Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет фуд мастер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
776.04 Кб
Скачать
    1. Сүтқышқылы бактериялардың антагонистік қасиеті

Микроорганизмдердің көпшілігі табиғи жағдайда бір бірімен тығыз қарым-қатынаста болады, сондай-ақ өздерінің қожайындарымен – өсімдіктер, жануарлар, адамдармен әрқашан өмірлік байланыста. Бұл қатынастар эволюция барысында дами түскен. Ассоциативті қарым-қатынастар немесе әр түрге жататын микроорганизмдердің бірлесіп өмір сүруі және де басқа да өмірлік формалармен жанасуы «симбиоз» деп аталынды. Симбиотикалық қарым-қатынастың типтері мен формалары алуан түрлі. Болмаса, шекті жағдайда мутуализм және антагонизм болып табылады.

Антагонизм — организмнін бір тобына екінші бір топтың жойқын әсер ететін қасиеті. Оларға сүт қышқылы бактерияларының шіріту бактерияларының тіршілігін тежеуі мысал болады. Бұл жағдайда, антогонизм – әр түрлі түрге жататын микробтар арасындағы серіктес ағзалар бір-біріне зиян келтіруі. Бұл микробты-антагонистердің көптеген ағзалардың өміріне қауіп тудыратын (ингибирлейтін) метаболиттік заттарды шығарумен байланысты. Мұндай өнімдерге органикалық қышқылдар (рН ортасын өзгертушілер), антибиотиктер, бактериоциндер т.б жатады. Мысалы, көптеген актиномицеттер антагонистік бактериялар болып табылады, ал сүт қышқылды бактериялары шірігіш т.б бактерияларға қарсы антагонистік қасиет көрсетеді.

Өсу, даму және қышқыл түзу процессі барысында сүт қышқылды бактериялары сәйкесінше басқа микроорганизмдермен қарым-қатынасқа түседі. Солай бола тұра, сүт қышқылды бактериялары табиғи ортада және де спонданнды ашу кезінде кездесетін организмдерге зиянын келтіретін антагонистік белсенділік көрсетуі мүмкін. Сүт қышқылды бактерияларының сапрофитті микроорганизмдермен қатынасында байқалатын антагонистік активтілік олардың өсуін тежеу зонасымен белгіленеді. Алынған деректер 18 – суретте және 6– кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Сүт қышқылды бактерияларының шартты-патогенді микроорганизмдермен қатынасында көрсететін антагонистік белсенділігі

Сүт қышқылды бактерияларының штаммдары

Организмдердің өсуін тежейтін культуралық зонаның сынағы

E. coli

Bac. mesentericus

Bac. subtilis

Sarcina flava

Saccharomyces kefiri

14

20

19

12

Lactococcus lactis

15

19

18

16

Lactobacillus acidophilus U-1

22

22

19

19

Lactobacillus fermentum U-2

24

15

14

12

Lactobacillus cremoris U-5

30

26

19

27

Сурет 4 Lactobacillus acidophilus U-1 (А), Lactobacillus cremoris U-5 (Б), Lactobacillus fermentum U-2 (В) таңдап алынған сүт қышқылды бактериялардың E.coli. шартты-патогенді микроорганизміне қатынасында көрсететін антагонистік белсенділігі

Осылайша, Lactobacillus acidophilus U-1, Lactobacillus cremoris U-5, Lactobacillus fermentum U-2 сүт қышқылды бактериялардың культуралары шартты-патогенді микрофлораның өсуін тежеу арқылы, өзінің жоғары антагонистік белсенділігін көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]