Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.34 Кб
Скачать

26. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi есептiк тiркеуге жатады:

A. заңды тұлға құқығын иеленген соң

B. заңды тұлға құқығын иеленбестен

C. мемлекеттік кіріс органымен белгіленген тәртіппен

D. жарғысында белгіленген тәртіппен

E. әділет және мемлекеттік кіріс органдарымен белгіленген тәртіппен

27. Мемлекеттік кәсіпорын болып табылады:

A. жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне бөлiнген коммерциялық ұйым

B. мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым

C. жарғылық капиталының мөлшерiн құрылтайшылары айқындайтын коммерциялық ұйым

D. мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым

E. кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын коммерциялық ұйым

28. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады:

A. Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым

B. Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым

C. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым

D. Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым

E. барлық жауап дұрыс

29. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері болып табылады:

A. кәсіпкерлер

B. кәсіпкерлік субъектілері

C. Ұлттық палатаның қызметкерлері

D. дара кәсіпкерлер

E. кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар

30. Қазыналық кәсіпорын болып табылады:

A. жарғылық капиталының мөлшерiн құрылтайшылары айқындайтын коммерциялық ұйым

B. жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне бөлiнген коммерциялық ұйым

C. мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым

D. кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын коммерциялық ұйым

E. мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым