Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_tarikh1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.4 Кб
Скачать

30. . Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы.Жеті жарғы заңдар жинағы:

Тәуке хан «Жәңгірдің ұлы,1680-1718\1713жж» билігінің ерекшлігі.

Халықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір ортаға бағындырылды.

Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп,тыныштық орнады.

Мемлекеттік құрылыстң негізі ұстанымдарын анықтайтын жеті жарғы заңын жасады.

Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді:қырғыз,қарақалпақ,орыс елдері.

Тәуке хкнның негізгі мақсаты-билердің көмегімен хан билігін нығайту.Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін Басқару жүйесіне айналдырдыБилер кеңесі Битөбеде,Мәртөбеде,Күлтөбедеөткізілді.Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді.

Тәуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды.Ұлы жүзде-Төле би,Орта жүзде-Қазыбек би,Кіші жүзде –Әйтеке бидің беделі ерекше болды.Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөлі атқарды.

Тәуке хан саясатының басты бағыттары

Қоғамдағысаяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталыұтандыруға ұмтылды.

Орта азиямен сауданы дамытты.»1687-1688ж».Орыс қазақ қатынастарын нығайтты.1680ж-жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды ала алмады.

17ғ.аяғы-18ғ. Басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрпы ережелері жүйе келтіріліп,ЖЕТІ ЖАРҒЫ заңдар жинағы шығарылды.ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.Құн төлеу –адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.Әкімшілік –Құқық нормалары мен қылмысты іс құығы. Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.Құн төлеу:ерлер 1000қой,әйелдер 500қой.дене мүше құны:бармақ-100,шынашақ-20қой

2 - Отбасы неке құқығы Ата –аналар өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды.Ата –анасы қайтыс болса жас балалар тустарының қамқорлығына беріледі.

3-Сот ісі. Соттау құқығы ханның,билер мен ру басыларының қолында болды. Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің оннан бірі бөлігі берілуге тиіс.Айыптау үшін 2-7куә қажет.Куә болмаған жағдайда адалдығымен белгілі адам ант беруге тиіс.Билерге сенім білдірмесе,айыпкер билерді ауыстырылуын сұрауға құқылы.

4-Сұлтанды не қожаны тіл тигізіп,ренжітуші адам9мал;соққыға жығыушы 27мал айып төлейді. 5-Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7адамның құнын төлеу.6-Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу. 7-Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды,бұлай істеуден бас тартса ,қорлағаны үшін құн төлейді. 8-Жеті куә әшкерленсе,құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіріледі.9- Ұрлық үшін үш тоғыз (27)төлейді,бұл жаза айыбына деп(100түйе-300жылқыға н/е 1000қойға тең)аталады. 10-Өлтірген тазы н/е бүркіт үшін иесіқұл н/екүң талап етеді.11-Хан сұлтанар,ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет.12-Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмеиді.Қарусыз адамның дауысы болмайды ж/е оған жасы кішілерорын бермейді. 13-Әрбір тармақтың,ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

«Жеті_жарғы»_жеті_заңнан_құралды: 1.Жер_дауы_заңы_(земельный_закон) 2.Отбасы_-_неке_заңы_(семейно_–_брачный_закон) 3.Әскери_заң_(военный_закон) 4.Сот_заңы_(судебный_закон) 5.Қылмысты_істер_заңы_(уголовный_закон) 6.Құн_заңы_(закон_о_Куне) 7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

Тәуке ханның билігітұсында қазақ ойрат қатынастары шиеленісті.17ғаяғы-18ғ басы –жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін жаулап алып,Сарысу алқабына дйін жетті.Үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында 1710ж Қарақұм жиынын өткізді.Нәтижесінде бірыңғай халық жасағықұрылып,жоңғарлар шығысқа ығыстырылды.Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып,``әз тәуке``атанған. Тарихшылар``Қазақ Ордасының Ликургі ``деп жоғары бағалады.1718(1715)ж-үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.

31.Хандық дәуірі кезеңіндегі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді.XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. XVII ғасырда казақ халқы сандық және сапалық өсу жолында тұрды, ол жалпыұлттық сананың қалыптасуына ұласты, ал бұл рухани-интеллектуалдық дәрежеде жүретін жинақы көрініс, мемлекеттік құрылымның бой көтеруі болатын.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.

Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады.</h4> Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та маңызы болды. Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді. Ақсүйектерге Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден сұлтандар мен хандар шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін мәңгілендіру және олардың артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды. Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін насихаттаумен, молдалықпен, діни оқу-ағарту ісімен айналысты.

Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының өзгерген түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам. Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды. Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.

Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі де жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.

Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды. Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.

Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты. Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.

Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би, сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей шаруалар тобы болды.

Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да жоқ тобы байғұстар деп атады.

Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.

Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды. Құлдың ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға тартса да, сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа теңеліп те кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң деп атады. Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың саны көп болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес қоспаған.

Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен. Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар.

32.Жоңғар мемлекетінің күшеюі және қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.17-18ғ.басы Қазақ -жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісті. Қантөгіс соғыстарға ұласып, кейде бәсеңдеп уақытша бітімге келісіп, 120 жылға созылды . Бұл екі арадағы талас тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған екі елдің шұрайлы, жайлы жерлерге және Жетісу мен Сырдария өңірін басып өтетін керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуда болды.  Батур хұнтайшының тұсында қазақ жоңғар қатынасы мейілінше шиеленісті. Бұл кезде жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үш рет ірі шапқыншылық жорық жасап, Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасында үш рет қанды қанды шайқас болды . Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық дерек жоқ осы соғыста қазақ әскерлеріне қолбасшылық еткен Жәңгір хан қолға түсіп, қашып құтылған, бұл жоңғарлардың басым болғандығын байқатады. Екінші шайқас 1643-жылы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батур хұнтайжы күйрей жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды.  Үшінші шайқаста қазақтар жеңіліске ұшырады. Осы шайқастан соң батыр хұнтайжы өлді. Батурдың орнына баласы Сенген отырды. Бұл тұста жоңғар феодалдарының арасында билікке таласқан ішкі қырқыс үдей түсті. Ақыры Сенген осындай таластың бірінде өлтірілді. Оның орнына інісі Халдан Башұкті хан болды. Ол ішкі-феодалдық қырқыстарды пайдаланып, Оңтүстік Шыңжаңды басып алған. Кейіннен Чиң әсерлері талқандады. Жоғарыдағыдай ішкі қырқыс пен сыртқы соғыспен айналысқан жоңғар феодалдары қазақ даласына жорық жасауды бір мезгіл толастатқан еді. Бұл мезгілде қазақ жоңғар арасы соғыстан аман болып, отыз жылдай тыныш өтті. Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария бойындағы керуен жолдары мен сауда орталығы саналатын қалаларды басып алу үшін бірнеше дүркін жорық жасады. Бұл жөнінде орыс елшісі И. Виковский былай жазған: “Тауық жылы (1681) ол ( Халдан Башұқті хан) шеру тартып барып Сайрам қаласын қоршады, ит жылы (1682) қайтадан келіп Іле өзенінің бойын қыстады. Доңыз жылы ( 1683) қайтадан Сайрамға жорық жасап, жазда Сайрам қаласын қиратты. Халдан Башұқ хан өліп оның орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан тұсында жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдеп кетті. Жоңғар феодалдары Жұңгоны билеген Чиң әулетіне бағынышты иелік екенін мойындап келгенмен әскери жақтан күшейіп алған соң Чиң әулетіне қарсы шығып, одан бөлініп шығуға әрекет жасады. Сонымен қатар көршілес елдерге үздіксіз жорықтар жасалды. Әсіресе жоңғар билеушісі Суан Рабдан билік басына шыққанан кейін қазақ жеріне жеті дүркін (1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723, 1725 жылдарда) басып кірді. Қазақ жоңғар қатынасының мұншалық шиеленісуінің себебін жоңғар хұнтайжысы Суан Рабдан өзінің Каңчи патшаға жолдаған мәліметінде: Қазақтың Тәуке ханының ойраттарды қырғындап, ұранқайларды шапқандығынан болды,- деп түсіндіреді .  Суан Рабдан орыс елшісі Иван Виковскийге айтқан сөзінде: бұл соғыстың басталуына қазақтар себепші болды қалмақ ханы Еділ жағасындағы Аюке ханның Суан Рабданға ұзатылып бара жатқан қызының көш керуеніне Тәуке хан шабуыл жасады деген. Бұл тек сыныққа сылтау еді. Сөйтіп, 18-ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ халқын “ Ақтабан шұбырынды” апатына душар етті. 1718-жылы Тәуке хан қайтыс болды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, қазақ халқының басына зор зорбалаң бұлты төнді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алауыздық хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің орнына отырған Болат ханның тек атағы болды.  Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Ұлы жүзді Жолбарыс хан биледі, кіші жүзді Әбіхайыр хан биледі. Бөлшектенген хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады. Осыны пайдаланған жоңғар феодалдары үртіс-ұдай шабуыл жасап, жеңіске жетіп отырды. Мұндағы негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес. Мұны өз заманындағы жазба деректер дәлелдейді “1718-жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар біршама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасақтарының жеңілісімен аяқтады... Бұл жорықта қазақ әскерлерінің саны 30 мың адам болды . Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. “Қазақтың жеңілуіне себеп екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген”. 18-ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш.Уалиханов былайша суреттеген “18-ғасырдың алғашқы онжылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар әр жақтан талқандады, малын айдап әкетіп тұттас әулеттерді тұтқын етіп алып кетті” .  1718-жылы көктемде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойына шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті қазақ хандарының ордасын басып алу болатын. Сырдария орта ағысы басындағы қазақ қалалаларына қауіп төнді. Бірнеше шайқас болды. “Жоңғарлар қазақ ордасын шапты,” бірақ санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді. Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ жасақтары едәуір табысқа жетті. Олар Елек, Мұғалжар, Ұлытау аудандарынан 30 мың адам болатын әскер жинп алды. Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен қуып шықты. Жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл қимылдар жасауын Жоңғар хандығының Цинь билеушілері әскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңдеді. 1723 жылы Жоңғар-Қытай бітімі жасалды . Шығыс жақтағы өз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңдеді. 1723 жылы Жоңғар-Қытай бітімі жасалды. Шығыс жақтағы өз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады.

33.Қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресі.1723-1756жж. Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді. Қаракерей Қабанбай, XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі.. Әбілқайыр хан XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Өтеген батыр XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры ол 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.

34.Абылай хан:ішкі және сыртқы саясаты. Абылай ханның ішкі саясатты. Абылай қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы тусінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылар басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30 жылдарыңда бұл жүйе өзгере бастады, султандардың рөлі арта түсті. Абылай хан 3 жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ султан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындайды, Солтүстік – шығыс Жетісуді оның басқа бір баласы Сүйік, орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүзден батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарынды -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмамбеттің ұрпақтары- султандар билік етті. Орталық билікті күшейту үшін Абылай бір қатар жаңа өзгерістерді енгізіп заңдастырды. Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы », Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын султандарды тағайындауда, олардың қызметі және оның тұлға ретіндегі қассиеттеріне сүйенді. Сот істерін шариғат ережелерін негізгі алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды.. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат.

35.Кіші және Орта жүздердің орыс бодандығын қабылдауы және оның тарихи себептері. XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді. Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді.. Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді. 1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды. 1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал – лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 мамыр және қыркүйек аралығында Нуралы, Ералы султандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінрек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султанмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нуралы, Ералы султандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Россияға қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султан Россияға қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Россияға қарайтыны туралы шарттың міндеттемелер қабылдады. Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ султандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Россияға Орта жүздің тек 1 бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал Солтүстік – шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғасырдың20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды.

36.18ғ.2жартысында қазақ-қытай қатынастарының басталуы. 1741 жылы жоңғарлар Орта жүзге басып кіріп, Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның ауылдарын ойрандап, Абылайды тұтқынға алып кетеді. Келесі 1742 жылы Қалдан Серен қонтайшы екі қосын әскер шығарып, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанға қалмақ билеушісіне тәуелділігін мойындатып, олардан аманат алады. Тек Кіші жүз ғана орыс әкімшілігінің араласуымен қалмақтардың басқыншылығынан аман қалады.Абылай сұлтан тұтқында екі жылға жуық мерзім болып, орыс әкімшілігінің араласуымен және Әбілмәмбет хан өз ұлын Абылай сұлтанның орнына аманатқа жіберген соң ғана бостандыққа шығады. Тұтқында болған кезінде Абылай ойрат тілі мен жазуын үйреніп, Жоңғар хандығының ішкі өмірімен танысып, Дабашы және Әмірсананояндармен достасады. Абылай сондай-ақ жеке ерлік қасиетімен, мемлекеттік қайраткерге лайық ақылымен Қалдан Серенге үлкен әсер етіп, қонтайшы сұлтанды еліне қайтарар алдында екеуі Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы бейбітшілік туралы бітім шартын жасасады.Қалдан Серен өмірден өткен соң (1745 жылы) Жоңғар хандығында тақ үшін талас басталып, оның арты үлкен берекесіздікке ұласады. Абылай жоңғар билігіне таласушы нояндарды кезек қолдап, оларды өзара әлсіретіп, қалмақтардың қазақ жеріне басқыншылығын болдырмауға тырысады. Бірақ сұлтанның бұл әрекеті Жоңғар хандығын біржола жоюға бағытталмағаны анық. Ондай қауіп ойраттарға шығыс жақтан, яғни Қытай мемлекеті тарапынан төніп келе жатыр еді.

1755 жылы ерте көктемінде Цин империясының әскері ойраттардың ішіндегі алауыздықты пайдаланып, Жоңғар хандығына басып кіреді. Жазға қарай жоңғарларды "тыныштандыру" аяқталады. Жоңғар ханы Дабашы тұтқынға алынып, Пекинге жөнелтіледі. Дабашыны құлату үшін қытай әскерін бастап келген Әмірсана, енді ойраттарды циндерге қарсы көтеріліске шақырады, бірақ қолдау таба алмай, қазақ жеріне, Абылай сұлтанға келіп паналайды. 1756 жылы Абылай сұлтанға Цин елшісі келіп, Әмірсананы ұстап беруді талап өтеді, бірақ Абылай елшіліктің өтінішін орындаудан бас тартып, ойраттардың ұлт-азаттық күресі жағында екендігін танытады. Цинүкіметі бұған жауан ретінде солтүстік және оңтүстік бағыттағы әскеріне екі саппен Қазақстанға енуге бұйрық береді.

1756 жылдың жазында Абылай мен Ералы сұлтандар бастаған Орта және Кіші жүз жасақтары жақсы қаруланған қытай әскерімен бірнеше қанды шайқастар өткізеді. Сібір губернаторы В. А. Мятлев Сыртқы істер коллегиясына берген мәліметінде 10 мың адамнан тұрған қазақ қолдары Аягөз өзенінің бойында Цин әскеріне бірнеше мәрте елеулі соққы бергендігін жеткізеді.

1756 жылы қыркүйекте Солтүстік моңғолияда циндерге қарсы көтерілістің басталып кетуі, оның артын ала келген қысқы суық қытай әскерінің Қазақстанға тереңдеп енуіне мүмкіндік берген жоқ. Сонымен Цин әскері осы жылғы жазда алдына койған мақсатына жете алмады. Соңында, біраз жеңілістен соң, циндіктер күзге қарай әскерін қазақ жерінен алып кетуге мәжбүр болды.

1757 жылдың жазында Жоңғарияның Цин әскеріне қарсы көтерілісі біржола жеңіліс тапты. Жоңғар хандығы өмір сүруін тоқтатты. Оның осы мезгілдегі 600 мыңдай халқынан 30—40 мыңы ғана көрші елдерге бас сауғалап тірі қалды.Жоңғар хандығын ойрандаған Цин үкіметі енді Қазақстанмен шекарасын анықтау әрекетіне көшеді. 1755, 1756 жылдары Абылай сұлтанның ауылына Цин елшілігі келіп, патшаның хатын тапсырады. Қытайлықтар Жоңғар хандығының барлық мұрасын, соның ішінде ойраттардың бұдан бұрын қазақтар мен қырғыздардан тартып алған жерін де иемденбек ниетін білдіреді. Алғашында бұл пікірге қарсылық білдіріп, ойраттардың азаттық қозғалысына ашық қолдау көрсеткен Абылай 1757 жылдың күзінде Цяньлун патшаға Шағыр және Өміртай бастаған он бір кісілік елшілік аттандырып, екі ел арасында бейбітшілік қатынас орнату жөнінде келісім шарт жасасуды ұсынады.Қазақ елшісімен әңгіме кезінде Цяньлун патша: "Егер Цин Ресеймен соғыса қалған жағдайда қазақтар қай жағына көмектеседі?" — деген сұрау қояды, оған қазақ елшісі: "Сіздер сияқты ақсүйек патшалар өзара соғысып жатса, біз сияқты кішкентай елдің ондай іске араласпағаны жөн шығар, ондай жағдайда біз бейтарап қаламыз", — депжауап қайтарады.Цин империясының 1758 жылы Жоңғар хандығы мен Шығыс Түркістанды жаулап алып, тікелей Қазақстан шекарасына шығуы, әрине, бұл аймақтағы жағдайға Ресейдің де мүдделілік таныта бастауына түрткі болды. Өз ретінде Абылай хан мен оның бағытын қолдайтын қазақ билеушілері екі империяның арасында мүмкін болғанша тәуелсіздігін сақтауға тырысты. Сонымен бірге кезінде ойраттар басып алған қазақ жерлерін қайтаруға, Шыңжаң базарларында, яғни жаңа ғана Қытай империясықұрамына енген Жоңғария мен Шығыс Түркістанда бұрынғыдай еркін сауда қатынасын сақтауға күш салды.Қытай үкіметі қалмақтардан босаған жерге қазақтарды жібермеу мақсатында Іле өзені бойы, Тарбағатай және Ертіс өзеніне дейінгі аралықта әскери бекіністер сала бастайды. 1761 жылы қытай патшасы қазақтарға Аягөз өзенінің оң жақ бетіне көшіп-қонуға тыйым салған Жарлық шығарады. Бірақ оған қазақ малшылары құлақ аспай, Тарбағатайдың жайылымдарын пайдалана берді. 1767 жылы Цин үкіметі қазақтарға Тарбағатай мен Іле өңіріндегі жайылымдарды пайдалануға келісім беруге мәжбүр болды, бірақ оның есесіне, қазақ малшыларынан жер майы салығын төлеп тұруды талап етті. Сонымен, XVIII ғасырдың соңына қарай Орта және Ұлы жүздің біраз бөлігіҚытайға жер салығын төлеп, Тарбағатай, Іле өңірі және моңғол Алтайындағы бай жайылымдарды пайдалану мүмкіндігін иемденді. Кейін бұл аймақ Қытайдың Шыңжаң өлкесі құрамына енді.

37.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс. Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 жылы 25 шілдеден бастап «сезікті» деген кез келген Орынборға келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билік құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, қазақ-орыстармен бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырактан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мысалы, 1783 жылы қазақтар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алды. Басты соққы Төменгі Орал шебі мен Ор бекінісіне бағытталды. Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. Қазақ халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:а) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару; ә) жер мәселесін шешу.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті, қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына жеті мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Сырымға байбақты, шекті, табын, шеркеш, таз рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Симбирск және Уфа өлкелерінің билеушісі барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады. 1785ж. жазалаушы отряд бейбіт ауылдарға шабуылы, халық наразылығы ұлғач түсті. 1786ж. көтерілістер ханауылдарына шабуыл жасады. Нұралы ханды биліктен алып тастады. Кіші жүзді 3 бөліккке бөлді. 1790ж. Есімді, 1791ж. Ералыны хан етіп тағайындады. Феодалдарға қарсы күрестің шиеленісуі 1797ж. хан кеңесі құрылды Сырымотряды Илецк бекінісіне шабуыл жасап ол сәтсіздікке ұшырады. Сырым Датұлы хан басқармасының құрамына кірді. Көтеріліс тоқтады. Оның женілу себебі: ұйымдаспаған көтерілістің халық басқармашы...... феодалдың әртүрлі көзқараста б/ды. Маңызы хан билігін шектеп, оны жоюға жағдай жасады.

38. 17-18 қазақ орыс қатынастары.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болады. Әбілқайыр ханның мақсаттары: Қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін шабуылдауын тоқтату;Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу;Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзенлері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау;Қазақ жері арқылы керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру; Ең басты мақсаты: Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.1730 қыркүйек Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731ж 19 ақпан Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын империат рица Анна Иоановна қабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмашы ,дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 ж қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен , бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. 1731ж 10 қазан Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қоластына кіруге ант берді.ХҮІІІ ғ ортасы Қазақ өлкесінің саяси экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ орыс сауда байланыстары және шетелдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы. ХҮІІІ ғ ІІ жарт. Қазақ орыс саудасының белгілі орталықтары : Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761 ).Әскери тірек ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы Шығыс Қаз. бекіністер әскери қызметін жоғалтып,сауда айналымының орталықтарына айналды.18ғ 60 ж. Қазақ орыс сауда байланысының кеңейген кезеңі. Қазақтардың жиі саудаласатын тауарлары: мал өнімдері, киіз, көбінесе мал Ресейлік тауарлар көшпенділердің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар. Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңітті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері. 1766 ж Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды. 1767 ж 15 қараша ІІ Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Орта Азия хандықтары және Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталықтары Қызылжар ( Петропавл)қаласы.Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары Семей, Өскемен, Бұқтырма қоныстары.Қазақ орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.

39. ХVІІІ ғ. Қазақ мәдениеті. Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді және т.б.жыраулардың шығармашылығы XVIII ғасыр қазақ халқы мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Көшпелі өмір салты жағдайында халықтың ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүрі, музыка өнері ерекше дамыды.Қазақтардын жоңғар басқыншыларына қарсы күресі, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы дала тұрғындарының ұлт-азаттық қозғалысы сол кездегі ақын-жыраулардың негізгі тақырыбына айналды...Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады. Ақтамберлі Сарыұлы(1668-1762)жырау, қолбасшы батыр, қо,ам қайраткері . 17жасынана бастап Орта Азия хандықтармен, қалмақтармен соғысқа қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. «Ақтабан шұбырынды»оқығаларының куәгері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]