- •1.Статика және статиканың негізгі ұғымдары.
- •5. Үш күш тепе – теңдігі туралы теорема.
- •6. Статика аксиомалары.
- •7. Күштің өске және жазықтыққа проекциясы.
- •8. Жинақталатын жазық күштер жүйесі және оларды тең әсерлі күшке келтіру.
- •9. Жинақталатың жазық күштер жүйесінің тепе – теңдік шарты.
- •10. Жинақталатың жазық күштер жүйесін тең әсер етуші күшке келтірудің геометриялық әдісі.
- •11. Жинақталатың күштер жүйесін қосудың аналитикалық тәсілі.
- •12. Бір жазықтықта орналасқан қос күштерді қосу.
- •13. Күштің нүктеге қатысты моменті.
- •14. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсерлі күшінің моменті туралы теорема (Вариньон теоремасы).
- •15. Кез келген жазық күштер жүйесінің бас векторы мен бас моменті.
- •16. Кез келген жазық күштер жүйесі. Күшті өзіне параллель көшіру туралы теорема.
- •17. Кез келген жазық күштер жүйесінің тепе – теңдік шарттары.
- •18. Кинематика мақсаты. Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері.
- •19. Нүкте қозғалысы векторлық тәсілмен берілгенде, оның жылдамдығы мен үдеуін анықтау.
- •20. Нүкте қозғалысы координаталық тәсілмен берілгенде, оның жылдамдығы мен үдеуін анықтау.
- •22.Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы. Ілгерілемелі қозғалыстағы дене нүктелерінің траекториясы, жылдамдықтары мен үдеулері туралы теорема.
- •23.Нүктенің бірқалыпты және бірқалыпты айнымалы қозғалысы.
- •24.Қатты дененің бірқалыпты және бірқалыпты айналмалы қозғалысы.
- •25. Қатты дененің айналмалы қозғалысының теңдеуі. Дененің бұрыщтық жылдамдығы мен үдеуі.
- •26.Айналмалы қозғалыстағы қатты дене нүктесінің сызықтық жылдамдығын анықтау.
- •27.Нүктенің жазық және нормаль үдеулерінің формулалары және жылдамдығын анықтау.
- •28.Айналмалы қозғалыстағы қатты дене нүктесінің жылдамдығы мен үдеуі.
- •29. Нүктенің абсалютті, тасымалды және салыстырмалы қозғалысы.
- •30. Нүктенің күрделі қозғалысында жылдамдықтарды қосу туралы теорема.
- •31. Нүктенің күрделі қозғалысында үдеулерді қосу туралы теорема.
- •32. Кориолис үдеуі (шамасы, бағыты және физикалық мағнасы).
- •33. Қатты дененің жазық параллель қозғалысы және оның негізгі кинематикалық сипаттамалары. Жазық-паралель қозғалыс кезінде жылдамдықтарды қосу туралы теорема.
- •34. Жазық фигураның жылдамдықтарының лездік центрін анықтаудың тәсілдері.
- •35. Галилей – Ньютон механикасының негізгі заңдары.
- •36. Масса туралы ұғым. Инерциялық санақ жүйесі. Еркін материялық нүктенің декарт координат өстеріндегі дифференциалдық теңдеулері.
- •37. Еркін материялық нүктенің табиғи өстердегі дифференциалдық теңдеулері.
- •38. Материялық нүкте динамикасының екі мәселесі.
- •39. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін интегралдау. Интегралдаудағы еркін тұрақтыларды анықтау.
- •40. Ауырлық, үйкеліс және серпімділік күштерінің жұмысы.
- •41. Күш жұмысы және қуаты.
- •42. Материялық нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема.
- •43. Материялық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.
- •45. Күш импульсі (анықтамасы, формуласы және өлшемі).
- •46. Материялық нүкте үшін Даламбер принципі. Жанама және нормаль инерция күштері.
- •47. Иін тіректі механизмді кинематикалық талдау (жылдамдықтар және үдеулер планы)
1.Статика және статиканың негізгі ұғымдары.
Статика деген ұғым гректің ‘Status’ – тыныштықта болу, бір орында тұру, қозғалмау деген сөзінен шыққан. Статика – денеге түсірілген күштер жиынтығын қарапайым түрге келтіретін жəне олардың тепе- теңдік шарттарын тағайындайтын теориялық механиканың бөлімі. бөлімі. Механикада қозғалыс деп материялық денелердің басқа бір қозғалмайтын денеге қатысты орын ауыстыруын айтады. Қозғалмайтын денемен санақ жүйесін байланыстырады, мысалы тік бұрышты декарт санақ жүйесін. Ондай қозғалмайтын санақ жүйесін абсолют немесе инерциалдық санақ жүйесі деп атайды. Көп жағдайда жермен байланысқан санақ жүйесін инерциалдық абсолют жүйеге жатқызуға болады. Абсолют қатты дене деп кез келген екі нүктесінің аралығы өзгермейтін денені айтады. 2.Күш туралы ұғым. Күштердің негізгі анықтамалары: күштер жүйесі, эквивалентті (баламалы) жүйелер, тең әсер етуші күш және тағы басқалар. Күш және күштер жүйесі. Күш ұғымы статиканың негізгі ұғымы болып саналады. Денелер арасындағы механикалық әсерді сипаттайтын шама күш деп аталады. Оның әсерінен денелер қозғалады немесе деформацияланады. Күш векторлық шама, күштің денеге әсері оның сан шамасымен (модулімен), түсу нүктесімен және бағытымен анықталады. Денеге әсер ететін күштер жиынтығы күштер жүйесі деп аталады. Егер дененің күйін өзгертпей оған әсер ететін күштер жүйесін басқа бір күштер жүйесімен алмастыруға болатын болса, мұндай екі жүйе пара пар жүйелер деп аталады.Егер дененің күйін өзгертпей оған әсер ететін күштер жүйесін бір күшпен алмастыруға болатын болса, онда бұл күш тең әсерлі күш деп аталады: Егер дене күштер жүйесінің әсерінен тепе-теңдікте болса, мұндай жүйе теңестірілген немесе нөлге пара пар жүйе деп аталады. 3.Еріксіз дене. Байланыстар және байланыс реакциялары. Байланыстар және олардың реакциялары. Қозғалыс еркіндігі басқа денелермен шектелмеген дене еркін дене деп, ал шектелген дене еркін емес дене деп аталады. Берілген дененің қозғалысын шектейтін және онымен жанасатын дене байланыс деп аталады. Берілген дене байланысқа бір күшпен әсер етеді. Бұл күш қысым күші болады. Байланыс та берілген денеге бір күшпен әсер етіп, оның қозғалысын шектейді. Бұл күш байланыс күші (реакция күші) немесе байланыс реакциясы деп аталады. Төртінші аксиома бойынша қысым күші мен реакция күшінің шамалары тең, бір түзудің бойымен қарама қарсы бағытталған. Реакция күштерінің мәндері денеге әсер ететін актив күштерге тәуелді және алдын ала белгісіз. Реакция күштері дененің мүмкін қозғалысына қарсы бағытталады. Байланыс дене қозғалысын бірнеше бағытта шектейтін жағдайда реакция күшінің бағыты белгісіз болады. Кейбір байланыстардың реакция күштерінің бағыттарын актив күштерге тәуелсіз көрсетуге болады. 4.Байланыстар және байланыс реакциялары. Байланыстар және олардың реакциялары. Қозғалыс еркіндігі басқа денелермен шектелмеген дене еркін дене деп, ал шектелген дене еркін емес дене деп аталады. Берілген дененің қозғалысын шектейтін және онымен жанасатын дене байланыс деп аталады. Берілген дене байланысқа бір күшпен әсер етеді. Бұл күш қысым күші болады. Байланыс та берілген денеге бір күшпен әсер етіп, оның қозғалысын шектейді. Бұл күш байланыс күші (реакция күші) немесе байланыс реакциясы деп аталады. Төртінші аксиома бойынша қысым күші мен реакция күшінің шамалары тең, бір түзудің бойымен қарама қарсы бағытталған. Реакция күштерінің мәндері денеге әсер ететін актив күштерге тәуелді және алдын ала белгісіз. Реакция күштері дененің мүмкін қозғалысына қарсы бағытталады. Байланыс дене қозғалысын бірнеше бағытта шектейтін жағдайда реакция күшінің бағыты белгісіз болады. Кейбір байланыстардың реакция күштерінің бағыттарын актив күштерге тәуелсіз көрсетуге болады.
