Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать

14. Дене тәрбиесінің жүйелік қағидасынын міндеті мен мақсаты.

Дене қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады.

Жүйелілік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене дайындығы деңгейін түсірмеуі. Сондықтан да жүйелілік қағидасын қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, нығайып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында көп сабақтың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы ағзасының берік бейімделу үрдісі) пайда болады, жаттыққандық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты ағзаның шаршауы және қалпына келу үрдісі жүреді.

Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады. (2-сурет):

Жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде белгілі бір жұмыс көлемі орындалады, жұмыс барысында қозғалысты қамтамасыз ететін энергия, қуат көзі таусыла бастайды, ағзаның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Мысалға бір жаттықтыру сабағын алуға болады (1,5 сағат).

Ағзаның қалпына келу кезеңі. Бұл кезеңде орындалған жаттықтыру сабағынан кейінгі уақытта, демалып, тамақтанғаннан соң, ағзаның жұмыс қабілеттілігі, функционалдық көрсеткіштері жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.

Жоғарғы өтем кезеңі. Бұл кезеңде ағза толық демалып, жұмысқа кеткен энергиясын, қуатын қалпына келтіреді. Тек қана қалпына келмейді, артығымен 100%-дан асады. Жаттығушы ағзаға қаншалықты жоғары жүктеме алса, жоғары өтем кезеңі соншалықты көтеріледі. Дене тәрбиесі сабағының, спорттық жаттығудың маңызы, спорт рекордтарының, спортшылардың жоғары жетістіктерінің мәні осында.

15. Дене тәрбиесіндегі оқытып үйрету әдістері.

Дене тәрбиесіндегі сабақ беру пәндері ретіндегі арнайы білім мен қозғалыс-қимылы әрекеті мұғалімнен белгілі бір оқытып үйрету жолдарын білуді талап етеді. Оқытып үйретудің әдістері өте көп және оның бірде біреуі әмбебап бола алмайды.

Оқытып үйрету әдісінің сипаттамасын білу, осы әдістердің көп түрлілігін дұрыс бағдарлауға және оқу міндеттерінің барынша тиімдісін таңдап алу үшін мүмкіндік береді.

Оқытып үйрету әдістері

Сөзді пайдалану әдістері- әңгімелесу-суреттеу-түсіндіру-сұхбаттау-талдау

Көзбен көрсету, көрнекілік әдістері- көрсету-плакат, видео,кино  бағдарламалар

Практикалық әдістер

Бұл аталған әдістердің үш тобы оқушыны оқып, үйренетін қозғалыс әрекетіне ағзаның әр түрлі қабылдаушы, талдаушы жүйелерінің талдауымен қамтамасыз етеді. Оқушы мұғалімнің, түсініктемесін тыңдайды, қарайды, өзі қозғалыс барысын сезінеді. Жұмысқа екі белгі беру (сигнал) жүйесінде тартылады. Қозғалыс әрекеттеріне үйретуде іс-тәжірибелік әдістер маңызды рөл атқарады.

Дене тәрбиесі сабағында сөзді пайдаланып, қолдану әдістері. Сөз арқылы мұғалім өз қызметінің көптеген салалық қызметтерін іске асырады (үйлесімдік, ұйымдастыру, зерттеу), сонымен бірге оқушыларымен өзара қарым-қатынас орнатады, олармен пікірлеседі. Сөз барлық оқытып үйрету жүйесінің белсенділігін арттырады, яғни барынша толық және нақтылы мәлімет алады, оқу міндетін терең ұғынуға, белсенді ат салысуға жәрдемдеседі. Сөзбен айтып, үйрету арқылы мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгерулерінің нәтижесін талдайды және бағалайды, сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалай білу қабілетін дамытады.

Қорытындысында, ауызша сөзбен түсіндірусіз мұғалім бүкіл оқу барысы мен оқушылардың мінез-құлқын басқара алмайды.

Осындай бейнеде дене тәрбиесі пәні мұғалімінің сөздің екі қызмет түрін пайдалануға мүмкіндігі бар: біріншіден, мағыналық, оның жәрдемімен оқытып, үйретілетін материалдың мазмұны ұғындырылады, екіншіден, көңіл-күйлік, яғни оқушылардың көңіл-күйіне әсер етуге мүмкіндік береді.