- •Реферат
- •ЖАлпы ережелер
- •Жарыстарға қатысуға рұқсат беру
- •Өтінім берудің тәртібі мен мерзімдері
- •Чемпионатты өткізу жүйесі.
- •Жарысқа қатысушыларға қойылатын талаптар
- •СанкциЯлар, наразылықтар және тәртіптік жазалар
- •Командалары/клубтарының қызметтік тұлғаларының, регбистердің, жаттықтырушылар мен басқа да ресми тұлғалардың жауапкершілігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Еуразиялық Ұлттық Университеті
Сәулет-құрылыс факультеті
Ғимараттар мен имараттарды жобалау кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Регби ойыны
Тексерген: Дюсенов С.
Орындаған: РПЗС-21 тобының студенті Оңашов А.
Астана 2017
ЖОСПАР
1. жАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2. ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
3. ӨТІНІМ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
4. Чемпионатты өткізу жүйесі
5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6. СанкциЯЛАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАР
7. РЕГБИ КОМАНДАЛАРЫ/КЛУБТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ, РЕГБИСТЕРДІҢ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МЕН БАСҚА ДА РЕСМИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
8.Төрешілік ету
ЖАлпы ережелер
Регби бойынша чемпионат келесі мақсаттарда өткізіледі:
Елімізде жастар арасында регби және салауатты өмір салтын танымал ету;
Командалар мен спортсмендердің спорттық шеберлігі деңгейін көтеру;
ҚР-ның жасөспірімдердің, жастардың, ұлттық құрама командалары үшін жоғары білікті спортсмендерді дайындау;
ҚР құрама командасының Азия және Әлем чемпионатына, Азия және Олимпиада ойындарына қатысу үшін мықты ойыншыларды іріктеу;
Қазақстан Республикасының Чемпионатын ұйымдастыру және өткізу спортсмендер мен жаттықтырушыларды жарыстарға, іс-сапарларға жіберу үшін негіз болып табылатын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес, регби бойынша чемпионаттар мен халықаралық жарыстарды өткізуді ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясының өзара әрекеттестігі негізінде жүргізіледі.
Жағдайлар туындағанда, осы Ереже негізінде шешу мүмкін болмағанда, Қазақстан Республикасы Регби Федерациясының Атқару комитеті осы бойынша тиісті шешім қабылдауға құқылы.
ҚР-ның Чемпионаты Халықаралық Регби федерациясының (World Rugby) ресми ережелеріне, осы Ережелер мен оның қосымшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Регламентке қосымша оның құрамды бөлігі болып табылады. Чемпионаттың барлық қатысушылары Ережелердің баптарын, осы Ережелердің талаптарын, білуге және оларды сақтауға міндетті.
Регби бойынша ҚР-ның Чемпионатын ортақ басқару Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясы жүзеге асырады. Жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге Қазақстан Республикасы Регби федерациясының жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясы тікелей басшылық етеді. Жарыстарды тікелей ұйымдастыру (өткізу орнын дайындау, қабылдау, орналастыру, тамақ беру, медициналық қызмет көрсету және т.б.) Чемпионат турнирлерін өткізу орны бойынша облыстық ДШжәнеСБ және Клубтарға (алаң иелеріне) жүктеледі.
Жарыстарға қатысуға рұқсат беру
ҚР Чемпионатының қатысушылары Қазақстан Республикасы Регби федерациясымен жыл сайынғы шарт жасасқан, жарналарды уақтылы төлеген және осы Ережелер мен Қазақстан Республикасы Регби федерациясының Атқарушы комитеті шешімінің талаптарына сәйкес басқа да төлемдерді жүргізетін қалалардың, облыстардың, спорттық клубтардың, БЖСМ командалары бола алады.Чемпионат қатысушыларының құрамы Қазақстан Республикасы Регби федерациясы бекітеді.
Чемпионат осы Регламет пен ережелердің талаптарына сәйкес тек спорттық ғимараттарда ғана өткізіледі.
Жарыстарға командалардың қатысуна рұқсат етуді осы Ережелердің талаптарын орындаған және келесі құжаттарды тапсырған кезде, Қазақстан Республикасы Регби федерациясының мандатты комиссиясы жүзеге асырады:
Чемпиоанатқа ұатысу туралы командалардан жарыстың басталуына 30 күн бұрын растаманы.
Екі данада белгіленген нысандакоманданың өтінім парағын
Регби-7 бойынша ҚР Чемпионатының әр турында команда алтыдан аспайтынлегионерлерді мәлімдеуге құқылы, ойын уақытында алаңда бір уақытта 3 легионер бола алады. Регби- 15 бойынша ҚР Чемпионатында әр турда он бір легионерден аспау керек, ойын уақытында алаңда бір уақытта 7 легионер бола алады.
- Әр клуб немесе спорттық ұйым Қазақстан Республикасы Регби федерациясының мандатты комиссиясына келесі құжаттарды:
1) Өзі мәлімделген клубпен немесе басқа спорттық ұйыммен контракті;
2) Өзінің Ұлттық Федерациясынан рұқсат (мөрі бар бланкте, тұпнұсқа);
3) Қазақстан Республикасы Регби федерациясымен келісім әкелуі тиіс.
Маусым басталғанға дейін команданың ойын формасымен түсті
сурет.
Бекітілген тәртіпте куәландырылған ойыншының жеке картасы.
Командада әр тусті 2 ойын формасы болуы қажет.
Мандатты комиссияны өткен соң, команда келесі құжаттарды алады:
Чемпионатқа қатысуға бекітілген өтінім парағы;
қосымшамен Чемпионат Ережелері;
Келесі жағдайларда бүкіл Чемпионатқа қатысушылардың өтініміне дейін рұқсатетіледі:
Егер ойыншы басқа команда үшін ағымдағы Чемпионаттың ойындарына қатыспаса;
Барлығы өтінімге дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешікпей, осы ойыншының қатысуымен Чемпионаттың кезекті ойынының басталуына дейін жарысты ұйымдастыру және өткізу комиссиясына келіп көрінуі керек.
ҚР Чемпионатына (жоғарғы лига) қатысуға алдын ала өтінім 2014 жылғы 1 наурызға дейін төрешілер коллегиясына беріледі.
Халықаралық турнирлерге шығатын клубтық команда өзінің делегация құрамына осы турнирлерде табысты ойын үшін 8 адамнан аспайтын ҚР-ның Чемпионатына қатысатын басқа клубтардың ойыншыларын қосуға құқылы.
15х15 регби бойынша ҚРКЧ-да ойнайтын командаларға 15х15 регби бойынша ҚРКЧ-ға қатыспайтын 15 регби бойынша чемпионат ойындары кезіне ғана клубтардың өзара келісімі бойынша басқа клубтардан ойыншылардцы мәлімдеуге (жалдау құқығында) рұқсат етіледі.
Жарыстарға қатысуға берілген өтінімге сәйкес команда ойыншыларының регби-7 бойынша ҚРКЧ-ға тек бір команда үшін шығуға құқығы бар.
