтан (1845-1904 жж) Беделді халықаралық ұйымның бастауымен 1995 жылы Абайдың 150 жылдығын тойлау – барлық қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды.Абайдың мерейтойы Париж, Лондон, Пекин, Стамбул - әлемінің 80 елінде тойланды. Абай – ұлы дарын ғана емес, ол данышпан кемеңгер. Атақты Кант “дарын” мен “данышпан” түсініктерін беріп – “Данышпан” өнер, ғылым, жалпы қоғам дамуында жаңа бағытты қалыптастырады десе, Томас Манн “данышпан адамзатты дамудың жаңа сапалы сатысына көтереді” деді. Сондықтан данышпандық кең ұғымды категория. Абайдың, қазақ ұлтының, атақты қайраткерлері Бұқар жыраудан, Төле биден, Қазыбек биден, Әйтеке биден және басқа ойлылардан айырмашылығы, ол өзінен -өзі жалпы қазақ өмірінің дәуірі болып табылады. Абай қазақтарға ойлау мен таңдаудың жаңа жүйесін әкеліп, Шығыс пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің арасындағы көпір болып, қазақ өміріне араб, орыс, парсі, неміс, поляк, венгр мен ағылшындардың рухани жетістіктерін жеткізген тұлға. Абай әлемі осы екі мәдениеттің қоймасын танытады. Абай ақын, классик және қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен бірге ғылымның әртүрлі саласында, оның ішінде экономикалық мәселелер, әсіресе көшпелі ауылдың экономикасы туралы көптеген ойлар айтқан, мұра қалдырған ұлы ойшыл. 1886 жылы Абай Семей статистикалық комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Облыс әкімшілігінің жанындағы бұрынғы ресми орган, статкомитет өзінің тікелей міндеттерінен тысқары, аса маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарында жүргізді. Орыс зерттеушілерінің еңбектеріне назар аударған Абай, экономика, статистика және социология мен бір мезгілде орыс зерттеушілерінің көшпелі шаруашылық экономикасының ерекшеліктерімен, әдеттегі құқықтарымен қазақ халқының тарихымен танысты. Қоғамдық істерге би және болыс басқарушысы болып, Абай көшпелі шаруашылық экономикасын, оның мұқтаждарын өте жақсы білді. Сондықтанда, ағартушы – демократ ретінде, Абай, өзінің шығармаларында Қазақ халқының алдында тұрған экономикалық проблемаларды көрсетті. Қазақ ағартушысы Абай бүкіл шығармасының арқауы ретінде патриархалды – феодалдық құрылыстың ру аралық тартысын, феодалдық езгіні, жұмыссыздықты, байлардың кедейлерді қанауын, көшпенділік және т.б. сол сияқты өзекті мәселелерінің көрінісін берді.Абай ұлы философ. Оның “қара сөздері” мың жыл бұрын өмір сүрген біздің данышпанымыз Әл-Фарабидің шығармалары деңгейіндегі философиялық трактат болып табылады. Мысалға , “Жиырма жетінші қара сөзінің” мазмұны, оны Абай, Сократ, Платон, Аристотель, шығармаларымен таныс бола отырып жазды деген ойды тудырады. Оның үлгісі мен сөз байланысы Монтен, Лорошфуко, Авиценаның шығармаларын елестетеді. Зерттеушілердің ойлары бойынша, қазақ даласында ренесанстік даму кезеңдерінде, саяси, идеологиялық және экономикалық жүйелер қалыптасты. Осы жаңарудың әсерін біз қазіргі рухани өмірдің барлық бағыттарынан сеземіз. Абай көшпелі халықты ағартып, патриархалды – феодалдық қоғам сарқыншақтарын жойып, қазақ халқына еркіндік және теңдік әперуге көмектесуші болды. Абай Қазақстанның экономикалық дамуының болашағы бойынша дұрыс ойлар айтқан үздік білгір. Оның әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөнінде айтқан пікірлері– қазақ халқының экономикалық ойларына өлшеусіз үлес қосты және ұлттық сана – сезімді оятуда белгілі роль атқарды.

60.

61. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 – 1931)Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматтар аламыз. Оның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе ар ілімнің негізі болып табылатын нәрсе. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім» – үшеуі қосылып, «ұждан» деген ұғым шығарады. Шәкәрім дүниенің түп негізі деп төрт төрт нәрсені –от, су, топырақ, ауа деп айта отырып Грек философының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екенін білдіреді. Шәкәрім философиясының негізгі өзегі адам болып табылады. Адамның мәні оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана оның табиғатына тән нәрсе дейді. Шәкәрімнің көп шығармалары терең философиялық тарихи сипатта жазылған. Сол философиялық мұраларын зерттеу ісі соңғы жылдары ғана қолға алынып біраз ғылыми зерттеулер жүргізіліп зерттеу нысанына айналып отыр.

62.Ресейдегі 1917жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және Қазақстан. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:

1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.

2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.

3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).

63.Бірінші және екінші бүкілқазақтық съездердің тарихи маңызы.Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. Алаш партиясының бағдарламасыАлаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.

64.Алаш автономиясының жариялануы.Алаш орда үкіметінің қызметі. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясыжарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылғанСырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.

65.1917ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы.Кеңес өкіметінің алғашқы іске асырған шаралары. 1917 жылғы Ақпан бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ре­волю­ци­ясы­нан кейін ор­наған Уақыт­ша бур­жу­азиялық үкімет ел­дегі әле­уметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәсе­лесін, им­пе­ри­алистік соғыс­тан шығу және т. б. мәсе­лелерді шеш­педі. Қазақстан­дағы жергілікті ха­лықтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған бұрынғы пат­ша үкіметінің заңда­ры өз күшінде қал­ды. Өлке­дегі ка­зак-орыс әскер­лерінің ұлан-бай­тақ жер иеліктері мен бар­лық әле­уметтік ар­тықшы­лықта­ры то­лығымен сақтал­ды. Қазақстан­ның ең жақсы шұрай­лы жер­лерін отар­шыл ку­лак­тар тар­тып алып бер­ген Қоныс ауда­ру басқар­ма­сының жергілікті ап­па­раты өз жұмы­сын одан әрі жалғас­тырды. Өнеркәсіп орын­да­рын­да 8 сағат­тық жұмыс күні енгізілмеді. Мем­ле­кеттік ме­кеме­лер мен мек­тептер­де қазақ тіліне көшу­ге бұрынғысын­ша тыйым са­лын­ды. Ре­сей мем­ле­кетіндегі бұл жағдай­лар­ды В. И. Ле­нин бас­таған боль­ше­вик­тер пар­ти­ясы «Бүкіл өкімет кеңес­терге берілсін» — де­ген ұран­ды пай­да­лана оты­рып, Уақыт­ша үкіметті құла­ту үшін оны бас­ты құралға ай­нал­дырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазан­да (7 қара­шада) Пет­роград­та қару­лы көтеріліс бас­та­лып, Уақыт­ша бур­жу­азиялық үкімет құла­тыл­ды.Ре­волю­ция бүкіл билікті жұмыс­шы, сол­дат, ша­руа де­путат­та­ры кеңесінің қолы­на бе­ру арқылы ха­лықтың әр түрлі топ­та­ры мен түрлі ұлттар­дың, ха­лықтар­дың ке­лешек­тегі тағды­рына бай­ла­ныс­ты түрліше үмітте бо­лу­ына жол аш­ты. Ре­сейдің қол ас­тында бо­лып кел­ген орыс емес ха­лықтар­дың еңбекші бұқара­сы Қазан ре­волю­ци­ясы­нан кейін эко­номи­калық-әле­уметтік күй­зелістен шығумен бірге отар­шылдықтың бұғауынан бо­санып, тәуелсіздік ала­тын шығар­мыз деп үміттенді. Ал Ле­нин бас­таған боль­ше­вик­тер за­уыт, фаб­ри­калар жұмыс­шыға, жер ша­руаға, бейбітшілік – бүкіл ха­лыққа де­ген ұран көте­ре оты­рып, Ре­сей­ге тәуелді бо­лып кел­ген ха­лықтар жөнінде өз бағыт­та­рын белгіледі. Олар бар­лық ұлттар мен ұлыс­тардың, ха­лықтар­дың теңдігі мен бос­тандығын, азат­тығын жа­ри­ялай оты­рып, олар­ды ре­волю­ция ту­ының ас­ты­нан кет­пе­уге шақыр­ды. Пет­роград­тағы Қазан төңкерісі1917 жы­лы 25 қазан­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Пет­роград қала­сын­да Қазан төңкерісінің нәти­жесінде мем­ле­кет билігі Кеңес­тердің қолы­на көшті. Қазан төңкерісінің иде­оло­гы, яғни бас­шы­сы В. И. Ульянов (Ле­нин) бол­ды.Қазан төңкерісінен кейін билікті қолы­на алған Кеңес­тер «Ре­сей ха­лықта­ры құқықта­рының дек­ла­раци­ясын» қабыл­да­ды. Осы­дан кейін Кеңес­тердің «Ре­сей мен Шығыс­тың бар­лық еңбекші мұсыл­манда­рына» үндеуі жа­ри­ялан­ды. Аталған үнде­уде ха­лықтар­дың діни сенімдері мен ұлттық мүдде­леріне ешкім тиіспейтіні, бар­лық ха­лықтар­дың құқықта­ры бірдей бо­латы­ны ту­ралы ай­тылған.1917–1918 жыл­да­ры Қазақстан­да Кеңес­тер өкіметі кейбір өңірлер­де күрес нәти­жесінде, ал енді бір жер­лерде бейбіт түрде ор­на­ды.Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстан­дағы ұлттық үкімет­тер1917 жы­лы қара­шада Орын­бор конт­рре­волю­ци­ялық төңкеріс нәти­жесінде Ду­тов басқарған «Әске­ри үкімет» билікті қолы­на ал­ды.1917 жы­лы 15 қара­шада Таш­кент­те болған мұсыл­ман де­путат­та­ры Кеңес­терінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесі» ор­на­ды. Бұл үкіметтің Кеңесі құра­мын­да мұсыл­мандар болған жоқ. 1917 жы­лы 22 қара­шада Қоқанд қала­сын­да болған бүкіл түркістан­дық IV съез­де Түркістан ав­то­номи­ясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны ту­ралы жа­ри­ялан­ды. Бұл үкімет кейбір де­рек­терде «Қоқанд ав­то­номи­ясы» деп атал­ды. Алғашқы бас­шы­сы М. Ты­ныш­ба­ев, одан кейін бас­шы қыз­метін Мұста­фа Шоқай атқар­ды.1917 жы­лы 5–13 жел­тоқсан­да Орын­бор қала­сын­да жал­пы қазақ съезі бол­ды. Съезді М. Шоқай басқар­ды.Съез­де Алаш ав­то­номи­ясын құру ту­ралы қаулы қабыл­данды.Алаш­лорда­ның 25 мүше­ден тұра­тын Уақыт­ша Ха­лық Кеңесі құрыл­ды.Ав­то­номия ор­та­лығы Се­мей қала­сын­да ор­на­ласа­тын бол­ды.Ала­шор­да үкіметінің төрағасы бо­лып Ә. Бөкей­ха­нов сай­лан­ды. «Қазақ» га­зетінде «Алаш» пар­ти­ясы­ның 10 бөлімнен тұра­тын бағдар­ла­масы жа­ри­ялан­ды.

66. Қазақстан территориясындағы азаматтық соғыс. (1918-1920 ж.ж.) Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды. 1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңт. өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

67.Әскери коммунизм саясаты және оның Қазақстандағы іске асырылуы(19181921 жж.)Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

68) Қазақстанда ЖЭС- (НЭП-ті) іске асыру. Жер-су реформасы. Жер-су реформасы. Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

• 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде: - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. - Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. • 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді. - Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. - 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады. • 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы» атанды). Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері: - Еңбек артельдерін құру. - Кедейлерге жер беру. - Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы: • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады. • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.

69.Қазақ АКСР інің құрылуы. 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Онда болашақ қазақ мем-ң жер аумғы анақталды. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Кеңес мемлекеттілігінің құруын жүзеге асыруға тиісті шаралар:

1.Халықтың тұтастығын қалпына келтіру

2.Қазақ жерін бір респ-ға біріктіру

Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР– алғашқы астанасы (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Ол халықтың ұлттық езушілік пен құлдыққа ұстау саясатынан батыл қол ұзгендігін жариялады.

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

70.

71.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ.Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

1927 жылы Түркістан – Сібір темір жол магистралы салына бастады. Құрылыс бастығы болып В. С. Шатов тағайындалды. Түрксібке көмектесу комиссиясын республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894 – 1938 ж. ж.) басқарған Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмыс істеді. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М. Тынышбаев (1828 – 1937 жж.) енгізілді. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болды, ол жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы – қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік – экономикалық маңызы болды. 1) Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; 2) Елдің Шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; 3) Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Қатардағы жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді. Т. Қазыбеков – «Қазақ – көлік құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.

Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1) Халық дәстүрі бұзылды. 2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3) Лагерьлер жүйесі орнықты. 4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді. 3) Жергілікті мамандар жетіспді. 4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты. Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

72.Қазақстандағы шаруаларды ұжымдастыру:жүргізу тәсілдері және салдары. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында. ЖЭС Ресейде өз нәтижесін берді. 1925 жылы мал саны 40,5 млн – ға жетті. Бұл ұзаққа созылған жоқ. Голошекин ауылды кеңестендіру ұранын таңдап алды. Онда ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру……міндеті еді. 1918 ж………..және орташалардың бір бөлігіне қарсы соғыс жүрді. Коммунистік партияның 15 съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ұжымдастыру 1932 ж. көктемде аяқтау белгіленді. Ұжымдастыру бойынша қатаң жаппай қуғындау территорияға негізделді. Ол дайындықсыз болды. Қыста 1932 жылы ақпанда Шу ауданының аумағында 150 шақырым жердегі 100 деген шаруа жинап 400 киіз үй қала орналастырылды. Асыра сілтеу болмасын аша тұяқ қалмасын деген ұран тасталып, млн – ға жететін малының 98 млны қалды, жер – жерде кедейлер ортасында шаруашылығы орынсыз сотталып және олардың малын жансыз конфискациялау, меншік құқығынан айыру күштеп көшіру орын алды. Колхозға кіргісі келмегендерді жер аударумен қорқытты. 1930 – 32 жж. аштық етек алды. 1930 ж. аштықтан 313 мың астам адам қайтыс болды. 1932 ж. республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбаев, Қ. Қуанышев (бесеудің ханы, аштықтың себептері туралы Голошекинге хат жазды. Халық ұжымдарға қарсылығын былай көрсетті). 1. қалалар мен құрылысқа кетті. 2. басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кетуі. 3. партия кеңес қызметкерлерін, сот қызметкерлерін өлтіру. 4. өзін - өзі қорғайтын қарулы отрядтар құрды. 5. жалпыхалықтық қарсылық, наразылық туғызды. 6. Көтерілістер шықты. Семей наразылықтың ірі орталығына айналды. Ауылшаруашылықты ұжымдастырудың сталиндік үлгісін жүзеге асыру іс жүзінде жоңғар шапқыншылығы кезіндегі асқан зор апаттың кеңестік нұсқасы болып шықты.Ұжымдастыру салдары: Ауылдың ғасырлыа бойы қалыптасқан өмір салтын күйретті;Қазақ қоғамының әлеуметтік негіз іжойылды;Ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды;.

73.ХХғасырдың 20-30жж Қазақстандағы мәдени өзгерістер. Қазақ АКСРі құрылғаннан кейін ғылым, өнер мәселелерінің бәрін және архивтерді Ағарту Халық коммиссариатының Ғылыми бөлімі немесе секторы басқарды. 1924 ж алғашқы археологиялық карталар жасалынды. Қазақ халқы тарихының жекелеген мәселелері оның ішінде халық азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1926 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөніндегі экспедиция құрылды. 1932 ж КСРО Ғылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы Республикадағы тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымның дамуында маңызды кезең болды. 30 ж екінші жартысында Қазақстан ғылымы одан әрі өркендеді. 1940ж қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми зерттеу мекемесі болды және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек етті. Қазақстанның әдебиеті мен өнерінде өзгерістер мен елеулі оқиғалар болды. 1934ж 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының I съезі болып, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектер бар екені көрінді. 1935 ж халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 ж. 20 ж қазақ көркем театрының дамуы басталды.1926ж 13қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтың «Еңлік Кебек» пьесасы қойылды. Маңызды оқиғалардың бірі кино өнерінің дүниеге келуі. 1938 ж «Аманкелді» фильмі экранға шығып, ұлттық кино өнерінің іргетасы қаланды. Қазақстан әдебиеті мен өнерінің 1936 ж мамыр айында Москвада өткен алғашқы онкүндігі қазақ әдебиеті мен өнер жетістіктерінің айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиеті мен өнер қайраткерлерінің таланты мен шеберлігін жоғары бағалады. К. Байсейітова КСРО халық артисі деген жоғары атақ алды.

74.ХХғасырдың 20-30жж саяси қуғын-сүргіндер. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңстік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. 1930 жылдардың басында Қазақстанда саяси айыпталғандарды қамауда ұстайтын еңбекпен түзеу лагерьлері (Казитлаг, Карлаг, Алжир) жұмыс істей бастады. Мұнда түскен тұтқындар небір азапты күндерді басынан өткерді. Бұл лагерьлерге түскен тұтқындардың жағдайы өте мүшкіл еді.Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25 833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-і «халық жаулары» немесе халық жауларының сыбайластары ретінде айыпталды.

75.Қазақ КСР-нің құрылуы-кеңестік мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңі. 1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.

1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері:

- Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.

1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды.

1938 жылғы маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.

20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы:

Тиімді жағы:  1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.  2. Индустриясы жедел дамыды.  3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:  1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.  2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.  3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.

Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда.

1939 жылы Коммунистік партияның XVIII съезі болып өтті. Онда КСРО – ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938 – 1942 жж.) Қазақ КСР – іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін ауданға, сондай – ақ ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы, дәнді және техникалық дақылдар) дамыған ауданға айналуға тиіс еді.

1938 – 1941 жылдары іске асырылатын шаралар:  1) Қарсақпай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту.  2) Жезқазған мыс балқыту заводын салу.  3) Алтайда түсті металлургияны дамыту.  4) Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлау – бұрғылау ісін жеделдету шаралар қолданды.

Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.

1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Тракторды меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.

Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.

Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом болды.

Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты.

Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.

Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.

Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды.

76.Қазақстанның тыл еңбеккерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында. Соғыстың тікелей салдары ретінде1941-1942 жылдары өнеркәсіпте, сол сияқты ауыл шаруашылығында істейтін әйелдердің саны курт артты. Сондай-ақ кала жәке село халқынын аракатынасы да өзгерді.Соғыс жағдайына сай жұмыс істей отырып,металлургтер 1941 жылы шілдеде айлык тапсырмаларын асыра орындады, мұнайшылар отын шығару және бұрғылау жөнінде косымша бригадалар кұрды. Майданға сапалы ұрыс техникасы. Окдәрі мен азык-түлік қана емес. сонымен бірге киім-кшек. жабдық та кажет еді. 1941 ж. екінші жартысында Казакстанның тігіншілері әскерлерге 329 мың гимнастика, 322,5 мың жазғы шалбар 170 мың жұп пима және т.б. өнім шығарды.Темір жол көлігінің рөлі мен маңызы арта түсті. 1941-1942 жылдары бір млн-ға жуык адам, аса зор көлемдегі өкеркәсіп жабдықтары тасылды.1941 жылы республика негізінен колхоздар есебінен мем. 100,2 мың пұт астық тапсырды- Казақстан елдін аса ірі мал шаруашылык Базасы еді. 1941 ж мал базсы онын алдындағы жылға карағанда 20,9 пайызға өскен. Бұл табыстар майданға кажетті өнімдер мен шикізатты жөнелтудің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасады. Мем. 114,6 мың тоннадан астам ет (тірілек салыагаыек), 283,7 мың тонна сүт, 14,8 мың тонна жүн, 2,8 млн данадан астам түрлі тусті мал терісі тапсырылды. Мал шаруашылығы өнімдерін және өнеркәсіпке кажетті шиізат өндіру жөнінде Қазакстан тылдағы аудандардың арасында жетекші орын алды. 1943 жылғы мамырда Карағандыда жақын жерде металлургия зауытының кұрылысы басталды Оның қорғаныс өнеркәсібі үшін зор маңызы болды, зауыт Атасу кен орын тобының негізінде кұрылды.

Онын құрылысын тездету үшін республика үкіметі қарашада 3 мың адам жіберілді.Жеңіл және тамак өнеркәсібі де өнім шығарудың еселеп арттыра түскен. Жұмыс істеп тұрған куаттарды ұлғайтумен қатар жаңадан көптеген токыма және тамак кәсіпорындары салынды. 1940 ж. Көбіне жартылай қолөнері үлгісіндегі 26 кәсіпорынның орнына 1943ж. 43 Ірі фабрика іске қосылды.Карағанды көмірімен Сібірдін, оралдын, Поволжъенің басқа да аудандардын өнеркәсіп топтары жабдықталды. Жұмыс істеп тұрған лавалар саны 1941 ж. 63-тен 1945 жылы І58-ге дейін көбейді, жылдын жалпы куаты 6 млн тоннадай 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі салынып, пайдалануға берІлді.

Жаңа мұнай кәсіпшіліктер: Қошқар, Комсомольск, Тентексор,Жолдыбай еселеп арттырды. Соғыс жылдары Ембіді 430 жаңа скважина іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылдарында Қаз. 247,2 мың тонна жоғары сапалы мұнай берді. Өкеркәсіптің жоғары каркынмен дамуынын нәтижесінде соғыс жылдарында республикада халық шаруашылығындағы өнеркәсіптің жалпы өнімінің үлес салмағы 1940 ж. 60 пайыздан 1945 ж. 66 пайызға дейінөсті, ал жұмысшылардың саны 1,5 еседен астам көбейді. Егіншілермен малшылардың еңбегі ұлаң ғайыр 1942 ж.84,3 млн пұт астық дайындалып дәнді дақылдардың түсімі орта есеппен әр гектардан 7,9 ц айналды, көптеген озот егіншілер оданда мол өнім өндірді Ақтөбе обл. Ойыл ауданында озот тары өсіруші Ш.Берсиев тарының қуаншылыққа төзімді жоғары өнімді жергілікті ауа райының жағдайына икемді сорттын өсіріп шығарды. Ол 1942 ж. әр гкетардан 175 ц ал 1943 ж 202 ц өнім жинады. Қызылордалық күріш өсірушілер Ы.Жақаев пен Ким Ман Сам күріштен мол өнім алды. Ыбырай Жақаев 1943 әр гектарының өнімін 192 ц жеткізді. Колхоздармен совхоздар МТС-тер азат етілген аудандарға баға жетпес көмек көрсетіп отырды 1941-45 ж калхозшылар майдан мен тылға 5 млн 829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет жіберді. Майданға және басқыншылардан азат етілген аудандарға бүкіл халықтық көмек ұйымдастырылды. 1942 ж қыркүйек «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина майданға жіберілді. 1943 ж Оңт. Қазақстанның жастары «Қазақстан комсамолы» сүңгуір қайығын жасауға бастама көтерді. «Қазақстан пионері» тропедалар катерін жасауға оқушылар қаржы жинады. Оқушылар егіс даласында жұмыс істеп, металл сынықтарын жинап, өздері тапқан 4 млн сомды «Қазақстан пионерлер қорына аударды. Республика еңбекшілер майданға сыйлықтар, сәлемдемелер, жылы киімдер жіберіп отырды.

77.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында. 1941 ж 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Қеңестер Одағына басып кірді. 4 ж созылған Ұлы Отан соғысы Қеңес одағы үшін бұрын соңды бастан кешірген соғыстардың ішінде ең ауыры болды. Еңбекшілер өз еріктерімен Отан қорғау қатарына жазылып жатты. Республикада 2 млн астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы күндерінде Алматы, Жамбыл, Оң-к Қаз-н, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И.В Панфилов тағайындалды.Соғыстың бастапқы 3 айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387, 391 –атқыштар дивизиясы құрылды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн қазақстандық қатысты. Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Қазақтың ұл-қыздары Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында: Жұматов, Шолтаров, Әбдірахманов, Иманқұлов жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.1941 ж қараша, желтоқсан айында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандық жауынгерлерлік даңқы шықты.Бұл шайқаста Б.Момышұлы қолбасшылылық еткен батольон жауынгерлері ерлікпен шайқасты.1990ж Батыр атағы берілді.Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров Бородино селосында неміс бөлімінің 5 офицерінің көзін жойды. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылары жау танкілерін жойды. Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бет-бұрысы кезең болды. Бұл шайқаста қатысқан Қазақстаннан жасақталған 38-атқштар дивизиясы бар еді.Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:Қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров әуе шайқасында жау танкілерінің шоғырын құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер пулемет расчетын басқарып жүріп,Синельниково қаласы маңнда ерлікпен қаза тапты. Оң-к Қаз-қ жауынгер Толыбай Мырзаев «Павлов үйін» қорғауда ерлік көресетті. Жауынгер Қасым Қайсеновта осы шайқаста қаза тапты. Қазақстандық әсери құрамалардың үштен бір бөлігі Ленинград түбінде соғысты.310-атқыштар дивизиясы ж/е 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге қатысты. Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясын оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып каза тапты.Қойбағаров неміс траншеяларыны бірінші болып кіріп ержүректілік көрсетті.Сол-к Қаз-қ Зубков-дивизияның мергендер қозғалысын бастады. Берлин шайқасына қатысушы қаз-р: Кеңес Одағының батыры са,һғдат Нұрмағанбетов, Рақымжан Қошқарбаев досы Булатовпен бірге рейгстақ терезесіне Жеңіс туын ілді. Оралдық офицерлер Қ. Мәденов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті.Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстандық ерлікпен тқаза тапты.

78.ХХғ.қоғамдық саяси өмір.Бекмаханов ісі.Хрушев жылымығы.   Қазақстаның экономикасы бейбітшілік жағдайға  бейімдеп кайта құру  еңбекшілердің қоғамдық – саяси белсенділігі жағдайында жүргізіледі. 1945 жылы қазан айында  Алматыда  республиканың  25 жылдығына арналған Қазақстан  Жоғарғы Кеңеснің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен және медальдармен мараппатталды.

    Республиканың  қоғамдық- саяси өмірінде Қазақ  КСР-ның Мемлекеттік гимінінің1946 жылы 26-шы шілдеде енгізуі зор  оқиға болды. Гимннің текстін  – ақын-жазушылыр Ғ.Мұхамедханов, Ә. Тәжібаев  және  Ғ. Мүсірепов, музыкасын компазиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский  және  Л. Хамиди жазды.Гимннің осы музыкасы Егемен Қазақстанның жаңа гимнінде де өзгеріссіз сақталып қалды.

  1947жылы 16 ақпанда  Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің,  ал 1984 жылғы 11 қаңтарда еңбекшіліер  депутаттары жергілікті Кеңестердің  сайлаулары өткізілді. Сайлау  Кеңестердің қызметін жандыруға,  олардың жұмысын бұқара халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталады. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстандағы еңбекшілердің ең бұқаралық ұйымдары кәсіподақтар мен комсомол ұйымдарының белсенділігін арттытып, олардың қызметін халықты төртінші бесжылдық жоспардың тапсырмаларын орындау жолындағы күреске жұмылдырылды.

  Алайда, соғыстан  кейінгі жылдары Комунистік партия  халық шаруашылығын дамытуға  және әлеуметтік-мәдениміндеттерді  орындауға мемлекеттік және қоғамдық  ұйымдарын барынша тартқанымен,  олардың қоғамдық өмірде, халықпен  жұмыс істеудегі дербестігі шектеледі.Өйткені бұл кезде Коммунистік партия басқарған кеңестік қоғамда әміршілі-әкімшіл жүйе өзінің шаықтау щыңына жетті.Мемлект басшысы И.В.Сталиннің жеке басына табыну кеңіне өріс алды. Осының нәтижесінде даңғаза әр түрлі саяси ұрандардың көлеңкесінде заңдалық бұзылып, өкімет билігін теріс қолдану көрініс береді. Адамның ба болатындығын тұншықтыру, оның құқығын есепке алмау, еңбекшілерді өндіріс құралдарына н аластау, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты құбылыстар кеңінен орын алды.

   Дегенмен соғыстың  барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын  бастарынан өткізген бұқара халықтың  санасында демократияға бет бұру  қажеттігін түсіну барған сайын  пісіп жетіле бастады. Осыған  орай қоғам мен партиялақ-бұйрық  беру тәсілінің арасындағы қайшылық  нақты көрініс тапты. Ел басшыларының  көпшілігі қоғамдағы қалыптасқан  басқарудың әкімшіл жүйесін мінсіз деп түсінді. Міне, осындай күрделі жағдайда, әсіресе, қоғамдық ғылымдар саласы партия комитетттерінің қатаң бақылауына алынды. Мұның өзі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына теріс ықпалын тигізіп, ауыр зардаптарға ұшыратты.

Қазақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына  ХХ ғ. 50-ші  жылдардың  басында  өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық  социализм идеологиясы әсіресе  кері әсерін тигізді.БК/б/П Орталық Комитетінің “Звезда” және “Лениград” журналдары туралы/1946 ж. 14 тамызды/  қаулысы кеңестік иделогогияда басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып береді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947ж. Нарызында өткен пленум төменгі партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси кателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.Бұл кезде Орталық  “ Лениградтық іс” ,      “ Дәрігерлердің ісі ” қолдан жасалып жатқан кезде, Қазақстанда              “ Бекмахановтың ісі ” ұйымдастырылды. Ол іс бойынша   Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан ”  деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси – идеалық зияны бар деп табылады. 1950 жылы 26- желтоқсанда “ Правда ” газеті  “Қазақстан тарихының мәселелері  маркстік-лениндік тұрғыдан жазылсын ”- деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдардың докторы Е. Бекмаханов Ғылымы академиясынан шығарылды, ал 1952 жылы соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е. Бекмаханов айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеде басып шықты.

40 жылдардың аяғы  – 50 жылдардың басында “ Бекмахановтың ісі ”  жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдарры А Жұбанов, Х Жұмалиев,  Б. Сулейменов  Е. Смайлов және т.б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық –ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшырған Қазақ  КСР Ғылым академиясының Презеденті  Қ. Сәтпаев пен аса көрнекті  жазушы әрі ғылым М. Әуезов  Қазақстаннан  Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Космополиттер ( батыс мәдениетін дәріптеушілік ) деп айыпталған бірсыпыра ғылым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарынан қуылды.

Сөйтіп, соғыстан кеінгі Қазақстанда пісіп- жетіліп  келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл  жұйенің қудалауымен тұншықтырылып  тасталды.

Халық шаруашылығын қалпына  келтіру жылдарында  республика жазушылары шығармашылығына басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың “ Қазақ солдаты” , Ә. Нүрпейісовтың “ Курляндия” сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолдағы куресте көрсеткен ерлігі  баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған. С. Мұқанов “ Сырдария  ”, Ғ.  Мустафин нің “  Миллионер ”,  Ғ. Слановитың  “  Кең өріс ” сияқты туындалырында жұмысшы және  колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.

Осы  жылдарда  М. Әуезовтың  “ Абай жолы”, С. Мұқановтың “ Шоқан Уәлиханов ” сияқты көптеген тарихи шығармалар  жарық көрді. “ Абай ” қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжылы КСРО мемлекеттік сылығын алды.

Музыка  мәдениеті  өрлеу жолына шықты. М. Төлебаевтің  “ Біржан-Сара” , А. Жұманов пен Л. Хамидидің “ Абай”, Е. Брусиловскийдің         “ Дудар-ай”, Қ Қожаримияровтың ұйғыр тіліндегі “ Назугуму” опералары сол жылдарда дүниеге келді. “ Біржан- Сара”  операсына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

1946 жылы Қазақстан  Ғылым академиясы  құрылып, республикада  ғылым мен ғылыми – зерттеу  мекемелерінің дамуында елеулі  рөл атқарады. Көптеген ғылыми  кадрлар өсіп жетілді.  Академия жүйесіндегі ғылыми институттар нығайып, кеңінен дами түсті. 1950 жылы Академия құрамында 50 ғылыми – зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 бөлім, 2 музей, обсерватория, 3 ботаника бағы және 8 ғылыми базасы жұмыс істеді. Академиясының ғылыми-зерттеу институттарында 500-ге жуық аспираннттар оқыПетрапады. Соғыстан кейін жылдары Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент, екі жылдық мұғалімдер институттар болып қайта құрылды.

Жалпыға бірдей жетіжылдық білімі беру туралы Заң одан әрі  жүзеге асырылды. 1952 жылы Қазақстан  жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу  орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Дегенмен мектептердің материялдық  жағдайы онша болған жоқ. Олардың  көшілігін ғимараттар болмады.  Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерінін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбектерінің тапынан үкен көмк көрстілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесетін. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б. мәдени құралдарды жинап берді.

Қорытып айтқанда, соғыстан кейін жылдары Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде, оның мәдени дамуында стаоиндік тоталитарлық жүйені үстемді  нәтижесінде көптеген қарама-қарсылықтар, елеулі көленкелі жақтар орын алды. Мұның өзі республикадағы демакратиялық қатынастардың тежелеуіне, қазақтын ұлтық мәдениетінің одан ары дамуына үлкен зардаптарын тигізеді.   79.Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін аса жауапты міндет-бүлінген халық шаруашылығын қалпына келтіру ж/е оны одан ары өркендету алда тұрды, ол халықтың барлық күш жігерін жұмылдруды талап етті. Осы ортақ міндетті орындауда Қазақстанның алатын орны ерекше болды. Мұнда эвакуацияланған зауыттар мен фабрикалар орналасқан , жаңа кәсіпорындар салынып, бұрынан барлары кеңейтіліп жатты. Республиканың өнеркәсібі соғыс жылдарында оның алдынғы деңгейңінен асып түсті. Халық шаруашылығын бейбіт жолға көшіру қарқынын шапшаңдатуда жігерлі шаралар жүзеге асырыла бастады. Шаруашылық ж/е мәдени құрылысқа мем-к бюджеттен күрделі қаржы қайта бөлінді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді, мерзімінен тыс ж/е демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды, жұмысшылар мен қызметшілерге ақы төленетін еңбек демалыстары беріле бастады. Төртінші бес жылдықтың 946-1950) негізгі экономикалық ж/е саяси мінднті-өнеркәсіпті, көлікті, байланысты ж/е ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту. Жұмысшылар, колхозшылар интелегенция- республиканың бүкіл еңбекшілері соғыстан кейінгі шаруашылықты жүзеге асыруға соғыс жылдарындағыдай асқан құлшыныспен кірісіп кетті. 5 жылдықта қара металлургия мықтап дамыды. 1947 ж Өскеменде қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан әрі жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинаты объектілерінің кешені салынып жатты. «Қаратау кен химия комбинаты мен Жамбыл супер фосфат зауытының бірінші кезектері пайдалануға берілді. Қостанай жасанды талшық зауытында өнімнің алғашқы тонналары шығарылды. 1950 ж электр қуатын өндіру 1946 ж қарағанда 2,3 есе өсті, 5 жылдық тапсырмасы 1,5 есе дерлік асыра орындалды. Құрлыс материалдары индрустриясын дамытуға баса көңіл аударылды, цемент өндіріле бастады. Кірпіш, әк, алибастр, ж/е басқа кейбір материалдар өндіру соғысқа дейіегі деңгейінен асып түсті. Сазтөбе мен Қарағанды цемент, Өскемен,Петропавл, Қостанай кірпіш зауыттары салынды. Жеңіл өнеркәсіб одан әрі дамыды. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда былғары зауыттарының құрылысы аяқтлды. Шымкентте мақта мата комбинаты салнып жатты. 5 жылдықтың аяқ шенінде осы салада 65 кәсіпорын болды. Осы жылдары өнеркәсіп орындарының көлемі 1,69 есе ұлғайды, ал өндіріс құрал жабдықтарын өндіретін салалардың жалпы өнімі соғысқа дейінгіден 3 еседен астам асып түсті.

80.Тың және тыңайған жерлерді игеру. КОКП Орталық Комитетінін 1954 ж. қаңтар-наурыз пленумында анықталды. Пленумда «Еліміздегі астық өндіруді одан арн арттыру туралы тың жәке тыңайған жерлерді игеру туралы каулы б\ша Қаз-да, Сібірде, Аралда. егістік көлемін күрт артыру керек болды. 1954-55 ж. 1100-1200 млн пұт астық алуды белгіледі. 1954 ж тамызда Қазақстакда 6,5 млн жер жыртылды 1954 ж тамыздың 13-де КОКП Орталык Комитеті мен КСРО министрлср кеңесі Астық өндіруді молайту ушІн тың және тынайған жерлерді одан әрі игеру туралы жаңа каулы кабылданды. Қаз. Компартиясының 7 съезінде (1954 ж. қаңтар) онын ОК-ң І хатшысы Ж.Шаяхметов босатылып оның орнына Пономаренко сайланды. II хатшысының креслосына Брежнев отырылғызды. Тың жерлерді игеру мейлінше Қазақ. 6 облысында жүргізілді. Қостанай, Ақмола. Солт. Казақстан. Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында. 1954 ж. 1 жартысында Ақмолаға жер игеруге 20 мыңнан астам адам келді Ресейден келушілерге жеңілдіктер жасалды әр отбасына 500 000 сом 10 мерзімге үй салу үшік 10 мың сом. 1500-2000 сом мөлшерінде мал сатып алу үшін ақшалай көмек берілді. Тың жерлерді игеру үшін әртүрлі мамандар ғана емес кылмыскерлер де келді Мысалы. Келген 650 мың адамның ішінде тың игеруге кажстті мамандар 150 мын адам ғана болды. Тың игеруді жиілеу етіп 2 млн.ғл жуық адамдардың көшіп келуі орыстар. украиндер т.б ұлт өкілдері Қаз.. солтүстігі. хал ахуалдарды өзгертіп жіберді. 1954-62 ж. дейін тың игеруге КСРО-н европалық бөлігінен 2-млн-ға жуық адам келді. Мұның өзі қазақ халкының айтарлықтай бөлігіне ана тілін ұмытуға әкеп соқты. халыктың ұлттық намысы біртікдеп жоғала бастады. 1957-1958ж павлодар обл 100 мыңдаған жерінде топырақтың үстіңгі беті желге ұшып,құнарсызданды. Кең көлемде жер жырту шабындық жерлер мен жайылымдық жерлер қысқартылды,бұл мал шаруаш.кері әсерін тигізді.

81.Семей ядролық полигоны-кырги кабак согыс нәтижесі.Арал традегиясы. Семей полигоны және Арал тағдыры:Тарихы:Атом қаруын және қарудың басқа түрлерін сынау үшін Семей ядролық, Орал және баска полигондар жұмыс істеді. 80 жж. Полигондар, әртүрлі әскери объектілер 18 млн га – дай Қазақстан жерін алып жатты. Тек Семей ядролық полигоны ғана 8372 шаршы шақырым жерді жайлады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, ашық ауада ядролық жарылыс 14 ж созылған. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде жарылды.Зардаптары: Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген әсері туралы ондаған жылдар бойы айтпады.Жер астында болған жарылыстар жер асты суларының ағысын бүлдірді. Палигонның адам денсаулығына зияндығын 1990 ж. дейін жасырып келді. 1975 – 1985 жж бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті. Бала тууы азайды, жынданып ауыру және өзін - өзі өлтіру көбейгені байқалды. КСРО 1985 ж. озінің ядролық сынақтарын бір жақты түрде тоқтатты. Полигондар бір жыл үнсіз жатты, бірақ 1987 жылы сынақ қайта басталды. Наразылық шаралары: Республика жұртшылығының 1989 жылғы ақпандағы митингісінде тұңғыш кеңестік “Невада – Семей ” қозғалысының бастамасы салынды. Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жылы 6 тамызда өткен митингісінде КСРО мен АКШтың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауларға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылданды. “Невада - Семей” қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырында Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державада қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш – жігерін біріктіру мақсатымен “Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы үкімге қол қойды. Сөйтіп қазақстан халқы өзінің батыл қимылымен бірінші болып елдегі ең ірі атом полигонын жапты және осы арқылы жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосты. 1969 – 70 жылдары Маңғыстау облысында да халықтан жасырып үш бірдей жерасты ядролық сынақ өткізді. Арал теңізі атырабына өндіруші күштер орналастыруда жіберілген қателіктер су қойнауын есепсіз пайдалану мақта- күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейін құрғап кетті. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Құрғап қалған теңіз түбінен шаңның көтерілуі күшейе түсіп Арал аймағының климаты өзгерді. Дүлей күшіне енген экологиялық апат ұлы өсіп - өну мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселені көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал қазақтар мекендейтін аудан.

82.ХХғасырдың 60-80 жж.екінші жартысындағы Қазақстан.Эко-әлеуметтік саяси дамудың негізгі тенденциялары мен қайшылықтары. 60 ж Қазакстан жұмысшыларының катары сан жағынан да сағат жағынан да өсті. 1970 ж 3,4 млн астам жұмысшы болды. Ол 40 жылдан 5 есе көп еді. 1965 ж. халық табысы 5 паиыз болса. 70 ж. бұл көрсеткіш 10 пайызға жетті. Халқының әл-ауқатын жақсарту эконамикалық саясаттың басты міндеті КОКП-н әрбір съезі бұл мәселені саналық тұрғыдан жана сатыға көтеріп отырды. Кенес адамдарыниң әл-ауқатының жақсарғанын таңырлықтай көптеген мысал келтіруге болады. Халқының жан басына шаққандағы нақты табысының 2,6 есе медицина ғылым мәдениет қызметкерлерінің көптеген отбасының тұрғын ұй жағдайын жақсарту осыған айғақ. 1970-83 ж 887,7 мын пәтер тұрғызып, оған 3 млн астам адам коныстанды. Алайда халық тұрмысы 30-40 ж. салыстырғанда ғана едәуір жақсарды. КСРО-ң негізгі экономикалық жағдайының нашарлауы оның дамыған капиталистік елдердін материалдық тұрмыс денгейІнен еңбекақы тұрмысты. автоматтандыру тұрғын ұй, тампақтандыру. мәселес б/ша елеулі түрде артта қалушылығын күшейті Денсаулық сактау саласының көрсеткіші 20-25 ж. деңгейінде қалып койды. Қазақ мем. өктемдігі өндірістік қатынастарды бұмадап адамның еңбекке деген адамгершілік қөзқарасын жойын тынды, Ақшалардың ақшалай табыстары төлеу кабілетіне негізделген сұранымы тауарлар қызмет түтілері көлемінің ұлғаюымен салыстырғанда өсіп отырды. Ақша саны мен сапалы тауарлар саны арасындағы аймақтың. жаппай зәрулікке әкеп тіремей коймады Экономикалық қайыршылықтар әлеуметтік кайшылықтар туындаса олар өз кезіндегі адамгершілік проблеманы дүниеге әклді. Осының бәрі респ. болашағы бұлдыр әлеуметтік экономикалық жағдай қалыптасуынын айғағы еді.. Қазақстандағы алғашқы неғұрлым бұқаралық қозқалыстың бірі – «Невада – Семей» 1989 ж. көктемде ақын О. Сүлейменовтың ұсынысы бойынша құрылған бұл қозғалыстың түпкі мақсаты Қазақстан территориясында орналастырылған Семей т.б. полигонды жабу еді. 1990 ж. шілдеде «Азат» азаматтық қозғалысы д. к. р. 1991 ж. күзде өз партиясын құрды. 1989 ж. сәуірде «Әділет» қоғамы құрылды. 1986 ж. Алматыда Желтоқсан толқуы болып өтті. Осындай шешім таппаған проблемалар Маңғыстау облысының Жаңа өзен қаласындағы ірі толқуға әкеп соқты. 1989 ж. шілдеде Қарағанды көмір алабының кеншілері ереуілге шықты. 1989 ж. 22 қыркүйекте «Тіл туралы заң» Қаз КСР жоғарғы кеңесінің 15 сессиясында қарастырылды.

83. Қазақстан мәдениетінің 70 – 80 жж дамуы. Халыққа білім беру саласына көмек 1970 жылдың басында республикада 10154 мектеп жұмыс істеді оларда 3 млн 226 оқушы білім алды. Ал 1986 ж басында мектеп саны 8728, ал оқушы саны 3 млн 348000 болды. Шағын комплекті қазақ тіліндегі бірнеше мектеп жабылды. 80 ж. бірқатар пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылды. Көркем әдебиет, театр, кино жоғары жақтан үлкен қысым көрді, бірақ әдебиет пен өнердің үздік өкілдері тамаша шығармаларымен көріне білді. Осы кездегі Ғ. Мүсіреповтың ең маңдай алды шығармасының бірі “Ұлпан” повестін жазды. Ол орыс тіліне аударылды. 1976 жылы жарық көрді. Ол тұңғыш рет республика қаламгерлерінің арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ғ. Мұстафин, Шухов, Тәжібаев, Снегин, Сүлейменов оқырмандарын жаңа туындыларымен қуантты. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрі елеулі табыстарға жетті. “Қан мен тер” қойғаны үшін режиссер және басты рөлдерде ойнағандар 1974 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театрі, ұйғыр, корей театрлары көрермендерін қуанышқа бөледі. Әншілер: Е. Серкебаев, Б. Төлегенова өнер сүйер қауымның ықыласына бөленді. Жас әншілер Р.Рымбаева, Н. Есқалиева, суретшілер: Әжиевтің, САхи Романовтың, Ерболат Төлепбаевтің өнерлері жарқырай ашылды. Қазақ киноларының ірі қайраткерлері: Ш. Айманов, М. Бегалин, С. Қожықов қатысуымен жасалған “Атаманның ақыры”, “Қыз Жібек”,”Мәншүк туралы ән” атты фильмдер экранға шықты. Қазақ мультипликациясы да ірі табыстарымен танылды. Республика астанасында мемлекеттік өнер мұражайы, қазақ КСР мемлекеттік мұражайы, Қазақ ұлт аспаптар мұражайы ашылды.

84.Қазақстан қайта құрулар кезеңінде.1985-1991. Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде корініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз бол-,ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, коғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясыи басқарған Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.

Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум откеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитсті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т. б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық косемі болу керек" деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы еөкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталык Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев, А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазала- ушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың ба- рысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға ба-сқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқ-сан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын.

Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.

Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды.

Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мой-

ындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің ез қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия коми-теттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ак кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-рынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г. В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерініц пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған, Мүхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демокра-тия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы меп ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

85.1986ж желтоқсан оқиғасы.себептери мен салдары. 1986ж 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің небәрі 18 минутқа созылған бесінші пленумы болды. Жиналғандар 22 жыл қазақстанды басшылық еткен Қонаевты орнынан босатып,орннына біздің елімізде тұрмаған,қызмет етпеген,жағдайды білмейтін орыс ұлтының өкілі Колбин келеді. Келесі күні17 желт. Пленум туралы ақпарат таралады. Жұрт таң қалып қалып,қазақтың ішінен адам табылмадыма деген сұрақ әркімнің көңіліне келді. Брежнев алаңына жастаршеруге шықты. 2 күн бойы митингілер өтіп жатты,ол әдейі ұйымдастырылған тәртіпсіздікпен аяқталды. Үшінші күні тексеру мен жазалау басталды. Митингіні жаншуға бірнеше әскери бөлім Алматыға әкелініп,қарулы күштеренгізілді. Мыңдаған халық тығыз жиналғаннан кейін «гнать» деген команда берілді. Алдына қалқан,шоқпар,сапер күрекшелерін ұстаған қарулы солдаттар лап берді. Топырлаған халық бірін-бірі басып қаша бастайды. Қыздар жығылып жатты солдаттар оларды дубинкаменұрып,керзі етіктерімен тепкіледі. Тұруға шамасы келмегендерді машинаға салып қала сыртына әкетті. Алаң толы қан болды оны су шашатын машинамен тазалап отырды. Көптеген жастарды итке талаттырды,милицияға ұсталғандар аяусыз соққыға түсті н/е атылды.1986 ж. желтоқсан оқиғасының қаһармандары Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, т. Б. Желтоқсаншыларды ақтаған ақын М. Шаханов болды. 1989 ж. КСРО халық Департаментінің 1-ші съезінде М. Шаханов жоғарғы жақтағы адамдарды айыптап сөз сөйледі. КОКП ішкі істер министрі Власов барлық әскерді жіберіп үлкен қателік жасады. Бұл шеру қан төгіс шайқасқа айналды. Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барымсында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды, Г,В, Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санасады, олардыңі таларптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті, 1989 жылы айында Г,В Колбин халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшыс болып Н,Ә,Назарбаев тағайындалды.

86.87.Тәуелсіз Республиканың құрылуы-Қазақствн халқының тарихындағы жаңа кезең. КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».

Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялықунитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.

Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтынадіни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.

Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - ЕлтаңбасыТуыӘнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, академик С. Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар».

Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясыменбекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.

1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылдыАрмия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

89.Конститутциясы. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

  • I бөлім. Жалпы ережелер

  • II бөлім. Адам және азамат

  • III бөлім. Президент

  • IV бөлім. Парламент

  • V бөлім. Үкімет

  • VI бөлім. Конституциялық кеңес

  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

1998жылы қайта өзгертілді.

90.Қазіргі ҚР-ның мәдени үрдістер. Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан.  Оны қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде, басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.

Егеменді Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы көптеген қиындықтар мен қарама-қайшылықты бастан кешірді. Жолдың басталуына жоспарлы экономиканы өндіріс көлемінің құлдырауымен қатарласа жүрген нарықтық қатынастар арнасына көшіру «мәдениет, халыққа білім беру және ғылым мекемелерін материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз етуде елеулі қиындық туғызды. Осы кезеңдерде Қазақстан ҒА бірнеше ғылыми мекемелері біріктіріліп, ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми- техникалық үрдістердің аса маңызды бағыттары – машинатану, радиоэлектроника, автоматика бойынша ғылыми мекемелерді ұйымдастыру қарқыны артта қалды. Ғылыми әзірлемелер тиімділігі күрт төмендеді.

Білім беру жүйесі белгілі бір дағдарысты бастан кешірді, балабақшалар жабылып, орта мектептердің саны қысқарды. Сонымен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес оқу-білім мекемелерінің – мектептер мен жоғары оқу орындарының пайда болу үрдісі басталды.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамыту үшін ауқымды кеңістікке шықты.

Қазіргі кезде осы заманғы білім беру аясында шынайы нарықтық қатынастардың орнығуы байқалады. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы реформаларға орай Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу, аттестаттау және сараптау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. Жоғары оқу орындар заман талап ететін мамандықтарды ашуға көшті. Сонымен қатар жаңа жоғары оқу орындары ашылды, олардың қатарына Түркістандағы Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оралдағы Мәдениет институты, Астанадағы Еуразия мемлекеттік университеті және басқа бірқатар жоғары оқу орындары бар. Халыққа білім беру жүйесінің халықаралық байланысы кеңейді. Бұған дәлел 1991 жылдан қазақстандық шәкірттер мен аспиранттардың жыл сайын шетелде оқуын жалғастырулары

Тәуелсіздіктің әр жылын Қазақстан қоғамының көкейкесті проблемаларына арнау дәстүрге айналды. Президенттің жарлықтарына орай Қазақстанда 1997 жыл – «Ұлтаралық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 1998 жыл – «Халықтардың бірлігі және ұлттық тарих жылы»; 1999 жыл – «Ұрпақтардың бірлігі және сабақтастығы ұлттық тарих жылы»; 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы»; 2001 жыл – «Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды.

Егеменді мемлекеттің қоғамдық ғылым саласындағы алғашқы қадамдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды және сталинизм құрбандарын ақтауға бағытталды. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы ғылыми – зерттеу институттары осы күрделі іске үлкен үлестерін қосты. А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың т.б. кітаптары жарық көрді.

Қазақтардың дүниежүзілік Конгресі (1992) республиканың мәдени өміріндегі зор қоғамдық серпіліс туғызған ірі оқиғаға айналды, ғаламшардың барлық түкпірлерінен белгілі ақындар мен жазушыларды, суретшілер мен саясаттанушыларды, ғалымдар мен бизнесмендерді және басқа да отандастарымызды тұңғыш рет жинады.

ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақ ақыны әрі философы Абай Құнанбаев пен ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы, аса көрнекті қазақ жазушысы, ғалымы және драматургі М.О. Әуезов пен көрнекті қазақ жазушысы, академик С. Мұқановтың 100 жылдығы әлемдік деңгейде өткізілді. Бұл оқиғалар зор халықаралық серпіліс туғызды және қазақ халқының рухани жан дүниесін байытты.

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында республикадағы көркемсурет құндылықтарының аса ірі қоры жинақталған. Олардың арасында – Қазақстанның ежелгі өнерінің үлгілері бар, олар палеолит заманынан бергі адамзат өміріндегі көркемдік дүниесіне ұмтылысынан хабар береді.

1995 жылы республиканың шығармашылық зиялы қауымының бастамасымен қоғамдық ұйым – Мәдениетті қолдау ұлттық қоры құрылды. Оның құрметті төрағасы болып ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. Қордың негізгі міндеттері Қазақстанның мәдени өмір шындығымен өзара байланысты өзекті проблемаларына қол ұшын беру болып табылады.

Қазақстанның егеменді мемлекет мәртебесін алуы ұлттық мәдениеттің дамуына жаңа бағыт берді. Астанада Айман Мұсаходжаеваның Музыка академиясы құрылды, ол оркестрлік музыка мен жеке дауыста ән шырқау саласындағы кәсіпқой музыканттарды біріктірді. Алматыда музыкалық мектеп негізінде Жәния Әубәкірованың колледжі ашылды.

Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай рет табыстарға жетті. Елдер мен құрлықтарда  гастрольдерде болған отандық артистеріміз еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық қызмет саласында жемісті еңбек етуде. Мысалы, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова Француз әдебиеті мен өнері орденімен марапатталды, ал халықаралық конкурстардың иегері, профессор, Қазақ музыка академиясының ректоры Айман Мұсаходжаева 1998 жылы «Әлем артисі» жоғары атағына ие болды. Тек Алматыда ғана бірнеше жеке меншік театрлар, 14 жеке меншік сурет галлереясы ашылды. Бірінші рет «Жеке меншік қорлардағы Қазақстан өнері туындылары» атты тұңғыш республикалық көрме өткізілді. Қазіргі кезде республиканың мәдениет саласында 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 55 театр және 25 филармония халыққа қызмет көрсетеді. Абай атындағы опера және балет театры, республикалық орыс, қазақ және неміс драма театрлары, ұйғыр және корей музыкалық комедия театрлары жетекші театрлар болып табылады.

Егемендік жылдары Оралда, Өскеменде, Петропавлда, Павлодарда Қазақ драма театрлары және Астанада К. Байсейітова атындағы опера және балет театры ашылды.

Құрманғазы атындағы Халық аспаптар симфониялық оркестр, «Алматының Жас балеті» ансамблі, «Гүлдер», «Отырар сазы», «Сазген» ансамбльдері республикада және шетелде кеңінен танымал.

Алматының «фестивальдар қаласы» деп аталуы кездейсоқ емес. Тәуелсіздік жылдары мұнда «Азия дауысы», «Шығыс маусымы», «Дәстүрлер жүлдесі», «Жас қанат», «Үкілі домбыра», «Айналайын» музыка фестивальдарын өткізу дәстүрге айналды.

Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай табыстарға жетті. Елдер мен құрлықтарда гастрольде болған отандық артистер көпшілікке біздің еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық музыкалық қызмет саласында жемісті еңбек етуде

Қаржылық қолдаусыз жұмыс істеген қазақ кинематографиясы өзінің екінші қайтара дүниеге келуін бастан кешіруде. Оның «жаңа толқынының» пайда болуына орай жас режиссерлардың «Ине», «Соңғы каникул», «Табысу», «Қайрат», «Отырардың күйреуі», «Әлжуаз жүрек» және басқа кино туындылары ең беделді халықаралық фестивальдардың басты және арнаулы жүлделерін жеңіп алды.

«Қазақфильм» қазір жыл сайын 30-ға жуық көркем, анимациялық және деректі фильмдер түсіреді. Онда соңғы жылдары түсірілген «Сталинге сыйлық», «Мұстафа Шоқай», «Сіз кімсіз, К мырза?», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Шал» секілді көптеген картиналар біздің көрермендеріміздің ғана көңілінен шығып қойған жоқ, олар сонымен қатар қазақ киносының деңгейін сапалық жағынан тағы бір белеске көтерді.

«Жаңа толқындағы» Қазақстан кинематографының картиналары отандық баспасөз бен кино сынында жоғары баға алды. 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында «Еуразия» 1- халықаралық кинофестивалы өтті, онда Қазақстан кинематографистерінің соңғы еңбектері көрсетілді. Бүгінгі таңда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы (2000 жылы құрылған) жыл сайын ондаған толықметражды көркем фильм шығаруға қабілетті, бұл фильмдер халақаралық беделді фестивальдарда басқа елдердің өнімімен бәсекелесе алады.

2006 жылы «Көшпенді» фильмінің шығарылуы Қазақстанның кинематографиялық өміріндегі маңызды оқиға болды. Фильмнің идеясын бастапқыда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдады. «Көшпенді» фильмі Голливуд кинематографистерімен  бірлескен тұңғыш ынтымақтастық болып табылады.

2007 жылғы ақпанда «Kazakh Cinema Distribution» компаниясы мен «Тұран Әлем» Банкі DVD жинақтама жинағындағы қазақ киносының «Алтын жинақтамасын» тарту ретінде ұсынды. Жинақтаманың шығуы отандық киноның тарихына жаңа бет болып енді, ол қалпына келтірілген 30 фильмнен тұрады. Жасалған уақыттың рухымен сусындаған жинақтаманың барлық фильмдері өзінің көкейкестілігін бүгінгі таңда да жоғалтқан жоқ. Мұның өзі фильм кейіпкерлерінің әрбір қазақстандыққа жақын екендігімен байланысты, олар мәңгі құндылықтар мен мұраттарды жеткізген фильмдер.

Қазақстан XXI ғасырдың басында қол жеткізген экономикалық өсу қарқыны мәдени үрдістердің дамуына игі ықпалын тигізді. Қазіргі заманғы Қазақстандағы мемлекеттік пен мәдениеттің жемісті байланысының мысалы деп «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын заңды түрде есептеуге болады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастауымен құрылған. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

2004 жылдан бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.

Орта ғасырлардағы әуендерге терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, тарихи өлеңдер.Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» антологиясы шығарылды.

Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.

«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра», «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер[3].

«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.

Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан арман-тілегі бір көптеген түрлі ұлт өкілдерінің Отанына айналды. Бірге тұрып жатқан халықтардың тарихи қалыптасқан рухани байланысы Қазақстан Республикасында ұлттық келісімнің негізін қалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу-мәмілесу органы ретінде құрылды. Қазір республикада жұмыс істейтін және Қазақстан халқы Ассамблеясына біріккен ұлттық-мәдени орталықтар еліміздің ұлттық мәдениетінің дамуына жан-жақты жәрдемдесуде. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – 27 республикалық және аймақтық, 250-ден астам жергілікті ұлттық-мәдени орталықтарды біріктіретін ұлттық саясатты жүзеге асыратын бірегей қоғамдық институт. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады.

2014 жылдың 18 сәуірінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті. Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойы атап өтілетіндігін айтты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы барша халықты Конституцияға дауыс беруге шақырған тұңғыш институт болатын. Мен мұны ұмытпаймын, осыған дән ризамын. Сондықтан да келесі 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаймын», – деді Н.Ә. Назарбаев [4, 1 б.].

Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа аяқ басуы Қазақстанда соңғы жылдардағы мәдени үрдістердің сипатына елеулі ықпал етті. Өткен ғасырдың мәдениетімен айқын жалғасып келе жатқан сабақтастық XX ғасырдың аяғындағы қазақстандық мәдениеттің ерекшелігі болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстандағы қазіргі заманғы мәдениеттің сипаты демократиялық реформалардың тереңдеуіне байланысты елде болып жатқан оң өзгерістерді паш етті.

91. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы 11 желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.Тудың авторы:Шәен Ниязбеков.Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн - уақыт, замана бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалыктаған қыран ҚР-ның еркіндік сүйгіш аскақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ.Авторлары:Шот аман Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымасжігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті.Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.Мемлекеттік Ту мен Елтанба жөніндегі арнайы заңда Қазақстан Республикасының азаматтары және Республика аумағындағы басқа да азаматтар Ту мен Елтаңбаны құрметтеуге міндетті екендігі атап көрсетілді. 1992 жылы маусымда «Қазақстан Республикасы Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заң, кейіннен - әнұран мәтіні қабылданды.Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа, сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні XX ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан. Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір шөкімін де өзгеге бермейді деген өжет дауылпаз ұран. «Менің Қазақстаным» әнінің рухы жаңа заманда Жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың рухани талап-тілегіне толық сай келедіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады.Ел рәміздерін қабылдау - аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. МолдағалиевЖ. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. ТөлебаевЛ. ХамидиЕ. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

92.Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы «100 нақты қадам» - бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайлардаҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫНжасап беретін болады.

Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ»болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

 100 НАҚТЫ ҚАДАМ БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ 

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.

6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.

7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу

8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.

9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.

12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.

15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]