- •27. Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.
- •28. Тәуекел ж-е Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •30. . Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы.Жеті жарғы заңдар жинағы:
- •40.Оңтүстік Қазақстан жерлерінің Қоқан жане Хиуа хан-ң құрамына енуінің себептері.
- •47. Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері
- •II. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету
- •IV. Біртектілік пен бірлік
- •V. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру
40.Оңтүстік Қазақстан жерлерінің Қоқан жане Хиуа хан-ң құрамына енуінің себептері.
41.19ғасырдың басындағы Кіші жүз және Орта жүз хан-ғы саяси жағдай.Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М. Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға , болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.
Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады. Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды. Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды. Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.
42.Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарғылардың қабылдануы.Хандықтардың тәуелсіздік-ң жойылуы.Әкімшілік-территориялық реформаның іске асырылуы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы ережеге» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл ережені 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді. Ереже бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді.1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады. Орта жүздің әкімшілік құрылымы:ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан. БОЛЫС(10-12 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны. АУЫЛ(50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны. 1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.Әкімшілік-саяси реформаның салдары: -Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. -Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.-Хандық билікті жойды. Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді: Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:БӨЛІКТЕР (батыс, орта, шығыс) Басқарушысы- аға сұлтан. ДИСТАНЦИЯ (54) Басқарушысы-ру шонжарлар. АУЫЛ Басқарушысы-ауыл старшыныРеформаның салдары:- Орталық басқару нығайтылды.- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды. 1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.
43.Бөкей хан-ң құрылуы.Бөкей хандығы Жәңгір хан билігінің кезеңінде. Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы бір қатар әрекеттерге баруға мәжібүр болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы аумағын отарлау мақсатында ұтымды қолдана білген. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден балық аулауға және мал суаруға құқы жоқ болған. Жәңгір ханның жүргізген саясатының ақыры И.Тайманов пен М.Өтемісов (1836-1837) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатыны жасалған қарсылық еді. Жәңгір хан көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастайды. Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті.Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі — ахун (қажы) енгізілді.Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды.Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің санын көбейтті. Жәңгір хан билік еткен тұста Бөкей ордасында 1832 жылы сауда жәрмеңкесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше, 1838 жылы дәріхана, мұрағат ашылып, хандықтың алғашқы картасы жасалынды. Жәңгірдің басқаруымен Бөкей ордасында қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражай құрылған. Жәңгір хан сауатты адам болған. Ол араб, парсы,орыс, татар, неміс тілдерін жақсы білген. 1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып,1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен,халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып,өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған.1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген. Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған. Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды. 1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
44. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.) Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады. Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арызшағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондайақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті хан мен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.
45. К.Қ бастаған ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс. Көтеріліс 1837-47 жылдар аралығында болды. Көтерілістің басты мақсаты: патшалық ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау,қазақ жерлерін бекіністермен округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді, тағы бір көздеген мақсаты қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңіріндегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу. К.Қ қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды, көтерілістің басты қозғаушы күші бұқара халық болды.Көтеріліске ақсүйектер де қатысты.Олар төңкерісті бір жағынан өз мүдделеріне пайдалану, ақрынғы артықшылықтарын қайтып алу, екіншіден-көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.1838 ж Кенесары туының астына 100 ден асатам сарбаз жиналған еді. Олардың арасында үш жүздің қазақтары болды. Кеңесары жасақтарында қазақтар мен бірге қарақалпақтар, түркмендер, қырғыз, өзбек өкілдері де аз болмады. 1841 ж Кенесары 3 жүзден адам жинап әкіесіне ас береді. Осы астан кейін 3 жүзден жиналған жамағат Кенесарыны хан сайлайды.1844-1845 жж қазақ даласында Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі.Оған Сыр бойы қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерін 20 мыңға жеткізді.Кенесары бастаған ұлт азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғысы еді. Жеңілу себептері: қазақ халқыныі бытыраңқылығы. Қазақ халқының жүзге ж/е Бөкей ордасына бөлінуі.Осы жағынан елдің басын қосу қиынға тұсті.Екіншіден: ұлт азаттыұ қозғалысын қазақтың бай шонжарлары, ауқаттылары қолдамауы. Қайта оны басуға патша өкіметіне көмектесті.Үшіншіден: көтерісшілердің жетілдірілген қару жарағы болмады.
46. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі 1860-1890 жж. әкімшілік реформасы. Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін мұнда отаршылдық тәртіпті күшейтуге бағытталды.1867 11 шілдеде патша александр 2-ші жетісу ж\е сырдария облыстарын басқару туралы ережелер жобасына, 1868 жылы бастап жаңа тәртіп бойынша қазақ даласын облыстарға уездерге болыстарға ауылдарға бөлдіде ел арасында съезд өткізіп болыс старшын сайлау дегенді шығарды.1867-1868ж реформа бойынша әскери сот коммисияларымен уездік соттар құрылды олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді.Бұл ержелер 2 жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын алайда бұд тәжірибе жергілікті халыққа теріс ету ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды.1886 жылы 2ші маусымда түркістан өлкесін басқару туралы ереже , 1891 жылы 25 наурызда облыстарды басқару ережесі қабылданды. 1886 -91 жылдары патша үкіметі қабылдаған түркістан және дала өлкелерін басқару туралы жаңа ережелерге сәйкес жалпы империялық соттар жүйесі-бітістіруші судьялар облыстық және жоғарғы сот инстанциясы қалыптасты. Бұл реформаның барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. 19ғасырдың екінші жартысында кіші жүз қазақтары арасында көшіп қонатын жер үшін және патша өкіметінің реформасына қарсылық күшейе түсті, нәтижесінде торғай мен орал облысының қазақтары стихиялы көтеріліске шығып, 1868 жылы желтоқсаннан 1869 жылдың қазан айына дейін созылды.1893 ж. Сібір темір жолының батыс учаскелерін салудың аяқталуы патша үкіметіне қазақ халқының және өз бетімен қоныс аударып келген шаруалардың жер пайдалануын тәртіпке келтіру қажеттілігін алға қойды.1894 жылы екінші николай патша дала генерал-губернаторының есебіне ескертуіне ақмола семей обл. Көшпелі халқының пайдалануындағы бос жерлердің мөлшерін ж\е олардың сапасын зерттеп анықтау қажет екенін атап көрсетті.Бұл зерттеуді жүргізу сібір темір жолы комитетіне жүктелді.
