Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.34 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының кәсіпкерлік құқығы

2-НҰСҚА

1. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай кірістер алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы:

A. мүліктік кіріс

B. жылдық орташа кіріс

C. салық салынбайтын төлем көзі

D. мөлшері аз кез келген кіріс

E. барлық жауап дұрыс

2. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуді жүргізеді:

A. жеке тұлға тиісті құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде

B. жеке тұлға тиісті құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы үш жұмыс күні ішінде

C. жеке тұлға тиісті құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы бес жұмыс күні ішінде

D. уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде

E. уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде

3. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады:

A. қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi қалмаса

B. мұрагер қалмаса

C. жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда

D. банкрот болған жағдайда

E. барлық жауап дұрыс

4. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесін беру және пайдалану шарттары, тәртібі белгіленеді:

A. Қазақстан Республикасының Конституциясында

B. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде

C. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде

D. Жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімінде

E. Шаруа немесе фермер қожалығының Жарғысында

5. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде болуы мүмкін:

A. жер учаскелері, мал, құс

B. көлiк құралдары, құрал-сайман

C. мелиоративтік құрылыстар

D. ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар

E. барлық жауап дұрыс

6. Дара кәсiпкердің қызметi тоқтатылады:

A. кәсіпкерлік қызмет қатысушысының дауыс беруімен

B. жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімімен

C. ерiктi түрде не мәжбүрлеу тәртiбiмен

D. жарғы негізінде

E. шарт негізінде

7. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы мұраға қалдырылады:

A. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен

B. Шаруа немесе фермер қожалығы басшысының шешімімен

C. соттың шешімімен

D. жарғыда көзделген тәртiппен

E. шартта көзделген тәртiппен

8. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша жауапты болады:

A. жарғыда көзделген тәртiппен

B. өздерiнiң барлық мүлкiмен

C. ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен

D. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен

E. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiкпен

9. Шаруа немесе фермер қожалығы құрылды деп есептеледі:

A. мемлекеттік кіріс органына өтініш берген кезден бастап

B. жергілікті өзін-өзі басқару органының бұл жөніндегі шешімі шыққан кезден бастап

C. шарт жасалған кезден бастап

D. мемлекеттік тіркелген кезден бастап

E. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен

10. Шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады:

A. тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi

B. тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдаланумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi

C. тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi

D. тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi

E. барлық жауап дұрыс