- •27. Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.
- •28. Тәуекел ж-е Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •30. . Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы.Жеті жарғы заңдар жинағы:
- •40.Оңтүстік Қазақстан жерлерінің Қоқан жане Хиуа хан-ң құрамына енуінің себептері.
- •47. Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері
- •II. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету
- •IV. Біртектілік пен бірлік
- •V. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру
28. Тәуекел ж-е Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Есім хан. Есім хан - Шығай ханның баласы, (1628-1645) о л бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдар Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады.Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.Тәуекел ханның қазақ жерін кеңейту саясаты.Хақназар өлген соң таққа 80-ге келген Шығай отырады. Шығай қайтыс (1580-82ж.) болған соң таққа баласы Тәуекел отырды. Ол1583ж. Өзбек хандығын жасасқан келісімшартты бұзды. 1586ж. Түркістанды басып алып, Ташкентке қауып төндірді. 1588ж. Ташкентте Абдаллахқа қарсы көтеріліс болды. Көмекке қазақ сұлтаны келді.. Көтеріліс жеңіліс тауып қазақтар Ташкенттен кетуге мәжбүр болды. Абдаллах өлген соң Мәуренахрда билік үшін таласты. Осыны пайдаланған Тәуекел 1598ж. жазында Мәуренахрға кіреді. Іштен қолдау тапқан ол жеңіске жетеді. Самарқанға 20 мың әскермен Есімді қалдырып, өзі Бұқараға кетеді. Бұқаралықтар қарсылық көрсетіп, қазақ халқын талқандады. Осы шайқаста Тәуекел ауыр жараланды. Ол Ташкентке шегініп, сонда қайтыс болды. Қазақ ханының ұзақ жылдар бойы жүргізген соғысы Сыр бойындағы Қамал қалалары ірі қала Ташкентті өзіне қосумен аяқталады. 1598 ж. Шайбани әулетінің орнына келген Аштархан әулетімен қазақтар шарт жасасып, қазақ халқы үшін біржарым ғасырға созылған қанды күрес аяқталды.
29.Жәңгір хан кезеңіндегі Қазақ хандығы.Қазақ-ойрат қатынастарының шиеленісуі. 1628-1652.Жәңгір хан - Қазақстан аумағында XIIІ ғасырдың басынан бері үздіксіз билік құрған Шыңғысхан әулетінің тікелей өкілі, Жошы ханның Ордаежен атты үлкен ұлынан тараған ұрпақ.Жәңгір сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына отырды.Таққа отырмайак оның ерлік істері қазақ арасына,көрші елдерге аңыз болып тарады.Халық оның ерлігіне риза болып Салқам Жәңгір атанған.1643жылы Орбұлақ шайқасында 50мың әскеомен келгенБатыр қонтайшыға 600сарбазымн Жәңгір хан қарсы тұрды.Сарбаздар құрамында Шапырашты Қарасай,Арғын Ағантай,Алшын Жиембет,Найман Көксерек,Қаңлы Сарпық,Дулат Жақсығұл,Суан Елтынды батырлар болды.Қосқолаң тауының арасында бекінген Жәңгір сарбаздары жоңғордың 10мың әскерін талқандады.Көмекке Самарқанның әмірі,қолбасшы Алшын Жалаңтөс батыр 20мың әскермен келіп,жоңғарлардың ту сыртынн шабуылдады.Бұл соғыста күйрей жеңілген жоңғарлар көпке дейін қазақ даласына шабуылдамады.Орбұлақ шайқасының маңызы:қазақ әскерлері жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті.Фермопил шайқасындағы 300 спартандық жауынгерлердің ерлігімен тепе-тең шайқас болды.Жәңгір хан Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұқара,Жаркент хандықтарымен,қырғыздармен одақтасты.1652жылы Ресейден зенбіректер сатып алып қаруланған жоңғарлар қазақ жеріне қайта шабуылдап қазақ әскерін ойсырата жеңді.Жәңгір хан қанды шайқаста қайтыс болды.1655жылы –жоңғарлар Шығыс Түркістанға шабуылдап,Шалыш,Ақсу,Қашғарды басып алды.1670жылы-жоңғарлар жаркентті алды.Шығыс Түркістанның Жоңғар хандығы құрамына кіруі оның экономикалық қуатын арттырды.Қашқардағы кен орындарынан мылтықтың оқ-дәрісі өндірілді.17ғасырдың соңында Цебан Рабдан қонтайшы бастаған жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кірді.Сайрам,Манкент,Шымкент,Қараспан,Ташкентті жаулап алды.
