Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_tarikh1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
279.4 Кб
Скачать

1сурак. Қазақстан жеріндегі тас ғасыры. 1.Ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5млн жыл бұрын басталып-б.з.б. 3 мың жылдыққа дейін) адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөрісі үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Тас дәуірі 3 кезеңнен тұрады: палеолит, мезолит, неолит. Палеолит кезеңі б.з.б. 2,5 млн жылдан-12 мың жылдыққа дейінгі аралықты алып жатыр. Палеолиттің өзі үш кезеңге бөлінеді: ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн–140 мың жылдықтар), орта палеолит (б.з.б. 140–40 мың жылдықтар), кейінгі палеолит (б.з.б. 40–12 мың жылдықтар). Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр–бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріне жатады. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек құралдары табылды. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жұмыр тасты қолданды. Дайындалған құрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: 1) Олдувай; 2) Ашель; 3) Мустье. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау және терімшілік. Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары. Орта палеолит Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер және т.б. болды. Орта палеолит дәуірінің адамдары – неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау (аңды қауым, топпен бірігіп аулаған), терімшілік. Орта палеолиттің белгілі тұрақтары: Қаратау аймағындағы Топалы шатқалы және Ақкөл көлінің оңтүстігіне қарай орналасқан Қызылрысбек тұрақтары. Кейінгі палеолит адамзаттың, жердің барынша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі. Осы дәуірде дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылғандықтан оны кроманьондық деп атайды. Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының түрі – рулық қауым қалыптаса бастады. Кейінгі палеолит тұрақтары: Ащысай тұрағы, Орталық Қазақстандағы Бетпақ тұрағы, Шығыс Қазақстандағы Қанай тұрағы. Мезолит (орта тас ғасыры)(б.з.б. 12 – 5 мың жылдықтар) – климаттың жылынуы, мамонтар мен мүйізтұмсықтардың жоғалып, өлуімен сипатталады. Мезолит кезеңінде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты. Қазақстан аумағында 20–дан астам мезолиттік тұрақ бар. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер–үшбұрыш, ромб, трапеция және сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Олар терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді. Дәуірдің ерекшелігі: жануарды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру, балық аулау кең тарады. Неолит (жаңа тас ғасыры)(б.з.б. 5 – 3 мың жылдықтар) – бұл кезде экономикалық және қоғамдық өрлеу бастады. Ғылымда бұл құбылысты «Неолиттік төңкеріс» деп атады. Бұл кезеңде тасты өндеу техникасының ерекше дамыған кезі еді. Яғни тасты тегістеу, бұрғылау, кесу тәрізді тәсілдерді қолданған. Кетпен, дәнүккіш, келі – келсап жасалды. Неолит кезеңіндегі тұрақтар: БҚО – сындағы Келтеминар, Мақанжар мәдениеті, Ақмола облысындағы Атбасар мәдениеті, ШҚО – дағы Усть – Нарым, Орталық Қазақстанда – Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстанда Пеньки тұрағы.

2 сурак 1.Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.Қола дәуірі (б.з.б. 2–1 мың жылдықтар)–деп аталу себебі, осы кезде қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды: 1) Қола металлургия. Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. 2) Бақташылық, мал шаруашылығы.– көшпелі мал шаруашылығына көшеті. 3) Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды. Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, көп ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениетті – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениетінің өмір сүрген уақыты 3 кезеңге бөлді: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б.18 – 16 ғғ; 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. 15 – 13 ғғ; 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. 12 – 8 ғғ. Қола дәуірінің ерекшеліктері: түсті металдардың өңдірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы); ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шарушылығының егіншіліктен бөлініп шығуы; аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы; Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті; Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Андроновшылыр тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы – қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дәстүрін енгізді. Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындар. Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Қоғамдық құрылысы: Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды. Қола дәуірінде еңбек құралдырының жетілдірілуіне және шаруашылықтын дамуына байланысты азық – түлік молайды. Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қола дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер. Қола дәуірінде адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынған. Жерлеу ғұрпы: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік – батысқа қаратқан; 2. Өліктің аяқ – қолын бүгіп қабірге жатқызған; 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған.

3сурак 1. Сақтар: шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы.Сақтар– б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Парсы жазбаларында сақтарды «құдыретті еркектер», Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар», Ежелгі грек авторлары «азиялық скифтер» деп атаған. Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40 – шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа да қол жазбалардан біздің заманымыздан бұрынғы І мың жылдың орта шегінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақдеп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Бұл одақ: массагеттер, каспийшілер, есседондар, кейініректе аландар, сарматтардан тұрған. Сақ тайпалары қоныстану бойынша үш тайпаға бөлінген. Олар: 1. Тиграхауда(шошақ бөрікті сақтар) – Жетісуда, Тянь – Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында мекендеушілер. 2. Парадарайа(теңіздің арғы бетіндегі сақтар) – Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. 3. Хаомоварга (хаома сусының дайындаушы сақтар) – Ферғана алқабын мекендеушілер. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзінде өлтіреді. Б.з.б. 490 жылғы грек – парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Олар негізінен жылқы, қой, түйе өсірді. Өзен жағалаулары мен суы мол жерлерде егін шаруашылығы да дамыды. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды. Көшпелі малшы және жауынгер сақтың тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. Сақ тайпаларында тұрмыстық үй заттарын жасау, еңбек құралдары, қыш ыдыстар және т.б. да жақсы дамыды. Олар неше түрлі өрнектермен, суреттермен безендіріліп жасалды.Б.з.б. 519 – 518 жылдары парсы патшасы І Дарий сақтар жеріне жорық жасайды. Олардың әскерін сақ тайпасының бақташысы, жас жігіт Ширақ сусыз шөл далаға алып барып шөлден қырады. Сақтар мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді. Бүкіл елді тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – патша басқарды. Ол әрі қолбасшы, әрі тайпа атынан келіссөз жүргізді. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымда адамдардың үш тобы ерекшелінеді. Олар: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар және егіншілер).

4сурак 1.Үйсіндер мемлекеті: этносаяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.Қытай жазба деректерінде б.з.б. ІІІ ғ бастап Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндер мекендеген жерлердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы – Іле аңғары, басты ордасы – Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу – Чен («Қызыл - аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Ұлы Жібек жолындағы» маңызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған. Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. ІІ ғ аяқ кезінде пайда болды. Б.з.б. 73 – ші жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі гуньмоға тәуелді болды. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым – қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін гуньмоларына әйелдікке беріп отырған. Б.з.б. 64 – 51 жылдары Хань империясының үйсіннің хан тағы мұрагерлеріне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Бұл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Үйсін мемлекетінің дәуірлеген кезі Цылими гуньмоның билік құрған, б.з.б. 45 – 14 жылдардың арасы деп саналады. Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецтер болып, сондай – ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі: диаметрі 50 – 80 м және биіктігі 8 – 10 – 12 м үлкен жер обалар; екіншісі: көлемі 15 – 20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін; үшіншісі: аумағы 5 – 10 м және биіктігі 30 – 50 см. Үйсін қоғамындағы байлықтын негізгі өлшемі шаруашылықтағы жылқы саны. Үйсін байларының жылқысы көп, олардың ең бай адамдары төрт – бес мың жылқы ұстаған. Үйсіндердің мал құрамында жылқыдан басқа, көп мөлшерде қой және сиыр, есек, ешкі де болған. Үйсіндер егін шаруашылығымен де айналысқан. Оны Кеген өзені бойындағы Ақтас қыстауы қонысын қазғанда табылған жер өңдеу құралдары: тас кетпендер, қол орақ, тастан жасалған дәнүккіштер айқын көрсетеді. Үйсін мемлекетінің Чигу – Чен (Қызыл - аңғар) астанасынан басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар: Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және т.б. қалалар. Қаңлы мемлекеті: саяси тарихы және шаруашылығы.Б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі – қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діин жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхаратада» кангха болып кездеседі. Қытай деректеріндегі чжан Цянның хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны – 600 мың, жауынгерлер жасақтарының саны – 120 мың адам. Орталығы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректерін қарағанда, қаңлы тайпалының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зертеу жұмыстарының қорытыңдысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді: 1) Қауыншы; 2) Жетіасар; 3) Отырар – Қаратау мәдениеті. Қауыншы мәдениеті – Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. ІІІ ғ – б.з. І ғ арасы. Жетіасар мәдениеті – Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Мұндағы табылған заттар б.з. 1 мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Отырар – Қаратау мәдениеті – Сырдарияның орта ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Б.з.б. 47 – 46 жылдары қаңлылардың билеушісі солтүстік ғұндардың шаньюйы Чжи – Чжиді қолдады. Б.з. І ғасырының орта шегінде қаңлылардың шығыс шекарасына Қытай мемлекетінің қолдауымен үйсіндер шабуыл жасады. Үйсіндер мен Қытайға қарсы күресте қаңлылар Чжи – Чжимен одақтасты, қаңлы билеушісі оған әйелдікке қызын және өз иелігінің шығыс аймағынан жер береді. Қаңлы тайпалары одағының алып жатқан жері табиғи – климаттық және ландшафтық жағынан алуан түрлі болды. Далалық аймақтарда қаңлылар көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Үй жануарларының негізгі түрі: қой, сиыр, ешкі, жылқы т.б. Өзендер мен көл жағалауларында халық суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Б.з. алғашқы ғасырынан бастап қаңлылар егісті суаратын каналдар мен арықтар қазып, тоғандар мен бөгеттер салған. Олар егін дақылдары: арпа, тары, бидай, ал бақшаларында қауын, қарбыз, жемістердің түрлері: алма, жүзім, өрік және басқалары өсірілді. Қаңлы мемлекетінің қалалары мен өоңыстарында мыс теңгелер соғылып, сауда айналымынан түсіп отырған. Теңгелер шығаратын негізгі аймақтар – Ташкент (Шаш) алқабы. Қаңлы мемлекеті Иран, Үндістан, Сирия, Қытай және т.б. елдермен сауда қатынастарын жүргізген. Қаңлылар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Соңымен қатар олар күнге, айға, жұлдыздарға табынған.

5сурак1.Ғұндардың саяси және этникалық тарихы.Б.з.б. І мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан далалы аймақты әртүрлі тайпалар көшіп жүрген. Солардың басты бір тобы б.з.б. 4 – 3 ғ Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай деректерінде сюнну деген атау солтүстіктегілер деген мағынаны білдіреді. Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы 4 ғ созылған соғысы деуге болады. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн билеушісі – шаньюй. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 ж «ғұн үйінің өрлеуі» кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде (туған жылы 230, өлген кезі б.з.б. 147 ж) батырдың есімімен байланысты.Мемлекет 3 бөлікке бөлінеді: оң қанат, сол қанат және орталық қанат. Мемлекет әскери жүйе бойынша құрылды. 24 руды 24 түменбасы басқарған. Түменбасылар – шаньюйдің балалар, інілері, жақын туыстары. Түменбасы 10 мың атты әскерді басқарған. Империяның басқару тобы – ру мен тайпа ақсүйектері. Бекзадалар жылына 3 рет ақсақалдар кеңесіне жиналды. Ғұндар қоғамы көшпелі патриархалды. Оларды ақсақалдар кеңесі басқарды. Билік мұрагерлікпен қалдырылды. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған: ауыр қылмыс жасағанға – өлім жазасы; ұсақ қылмыс жасағанға – бетін тілу жазасы. Б.з.б. 55 (47) жыл (б.з.б. 1 ғ ортасы) – ғұн мемлекеті екіге бөлінеді: Оңтүстік ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады, ал Солтүстік ғұндар б.з.б. 1 ғ соңында Чжи – Чжи басшылығымен батысқа жылжыды. Аттила (400 – 453 жж.). Б.з.б. 5 ғ. 30 –шы жылдары Аттила Румыния мен Венгриядағы ғұндарды біріктіріп, Рим империясына шабуылдады. Паннония мен Мезияны басып алып, Францияға өттң. 451 ж Каталаун (Галлия) даласында Рим – Франк күштерімен шайқасты. 453 ж Аттила қайтыс болып, ғұн мемлекеті ыдырады. Баспанасы киіз үй.Киімдері теріден тігілген тон,саптама етік,тымақ.Мәдениеті полихромдық стиль.Бұйымға түрлі заттар жапсыру.

6 сурак.Түрік және Батыс Түрік қағанаттары: этносаяси тарихы.«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған.552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.). Бұмын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара –Еске отырады (552-553жж.). Бұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлі Қара-Еске, Мұқан қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми (572-576 жж.) жүргізген.Түрік қағанат 7 ғ. ортасында күшейді. 563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді. Осы соғыстан кейін Иран ахы арасындағы достығы ұзаққа созылмады. Себебі, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан жердің түрік қолында қалып қоюына Иран шахы наразылық тұғызды. Сонымен еліміздің қазіргі шығыс солтүстіктегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді. Ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген.Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.

7сурак.Алғашқы түрік қағанаттары кезіндегі материалдық және рухани мәдениет. Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.

8сурак Түркеш және қарлұқ қағанаттары.Түркештер (704-766, 756 жж) Жетісуда 701 ж. Түркеш қағанаты құрылды. Олар жетісуды мекендеген сары үйсіндер ұрпағы, ордасы Суяб. Ірі сауда орталығы – Тараз. Түркештердің кезіңде алғашқы ақша, динар, дирхандар пайдаланды. Алғашқы қағаны –Үймелек, Саға Сұлу. 8 ғ. Басында түркештерге арабтар шапқыншылық жасайды. Ташкент, Бұқара түбінде шапқыншылық болады. 748 ж. Қытайлар Түркештердің Суяб қаласын басып алады. 751 ж. Талас өзенінің бойында арабтар мен қытайлар соғысады. Түркештер арабтар жағында соғысады. Жеңілген қытайлар түркештер жерін тастап кетуге мәжбүр болады. Түркеш қағанаты өзара 2-ге бөлінеді. (сары, қара болып). 766 ж. түркештерді қарлұқтар басып алады.Қарлұқтар (766-940). Терр. Жетісу ордасы. Билеушілері жағбу. 840 ж. бастап қаған деп аталған. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында болды. Құлан, мерке, Баласағұн деген қалалар бой көтерген. Мұсылман діні кең таралған. Бұл мемлекет шығ.Түркістанның тұрғындары пұтқа табынушы шығыл және яғма тайпаларының Жетісуға басып кіруімен ыдырайды. Қарлұқтар әлсірегенде қарлұқ қағанының билігін Сатух Барахан қолына алады. Ол кезде қарлұқ билеушісі болған атасы Қараханның атымен қарахан мемлекеті еді. 766 ж. Тараз бен Суяб, Жетісу қарлұқтардың қол астына кіреді. 766-775 ж. Олар Қашгарды басып кіріп Ферғанаға ықпалын жүргізе бастады. Егіншілік жақсы дамыған. Байлар мен құлдар 2 тап болды, әкімшіл-әміршіл жүйе болды.

9сурак.Қимақ және қыпшақ мемлекеті.Қимақ тайпалары туралы алғашқы деректер 8 ғасырдан бастап кездеседі.Бұл кезде Қимақ деп аталған тайпалар қазғіргі Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген.8 ғасырда имақтар түркештерге бағынышты болды, бірақ көп ұзамай олардан тәуелсіздігін алады. Бұл деректердің көпшілігі орта ғасырлық парсы-араб жазбаларында. Енисей қырғыздарының 840 жылы Ұйғыр қанағатын талқандауы қимақтар тарихындағы бетбұрыс кезеңдердің бірі болды. 840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның құрамына кірген көптеген тайпалар қимақтарға қосылады. Қимақтар 10 ғасырда бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстанды және Батыс Қазақстанды қамтыған күшті мемлекетке айналды. Қимақтар бұл кезде Бтыс Алтайдан Оңтүстік Орал тауының оңтүстік шығысына дейін, батыста Арал теңізі маңына дейін және Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Сырдарияның Иқан, Сауран қалаларына дейінгі кеңестікті алып жатты.Шаруалығы:Қазақстанның кең байтақ аумауғын мекендеген қимақтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі тұрмысқа негізделген қимақтардың қолөнер кәсібі де жақсы дамыды.Егіншілік те дамыды. Өзендер мен көлдерде және ормандарда балық пен аң аулады. Қала мәдениеті мен сауда дамыды . Темірден, қоладан, алтыннан, күмістен қару-жарақ , тұрмыс заттары және зергерлік бұйымдар жасалды.Қыпшақтар-қазақ халқының және бірқатар түркі халықтарының негізін құраған тайпалардың бірі.Қыпшақтар тарихы әр уақытта Алтайдан басталып Шығыс Еуропажерлерін мекендеген ірі ұлыстардың катарынанорын алады. Махмуд Қашқари жазбаларында қыпшақтардың құрамында (9 ғасыр )имақ, қаңлы, бөрілі, субар, жете, қарабөрікті, тоқсоба және басқада рулармен тайпалардың болғандығы айтылады.Қыпшақ хандығы қазіргі Қазақстан аумағында 9 ғасырдан 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін өмір сүрді.Бірақ қыпшақ атауы бұдан да көп ертеректе түрік жазбаларында кездеседі. 8 ғасырда Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауы мен Ертіс жағалауын қыпшақтар көп мекендеген. Қыпшақтар бұл кезде қимақтардың құрамында болды. 8 ғасырдың соңына қарай қыпшақтар қимақтардан бқлініп кету үшін батысқа қарай көшеді, бірақ тәуелсіздікке қолдары жетпейді. 9-10 ғасырларда қыпшақтар тарихы қимақтар тарихымен бірге дамыды, яғни қыпшақтар қимақтарға тәуелді болды. 11 ғасырдың басында қимақ қағанаты құлағаннан кейін әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолдарына көшеді. 11 ғасырдың екінші ширегінде қыпшақ тайпалары Сырдария бойынан және Арал, Каспий өнірінен оғыз тайпаларын ығыстырды. Осы кезден бастап бұл аймақта аталып келген оғыздар даласының орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болды. 11 ғасырдың орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден өтіп батысқа қарай жылжиды, олар оңтүстік орыс далалары арқылы Дунайға, Венгрияға дейін барады. Ертістен Днестрге дейінгі үлкен аумақты алып жатқан қыпшақтар аумағын ғалымдар екі үлкен этникалық-аумақтық бірлікке бөледі. Біріншісі , Тоқсоба рулық әулиеті билеген Батыс қыпшақ бірлестігі, екіншісі, Ел-Бөрі руының хандары билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.12 ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақ хандығына өзара билік үшін күрес басталды. Сонымен бірге қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорезм шахына бағына бастайды. 13 ғасырдың бас кезінде қыпшақтардың Сыр бойындағы ірі қалаларынан айырылып қалғандығына қарамастан , қыпшақ хандығы Хорезмге қарсы аяусыз күрес жүргізе береді. Қыпшақ хандығы маңғолдар жаулап алғаннан кейін ғана өмір сүруден қалады. Моңғолдар шапқыншылығынан кейін де қыпшақтар тарихи сахнадан кетпейді. Тарихта қыпшақтан Бейбарыс сұлтан басқарған мемлекеті белгілі. Олар ұзақ уақыт бойы Алдыңғы Азиядағы билік етіп крест жорықтарына тосқауыл болды.Шаруашылығы:Қыпшақтар мал шаруашылығымен айналысты. Қой саны өте көп болды. Егіншілікпен де айналысты. Ол туралы Әл-Омаридің естелігінде:Олардың егістігі өте аз, шамалы бидай мен арпа болды. Көбіне олар тары өсірді . оны қорек етеді және тұтынатын тамақтарының негізгісіде сол .

10сурак.Оғыздар мемлекеті: этникалық және әлеуметтік саяси тарихы.Оғыз мемлекеті (9 – 11 ғ басы.). Батыс Қазақстан далаларында оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. 9 ғ аяғы мен 11 ғ бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Гузия. Билеушісі – жабғу. Оғыз жабғуларының орынбасарларын көл – еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз әскерінің басшысы – сюбашы деп атаған. 965 ж оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды талқандады. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себепші болды. 985 ж оғыздар Орыс князі Владимирмен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан Шахмәлік. 1041 ж Шахмәлік тұсында Хорезмді жаулап алды. Ал 1043 ж Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза табады. Ол оғыздардың соңғы билеушісі болды. Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресі, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар, құндыз сияқты аңдарды аулаған. Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы – балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте – бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарады. Оғыз мемлекетінің әлсіреу себебі: селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар; ішкі тартыстар; қыпшақ тайпаларының шабуылдары. 11 ғ/дың басында оғыз одағы ыдырап, қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді.

11сурак Ќазаќстан жеріне ислам діні мен ислам мәдениетінің тарауы. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.

12сурак. Ќарахандыќтар мемлекеті: саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.940 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан терминінің шығуы туралы дерек жоқ. Дегенмен де тарихшылардың басым көпшілігі бұл терминді белгілі бір әулеттің атымен байланыстырады. Олар бұл әулетті Оңтүстік Тянь-Шяньды мекендеген яғма тайпасынан шыққан деп есептейді. Бұлай деп көрсетуге 12 ғасырдағы иран авторларының бірінің «яғма падишасын боғра-хан деп атайды»деп көрсетуі негіз болды. Қарахан мемлекетінің құрылуына қарлұқ мемлекетінің тайпалары ерекше зор роль атқарады. Қарлұқ мемлекетінің әлсіреген пайдаланған қарлұқтардың чигил және яғма тайпалары үстемдікке ие бола бастады. Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғрахан қалады. Ол 942 жылы Баласағұнда билеушіні құлатып өзін жоғары қаған деп жариялады және ол басқарған мемлекеті Қарахан мемлекеті деп аталды. Қарахан мемлекетінің аумағы Шығыс Түркістан , Жетісу, Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойын алып жатты. Мемлекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласында орналасты. Боғрахан өлгеннен кейін мемлекет билігі оның баласы Мұсаға көшті. Ол 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Қарахан билеушілері ұзақ жылғы соғыстан кейін 1004-1005 жылдары бүкіл Мауереннахр жерін басып алды. Жер үлесі б/ша Қарахан мемлекеті шығыс және батыс бөліктерден тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан бөлігіне , Мауереннахр батыс бөлігіне қарады. Шығыс бөлігінің саяси орталығы Баласағұн жақын жердегі Орда, кейіннен Қашқар, батыс бөлігінің орталығы Өзгент, кейіннен Самарқанд қаласы болды. Көп ұзамай мемлекеттің екі бөлігі бір-бірімен жауласып жеке-жеке екі мемлекетке, Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді. Мемлекет басшысы қаған деп аталды. Ол сонымен бірге қарахан әулиетінің басшысы болып саналады. Қағанға ең жақын адам уәзір болып саналады, ол жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі қызметін атқарады. Барлық жер билеуші әулеттің меншігіне айналды. Мемлекет аймақтарға бөлінді.Аймақтардың орталықтары Тараз, Испиджаб және Баласағұн қалалары болды. 11 ғасырдың басында Баласағұн жоғары қағанның үлес жері, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын туыстарының қолына шоғырланды. Мал шаруашылығымен шұғылданатын халықты ру-тайпа басшылары арқылы басқарды. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Салық жинауда «иқта» тәртібі қолданылды. Жетісу мен Сырдария бойындағы 10-12 ғасырларда салынған ғимараттардың бір бөлігі бүгінгі күнге дейін жетті. Айша бибі, Бабажа қатын, Алаша хан, Сырлытым өздерінің салыну ерекшеліктерімен, күмбездерімен, көркемдеу әдістерінің әр түрлілігімен таң қалдырады.

13сурак.Қарақытайлар мемлекеті – 1128-1213ж. Астанасы – Баласағұн.Қарақытай мемлекеті бұрын - Қидандар тайпасы болған. Олар моңғол тілдес тайпа. 924 ж. Алтайдан Тынық мұхитына дейінгі жер – Ляо империясының қол астында болған. Қидандар билеушісі – Солт. Қытайда тұрды. 1125ж. Баласағұнды басып алып, сол кезден бастап – Қарақытайлар деп аталынды. Қарақытайлар шекарасын: Шығыста Енисейге дейін, Батыста Таласқа дейін кеңейтті. 1137ж. Мәуренахырдың билеушісін Махмут ханды бағындырды (Амудария, Сырдария). Хорезім шахы – жылына 3000 алтын динар салық төлеп отырды. Басшыларын – Гүрхан деп атады. 1208ж. Наймандар Күшлік ханның басшылығымен Моңғолиядан шегініп Жетісуға көшіп келді. Бұл кезде Қарақытайлар халқы салық көп салып, беделінен айрылған болатын. Осыны пайдаланған Күшлік хан 1211ж. Жетісудағы билікті түгел тартып алды. 1213ж. Қарақытайлар өмір сүруін тоқтатты.

14.сурак.Наймандар мен керейлерНайман және керейт ұлыстары Найман тайпалар одағы (түрікше «сегіз тайпа одағы») VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде – қырғыздар, шығысында – Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жақ бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер, Оңтүстігінде ұйғырлар болды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. «Ұлыс» деген сөз ол кезде «халық» деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері – ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді. Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның «алтын мөрі» болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті ұлыстардың бірі болған. Шыңғысханның әкесі Ясукай батырдың тұсында найман елін Иналых Білгі Бұқа хан билеген. «Иналых» — сенімді, «білгі» — білімді, кемеңгер, «бұқа» — ұлық, мықты деген сөз. Білгі Бұқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбұқа) хан мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман ұлысын екіге бөлген. 1199 жылы Шыңғысхан керейлердің билеушісі Оң ханмен одақтасып, найман Бұйрық ханға шабуыл жасайды. Алтай аймағының Ұлыңгір көлінің маңындағы шайқаста Бұйрық хан жеңіліп, қырғыз еліне қашып кетеді.1204 жылы Шыңғысхан керейлерді жаулап алғаннан кейін, найман Таянхан мен меркіттердің билеушісі Тоқтабектің біріккен әскерлеріне шабуыл жасап талқандайды. 1206 жылы моңғолдар Бұқтырма өзенінің бойында Бұйрық бастаған наймандарды жеңіп, оның өзін өлтіреді. 1208 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды жеңді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлері моңғолдардың қол астына көшті.Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде – меркіттер, шығысында – татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар мекендеген. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы – Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзені бұрылысының теріскейіндегі Қара-Хото қаласы. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын қабылдайды.XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Марғұз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бұйрық хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Оның Оңхан деген екінші лауазым аты болған. Бұл ат «Уаң хан» дегеннен шыққан, мағынасы – бір елдің әміршісі. Тоғырыл хан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте – Хуанкеге дейінгі, батыста – Хангай тауынан, шығыста – Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Тоғырыл хан Шыңғысханның әкесі Ясукаймен дос болған. Сондықтан осы жағдайды пайдаланып, Темучин Моңғолиядағы күшті ел болып келген Керей ханы Тоғырылға арқа сүйеген. Тоғырыл екеуі дос болды, одақтасып жорыққа аттанып отырды. Бұл жағдай Тоғырыл ханның балалары мен туыстарына, уәзірлері мен жақындарына ұнамайды. Сондықтан олар екеуінің арасында іріткі салу әрекетін қолданып, бір-біріне айдап салады. Мұның аяғы насырға шауып, керейлер мен моңғолдар арасында соғыс қақтығысына әкеліп соқты. Ақырында Шыңғысхан 1202 жылы Оңханның елін шауып, өзін өлтіріп, жерін жаулап алды. Шыңғысханнан жеңілген соң, Керей ұлысы оған тәуелді елге айналды.

15сурак.ХІ-ХІІІғасырлардағы Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.Ортағасырлық әлемге әйгілі көрнекті тұлғалар. Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық. Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының бірі - баға жетпес асыл мұрасы - жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Жүсіп Баласағұн ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Осыдан IX ғасыр бұрын жазылған (1069—1070 ж.) бұл дастанда түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бақытты өмір сүру мұраттары түжырымдалады. Жүсіп Баласағұн, алайда, бақытқа жетудің негізгі құралы деп парасаттылыққа тоқталады: Ақыл — шырақ, кара түнді ашатын, Білім — жарық, нұрын саған шашатын. Сөйтіп, Жүсіп Баласағұн қазақ және басқа туысқан түрік халықтарының рухани өрлеуіне үлкен үлес қосқан ғұламалардың бірі. Оның мұрасы — алтын қазына. Махмұд Қашқари-түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды. Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды.Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

16сурак.Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстанның экономикалық,саяси,мәдени өміріндегі орны. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін Ұлы Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек жолы- Жерорта теңізі маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдерінен Қытайға дейін баратын сауда-керуен жолы. Жібек жолымен ең алғаш сауда байланысы б.з.б. 3-2 ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атауында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек болған. Сонымен қатар 7 ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келгені айтылады. Түрік қағанынның оған жібекті сыйға береді. Б.з.б. 2 ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда дипломатиялық жолы ретінде аты шыққан. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары 5-7 ғасырларда Жетісу –керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасымен және Оңтүстік Қазақстан-керуен жолының Батысқа шығатын басты қақпасымен қамтылды. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Весидж, Шауғар ортағасырлық қалалар орналасты. Кейіннен 13-15 ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан. Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2 000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы сауда жолы ғана емес, көшпелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолыболды. 16 ғасырдың басына дейін Жібек жолының аса ірі халықаралық сауда, мәдениет жолы ретіндегі маңызы кеміген жоқ. Бірақ 17 ғасырда теңіз жолы ашылып, Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады.

17сурак.Ортағасырлардағы Қазақстан жеріндегі қалалар мен елдімекендер:олардың экономикалық және мәдени өмірдегі орны.ХІ-ХІІІғасырлар. Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті. Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген. Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазаба жұмыстары, бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қанадай дәрежеде болғандығын көрсетті. X-XII ғ. Қалаларыедағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму дәрежесін көрсетеді.

18.Қазақстан мен Орта Азияны Шынғысханның жаулап алуы.Қазақстан жері моңғол ұлыстары құрамында. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді. Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.

19.Қазақстан Алтын орда құрамында. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатайұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады . Алғашқы орталықтандырылған мемлекет ретіндегі "Алтын Орда" Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Оның тұңғыш билеушісі Батый мен оның ағасы Берке кешпелі дәстүрлер мен Шыңғыс ханның Йасы ережесіне сүйене отырып, мемлекеттіліктің негізін қалады. Бүкіл мемлекет екі қанатқа бөлінді, сол жақтағы "Көк Орда" және оң жақтағы Ақ Орда, сондай-ақ "ұлыстар" деп аталған кептеген біршама ұсақ үлестерге белінді. XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады.

20.Ақ орда Қазақстан жерінде мөңғол шапқыншылығынан кейін автохтонды негізде құрылған алғашқы мемлекет. ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда  мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар.

Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.

Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы –  Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.

Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ  Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды.  Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді.

ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.

1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ  Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған,  сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті  Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.

21.Ақ Орда мемлекеті Әбілқайыр ханның билігі кезінде.1428-1468. Әбілхайыр хандығының саяси рөлі.Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте - То-был мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің түқымдары Махмүд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі - Мүстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді.Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.

Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани үлысы мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Кереймен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді, Сырда-рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтандары мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың моғолстанға көшіп кетуіне әкелді.XV ғасырдың50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді.Көшпелі өзбектер мемлекеті ішкі қайшылықтардың әсерінен ыдырап кетеді.

22.Моғолстан мемлекеті:территориясы,саяси тарихы. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.

Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.

«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.

Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі ЫЫЫ – ЫЫ ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін В-ВЫ ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.

Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы

Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, ХВЫ ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны срншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.

Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.

23.Ноғай ордасы және Сібір хандығы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған  мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай  Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа  бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды. Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған.  Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған. ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,  саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге:  Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. 

24.Қазақ халқының қалыптасуы.Қазақ этнонимі.Жүздер және тайпалық құрылым. Халықтың қалыптасуындағы көп жылдық этникалық процестің шыңы "қазақ" этнонимі мен Қазақ хандығының құрылуы болды. Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін жаңа тайпалар мен рулардың көшіп келуінің нәтижесінде өсті. "Қазақ" этносы мен Қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда Мұхаммед Хайдар Дулати - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған. «Қазақ» сөзінің этимологиясын нақты, оның шынайы мазмұнын ашып қараған Ш. Уәлиханов. Ол «қазақ» сөзін әскери термин ретінде қолданып, «ержүрек, батыл» деген мәнді білдіретінін жазған. Осы мағынаны кеңейте келе В.В. Радлов «қазақ» деген атауды «тәуелсіз, еркін, ерікті адам» десе, А.Н. Самойлович бұл сөздің әлеуметтік мәніне қарап, «... батыл, ержүрек, еркін адам» деген мәнді беретінін жазған. «Қазақ» сөзінің осы этимологиясын ертедегі және орта ғасырдағы жазба деректерде жазылғанын жаңа заманның шығыстанушылары босқа шығара алмаған. Солай болса, «қазақ» атауы еркіндіктің қасиетін ерте иеленген, өздерінің жерін (отанын) көздерінің қарашығындай қорғай білген батыл, ержүрек түрік тайпаларын «қазақ» деп атаған. Олардың айрықша жауынгер болуының негізгі себептерінің бірі кең-байтақ Отанын қорғаудың нәтижесінде батыл ұлдары мен қыздарын тәрбиелеген. Қазірге дейін қазақтар ұрпақтарын патриотизмге тәрбиелеуде, мынандай қанатты сөзді қолданады: «Жалаңаш барда жауға шап, ажал жетпей өлмейсің» деумен бірқатарда, батырлар жырларында бұл мақсатта кең пайдаланған. Қазақтардың осы ерекшеліктері «қазақ» атамасына сай келеді.Жүздер 15-16ғасырларда құрылған.Жүз-тарихи-шаруашылық және географиялық аймақ,белгілі рулық топтың территориясы.Жүзге бөліну табиғи-географиялық аймаққа шаруашылыққа байланысты бөлінген.Қазақ халқы 3жүзге бөлінді.Ұлы жүз-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.Рулары-үйсін,дулат,қаңлы,албан,шапырашты,сіргелі,ысты,ошақты.Орта жүз-орталық және солтүстік шығыс қазақстан.Рулары-қыпшақ,арғын,найман,керей,қоңырат,уақ т.б.Кіші жүз-батыс қазақстан.Рулары-алшын,адай,төртқара,жағалбайлы,табын,тама,байбақты,қаракесек.

25.Қазақ хандығының құрылуы.Алғашқы қазақ билеушілері. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Керей мн Жәнібек ханың Әбілқайыр хандығынан Моғолстанға бет бұрады онда Моғолстан ханы Есен Бұға оларды құщақ жайя қарсы алып Шу өңіріндегі Қозыбасы деген жерді бөліп беоеді бұл қазақ хаңдығынын алғышқы территориясы болады.Қазақ хандығының құрылуы 1465-66ж қазақ хаңдығыын құрылуы туралы тарихи рашиди жазылған.Алғашқы қазақ билеушілері Керей мен Жәнібек болған.

26. Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті.Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды. Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:

1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).

2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).

3.Әскери заң (қосын  құру, аламан міндеті, қара қазан,  тұлпар ат, ердің құны т.б.).

4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).

5.Жұртшылық заңы (шүлен  тарту, ас-той, мерекелер мен  жиындардағы ережелер, жылу, асар  т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

27. Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.

Қасым хан тұсында қазақ  хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.  Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.  Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).  Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.  Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.  Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен .  1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі. Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті. Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.  Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.  XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды.  Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]