Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
регби.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.41 Кб
Скачать

Жарысқа қатысушыларға қойылатын талаптар

    1. ҚРКЧ матчы пайдалану және қауіпсіздіктің барлық талаптарына, сондай-ақ регби ойындарының Ережелеріне сәйкес келетін спортғимараттарында өткізіледі.

    2. Регби командалары/клубтары матчтар өтетін спорт ғимаратының дирекциясымен (жарыстардың ұйымдастырушылары) бірлесіп, келесімен қамтамасыз ету керек:

• Регби ойындарының ережелеріне сәйкес белгілері бар алаңмен;

• матчты өткізуге қажетті тиісті қалыпта бекем сақталған осы құрылғының жеке элементтерімен ойыншының тікелей байланысын мүмкін емес ететін, регби және футбол қақпаларының тіреуіштері (егер футбол қақпалары алып тасталмаса) барлық жағынан жабық болуы тиіс (поролонмен немесе ұқсас материалмен) жерден 1,8 метрден кем есем биіктікте

• алаңда ойыншылар жарақат алулары мүмкін басқа заттар болмауы керек;

• осы матчқа қызмет ететін төрешілер бригадалары мен матч инспекторын орналастыру және матчтың ресмихаттамасын ресімдеуге арналған бөлмемен;

• стадионда қатысушылар үшін (тур жүйесі кезінде ) орындар дайындау;

• жарыстың бекітілген сметалары шеңберінде медициналық персонал кезегін (дәрігерлер, медбикелер), қажетті құрылғылары мен медикаменттері бар медициналық пункт, «Жедел жәрдем» автокөлігі матчты өткізудің барлық уақытында.

    1. Жарысты өткізуге уәкілетті ұйым матчты дайындау кезінде міндетті:

• командалар делегациясының құрамында келетін барлық ресми тұлғалардың – «қонақтар», төрешілер, инспекторлар, ҚРРФ өкілдері;

• доптарды аперу үшін бірдей формада балалар командаларынан спортсмендердің тобын қамтамасыз ету;

• регби командасының/клубының басшылығы спорт ғимаратының дирекциясымен бірлесіп, бөгде тұлғалар төрешілердің бөлмесіне кіруге тыйым салуға және төрешілер бригадасын төрешілер бөлмесінен алаңға шығуға дейін және қайтарда қауіпсіздік қызметімен қамтамасыз етуге міндетті;

6.4. Директорат пен командалар/ клубтар арасында ресми хат алысу электрондық пошта (e-mail: kaz-rugby@mail.ru) арқылы жүргізілетін болады Регби командалары/клубтарының жауапты қызметкерлері өздерінің электрондық пошталарын үемі тексеріп тұруға және өз басшылығына келіп түскен материалдарды жедел беруге міндетті.

6.5. Регби бойынша ҚРКЧ-та бекітілген тәртіпте ҚРРФ Жарғысын, жарыстың Ережелерін, сақтайтын және команда/клубтың өтініміне енгізілген ойыншылар қатысуға құқылы.

6.6. Ойыншылар «Регби ойындарының ережелерін» және осы Ереже талаптарын білуі және орындауы тиіс.

6.7. ҚР-ның Регби бойынша чемпионатта еркектер және әйелдер командалары арасында 17-ден жас ойыншылар жарысқа бір күн қалғанда, турдың бас төрешісіне жарысқа дене шынықтыру-медициналық арнайы медициналық мекеме мен команда/клуб басшылығы бекіткен анықтаманы әкеледі.

6.8. Әр командада «Регби ойындарының ережелері» талаптарына сай келетін ойын формасының 2 комплекті болуы керек. Ойыншының майкаларындағы нөмірлер 1-ден 99-ға дейін болуы мүмкін.

6.9. Матч аяқталуының финалды ысқырығынан кейін ойыншылар және команданы алып жүретін барлық тұлғалар, жаттықтырушыларды қоса алғанда қарсылас командаға ойын үшін рахмет айтып, алаңды босатуы тиіс және төрешілер, инспектор және көрермендермен салғыласуға түспеуі тиіс. 6.9 тармағының ережесін сақтамағаны үшін командаға/клубқа 75 000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынады.

6.10. Регби бойынша Қазақстаннның құрама командаларының мүшелері және кандидаттары болып табылатын ойыншылар оқу-жаттығу жиындарына (ОЖЖ) және ҚРРФ ресми шақырулары бойынша халықаралық жарыстарға дәлелсіз себептермен келмесе, ҚРРФ өткізетін жарыстардан босатылады, ал клубқа/командаға ойыншының келмегені үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салынады. Кейінгі жазалау туралы шешімді ҚРРФ-дың Бақылау-тәртіп комитеті (БТК) шығарады. Денсаулығы бойынша босатуды тек ҚР-ның Ұлттық құрама командасының дәрігері ғана бере алады.

6.11. Регби командаларының/клубтарының басшылары, төрешілері, регбишілер және Регби бойынша ҚР-ның Чемпионатына қатысатын басқа да ресми тұлғалар тәртіпті, ұйымшылдықты, қарсыластарға және көрермендерге құрмет көрсету арқылы осы Ереженің барлық талаптарын орындауға міндетті.

6.12. Матч кезінде команда өтінімі/сертификатына енгізілгендер санынан тек 7 адам ғана орындықта отыра алады, соның ішінде команда дәрігеріжәне/немесе массажисті. Қалған ойыншылар мен команда персоналы стадионның трибуналарында немесе турдың бас төрешісі айтқан жерде орналасады.

6.13. Ойын формасында су шығаруға тыйым салынады.